Қазақстан Республикасының шетелдіктердің болуы үшін уақытша жабық аумақтарының тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 12 желтоқсандағы N 1170 Қаулысы

      "Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 15 наурыздағы Заңының 7-бабының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының шетелдіктердің болуы үшін уақытша жабық аумақтарының тізбесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының шетелдіктердің болуы үшін уақытша жабық аумақтарына шетелдіктердің кіруіне Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі және Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісім бойынша рұқсат береді.
      3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасының шетелдіктердің болуы үшін уақытша жабық аумақтарының тізбесін Қазақстан Республикасында аккредиттелген шетелдік дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелердің назарына жеткізсін.
      4. "Қазақстан Республикасының шет ел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың келіп-қайтуына уақытша жабық аумақтарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы N 153 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов

       Қазақстан Республикасы
      Үкіметінің      
      2008 жылғы 12 желтоқсандағы
      N 1170 қаулысымен   
      бекітілген       

Қазақстан Республикасының шетелдіктердің болуы үшін уақытша жабық аумақтарының тізбесі

      1. Жабылатын аумаққа кірмейтін Алматы облысының қалалық үлгідегі Гвардейский кентінің Мәтібұлақ (Рославль) (75 0 16'25; 43 0 33'58), Мәтебұлақ (75 0 15'35; 43 0 36'9) елді мекендерінің және Жамбыл облысының Құлжабасы темір жол разъезінің (75 0 06'04; 43 0 34'18) координата нүктелерімен шектелген аумағы - 2015 жылға дейін;
      2. Қызылорда облысының Байқоңыр қаласы, Қармақшы және Қазалы аудандары - 2015 жылға дейін.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады