Инвестициялық салықтық преференциялардың қолданылу мерзімдерін белгілеу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы N 1261 Қаулысы

      "Инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 қаңтардағы Заңы 14-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Ақтөбе облысының Хромтау ауданында феррохром өндіретін кәсіпорын салу" инвестициялық жобасы бойынша "СП КГМ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне берілетін инвестициялық салықтық преференциялардың мынадай қолданылу мерзімдері белгіленсін:
      1) корпоративтік табыс салығы бойынша - тіркелген активтерді іске қосқан сәттен бастап 10 (он) жыл;
      2) мүлік салығы бойынша - тіркелген активтерді іске қосқан сәттен бастап 5 (бес) жыл;
      3) жер салығы бойынша - тіркелген активтерді іске қосқан сәттен бастап 5 (бес) жыл.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады