Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 969 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 желтоқсандағы N 1267 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қазақстан Республикасында көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқарту жөніндегі экономикалық саясат пен ұйымдастыру шараларының 2005 - 2010 жылдарға арналған негізгі бағыттары" бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 969 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 36, 502-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген "Қазақстан Республикасында көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқарту жөніндегі экономикалық саясат пен ұйымдастыру шараларының 2005 - 2010 жылдарға арналған негізгі бағыттары" бағдарламасында:
      "Қазақстан Республикасында көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқарту жөніндегі экономикалық саясат пен ұйымдастыру шараларының 2005 - 2010 жылдарға арналған негізгі бағыттарының бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 10-бөлімде:
      реттік нөмірі 8-жолдың 5-бағанында "2008" деген сандар "2010" деген сандармен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 16-жолда:
      4-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      "ЭБЖМ (жинақтау), ИСМ, АШМ, ККМ, ЭМРМ, БҒМ, СА, "ЭЗИ" АҚ (келісім бойынша)";
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 30-1-жолмен толықтырылсын:
"

30-1.

Сауда (қызмет көрсету) ұйымдарының тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сату жұмысын бұқаралық ақпарат құралдарын тарту және халық пен бизнес орта арасында ұйымдастыру-түсіндіру іс-шараларын жүргізу жолымен ірі қалаларда оларды сату кезінде төлем карточкаларын қолдануды кеңінен енгізуді қамтамасыз ету

ЭБЖМ-ге ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

Жыл сайын, 5 қаңтар,
5 шілде



                                                                  ";
      реттік нөмірі 46-жолда:
      4-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      "ЭБЖМ (жинақтау), АШМ, Қаржымині, СА, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, "ЭЗИ" АҚ (келісім бойынша)";
      ескертпе мынадай мазмұндағы аббревиатуралармен толықтырылсын:
      "ЭМРМ - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
      БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
      "ЭЗИ" АҚ - "Экономикалық зерттеулер институты" акционерлік қоғамы".
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады