Қазақстан Республикасының елордасы - Астана қаласында "Есіл" ауданын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 5 тамыздағы N 637 Жарлығы

Қазақстан Республикасы Президенті   
мен Үкіметі актілерінің жинағында   
және республикалық баспасөзде     
жариялануға тиіс           

      "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 5-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасының елордасы - Астана қаласында әкімшілік-аумақтық бірлік - "Есіл" ауданы құрылсын.

      2. Қазақстан Республикасының елордасы - Астана қаласының "Алматы" және "Сарыарқа" аудандарының жалпы ауданы 31,2 мың гектар жер бөлігін қосумен "Есіл" ауданының әкімшілік шекарасы белгіленсін.

      3. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. P081101

      4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                        Н. Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады