"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Астана қаласы бойынша Салық департаментінің Есіл ауданы бойынша Салық басқармасы" мемлекеттік мекемесін құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 қарашадағы N 1101 Қаулысы

      "Қазақстан Республикасының елордасы - Астана қаласында Есіл ауданын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 5 тамыздағы N 637 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Бекітілген штат санының лимиті шегінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің аумақтық органы - "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Астана қаласы бойынша Салық департаментінің Есіл ауданы бойынша Салық басқармасы" мемлекеттік мекемесі құрылсын.
      2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген мемлекеттік мекемені қаржыландыру тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады