Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Иран Ислам Республикасындағы Қазақстан Республикасының Бас консулдығын көшіру туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
Иран Ислам Республикасындағы Қазақстан Республикасының Бас консулдығын көшіру туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасының Бас консулдығы Мешхед қаласынан Горган қаласына (Иран Ислам Республикасы) көшірілсін.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев