Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Кеден одағының тарифтік преференцияларының бірыңғай жүйесі туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
2. Кеден одағының тарифтік преференцияларының бірыңғай жүйесі туралы хаттамаға қол қойылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 5 желтоқсандағы
N 1149 қаулысымен
мақұлданған
жоба
Кеден одағының тарифтік преференцияларының
бірыңғай жүйесі туралы
ХАТТАМА
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Беларусь Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Үкіметі және Ресей Федерациясының Үкіметі,
2008 жылғы 25 қаңтардағы Бірыңғай кедендік-тарифтік реттеу туралы келісімді негізге ала отырып,
экономикалық ықпалдасуды тереңдетуге жәрдемдесу және адал бәсекелестікті жүзеге асыру мақсатында,
халықаралық сауданың жалпыға бірдей қабылданған нормалары мен ережелерін басшылыққа ала отырып,
мына төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Кеден одағының комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) Тараптарға дамушы және мейлінше аз дамыған елдерде шығарылатын немесе олардан әкелінген тауарларды Тараптар мемлекеттерінің кедендік аумағына немесе бірыңғай кедендік аумағына әкелу кезінде Бірыңғай кедендік тарифті жүргізу жөніндегі өкілеттіктерді берген күннен бастап тарифтік преференциялар осы Хаттаманың ережелеріне сәйкес айрықша ұсынылады.
2-бап
Тарифтік преференциялар жүйесін пайдаланушы дамушы елдер тізбесін Комиссия бекітеді.
Бұл тізбеге жоғары деңгейлі табысы бар елдер ретінде Дүниежүзілік банк жіктемейтін елдер енгізіледі.
Жоғары деңгейлі табысы бар елдер ретінде Дүниежүзілік банк жіктемейтін ел мынадай жағдайларда көрсетілген тізбеге енгізілмеуі не одан алынып тасталуы мүмкін:
елдің жоғары ретінде Дүниежүзілік банк айқындаған табыс деңгейіне қол жеткізуі;
осы елден тауарларды әкелу көлемі Сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасы (бұдан әрі - СЭҚ БТН) топтарының құндық көлемі бойынша бес ең үлкені болғанда алдыңғы екі жылда осы тауарларды преференциялар жүйесін пайдаланушы елдерден әкелудің жалпы көлемінің 75 пайызына тең немесе одан асқанда;
Тараптар мемлекеттерінің не Тараптар мемлекеттерінің жеке (немесе) заңды тұлғаларының экономикалық мүдделерін бірнеше мәрте бұзушылық, оның ішінде әрекеті Тараптар мемлекеттерінің жеке және (немесе) заңды тұлғаларына осы елдің нарығына енуді негізсіз жауып тастайтын немесе өзгеше түрде Тараптар мемлекеттерінің жеке және (немесе) заңды тұлғаларын негізсіз кемсітетін ретінде түсінілетін осы елдің достық емес іс-қимылдары;
есірткілерді экспорттауды немесе транзиттеуді бақылаудағы елеулі кемшіліктер;
ақшаны жылыстату жөніндегі халықаралық шарттарды сақтамау.
3-бап
Тарифтік преференциялар жүйесін пайдаланушы мейлінше аз дамыған елдер тізбесін Комиссия бекітеді.
Көрсетілген тізбеге БҰҰ-ның мейлінше аз дамыған елдер тізіміне кіретін елдер енгізіледі.
4-бап
Әкелу кезінде тарифтік преференциялар ұсынылатын дамушы елдерден және мейлінше аз дамыған елдерден шығарылатын және әкелінетін тауарлар тізбесін Комиссия бекітеді. Көрсетілген тізбенің позициялар саны Сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасының кіші қосалқы позицияларының жалпы санының 20 пайызынан асуы тиіс емес.
Қажет болғанда Комиссия әкелу кезінде тарифтік преференциялар ұсынылатын мейлінше аз дамыған елдерде шығарылатын және әкелінетін тауарлардың қосымша тізбесін бекітеді. Осы тізбенің позициялар саны Сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасының кіші қосалқы позицияларының жалпы санының 5 пайызынан асуы тиіс емес.
5-бап
Тараптардың уағдаластығы бойынша осы Хаттамаға жеке хаттамалармен ресімделетін өзгерістер енгізілуі мүмкін.
6-бап
Осы Хаттаманы түсіндіруге немесе қолдануға байланысты даулар мүдделі Тараптардың консультациялары мен келіссөздері жолымен шешіледі, ал келісімге қол жеткізілмеген жағдайда кез келген мүдделі Тараптың бастамасы бойынша Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Сотына қарауға беріледі.
7-бап
Осы Хаттаманың күшіне ену, оған қосылу және одан шығу тәртібі 2007 жылғы 6 қазандағы кеден одағының шарттық-құқықтық базасын қалыптастыруға бағытталған халықаралық шарттардың күшіне енуі тәртібі туралы Хаттамамен айқындалады.
2008 жылғы "__"________ __________ қаласында орыс тіліндегі жалғыз түпнұсқа данада жасалды.
Осы Хаттаманың түпнұсқа данасы өз функцияларын Комиссияға бергенге дейін Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитеті болып табылатын депозитарийде сақталады.
Депозитарий әрбір Тарапқа осы Хаттаманың куәландырылған көшірмесін жібереді.
Беларусь Қазақстан Ресей
Республикасының Республикасының Федерациясының
Үкіметі Үкіметі Үкіметі
үшін үшін үшін