Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Тауарларды дамушы және аз дамыған елдерден шығарылғанын айқындау ережесі туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.
2. Тауарларды дамушы және аз дамыған елдерден шығарылғанын айқындау ережесі туралы келісімге қол қойылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 5 желтоқсандағы
N 1160 қаулысымен
мақұлданған
жоба
Тауарлардың дамушы және аз дамыған елдерден шығарылғанын айқындау ережесі туралы келісім
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Беларусь Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Үкіметі және Ресей Федерациясының Үкіметі,
2008 жылғы 25 қаңтардағы Тауарлардың шығарылған елін айқындаудың бірыңғай ережесі туралы келісімнің 1-бабын іске асыру мақсатында,
өзара пайда және халықаралық құқық негізінде сауданы дамыту үшін қолайлы жағдай жасауға ниеттене отырып,
көп жақты сауда жүйесін нығайтуға ұмтыла отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Тараптар мемлекеттерінің бірыңғай кедендік аумағында дамушы және аз дамыған елдерден шыққан тауарларға қатысты осы Келісімнің ажырамас бөлігін құрайтын қосымшаға сәйкес Дамушы және аз дамыған елдерден тауарлардың шығарылғанын айқындау ережелері қолданылады.
2-бап
Осы Келісімнің ережелерін қолдануға немесе түсіндіруге байланысты даулар Тараптар арасында консультациялар және келіссөздер жолымен шешіледі, ал келісімге қол жеткізілмеген жағдайда Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Сотының қарауына беріледі.
3-бап
Тараптардың уағдаласуы бойынша осы Келісімге Тараптардың жекелеген хаттамаларымен ресімделетін өзгерістер енгізілуі мүмкін.
4-бап
Осы Келісімнің күшіне ену тәртібі, оған қосылу және одан шығу 2007 жылғы 6 қазандағы Кеден одағының шарттық-құқықтық базасын қалыптастыруға бағытталған Халықаралық шарттардың күшіне ену, олардан шығу және оларға қосылу тәртібі туралы хаттамамен айқындалады.
2008 жылғы "__"_________ ________ қаласында орыс тіліндегі бір түпнұсқа данада жасалды.
Осы Келісімнің түпнұсқа данасы Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитетінде сақталады, ол осы Келісімнің депозитарийі болып табыла отырып, әрбір Тарапқа оның куәландырылған көшірмесін жібереді.
Беларусь Қазақстан Ресей
Республикасының Республикасының Федерациясының
Үкіметі Үкіметі Үкіметі
үшін үшін үшін
Тауарлардың дамушы және аз
дамыған елдерден шығарылғанын
айқындау ережесі туралы келісімге
қосымша
Дамушы және аз дамыған елдерден тауарлардың шығарылғанын айқындау ережесі
Осы Ереже дамушы және аз дамыған елдерден шығарылған тауарларға қатысты қолданылады.
Дамушы және аз дамыған елдердің тізбелері Тараптар арасындағы жеке келісіммен белгіленген.
I. Тауарлардың тарифтік артықшылық режимі қолданылатын дамушы және аз дамыған елдерден шығуы
Тауар мына жағдайларда:
1) ол осы елде толығымен өндірілген болса;
2) ол төменде көрсетілгендей, мұндай тауарлардың осы елде жеткілікті өңделуге немесе қайта өңделуге ұшырау шартымен, баска елден шығарылған шикізат материалдары, жартылай фабрикаттар немесе дайын бұйымдар немесе шығарылған жері белгісіз тауарлар пайдаланыла отырып, осы елде өндірілген болса, ол тарифтік артықшылық режимі қолданылатын дамушы немесе аз дамыған елдерден шығарылған болып есептеледі.
II. Тарифтік артықшылық режимі қолданылатын дамушы немесе аз дамыған елдерден толық шығарылған тауарлар
Мына тауарлар тарифтік артықшылық режимі қолданылатын дамушы немесе аз дамыған елде толық шығарылған болып есептеледі:
1) елдің жер қойнауынан, оның аумақтық теңізінен (суларынан) немесе осы теңіздің түбінен өндіріп алынған пайдалы қазбалар;
2) осы елде өсірілген немесе жиналған өсімдік тектес өнім;
3) осы елде туған және өсірілген тірі жануарлар;
4) осы елде өсірілген жануарлардан осы елде алынған өнім;
5) осы елде аңшылық және балық аулау кәсіпшілігі нәтижесінде алынған өнім;
6) осы елдің кемесімен алынған теңіз балық аулау кәсіпшілігінің өнімі мен теңіз кәсіпшілігінің басқа да өнімі;
7) осы елдің қайта өңдеуші кемесінің бортында осы тармақтың 6-тармақшасында көрсетілген өнімнен ғана алынған өнім;
8) осы елдің, сол теңіз түбін немесе сол теңіздің қойнауын игеруге арналған ерекше құқықтары болған жағдайда, осы елдің аумақтық теңізінен (суларынан) тыс жерлердегі теңіз түбінен немесе теңіз қойнауынан алынған өнім;
9) осы елде өндірістік немесе қайта өңдеу жөніндегі өзге де операциялар нәтижесінде алынған қалдықтар мен металл сынықтары (қайталама шикізат), сондай-ақ осы елде жиналған және шикізат күйінде қайта өңдеу үшін ғана жарамды, пайдалануда болған бұйымдар;
10) егер осы ел тиісті ғарыш объектісі тіркелген мемлекет болса, ғарыш объектілерінде ашық ғарышта алынған жоғары технологиялар өнімі;
11) осы елде осы тармақтың 1)-10) тармақшаларында көрсетілген өнімнен ғана дайындалған тауарлар.
III. Тарифтік артықшылық режимі қолданылатын дамушы немесе аз дамыған елде жеткілікті өңдеуге немесе қайта өңдеуге ұшыраған тауарлар
Егер:
1) тауар тарифтік артықшылық режимі қолданылатын дамушы немесе аз дамыған елде өңдеуге немесе қайта өңдеуге ұшыраған және осы процесте пайдаланылған, тарифтік артықшылық режимі қолданылмайтын басқа да елдерден шығарылған тауарлардың (шикізат материалдарының, жартылай фабрикаттардың және дайын бұйымдардың) құны немесе шыққан жері белгісіз тауар құны тарифтік артықшылық режимі қолданылатын дамушы немесе аз дамыған ел экспорттайтын тауар құнының 50%-ынан аспаса;
2) тауар тарифтік артықшылық режимі қолданылатын бірнеше дамушы немесе аз дамыған елде өңдеуге немесе қайта өңдеуге ұшыраған және бұл ретте тарифтік артықшылық режимі қолданылмайтын басқа елдерден шығарылған, пайдаланылған тауарлардың немесе шыққан жері белгісіз тауарлардың құны тарифтік артықшылық режимі қолданылатын дамушы немесе аз дамыған елдердің бірі экспорттайтын тауар құнының 50%-ынан аспаса;
3) тауар артықшылық режимі қолданылатын дамушы немесе аз дамыған елдердің бірінде өндірілсе және артықшылық режимі қолданылатын басқа, бір немесе бірнеше дамушы немесе аз дамыған елдердерде өңдеуге немесе қайта өңдеуге ұшыраса тауар тарифтік артықшылық режимі қолданылатын дамушы немесе аз дамыған елде жеткілікті өңдеуге немесе қайта өңдеуге ұшыраған болып есептеледі.
Осы тармақтың "1" және "2" тармақшаларында көрсетілген тарифтік артықшылық режимі қолданылмайтын елден шығарылған тауар құны тауарды экспорттайтын өндіруші елде белгіленген осы тауардың кедендік құнының негізінде айқындалады.
Осы тармақтың "1" және "2" тармақшаларында көрсетілген шығарылған жері белгісіз тауардың құны дамушы немесе аз дамыған, экспортталатын тауарды өндіруші елдің аумағында осы тауар үшін төленген баға көлемінде қабылданады.
Тараптар мемлекеттерінің бірыңғай кедендік аумағынан тарифтік артықшылық режимі қолданылатын елге әкелінген және сол жерде Тараптар мемлекеттерінің бірыңғай кедендік аумағына экспорттауға жататын тауарлар (шикізат материалдары, жартылай фабрикаттар және дайын бұйымдар) аталған дамушы немесе аз дамыған экспорттаушы елде өндірілген тауарлар ретінде қаралады.
Тарифтік артықшылық режимі қолданылатын дамушы немесе аз дамыған ел экспорттайтын тауар құны Тараптар мемлекеттерінің кедендік мақсаттар үшін қолданылатын "Инкотермс" сауда терминдерін талқылаудың халықаралық ережелеріне сәйкес тауар өндірушінің франко-зауыт бағасының базасында айқындалады.
IV. Тауардың негізгі сипаттамасына немесе қасиеттеріне әсер етпейтін немесе шамалы деңгейде әсер ететін операциялар
Жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемдеріне:
1) тауарды сақтау немесе тасымалдау кезінде оның сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі операциялар;
2) тауарды сатуға және тасымалдауға дайындау, ораманы бөлшектеу және құрастыру жөніндегі операциялар (лекті бөлу, жөнелтімдерді қалыптастыру, сұрыптау, қайта орау);
3) оларды жүзеге асыру 2007 жылғы 6 қазандағы Кедендік одақ комиссиясы туралы келісімге сәйкес құрылған Кедендік одақ комиссиясы белгілейтін тізбе бойынша тауардың жай-күйін елеулі өзгертпейтін қарапайым құрастыру операциялары және тауарды бөлшектеу жөніндегі операциялар, сондай-ақ өзге де операциялар;
4) алынған өнімнің бастапқы құрамынан елеулі түрде ерекшеленуіне әкеп соқпайтын тауарларды (компоненттерді) араластыру;
5) мал сою, етті бөлу (сұрыптау);
6) жуу, тазарту, шаңды сүрту, тотық, май немесе басқа да заттарды жағу;
7) тоқыманы (талшықтар мен иірілген жіптің кез келген түрі, талшықтар мен иірілген жіптің кез келген түрінен алынған мата материалдары) тегістеу немесе тығыздау;
8) сырлау немесе жылтырату жөніндегі операциялар;
9) бидайды және күрішті қабыршақтандыру, ішінара немесе толық ағарту, қырнау, тегістеу және жылтырату;
10) қантты бояу және түйір қантты қалыптастыру жөніндегі операциялар;
11) жемістердің, көкөністердің және жаңғақтардың қабығын аршу,
тұқымын алу және бөлшектеу;
12) қайрау, қарапайым тарту немесе қарапайым кесу;
13) елеуіш немесе елек арқылы өткізу, сұрыптау, жіктеу, іріктеу (соның ішінде бұйымдардың жиынтығын жасау);
14) банкіге құю, салу, сауыттар, қапшықтар, жәшіктер, қораптар және басқа да буып-түю жөніндегі қарапайым операциялар;
15) алынған құрамдастардың бастапқы тауардан елеулі ерекшеленуіне әкеп соқпайтын тауарларды құрамдастарға бөлу;
16) көрсетілген операциялардың екеуін немесе одан да артығын
құрамдастыру сәйкес келмейді.
V. Тауарлар шығарылуының ерекше жағдайлары
Машиналармен, жабдықтармен, аппараттармен немесе көлік құралдарымен бірге пайдалануға арналған құрал-саймандар, керек-жарақтар, қосалқы бөлшектер мен аспаптар, егер мұндай құрал-саймандар, керек-жарақтар, қосалқы бөлшектер мен аспаптар, техникалық құжаттарға сәйкес, әдетте, мұндай құрылғылармен бірге жеткізілетін, жиынтықта және мөлшерде көрсетілген машиналармен, жабдықтармен, аппараттармен немесе көлік құралдарымен бірлесіп әкелінсе және пайдаланылса, сол машиналар, жабдықтар, аппараттар немесе көлік құралдары сияқты тарифтік артықшылық режимі қолданылатын дамушы немесе аз дамыған елде шығарылған болып есептеледі.
Орама Сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасын ескере отырып, тауардан бөлек декларациялауға жатқан жағдайларды қоспағанда, тауар әкелінетін орама тауардың өзі шығарылған, тарифтік артықшылық режимі қолданылатын дамушы немесе аз дамыған елде шығарылған болып есептеледі. Мұндай жағдайда ораманың шығарылған елі тауардың шығарылған елінен бөлек айқындалады.
Егер тауар әкелінетін орама, тауардың өзі шығарылған, тарифтік артықшылық режимі қолданылатын дамушы немесе аз дамыған елде шығарылған болып есептелсе, тауардың шығарылған елін айқындау үшін бөлшек саудада өткізілетін тауар орамасы ғана ескеріледі.
Шығарылған елін айқындау кезінде өндірістік немесе көліктік жағдайлар салдарынан оларды бір лек етіп тиеу мүмкіндігінің болмауынан бөлшектелген немесе құрастырылмаған түрдегі тауарлар, сондай-ақ олардың легі қателік салдарынан бірнеше лекке бөлінген тауарлар біртұтас тауар ретінде қарастырылады.
Осы ереже мына шарттарды бір уақытта орындау кезінде қолданылады:
- Сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес тауарлар кодының, әр лекке енген тауарлар құнының және шығарылған елінің көрсетілуімен әр лектің сипаттамасын қоса бере отырып, бірнеше лекпен жеткізілетін бөлшектелген немесе құрастырылмаған түрдегі тауарлар немесе мұндай бөліну себептерін көрсете отырып, тауарлардың бірнеше лекке бөлінуі туралы әкелінім елінің кеден органын алдын ала хабардар ету не тауарлардың бірнеше лекке бөліну қателігін құжаттамалық растау;
- тауарлардың барлық легін тарифтік артықшылық режимі қолданылатын дамушы немесе аз дамыған бір елден бір жеткізушінің жеткізуі;
- тауарлардың барлық легін бір кеден органында декларациялау;
- тауарлардың барлық легін бір келісім-шарт шеңберінде жеткізу;
- тауарлардың барлық легін кедендік декларация қабылданған күннен бастап бір жылдан аспайтын мерзімде не оны тауарлардың бірінші легіне қатысты ұсыну мерзімдері өткенге дейін жеткізу. Тауар алушыға байланысты емес себептер бойынша тауарлардың барлық легін жеткізу мүмкін болмаған жағдайда, кеден органы декларанттың дәлелді өтініші бойынша тауарлардың барлық легін жеткізу үшін қажетті, бірақ бір жылдан аспайтын уақытқа ұзартуы мүмкін.
Тауарлардың шығарылған елін айқындау кезінде оларды өндіру немесе қайта өңдеу үшін пайдаланылатын жылу және электр энергиясының, машиналардың, жабдықтар мен құралдардың шығарылған жері ескерілмейді.
VI. Сатып алу және тікелей жеткізу
Тарифтік артықшылық режимі қолданылатын дамушы немесе аз дамыған елдерден шығарылған тауарларға қатысты тарифтік артықшылықтар мұндай тауарларды осы елдерден тікелей сатып алу және оларды Тараптар мемлекеттерінің бірыңғай кедендік аумағына тікелей жеткізу шартымен ғана беріледі.
Егер импорттаушы оны осы тауар шығарылған және тарифтік артықшылық режимі қолданылатын дамушы немесе аз дамыған елде кәсіпкерлік қызмет субъектісі ретінде белгіленген тәртіппен тіркелген адамнан сатып алса, тауар тікелей сатып алынған болып қаралады.
Тікелей жеткізу болып тарифтік артықшылық режимі таралатын дамушы немесе аз дамыған елден басқа мемлекеттің аумағы арқылы өткізілместен, Тараптар мемлекеттерінің бірыңғай кедендік аумағына тасымалданатын тауарлардың жеткізілуі есептеледі.
Тікелей жеткізу ережесі тауарлар транзит елдерінде, соның ішінде оларды осы елдердің аумағында уақытша қоймаға қою кезінде кеден бақылауында болу шартымен географиялық, көліктік, техникалық немесе экономикалық себептердің салдарынан бір немесе бірнеше елдердің аумағы арқылы тасымалданатын тауарларға да жүреді. Мына шарттарды орындаған кезде:
1) тауарлар тарифтік артықшылық режимі қолданылатын дамушы немесе аз дамыған елдердің аумағынан көрме немесе жәрмеңке өткізілетін елдің аумағына жеткізілгенде және олардың өткізілуі кезінде кеден бақылауында қалғанда;
2) тауарлар оларды көрмеге немесе жәрмеңкеге жөнелткен кезден бастап көрсетуден басқа қандай да бір өзге мақсаттарға пайдаланылмағанда;
3) табиғи тозу не тасымалдаудың және сақтаудың қалыпты жағдайлары кезінде кему салдарынан болған тауарлардың жай-күйіндегі өзгерістерді ескерместен, тауарлар Тараптар мемлекеттерінің бірыңғай кедендік аумағына олардың көрмеге немесе жәрмеңкеге жөнелтілген кездегі жай-күйінде әкелінгенде тікелей жеткізу ережесі импорттаушы көрмелерде немесе жәрмеңкелерде сатып алған тауарларға да жүреді.
VII. Құжаттамалық куәлік
Тауардың тарифтік артықшылық режимі қолданылатын дамушы немесе аз дамыған елде шығарылғанын куәландыруда тауарды өткізетін тұлға Артықшылықтардың жалпы жүйесі шеңберінде қабылданған, "А" нысаны бойынша (2-қосымша) тауардың шығарылуы туралы сертификат-декларацияларды толтыруға қойылатын Талаптарға сәйкес толтырылатын "А" нысаны бойынша тауардың шығарылуы туралы сертификат-декларацияны (бұдан әрі - сертификат) ұсынады ( 1-қосымша ).
Сертификаттың тарифтік преференциялар беру мақсатында қолданылу мерзімі оның берілген күнінен бастап 12 аймен шектеледі.
Кеден органдарына сертификат орыс немесе ағылшын тілдерінде басылған түрде беріледі.
Қажет болған кезде кеден органдары сертификаттың мемлекеттік тілге аударылуын талап етуі мүмкін.
Іс жүзінде жеткізілген және сертификатта көрсетілген тауар мөлшерінің айырмашылығы 5%-дан аспауы тиіс.
Сертификат жоғалған жағдайда оның ресми куәландырылған телнұсқасы (көшірмесі) қабылданады.
Тауарлардың көп емес (кедендік құны 5000 АҚШ долларына балама сомадан аспайтын) лектерінің шығарылуын куәландыруда сертификатты ұсыну талап етілмейді. Бұл жағдайда экспорттаушы тауардың шығарылған елін коммерциялық немесе басқа да тауарға ілеспе құжаттарда мәлімдеуі мүмкін. Бір экспорттаушы фактуралық құны 5000 АҚШ долларына баламалы сомадан аспайтын тауарлар лектерін бір импорттаушыға жүйелі түрде жеткізген кезде тауарлардың шығарылған елін растау үшін сертификат ұсыну міндетті болып табылады.
Тауардың шығарылуы туралы мәлімделген мәліметтердің растығына қатысты дәлелді күмән пайда болған жағдайда кеден органы тауардың шығарылуы туралы сертификатты ұсынуды талап етуге құқылы.
VIII. Әкімшілік ынтымақтастық
Кеден одағының комиссиясы оларға қатысты тарифтік артықшылық берілген дамушы немесе аз дамыған елдерден сертификатты куәландыруға уәкілетті құзыретті органдардың атауларын, мекенжайларын, мөр бедерлерін алады. Тарифтік артықшылық режимі жоғарыда аталған ақпаратты бермеген дамушы немесе аз дамыған елдерден шығарылған тауарға қолданылмайды.
Сертификаттың немесе онда берілген мәліметтердің, сондай-ақ тауардың шығарылуы туралы мәліметтердің мінсіздігіне қатысты дәлелді күмән пайда болған жағдайда Тараптардың кеден немесе басқа да уәкілетті органдары қосымша немесе нақтылайтын мәліметтерді дәлелді сұрай отырып, сертификатты куәландырған дамушы немесе аз дамыған елдің құзыретті ұлттық органына жүгінуі мүмкін.
Дамушы немесе аз дамыған елден шығарылған тауар тиісті түрде ресімделген тауардың шығарылуы туралы сертификат немесе сұратылған мәліметтер ұсынылмағанға дейін тарифтік артықшылық режимі қолданылатын осы елден шығарылған болып есептелмейді.
Мұндай тауарлар үшін тарифтік артықшылықтар тарифтік артықшылық режимі қолданылатын елдің құзыретті ұлттық органдарынан қанағаттандырарлық жауап алынғаннан кейін ғана беріледі.
Тауарлардың дамушы және аз
дамыған елдерден шығарылғанын
айқындау ережесіне
1-қосымша
1. Экспорттаушы |
N |
||||
2. Алушы (импорттаушының атауы, |
|||||
3. Көлік құралы және жүру |
4. Ресми белгілер үшін |
||||
5. N |
6. Орамалардың |
7. Орамалардың |
8. Шығарылған |
9. Брутто |
10. Шоттың |
11. Куәландыру |
12. Экспорттаушының декларациясы |
||||
1. Goods consigned from |
Reference N |
||||
2. Goods consigned to |
|||||
3. Means of transport and route |
4. For official use |
||||
5. Item |
6. Marks and |
7. Number |
8. Origin |
9. Gross |
10. Number |
11. Certification |
12. Declaration by the exporter |
Тауарлардың дамушы және аз
дамыған елдерден шығарылғанын
айқындау ережесіне
2-қосымша
"А" нысаны бойынша тауардың шығарылған жері туралы сертификат-декларацияларды ресімдеуге қойылатын талаптар Жалпы ережелер
"А" нысаны бойынша тауардың шыққан жері туралы сертификат-декларацияның (бұдан әрі - сертификат) бланкісі қорғаныш торкөзі немесе қорғаныш түсті жиегі бар қағазда баспаханалық тәсілмен әзірленеді (сертификаттың ағылшын және орыс тілдеріндегі үлгілері қоса беріліп отыр).
Сертификатты толтыру бойынша талаптармен қоса берілген ескертулер бланкінің екінші жағында баспаханалық тәсілмен сертификат толтырылатын тілмен қатар, кез келген басқа тілде де толтырылуы мүмкін не толығымен немесе ішінара болмауы мүмкін.
Сертификат баспа түрінде толтырылған болуы тиіс (төменде көрсетілген жекелеген белгілерден басқа).
Сертификатта адамдардың қолтаңбалар факсимилесінің пайдаланылуына, қандай да бір тазартулар мен түзетулердің болуына жол берілмейді. Сертификатқа енгізілген түзетулер қате деректерді сызу және қажетті мәліметтерді басу жолымен жүргізілуі мүмкін. Әрбір мұндай түзету сертификаттар беруге уәкілетті құзыретті органның мөрімен куәландырылады.
Бір сертификатта бірнеше тауарлар туралы мәліметтердің мәлімделуі мүмкін.
Міндетті түрде сертификатта анықтамалық (тіркеу) нөмірі қойылуға, сондай-ақ 1, 5 (сертификатта бірнеше тауарлар көрсетілген жағдайда), 7, 8, 9, 11, 12-бағандар толтырылуға тиіс, 5, 6, 7, 8, 9, 10-бағандарындағы пайдаланылмаған орын оларға қандай да бір қосымша мәліметтердің енгізілуін болдырмау мақсатымен сызылуы тиіс.
Сертификаттың оң жақ жоғары бұрышында орналасқан баған
Сертификаттың анықтамалық (тіркеу) нөмірі көрсетіледі. Сертификаттың анықтамалық (тіркеу) нөмірін қолжазбалық жазуға жол беріледі. Сертификат берілген елдің атауы көрсетіледі.
1-баған
Тауарды экспорттаушы (жеткізуші) болып табылатын (келісім-шарт бойынша тауарды сатушының немесе оған тауарды жеткізуге құқық берілген болса, өзге де тұлғаның, соның ішінде тауарды өндірушінің) тұлғаның атауы және мекенжайы көрсетіледі.
2-баған
Тауарды алатын тұлғаның атауы және мекенжайы көрсетіледі. Егер сертификат берілген кезде тауарларды нақты алушы анықталмаған жағдайда, "to order" ("мақсаты бойынша") немесе тауарды импорттайтын Тараптар мемлекетінің атауы сертификат толтырылатын тілде көрсетіледі.
Сонымен қатар, тауарды нақты алушының атауын және мекенжайын "to order" ("мақсаты бойынша") деген жазулардан немесе тауарды импорттайтын Тараптар мемлекетінің сертификат толтырылған тілдегі атауынан кейін басуға жол беріледі.
3-баған
Тауарлар мен көлік құралдарын тасымалдау бағыты туралы мәліметтер (ол қаншалықты белгілі болса) көрсетіледі.
4-баған
Арнайы белгілер үшін пайдаланылады.
Бүлінген не жоғалған сертификат орнына оның телнұсқасы берілген жағдайда, 4-бағанда тауардың шыққан елінің уәкілетті органы "duplicate" ("телнұсқа") деген белгілерді қояды. Бұл ретте сертификат телнұсқасының қолданылу мерзімі сертификат түпнұсқасының берілген күнінен бастап есептеледі.
Сертификат тауар жөнелтілгеннен кейін берілген жағдайда, бағанда "issued retrospectively" ("соңынан берілді") деген белгілер қойылады.
Тауардың шыққан елінің уәкілетті органы қандай да бір себептер бойынша бұрын берілген сертификаттың күшін жойған кезде жаңадан берілген сертификаттың 4-бағанына күші жойылған сертификаттың номері мен берілген күні көрсетіле отырып, "issued instead" ("орнына берілді") деген жазулар енгізіледі.
Бағанның толтырылмаған болуына жол беріледі.
5-баған
Бір сертификатта бірнеше тауарлар туралы мәліметтер мәлімделген жағдайда, әр тауардың алдына оның сертификаттағы реттік нөмірі көрсетіледі. Бағанның толтырылмаған болуына жол беріледі.
6-баған
Жүк орындарының саны және таңбалама туралы деректер көрсетіледі. Егер сертификатта бірнеше тауарлар туралы мәліметтер көрсетілсе, деректер олардың арасындағы жоларалықтарсыз беріледі немесе мұндай жоларалықтар үстінен сызылады. "No marks" деп жазуға жол беріледі.
Бағанның толтырылмаған болуына жол беріледі.
7-баған
Тауардың коммерциялық атауы, оның моделі, маркасы, түрі, артикулі, кедендік ресімдеу үшін мәлімделгенмен бірдей сәйкестендіруге мүмкіндік беретін басқа да деректер, сондай-ақ өлшеп орау, орама түрі және тауар орындарының саны көрсетіледі.
Егер тауарларды сипаттау үшін баған жолағында орын жетіспесе, сертификаттың анықтамалық (тіркеу) номері керсетіле отырып, сертификат берген құзыретті ұлттық органның мөрімен куәландырылуы тиіс (11-бағандағы мөр бедері қосымша парақтағы мөр бедерімен сәйкес келуі тиіс) қосымша парақтарды пайдалануға жол беріледі. Тауарлар сипаттамасын сертификаттың екінші жағына толтыруға жол берілмейді.
Осы бағанда келісім-шартқа өзіндік ерекшелікке сілтеме болған жағдайда, келісім-шарт көшірмесі де сертификат берген ұлттық құзыретті органның мөрімен куәландырылуы тиіс.
Егер сертификатта бірнеше тауар туралы мәліметтер көрсетілсе, тауарлардың сипаттамасы олардың арасындағы жоларалықтарсыз беріледі немесе мұндай жоларалықтар үстінен сызылады.
8-баған
Тауардың шығарылған жерінің өлшемі керсетіледі:
"Р" - тауар толығымен экспорттаушы елде өндірілген;
"Ү" (өндірушің франко-зауыт бағасы базасында анықталатын экспортталатын тауар құнындағы тауарды өндіру кезінде пайдаланылған, басқа елден шығарылған немесе шыққан елі белгісіз шикізат материалдары, жартылай фабрикаттар немесе дайын бұйымдар құнының пайыздық үлесін көрсете отырып, мысалы "Ү15%") - тауар өңдеуге және қайта өңдеуге ұшыраған;
"Рk" - тауар Тараптар мемлекетінің тарифтік артықшылық режимі тарайтын елдердің бірінде өндірілген, және басқа (бір немесе бірнеше) мұндай елдерде өңдеуге және қайта өңдеуге ұшыраған.
Тауардың шыққан жерінің өлшемі сертификаттың 7-бағанында мәлімделген әрбір тауар үшін белгіленуі тиіс.
Егер сертификатта олардың бір бөлігі Тауарларды сипаттау мен кодтаудың үйлестірілген жүйесінің төрт мәнді тауар позициясының бірінде жіктелген бірнеше тауар мәлімделсе, 8-бағанда осы төрт мәнді тауар позициясының барлық тауарлары үшін шыққан елдің өлшемін бір әріптік белгіленімін көрсетуге жол беріледі.
9-баған
Тауардың салмағы (брутто) немесе тауар саны туралы өзге де деректер көрсетіледі. Егер сертификатта бірнеше тауарлар мәлімделсе, тауардың салмағы (брутто) немесе саны туралы өзге де деректер аталған тауардың әрқайсысы үшін жеке беріледі.
10-баған
Шот-фактураның (инвойстың) нөмірі мен күні немесе шот-проформа, көрсетіледі. Бағанда сертификатта мәлімделген барлық тауарлар үшін бір жалпы шот-фактура (инвойс) немесе шот-проформа, қажет болған кезде кейбір жеке аталған тауарлар үшін бірнеше шот-фактуралар (инвойстар) немесе шот-проформдар көрсетіледі.
Егер сертификат берілген кезде шот-фактура (инвойс) немесе шот-проформ туралы деректер сертификаттың 1-бағанында көрсетілген сертификат алушыға белгісіз болса, 10-бағанның толтырылмаған болуына жол беріледі.
11-баған
Баған сертификаттың куәландырылған күні мен жері туралы деректерді, ұлттық заңнамаға сәйкес тауардың шыққан елін куәландыруға уәкілетті органның атауы мен мөрін, сондай-ақ сертификаттың дұрыстығын растауға уәкілетті органның лауазымды адамының қолын қамтиды.
Қажет болған кезде оның түпнұсқалылығын сәйкестендіруді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін мөрдің анық бедері болуы тиіс.
12-баған
Жоғарғы жолда тауардың шыққан елінің атауы көрсетіледі.
Ортаңғы жолда тауардың арналым елінің атауы көрсетіледі.
Төменгі жолда сертификаттың толтырылған жері мен күні көрсетіледі. Сертификатта берілген мәліметтерге 1-бағанда көрсетілген экспорттаушының (жеткізушінің) уәкілетті адамы осы бағанда қол қояды. Бағанда экспорттаушы (жеткізуші) мөрінің болуына жол беріледі, бірақ міндетті талап болып табылмайды.