Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап.
Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық
кодексіне
(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 15-16, 211-құжат; 1998 ж., N 16, 219-құжат; N 17-18, 225-құжат; 1999 ж., N 20, 721-құжат; N 21, 774-құжат; 2000 ж., N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., N 4, 32, 33-құжаттар; N 10, 106-құжат; N 17, 155-құжат; N 23-24, 192-құжат; 2003 ж., N 15, 137-құжат; N 18, 142-құжат; 2004 ж., N 5, 22-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139-құжат; 2005 ж., N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 21-22, 87-құжат; 2006 ж., N 2, 19-құжат; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат; N 12, 72-құжат; N 15, 92-құжат; 2007 ж., N 1, 2-құжат; N 4, 33-құжат; N 5-6, 40-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 17, 140-құжат; 2008 ж., N 12, 48-құжат; N 13-14, 58-құжат):
1) 69-баптың алтыншы бөлігіндегі "адамзаттың қауіпсіздігіне қарсы" деген сөздерден кейін ",сондай-ақ террористік сипаттағы" деген сөздермен толықтырылсын;
2) 75-баптың төртінші бөлігіндегі "бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігіне қарсы" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ террористік сипаттағы қылмыс жасағаны үшін" деген сөздермен толықтырылсын.
2. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу
кодексінде
(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 23, 335-құжат; 1998 ж., N 23, 416-құжат; 1999 ж., N 18, 644-құжат; 2000 ж, N 3-4, 66-құжат; N 10, 244-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 15-16, 239-құжат; N 21-22, 281-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 10, 49-құжат; N 14, 109-құжат; N 15, 138-құжат; 2004 ж., N 5, 25-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 140-құжат; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 13, 53-құжат; N 24, 123-құжат; 2006 ж., N 2, 19-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 72-құжат; N 13, 86-құжат; 2007 ж., N 1, 2-құжат; N 3, 20-құжат; N 4, 28-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 13, 99-құжат; 2008 ж., N 13-14, 56-құжат; N 15-16, 62-құжат):
317-8-бап мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
"Сот органдары осы Кодексте белгіленген тәртіппен ұсынылған материалдар негізінде экстремистік немесе террористік ұйымның өз атауын өзгерту фактісін анықтау туралы қосымша шешім шығара алады.".
3. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы
кодексіне
(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжат; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжат; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139-құжат, 140; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 7-8, 19-құжат; N 9, 26-құжат; N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 17-18, 72-құжат; N 21-22, 86, 87-құжат; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 2, 19, 20-құжат; N 3, 22-құжат, N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 72, 77-құжат; N 13, 85-86-құжат; N 15, 92, 95-құжат; N 16, 98, 102-құжат; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 16, 18-құжаттар; N 3, 20, 23-құжаттар; N 4, 28, 33-құжаттар; N 5-6, 40-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 12, 88-құжат; N 13, 99-құжат; N 15, 106-құжат; N 16, 131-құжат; N 17, 136, 139, 140-құжаттар; N 18, 143, 144-құжаттар; N 19, 146, 147-құжаттар; N 20, 152-құжат; N 24, 180-құжат; 2008 ж., N 6-7-құжат, 27-құжат; N 12, 48, 51-құжаттар, N 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; N 15-16, 62-құжат):
1) 344-баптың екінші бөлігіндегі "экстремизмді немесе терроризмді" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ терроризмге қарсы операцияларды жүргізу кезеңіндегі техникалық амалдар мен тактиканы ашатын" деген сөздермен толықтырылсын;
2) мынадай мазмұндағы 362-1-баппен толықтырылсын:
"362-1-бап. Терроризмге қарсы операциялардың құқықтық режимін
бұзу
Терроризмге қарсы операциялардың жариялануына байланысты терроризмге қарсы операциялардың құқықтық режимін бұзу, соның ішінде:
1) келу және кетудің ерекше режимі;
2) жергілікті жерлер мен объектілердің жекелеген учаскелерінде жеке тұлғалардың болуына тыйым салу, сондай-ақ көлік құралдарын сүйреп әкетуге кедергі жасау;
3) жеке тұлғалар мен көлік құралдарына тінту жүргізуге кедергі жасау;
4) байланысты пайдаланудың айрықша ережелері;
5) егер кешіктіру жағдайы адамдардың өмірі мен денсаулығына айқын қауіп төндіретін болса, жедел медициналық көмекті қажет етушілерді емдеу мекемелеріне жеткізу үшін көлік құралдарын тартып алуға, сондай-ақ террористік акт жасады деген күдікті адамдардың ізіне түсуге кедергі жасау;
6) жарылғыш, радиоактивті, химиялық және биологиялық қауіпті заттар пайдаланылатын қауіпті өндірістер мен ұйымдардың қызметін тоқтата тұру;
7) терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимі енгізілген аумақ шегінде тұратын жеке тұлғаларды уақытша көшіруге кедергі жасау;
8) карантин енгізу, санитарлық-эпидемияға қарсы, ветеринарлық және баска да карантиндік іс-шараларды өткізу;
9) террористердің ізіне түскен кезде жеке адамдарға тиесілі тұрғын үйлер мен өзге де үй-жайларға және оларға тиесілі жер учаскелеріне, заңды тұлғалардың меншігіндегі немесе заңды тұлғалар жалға алатын аумақ пен үй-жайларға кіруге кедергі жасау;
10) қару-жарақты, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды, арнайы құралдар мен улы заттарды сатуды шектеу немесе тыйым салу, құрамында есірткі заттары бар дәрілік заттар мен препараттардың, психотроптық немесе қатты әсер ететін заттардың, этил спиртінің, алкогольді және құрамында спирті бар заттардың айналымына айрықша режим белгілеу, -
жеке тұлғаларға жиырма айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға немесе он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алуға; лауазымды тұлғаларға, жеке кәсіпкерлерге - отыздан елуге дейін мөлшерде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектісі немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден жүз елуге дейін, ірі кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлғаларға - жарылғыш, радиоактивті, химиялық және биологиялық қауіпті заттарды пайдаланылатын қауіпті өндірістер мен ұйымдардың қызметін тоқтата отырып, екі жүзден екі жүз елуге дейінгі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеледі.";
3) 541-баптағы "362" деген цифрлардан кейін ",362-1" деген цифрлармен толықтырылсын;
4) 636-баптың бірінші бөлігінің 1)тармақшасында:
бірінші абзацтағы "362," деген цифрлардан кейін "362-1," деген цифрлармен толықтырылсын;
қырық төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Республикалық ұлан (388-бап);
Ұлттық қаупсіздік комитеті (362-1, 388-баптар);
қырық бесінші абзацта "356-2," деген цифрлардан кейін "362-1," деген цифрлармен толықтырылсын".
4. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министірлігінің Ішкі әскерлері туралы" 1992 жылғы 23 маусымдағы Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., N 11-12, 290-құжат; N 24, 592-құжат; 1993 ж., N 8, 179-құжат; 1995 ж., N 1-2, 17-құжат; N 23, 155-құжат;, 1997 ж., N 7, 79-құжат; N 12, 184-құжат; N 13-14, 205-құжат; 1998 ж., N 23, 416-құжат; N 24, 436-құжат; 1999 ж., N 8, 233, 247-құжат; 2001 ж., N 13-14, 174-құжат; N 20, 257-құжат; N 24, 336-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; N 24, 155-құжат; 2007 ж., N 15, 107-құжат; 2008 ж., N 10-11, 39-құжат):
1)
2-баптың бірінші бөлігінің төртінші абзацындағы "төтенше жағдай," деген сөздерден кейін "терроризмге қарсы операциялардың құқықтық режимі, терроризмге қарсы операцияларды жүргізуге қатысу" деген сөздермен толықтырылсын;
2) 21-бап мынадай мазмұндағы он төртінші абзацпен толықтырсын: "терроризмге қарсы операцияларды жүргізуге қатысу және терроризмге қарсы операциялардың құқықтық режимін қамтамасыз ету.";
3) 22-бап мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
"11) терроризмге қарсы операцияларға қатысу және терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимін қамтамасыз ету кезінде "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген шаралар мен уақытша шектеулерді қолдануға құқық беріледі.";
4) 28-баптың бірінші тармағында "төтенше жағдай" деген сөздерден кейін ", терроризмге қарсы опрециялардың құқықтық режимі, терроризмге қарсы операцияға қатысу," деген сөздермен толықтырылсын.
5. "Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі туралы" 2005 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 19, 118-құжат; N 23, 142-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 10, 108-құжат; N 12, 184, 190-құжаттар; 2001 ж., N 20, 257-құжат; 2002 ж., N 13-14, 144-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат, 2007 ж. N 10, 69-құжат):
1) 9-бапта:
бірінші бөлігінде:
2) тармақшадағы "ұсыныс" деген сөзден кейін "және (немесе) нұсқама)" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-1) және 12-1) тармақшалармен толықтырылсын:
"2-1) күзетілетін объектілерді күзету және оларға қызмет көрсету бойынша, сондай-ақ күзетілетін адамдардың айналасында жұмыс істеу үшін жеке және заңды тұлғаларға рұқсат беруді жүзеге асыру, оларды жедел зерделеу мен тексеруді жүргізу;";
"12-1) терроризмге қарсы операцияны өткізу кезінде жедел штабқа құзыреті шеңберінде басшылық жасау;";
13) тармақшада "Қазақстан Республикасы" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдарды" деген сөздермен толықтырылсын;
2) 12-баптың үшінші бөлігінде ", сондай-ақ оларды қолдану ережелері" деген сөздер алып тасталсын;
3) 18-баптың екінші бөлігінің бесінші абзацындағы "қылмыстар" деген сөз "құқық бұзушылықтар" деген сөздермен ауыстырылсын.
6. "Республикалық ұлан туралы" 1995 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 22, 139-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 12, 184, 190-құжат; 1998 ж., N 11-12, 174-құжат; N 24, 436-құжат; 2001 ж., N 20, 257-құжат; 2002 ж., N 15, 147- құжат; 2004 ж., N 1, 2-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2007 ж., N 10, 69-құжат):
1) 10-баптың 3) тармақшасындағы "терроризмге қарсы операцияларда" сөздерден кейін ", олардың құқықтық режимін қамтамасыз ету" деген сөздермен толықтырылсын;
2) 11-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
"4-1) терроризмге қарсы операциялар жүргізуге және терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимін қамтамасыз етуге қатысу кезінде "Терроризмге қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасының
Заңында
көзделген шаралар мен уақытша шектеулерді қолдануға құқық беріледі.";
7. "Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 23, 154-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 7, 79-құжат; N 12, 184-құжат; 1998 ж., N 17-18, 225-құжат; N 23, 416-құжат; N 24, 436-құжат; 1999 ж., N 8, 233-құжат, 247; N 23, 920-құжат; 2000 ж, N 3-4, 66
-
құжат; 2001 ж., N 13-14, 174-құжат; N 17-18, 245-құжат; N 20, 257; N 23, 309-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 12, 82-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; N 24, 154, 155-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 3, 22-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 3, 20-құжат; N 10, 69-құжат):
1) 2-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:
"14) терроризмге қарсы операциялар жүргізуге қатысу, "Терроризмге қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасының
Заңында
көзделген шаралар мен уақытша шектеулерді қолдану құқығымен терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимін қамтамасыз ету.".
8. "Мемлекеттік құпиялар туралы" 1999 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының
Заңына
("Казахстанская правда" 19.03.99 ж N 53; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., N 4, 102-құжат; 2001 ж., N 8, 53-құжат; 2002 ж., N 15, 147-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 9, 67-құжат; N 20, 152-құжат):
14-бап мынадай мазмұндағы 18) тармақшамен толықтырылсын:
"18) арнайы мақсаттағы бөлімшелердің қызметкерлері, терроризмге қарсы операцияны өткізуге, террористік актіні анықтауға, алдын алуға, жолын кесуге және ашуға қатысушы және/немесе көмек көрсетуші адамдар мен олардың отбасы мүшелері туралы мәліметтер.".
9. "Терроризмге қарсы күрес туралы" 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., N 19, 649-құжат; 2002 ж., N 4, 32-құжат; 2005 ж., N 23, 142-құжат):
1) тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы";
2) кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы Заң терроризмге қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаларын, терроризмнің алдын алудың және онымен күресудің, терроризм көріністерінің зардаптарын азайту мен (немесе) жоюдың, сондай-ақ терроризмге қарсы іс-қимылға байланысты азаматтар құқықтарының, міндеттері мен кепілдерінің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін белгілейді.";
3) мәтіндегі: "тікелейлі", "тікелей" деген сөздер алып тасталсын.
4) 1-бап мынадай редакцияда жызылсын:
"1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар мен терминдер
Осы Заңда мынадай ұғымдар мен терминдер пайдаланылады:
1) терроризмге қарсы операция - террористік актінің алдын алу және жолын кесу, террористерді, жарылғыш заттарды залалсыздандыру, жеке адамдардың, ұйымдар мен мекемелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша, сондай-ақ террористік актінің зардаптарын барынша азайту бойынша әскери техниканы, қарулар мен арнаулы құралдарды пайдалана отырып болатын арнайы іс-шаралар кешені. Сондай-ақ терроризмге қарсы операцияларға "Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі туралы" Қазақстан Республикасы
Заңымен
белгіленген тізбедегі күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі күзету іс-шаралары жатады;
2) кепілдегі адам - кепілдегі және (немесе) ұсталған адамды босату шарты ретінде мемлекеттік органды, жергілікті өзін-өзі басқару органдарын немесе халықаралық ұйымды қандай да бір іс-қимыл жасауға немесе қандай да бір іс-қимыл жасаудан тартынуға мәжбүр ету мақсатында кепілге алынған және (немесе) ұсталған жеке адам;
3) терроризмге қарсы операцияларды жүргізу аймағы - терроризмге қарсы операцияның басшылығы анықтаған аталған операция жүргізілетін шектегі жекелеген жер учаскелері немесе су айдындары, әуе кеңістігі, көлік құралы, үй, құрылыс, ғимарат, үй-жай және оларға жапсарлас аумақ;
4) халықаралық террористік іс-әрекет:
террорист немесе террористік ұйым біреуден көп мемлекеттің аумағында немесе біреуден көп мемлекет мүдделеріне зиян келтіретін;
бір мемлекеттің азаматтары басқа мемлекеттің азаматтарына қатысты немесе басқа мемлекеттің аумағында;
террорист те және терроризмнің құрбаны да бір мемлекеттің немесе әртүрлі мемлекеттің азаматтары болып табылған, бірақ қылмыс осы мемлекеттер аумағының шегінен тыс жерлерде жасалған жағдайда жүзеге асыратын террористік іс-әрекет;
5) террористік қатынастарға бейім объектілер - қирауы немесе қызметінің бұзылуы мемлекеттік басқарудың қалыпты жұмысының бұзылуына, тізбесін терроризмге қарсы іс-қимылды үйлестіру жөніндегі уәкілетті орган бекітетін жергілікті тұрғындардың тіршілікке қажетті қанағаттандыруларының үзіліп қалуына әкеп соқтыратын Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан объектілер;
6) арнаулы мақсаттағы бөлімшелер - терроризмге қарсы күресу үшін заңдарға сәйкес құрылған мамандар топтары;
7) терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимі - терроризмге қарсы операциялар өткізу кезінде енгізілуі және терроризмге қарсы күресті жүзеге асырушы мемлекеттік органдарға кепілдегі адамдарды босату, терроризмге қарсы операцияларды жүргізу аймағындағы азаматтардың қауіпсіздігі мен денсаулығын қорғау, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қалыпты жұмыс істеулері үшін қажетті осы Заңмен белгіленген өкілеттіктер беруді қарастыруы мүмкін ерекше тәртіп;
8) терроризмге қарсы іс-қимыл - мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, ұйымдар мен азаматтардың:
терроризмнің алдын алу, оның ішінде террористік актілерді жасауға итермелейтін себептер мен жағдайларды анықтау және оны одан әрі болдырмау (терроризмнің алдын алу);
террористік актіні анықтау, алдын алу, жолын кесу, ашу және тергеу (терроризммен күресу);
терроризм көріністерінің зардаптарын барынша азайту және (немесе) жою бойынша қызметі;
9) терроризм - күштеу, оны қолданамын деп қорқыту немесе жеке тұлғаның өміріне, денсаулығына қауіп төндіретін өзге де қылмыстық әрекеттер, мүліктер мен басқа да материалдық объектілерді жою (зақымдау), соғысты арандату немесе халықаралық қарым-қатынастарды шиеленістіру, Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетіне қастандық жасау, қоғамдық қауіпсіздікті бұзу және халықты үрейлендіру не болмаса Қазақстан Республикасының Қылмыстық
кодексімен
жауапты болатын қандай да бір әрекеттер мен өзге де мақсаттарға жетуге немесе кідіріп қалуға мемлекеттік органдарды, жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен халықаралық ұйымдарды мәжбүрлеуге бағытталған іс-әрекеттер;
10) террористік іс-әрекет - террористік сипаттағы қылмысты жасауға бағытталған және өзіне мына көзделген әрекеттерді қосатын іс-әрекет:
террористік актілерді ұйымдастыру, жоспарлау, дайындау, қаржыландыру мен іске асыру;
террористік акті жасауға айдап салу;
террористік актіні іске асыру үшін заңсыз қаруландырылған құрамалар, қылмыстық қауымдастық (қылмыстық ұйымдар) құру, сондай-ақ осындай құрылымдарға қатысу;
террористерді тарту, қаруландыру, үйрету мен пайдалану;
террористік актіні жоспарлаудағы, дайындау немесе іске асырудағы ақпараттық немесе өзге де жәрдемдесу;
терроризм идеясын насихаттау, террористік іс әрекеттерді жүзеге асыруға шақыратын не болмаса осындай іс-әрекетті жүзеге асыру қажеттілігін негіздейтін немесе ақтайтын материалдар мен ақпараттарды тарату;
11) террористік акт - қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, мемлекеттік мекемелердің, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және халықаралық ұйымдардың шешім қабылдауына құқыққа қайшы ықпал ету мақсатында тұрғылықты халықты үрейлендіру үшін жарылыс, өрт немесе өзге де іс-әрекеттер жасау, сондай-ақ оны жасаймын деп қорқыту және адамдарға өлім қауіпін тудыратын, мүліктерге айтарлықтай зиян келтіретін не болмаса экологиялық апаттың немесе өзге де аса ауыр зардаптардың туындауы, мемлекеттік немесе қоғамдық қайраткердің мемлекеттік немесе өзге де саяси қызметін тоқтату не болмаса оның осындай қызметі үшін кек алу мақсатында оның өміріне қастандық әрекет жасау, сондай-ақ аталған іс-әрекеттерін сол мақсаттар үшін жасаймын деп қорқыту;
12) террористік ұйым - террористік іс-әрекеттерді жүзеге асыратын не болмаса өзінің қызметінде терроризм мүмкіндіктерін мойындайтын, оны террористік деп тану туралы сот шешімі қабылданған және күшіне енген ұйым;
13) террорист - террористік іс-әрекетті жүзеге асыруға қатысушы адам;
14) террористік топ - террористік әрекеттерді жүзеге асыру мақсатында біріккен екі және одан да көп адамдардан құралған топ;
15) терроризмге қарсы іс-қимылдарды үйлестіру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган - Қазақстан Республикасының Президенті анықтайтын және терроризмге қарсы іс-қимыл саласында өз өкілеттіктері шегінде мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
16) терроризмді (террористік іс-әрекетті) қаржыландыру - террористік іс-әрекеттерді жүзеге асыру үшін террористерді және (немесе) террористік ұйымдарды қаржымен және (немесе) өзге де мүлікпен қамтамасыз ету.";
5) 2-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Терроризмге қарсы іс-қимылдың құқықтық негізі";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
1) "1. Терроризмге қарсы іс-қимылдың құқықтық негізін Қазақстан Республикасының
Конституциясы
, осы Заң, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері мен халықаралық шарттары құрайды.";
6) 3-бапта:
тақырыптағы және 3-баптың мәтініндегі "Терроризмге қарсы күресудің" және "терроризмге қарсы күрес" деген сөздер тиісінше "Терроризмге қарсы іс-қимылдың", "терроризмге қарсы іс-қимыл" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтың 1) тармақшасында "террористік акциялар" деген сөздер "террористік сипаттағы қылмыстарды жасау" деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 2-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Терроризмге қарсы іс-қимылды ұйымдастыру негіздері";
8) 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"4-бап. Терроризмге қарсы іс-қимылдың жалпы мемлекеттік жүйесі
1. Террористерден төнген қауіптен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін субъектілер осы салада заң, атқару және сот билігі тармақтары арқылы өзінің қызметін жүзеге асыратын мемлекет болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының Президенті:
1) терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын;
2) терроризмге қарсы іс-қимылдарды үйлестіру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органды анықтайды.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) терроризммен күрес саласындағы мемлекеттік органдардың қызметін, сонымен қатар терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өткізу кезінде оларды қажетті күштермен, құралдармен және ресурстармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
2) терроризмнің алдын алу мен терроризм көріністерінің зардаптарын барынша азайту және (немесе) жою жөніндегі шараларды әзірлеуді және жүзеге асыруды ұйымдастырады;
3) Қазақстан Республикасындағы терроризмге қарсы іс-қимылдарды ұйымдастыру тәртібін анықтайды.
4. Терроризмге қарсы іс-қимылдарды үйлестіру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган:
өкілеттіктері шегінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметін үйлестіреді және олардың өзара іс-қимылын ұйымдастырады;
Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының қауіпсіздік жүйесі мен террористік қауіптерді бейтараптандыруға дайындықты күшейту бойынша шаралар кешенін іске асыруға бақылау жасауды жүзеге асырады;
өкілеттіктері шегінде терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді;
терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы Мемлекеттік бағдарламаны әзірлеу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне белгіленген тәртіппен ұсыныс енгізеді және оны іске асыруға бақылау жасауды жүзеге асырады;
Қазақстан Республикасының Президентіне терроризмге қарсы іс-қимыл бойынша қолданылатын шаралар туралы жыл сайын баяндама жасайды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасының Үкіметін террористік қауіп-қатерлер туралы ағымдағы ақпараттаруды жүзеге асырады;
террористік қатынастарға бейім объектілердің басшылығын террористік қауіп-қатер сипаты мен ерекшелігі туралы ақпараттандыру, терроризмге қарсы іс-қимыл және терроризмге қарсы қорғану бойынша ұсынымдар әзірлеу, практикалық оқу-жаттығулар өткізу мен өзге де шараларды іске асыру арқылы олардың терроризмге қарсы қорғану деңгейін арттыруға көмектеседі;
террористік қатынастарға бейім объектілердің терроризмге қарсы қорғану жағдайын және олардың басшыларының терроризмге қарсы іс-қимыл мен осы Заңның 10-бабы 3-тармағында белгіленген терроризмге қарсы қорғану талаптарының орындалуын бақылайды.
5. Терроризмге қарсы күресті жүзеге асырушы мемлекеттік органдар:
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті;
2) Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі;
3) Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі;
4) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі;
5) Қазақстан Республикасы қаржы мониторингінің уәкілетті органы.
6. Террористік көріністердің зардаптарын анықтау, алдын алу және жолын кесу, жою мен барынша азайту жөніндегі іс-қимылдарға өз құзыретінің шегінде басқа да мемлекеттік органдар қатысады.
9) 6-бапта:
екінші бөлікте:
"өтініші" деген сөз "сұрау салу" деген сөздермен ауыстырылсын;
"террористік акцияны" деген сөздер "террористік актіні" деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 7-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"7-бап. Терроризммен күресті жүзеге асыратын мемлекеттік
органдардың құзыреті:
1) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары - Қазақстан Республикасының заңдарымен ұлттық қауіпсіздік органдарының қарауына жатқызылған қылмыстарды анықтайды, алдын алады, жолын кеседі және тергейді, терроризмге қарсы операцияларды өткізуге, терроризмге қарсы операциялардың құқықтық режимін қамтамасыз етуге қатысады;
2) Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары - Қазақстан Республикасының заңдарымен ішкі істер органдарының қарамағына берілген террористік сипаттағы қылмысты анықтайды, алдын алады, жолын кеседі және тергейді, сондай-ақ терроризмге қарсы операцияларды өткізуге, терроризмге қарсы операциялардың құқықтық режимін қамтамасыз етуге қатысады;
3) Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі - "Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі туралы" Қазақстан Республикасының
Заңына
сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің, өзге де күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;
4) Қазақстан Республикасының Қарулы күштері - әуе, су және жер кеңістігіндегі терроризмге қарсы операциялар өткізу кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тартылады;
5) Қазақстан Республикасы қаржы мониторингінің уәкілетті органы - терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында қаржы мониторингін жүзеге асырады.".
11) 8-бапта:
"терроризммен күресу" деген сөздер "терроризмге қарсы іс-қимыл жасайтын" деген сөздермен ауыстырылсын;
"террористік акцияларға" деген сөздер "террористік актілердің" деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 9-бапта:
1-тармақта "меншік нысандарына қарамастан" деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақта "дайындалып жатқан немесе жасалған террористік акциялар" деген сөздер "дайындалған немесе жасалған террористік акті" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта:
"дайындалып жатқан немесе жасалған террористік акция" деген сөздер "дайындалып жатқан немесе жасалған террористік акті" деген сөздермен ауыстырылсын, "террористік акциялар" деген сөздер "террористік актілер" деген сөздермен ауыстырылсын, "белгілейді" деген сөзден кейін "және төлейді" деген сөздермен толықтырылсын;
13) 10-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Террористік қатынастарға бейім объектілердің басшылары террористік әрекеттен сақтандыру мақсатында мынадай талаптардың орындалуы үшін мына іс-шараларды іске асыруға міндетті:
1) рұқсатнама режимін қажетті дәрежеде ұстау, объектілерді қазіргі заманғы инженерлік-техникалық күзет жабдықтарымен жарақтандыру, террористік қатынасқа бейім жерлердің тізбесін анықтай отырып, объектілерге тексеру жүргізу;
2) техника қызметкерлерін үйрету бойынша жалпы сақтандыру және оқыту іс-шараларын өткізу, орын-жайларды тексеру, жарылғыш құрылғылар орнатылуы мүмкін орындарды анықтау;
3) жасалған терроризм актісі салдарынан туындаған табиғи және техникалық сипаттағы қауіптерді жою жоспарлары мен пысықталған іс-қимылдардың болуы;
4) объектінің ақпараттық желісін қорғауды ұйымдастыру, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Террористік акті жасалған жағдайда, террористік қатынастарға бейім объектілердің басшылары мен қызметкерлері терроризммен күресті жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды жасалған террористік акті мен оның салдарлары туралы дереу хабардар етуге және оларды қауіпсіз жерге көшіруге міндетті.";
14) 11-бапта:
1-тармақта:
"заңдарына" деген сөздің алдынан "Қазақстан Республикасының" деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақтағы "меншік нысандарына қарамастан" деген сөздер алып тасталсын;
15) 12, 13-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
"12-бап. Терроризм актісінің жолын кесу
1. Терроризм актісінің жолын кесу, террористерді, жарылғыш заттарды залалсыздандыру, жеке адамдар мен ұйымдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ оның зардаптарын барынша азайту мақсатында жедел штаб басшысы терроризмнің жолын кесудің өзге де күштері мен тәсілдері мүмкін болмағанда, оған қарсы операция өткізеді.
2. Адамдардың өмірі мен денсаулығын, материалдық құндылықтарды, сондай-ақ террористік актінің жолын кесу мүмкіндіктерін зерделеу мақсатында террористермен келіссөз жүргізуге жол беріледі. Келіссөз жүргізу жедел штаб басшысы арнайы уәкілдік берген адамға ғана рұқсат етіледі.
3. Егер террористпен (террористермен) оның (олардың) террористік актіні тоқтатуға келіспеуі себепті келіссөз мақсатына қол жеткізілмей, адамдардың өмірі мен денсаулығына нақты қатер төніп тұрса, терроризмге қарсы операцияның басшысы террористі (террористерді) жою туралы шешім қабылдауға құқылы.
4. Күзетілетін адамға немесе объектіге айқын қатер төнген немесе ондай қатерді өзге заңды құралдармен жою мүмкін болмаған жағдайда террорист (террористер) терроризмге қарсы операция басшысының өкімімен келіссөз жүргізбей және ескерту жасалмай жойылуы мүмкін.
5. Мемлекеттік органдардың терроризмге қарсы операцияға қатысушы бөлімшелері соғыс техникасын, қару мен арнаулы құралдарды Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес қолданады.
13-бап. Жедел штабтар
1. Терроризмге қарсы іс-қимыл мақсатында және террористік актілердің жолын кесу үшін ұдайы әрекет етуші республикалық және облыстық (республикалық дәрежедегі қалалар, астаналар) жедел штабтар құрылады.
2. Терроризмге қарсы іс-қимылдарды үйлестіру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның басшысы республикалық жедел штабтың басшысы болып табылады.
Терроризмге қарсы іс-қимылдарды үйлестіру жөніндегі уәкілетті органның аумақтық орган басшысы облыстық (республикалық дәрежедегі қалалар, астаналар) жедел штабтың басшысы болып табылады.
3. "Қазақстан Республикасы Президентінің күзет қызметі туралы" Қазақстан Республикасының
Заңына
сәйкес күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған терроризмге қарсы операция өткізу кезінде жедел штабтың басшысы Қазақстан Республикасы Президенті күзеті қызметінің басшысы болып табылады.
4. Республикалық жедел штаб құрамына терроризммен күресуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың және өз құзыры шеңберінде терроризмге қарсы операциялар өткізуге қажетті көмек көрсете алатын өзге де мемлекеттік орган басшылары кіреді.
Облыстық (республикалық дәрежедегі қалалар, астаналар) жедел штаб құрамына терроризммен күресуді жүзеге асыратын мемлекеттік органның аумақтық органының және өз құзыры шеңберінде терроризмге қарсы операциялар өткізуге қажетті көмек көрсете алатын өзге де мемлекеттік органдардың басшылары кіреді.";
16) мынадай мазмұндағы 13-1-баппен толықтырылсын:
"13-1-бап. Терроризмге қарсы операцияларға басшылық жасау
1. Террористік актінің жағымсыз салдарларынан туындайды деп күтілген қоғамдық қауіптің көлемі мен дәрежесіне карай терроризмге қарсы операцияның басшысы республикалық және (немесе) облыстық (республикалық дәрежедегі қала астана) жедел штаб басшысы болады.
2. Жедел штаб басшысы терроризмге қарсы операция басталғаннан бастап оның басшысы және сонымен бірге бір мезгілде оны жүргізуге тартылған барлық мемлекеттік органдардың әскери қызметшілерінің, қызметкерлері мен мамандарының, оның ішінде шетел мемлекеттерінің арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің және олардың мамандарының да бастығы болады.
3. Жедел штаб басшысы:
1) терроризмге қарсы операцияны жүргізу аймағының шекарасын, басталу және аяқталу уақытын белгілейді;
2) бұқаралық ақпарат құралдарының және қоғам өкілдерімен байланыста болуға жауапты болатын жедел штабтың өкілін анықтайды;
3) терроризмге қарсы операцияны өткізу туралы шешім қабылдайды және әскери өкім (әскери бұйрық) шығарады.
Республикалық жедел штаб басшысы:
1) террористік актінің жасалғандығы туралы немесе даярланып жатқандығы жөнінде нақты ақпарат алған кезде Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесін және Қазақстан Республикасының Үкіметін дереу хабардар етеді.
2) қажет болған жағдайда террористік актіні жою үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерін және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерін тарту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыныспен шығады.
4. Терроризмге қарсы операцияны басқаруға, атқаратын қызметіне қарамастан басқа лауазымды адамның заңсыз араласуына жол берілмейді.
17) 14-бапта:
2-тармақта "террористік акцияның" деген сөздер "терроризм актісінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері осы Заңға және "Қазақстан Республикасының қорғанысы мен Қарулы Күштері туралы" Қазақстан Республикасының
Заңына
сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша терроризмге қарсы операцияларды жүргізуге қатысуға тартылады.".
18) 15-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"15-бап. Терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимі.
1. Жедел штаб басшысының шешімі бойынша терроризмге қарсы операция өткізу аймағында терроризм актісінің жолын кесу, террористерді, жарылғыш қондырғыларын зиянсыз ету, жеке тұлғалардың және ұйымдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында оны өткізу кезеңінде терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимі енгізілуі мүмкін.
2. Терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимін енгізу туралы шешім (осындай режим енгізілген арнайы аймақты және қолданылатын шаралар мен уақытша шектеулер тізбесін қоса есептегенде) және терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимін тоқтату туралы шешім дереу бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарланады.".
19) мынадай мазмұндағы 15-1-баппен толықтырылсын:
"15-1-бап. Терроризмге қарсы операцияны өткізу кезеңінде қолданылатын шаралар мен шектеулер
1. Терроризмге қарсы операцияны өткізу аймағында терроризмге қарсы операцияға қатысушы тұлғалар:
1) жеке адамның жеке басын куәландыратын құжатын тексеру, ал ондай құжаты болмаған жағдайда аталған адамдарды жеке басын анықтау үшін Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарына (баска да құзырлы органдарға) жеткізуге;
2) жеке тұлғаларды жеке тексеру, сондай-ақ көлік құралдарын және олардағы заттарды, соның ішінде техникалық құралдарды пайдалана отырып тексеру жүргізуге;
3) жеке адамдарды жергілікті жердің жекелеген учаскелерінен және объектілерден кетіру, көлік құралдарының қозғалысын уақытша шектеу немесе оларды сүйреп әкетумен қоса, оның ішінде дипломатиялық және консулдық өкілдіктердің көлік құралдарына да тыйым салуға;
4) қызметтік мақсатқа байланыс құралдарын, мониторинг енгізу үшін арнайы радиоэфирді, телефон сөздерін бақылауды және телекоммуникация жүйелерінің арналарынан берілетін өзге де ақпараттарды коса пайдалану, сондай-ақ электрлі байланыс және пошта жіберілімдері арналарында іздеу жұмыстарын жүзеге асыруға;
5) меншік түріне қарамастан, мекемелердің көлік құралдарын (дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық және өзге де шетел мемлекеттері мекемелері мен халықаралық ұйымдардың көлік құралдарынан басқа), ал аса қажетті жағдайда жеке тұлғалардың көлік құралдарын дәрігерлік көмек қажет етушілерді емдеу орнына жеткізуге, сондай-ақ, террористік акті жасады деген күдіктілерді аңду үшін, егер кешіккен жағдайда адамдардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндіруі мүмкін болса көлік құралдарын пайдалануға;
6)
Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген қару-жарақтар мен арнайы құралдарды террористерге қатысты ескертусіз және шектеусіз қолдануға;
7) терроризмге қарсы операция өткізуші адамдардың террористерді аңду кезінде жеке тұлғалардың үй-жайлары мен оларға қарайтын жер учаскелеріне, мекемелердің аумағы мен кеңселеріне кедергісіз енуге құқықтары бар.
2. Терроризмге қарсы операцияны өткізу аймағында шетел штаб басшысының шешімі бойынша мына шектеулер қолданылуы мүмкін:
1) жарылғыш, радиоактивті, химиялық-биологиялық заттарды қолданатын қауіпті кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметін тоқтату;
2) заңды және (немесе) жеке тұлғаларға байланыс қызметін көрсетуді тоқтату немесе байланыс жүйесі мен байланыс құралдарын қолдануды тоқтату;
3) қоғамдық тәртіптің мемлекеттік күзетке жататын нысандардың, халықтың тұрмыс-тіршілігін және көліктердің жұмыс жасауын қамтамасыз ететін нысандардың, сондай-ақ ерекше материалдық, тарихи, ғылыми, көркем немесе мәдени құндылықтары бар нысандардың күзетін күшейту;
4) терроризмге қарсы операцияның құқықтық тәртібі енгізілген аймақта тұратын жеке тұлғаларды уақытша көшіру;
5) карантин енгізу, санитарлық-эпидемиологиялық, ветеринарлық және басқа да карантиндік іс-шаралар жүргізу;
6) қаруларды, қару құралдарын, жарылғыш заттар мен арнаулы құралдар және улы заттарды шектеу немесе тиым салу, дәрілік заттар мен құрамында есірткісі бар препараттарға, психотропты немесе ерекше әсер етуші заттарға, этил спиртіне, алкоголді және құрамында спирті бар өнімдердің айналымына шектеу қою немесе оларға тыйым салу.
3. Терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимі енгізілген терроризмге қарсы операцияны жүргізу аймағында осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген шаралар мен уақытша шектеулердің барлық кешені сияқты және жекелеген шаралар мен уақытша шектеулер орнатылуы (енгізілуі) мүмкін.
4. Терроризмге қарсы операция өткізілетін аймаққа бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері таспаға дыбыс жазуды, фото және бейне түсіруді тек жедел штаб басшысының рұқсатымен жүзеге асырады.",
20) 5-тараудың тақырыбында "террористік акциядан" деген сөздер "террористік актіден" деген сөздермен ауыстырылсын;
21) 16 және 17-баптар тақырыпарында және мәтіндерінде "террористік акциядан" деген сөздер "террористік актіден" деген сөздермен ауыстырылсын;
22) 20-баптың 2-тармағындағы "террористік акциядан" деген сөздер "террористік актіден" деген сөздермен ауыстырылсын;
23) 21-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"21-бап. Ұйымдардың террористік іс-әрекет үшін жауаптылығы
1. Заңда белгіленген тәртіппен сот шешімі бойынша ұйым террористік деп танылады және жойылуы (оның қызметіне тыйым салынуы) тиіс.
2. Террористік деп танылған ұйым жою кезінде оған тиісті мүліктер тәркіленеді және мемлекет кірісіне айналады.
3. Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде тіркелген шетелдік немесе халықаралық ұйымды (оның бөлімшесін, филиалын, өкілдігін) сот террористік деп таныған жағдайда Қазақстан Республикасының аумағында ол ұйымның (оның бөлімшесінің, филиалының, өкілдігінің қызметіне тыйым) салынады және ол (оның бөлімшесі, филиалы, өкілдігі) жойылады, ал Қазақстан Республикасы аумағындағы оған (оның бөлімшесіне, филиалына, өкілдігіне) тиесілі мүлік тәркіленеді және мемлекет кірісіне айналады.
4. Өз құзыреті шегінде құқықтың статистика және арнайы есепке алу саласында статистикалық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік орган оның ішінде сот ұйымдардың террористік деп таныған, шетелдік және халықаралық бірыңғай тізімін жүргізеді. Көрсетілген тізім Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген ресми мерзімді ұйымның баспаларында жариялануға тиіс";
24) 23-баптың тақырыбы мен мәтініндегі "терроризмге қарсы күрес жөніндегі іс-әрекетке" деген сөздер "терроризмге қарсы іс-қимылдың жүзеге асырылуын" деген сөздермен ауыстырылсын;
25) 24-баптың тақырыбы мен мәтініндегі "терроризмге қарсы күрестегі", "терроризмге қарсы күресті" деген сөздер тиісінше "терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыру кезінде", "терроризмге қарсы іс-қимылды" деген сөздермен ауыстырылсын;
10. "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 3, 17-құжат; N 9, 86-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 10, 103-құжат; 2004 ж., N 10, 56-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 142-құжат; N 24, 144-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 13, 86, 87-құжаттар; N 15, 92, 95-құжаттар, N 16, 99-құжат; N 18, 113-құжат; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 14-құжат; N 10, 69-құжат; N 12, 88-құжат; N 17, 139-құжат; N 20, 152-құжат):
1) 27-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 23) тармақшамен толықтырылсын:
"23) терроризмнің алдын алуға, сондай-ақ облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) аумағындағы терроризм көріністерінің зардаптарын барынша азайтуға және (немесе) жоюға қатысады;";
2) 31-баптың 1-тармағы мынадай мазмұнды 23) тармақшамен толықтырылсын:
"23) терроризмнің алдын алуға, сондай-ақ аудан (облыстық маңызы бар қала) аумағындағы терроризм көріністерінің зардаптарын барынша азайтуға және (немесе) жоюға қатысады;".
2-бап . Осы заң алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті