"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жалған кәсіпкерліктің жолын кесу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 қарашадағы N 1114 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жалған кәсіпкерліктің жолын кесу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов

      жоба

Қазақстан Республикасының Заңы

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жалған кәсіпкерліктің жолын кесу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

       1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 15-16, 211-құжат; 1998 ж., N 16, 219-құжат; N 17-18, 225-құжат; 1999 ж, N 20, 721-құжат; N 21, 774-құжат; 2000 ж., N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 8, 53, 54-құжат; 2002 ж., N 4, 32, 33-құжат; N 10, 106-құжат; N 17, 155-құжат; N 23-24, 192-құжат; 2003 ж. N 15, 137-құжат; N 18, 142-құжат; 2004 ж., N 5, 22-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139-құжат; 2005 ж., N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 21-22, 87-құжат; 2006 ж. N 2, 19-құжат; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат; N 12, 72-құжат; N 15, 92-құжат; 2007 ж., N 1, 2-құжат; N 4, 33-құжат; N 5-6, 40-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат, N 17, 140-құжат; 2008 ж., N 12, 48-құжат; N 13-14, 58-құжат); 2008 жылдың 24 қазанында "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы жүйесінің тұрақтылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 23 қазандағы Заңына :
      1) 192-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Құқыққа қарсы мақсатты көздеген (оның ішінде заңсыз кредиттер алу, салықтардан босатылу, өзге де мүліктік пайда алу немесе тыйым салынған қызметті жасыру) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз жеке кәсіпкерлік субъектісін құру және (немесе) оған басшылық жасау және азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян келтіру, -
      айлық есептік көрсеткіштің бес жүзден сегіз жүзге дейінгі мөлшерінде немесе сотталған адамның үш айдан алты айға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе алты айға дейінгі мерзімге қамауға алуға, не айлық есептік көрсеткіштің жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салумен екі жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға, немесе бес айға дейінгі мерзімге сотталған адамның жалақысы немесе өзге табысының мөлшерінде айыппұл салумен жазаланады.";
      2) мынадай мазмұндағы 192-1-баппен толықтырылсын:
      "192-1-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектісінің кәсіпкерлік қызметті
                  жүзеге асыру ниетінсіз кәсіпкерлік мәміле
                  (мәмілелер) жасасуы
      Жеке кәсіпкерлік субъектісімен мүліктік пайда алуды немесе тыйым салынған қызметті жасыруды көздейтін құқыққа қарсы мақсаттағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз мәміле (мәмілелер) жасасуы, оның ішінде жалған шот-фактуралар, сондай-ақ тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) алғаны (жөнелткені) туралы құжаттар жазып беруі немесе пайдалануы және азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян келтіруі -
      айлық есептік көрсеткіштің үш жүзден жеті жүзге дейінгі мөлшерінде немесе сотталған адамның үш айдан жеті айға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе бес айдан жеті айға дейінгі мерзімге қамауға алуға, не екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарымен өтеумен, не сол мерзімге бас бостандығынан айырумен жазаланады.".
      2. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 23, 335-құжат; 1998 ж., N 23, 416-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 8, 53-құжат; N 15-16, 239-құжат; N 17-18, 245-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 32, 33-құжаттар; N 17, 155-құжат; N 23-24, 192-құжат; 2003 ж., N 18, 142-құжат; 2004 ж., N 5, 22-құжат; N 23, 139-құжат; N 24, 153, 154, 156-құжаттар; 2005 ж., N 13, 53-құжат; N 21-22, 87-құжат; N 24, 123-құжат; 2006 ж., N 2, 19-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 12, 72-құжат; 2007 ж., N 1, 2-құжат; N 5-6, 40-құжат; N 10, 69-құжат; N 13, 99-құжат; 2008 ж., N 12, 48-құжат; N 15-16, 62, 63-құжаттар):
      123-баптың екінші бөлігінде "анықтамалар," деген сөзден кейін "салық тексерулерінің актілері, салық қызметі органдарының қорытындылары," деген сөздермен толықтырылсын.
      3. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж.,  N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139, 140-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 7-8, 19-құжат; N 9, 26-құжат; N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 17-18, 72-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 2, 19, 20-құжат; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат; N 10,
52-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 72, 77-құжаттар; N 13, 85, 86-құжаттар;  N 15, 92, 95-құжаттар; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 16, 18-құжаттар; N 3, 20, 23-құжаттар; N 4, 28, 33-құжаттар; N 5-6, 40-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 12, 88-құжат; N 13, 99-құжат; N 15, 106-құжат; N 16, 131-құжат; N 17, 136, 139, 140-құжат; N 18, 143, 144-құжаттар; N 19, 146, 147-құжаттар; N 20, 152-құжат; N 24, 180-құжат; 2008 ж., N 6-7, 27-құжат; N 12, 48, 51-құжаттар; N 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; N 15-16, 62-құжат:
      154-бап жаңа редакцияда жазылсын:
      "154-бап. Жалған кәсіпкерлік
      1. Кәсіпкерлік субъектісі атынан мәмілелер немесе құқыққа қарсы мақсатты көздеген (оның ішінде заңсыз кредиттер алу, салықтардан босатылу, өзге де мүліктік пайда алу немесе тыйым салынған қызметті жасыру) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз мәмілелер жасасу, сол сияқты жалған шот-фактуралар, шарттар (келісім-шарттар), сондай-ақ тауарларды жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) алу (тиеп-жөнелту) туралы құжаттарды жазып беру немесе пайдалану, егер жазаланылатын әрекеттерде қылмыс құрамының белгілері болмаса, -
      жеке тұлғаларға, жеке кәсіпкерлерге оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан қырыққа, ірі кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жылдың ішінде осы баптың бірінші бөлігінде көзделген қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
      жеке тұлғаларға, жеке кәсіпкерлерге жиырмадан қырыққа, шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жетпіске, ірі кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";
      2) мынадай мазмұндағы 154-1-баппен толықтырылсын:
      "154-1-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектісінің кәсіпкерлік қызметті
                  жүзеге асыру ниетінсіз кәсіпкерлік мәміле
                  (мәмілелер) жасасуы
      Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүліктік пайда алуды немесе тыйым салынған қызметті жасыруды көздейтін құқыққа қарсы мақсаттағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз мәміле (мәмілелер) жасасуы, оның ішінде жалған шот-фактуралар, сондай-ақ тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) алғаны (жөнелткені) туралы құжаттар жазып беруі немесе пайдалануы, егер осы іс-әрекетте қылмыстық жазаланатын әрекет белгілері болмаса, -
      айлық есептік көрсеткіштің жетпістен жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";
      3) 570-1-баптың бірінші бөлімінде "141," деген сан "154-1," деген санмен толықтырылсын.
      4. "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 35-құжат; N 15-16, 109-құжат; N 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 1, 180-құжат; N 14, 274-құжат; 1997 ж., N 12, 183-құжат; 1998 ж., N 5-6, 50-құжат; N 17-18, 224-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2000 ж., N 3-4, 63, 64-құжаттар; N 22, 408-құжат; 2001 ж, N 1, 1-құжат; N 8, 52-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж, N 18, 157-құжат; 2003 ж, N 4, 25-құжат; N 15, 139-құжат; 2004 ж., N 5, 30-құжат; 2005 ж., N 13, 53-құжат, N 14, 55, 58-құжат, N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 10, 52-құжат; N 15, 95-құжат; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 3, 20-құжат; 2008 ж., N 12, 52-құжат):
      1) 6-бапта:
      жетінші бөлікте "Арызға құрылтайшы немесе құрылтайшы уәкілдік берген адам қол қояды" деген сөздер "Арызға құрылтайшы қол қояды және құрылтайшы құрылтайшылар тіркеу органына береді" деген сөздермен ауыстырылсын.
      мынадай мазмұндағы он үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Мыналар: жал, сатып алу-сату шарттарының нотариалды куәландырылған көшірмелері, жылжымайтын мүлікке құқықтардың тіркелгені туралы мөртаңба қойылған жылжымайтын мүлікке құқықты растайтын құжат және азаматтық заңнамаларда көзделген өзге құжат заңды тұлғаның орналасқан жерін растайтын құжат бола алады. Егер үй-жайдың иесі жеке тұлға болған жағдайда заңды тұлғаның орналасқан жері ретінде үй-жайды беру туралы жеке тұлғаның куәландырылған келісімі тапсырылады.";
      2) 6-1-бап мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Мыналар: жал, сатып алу-сату шарттарының нотариалды куәландырылған көшірмелері, жылжымайтын мүлікке құқықтардың тіркелгені туралы мөртаңба қойылған жылжымайтын мүлікке құқықты растайтын құжат және азаматтық заңнамаларда көзделген өзге құжат филиалдың (өкілдіктің) орналасқан жерін растайтын құжат бола алады. Егер үй-жайдың иесі жеке тұлға болған жағдайда филиалдың (өкілдіктің) орналасқан жері ретінде үй-жайды беру туралы жеке тұлғаның куәландырылған келісімі тапсырылады.";
      3) 16-бапта:
      екінші бөлігінің 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "10) Қазақстан Республикасы бойынша салық төлеушінің салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің бар (жоғы) туралы анықтама;";
      4) 16-1-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Шетелдік заңды тұлғаның филиал (өкілдігі) бойынша осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттарға қосымша Қазақстан Республикасы бойынша салық төлеушінің салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің бар (жоғы) туралы анықтама тапсырылады.".
      5. "Жеке кәсіпкерлік туралы" 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., N 3, 21-құжат; N 16, 99-құжат; N 23, 141-құжат; 2007 ж. N 2, 18-құжат; N 3, 20-құжат; N 17, 136-құжат; 2008 ж. N 13-14, 57, 58-құжаттар; N 15-16, 60-құжат):
      28-баптың 6-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік жалған кәсіпкерлікті жасағанын анықтаған заңды күшіне енген сот үкімінің не болмаса соттың немесе қудалау органының күші жойылмаған қаулысы негізінде жоюға жатады.".
 
       2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады