Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 қазандағы N 1592 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 3 желтоқсандағы N 1130 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 143 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 16.03.2015 № 143 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Алкоголь өніміне ең төменгі бағалар белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 қазандағы N 1592 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 49, 475-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға қосымшада:
      "Алкоголь өнімін бөлшек сату бағасы (теңге/литр)" деген бағандағы "357" деген сандар "500" деген сандармен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады