2005 жылғы 24 наурыздағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің техникалық регламенттерін үйлестіру негіздері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 желтоқсандағы N 1140 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған 2005 жылғы 24 наурыздағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің техникалық регламенттерін үйлестіру негіздері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
      2. 2005 жылғы 24 наурыздағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің техникалық регламенттерін үйлестіру негіздері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, қол қойылсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2008 жылғы 5 желтоқсандағы
N 1140 қаулысымен   
мақұлданған      

жоба

2005 жылғы 24 наурыздағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің техникалық регламенттерін үйлестіру негіздері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа (бұдан әрі - ЕурАзЭҚ) мүше мемлекеттердің үкіметтері,
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      2005 жылғы 24 наурыздағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің техникалық регламенттерін үйлестіру негіздері туралы келісімнің 3-бабының 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. ЕурАзЭҚ техникалық регламентін әзірлеу тәртібі Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық Комитетінің шешімімен бекітіледі".

2-бап

      Осы хаттама қол қойылған күнінен бастап уақытша қолданылады және депозитарий оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алған күнінен бастап күшіне енеді.
      2008 жылғы "__"__________ _________ қаласында орыс тіліндегі бір түпнұсқа данада жасалды.
      Осы хаттаманың түпнұсқа данасы Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық Комитетінде сақталады, ол депозитарий болып табыла отырып, әрбір Тарапқа оның куәландырылған көшірмесін жібереді.

       Беларусь                 Қазақстан            Қырғыз
      Республикасының          Республикасының      Республикасының
      Үкіметі үшін             Үкіметі үшін         Үкіметі үшін

      Ресей                    Тәжікстан
      Федерациясының           Республикасының
      Үкіметі үшін             Үкіметі үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады