"Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшырудың және зымырандарды сынақтық ұшырудың 2009 жылға арналған жоспарлары бойынша қорытындыны бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 желтоқсандағы N 1268 Қаулысы

      1999 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшырудың және зымырандарды сынақтық ұшырудың жоспарлары бойынша қорытындыны (келісуді) ұсыну және алу тәртібі туралы келісімге сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшырудың және зымырандарды сынақтық ұшырудың 2009 жылға арналған жоспарлары бойынша қорытынды (бұдан әрі - Қорытынды) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі 2008 жылғы 30 желтоқсанға дейін Қорытындыны дипломатиялық арналар арқылы Ресей Тарабына жіберсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің        
2008 жылғы 26 желтоқсандағы
N 1268 қаулысымен    
бекітілген        

"Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшырудың және зымырандарды сынақтық ұшырудың 2009 жылға арналған жоспарлары бойынша қорытынды

       Ескерту. Қорытындыға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.08.06 N 1195, 2009.11.24 N 1923 Қаулыларымен.

      1999 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшырудың және зымырандарды сынақтық ұшырудың жоспарлары бойынша қорытындыны (келісуді) ұсыну және алу тәртібі туралы келісімнің 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Ресей Тарабы ұсынған (Ресей Федерациясы СІМ 2008 жылғы 24 қарашадағы шығ. N 12541/3 дснг, 2009 жылғы 15 мамырдағы N 5444/3 дснг, 2009 жылғы 16 қыркүйектегі N 10417н/3дснг), ғарыштық орбиталарға шығару зымыран-тасығыштардың бөлінетін бөлшектерін халықаралық шарттармен көзделмеген құлау аудандарын пайдалануды талап ететін ғарыш аппараттарын ұшыруды, сондай-ақ көрсетілген РС-18 зымырандарының ұшу трассасы Қазақстан Республикасының астанасы маңынан өтуіне байланысты РС-18 КБР сынақтық ұшыруларды қоспағанда, Ресейдің федералдық ғарыштық бағдарламасы, "Ғаламдық навигациялық жүйе" федералдық нысаналы бағдарламасы, халықаралық ынтымақтастық бағдарламалары және коммерциялық жобалар шеңберінде "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшырудың 2009 жылға арналған жоспарымен, "Байқоныр" ғарыш айлағынан әскери мақсаттағы ғарыш аппараттарын ұшырудың 2009 жылға арналған жоспарымен және "Байқоңыр" ғарыш айлағынан зымырандарды сынақтық ұшырудың 2009 жылға арналған жоспарымен келіседі.
      Қазақстан Республикасының Үкіметі зымыран-тасығыштарды ұшыру және Қазақстан Республикасының аумағында зымыран-тасығыштардың бөлінетін бөлшектерінің құлауы кезінде Қазақстан Республикасының әуе кеңестігін пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Федералдық ғарыш агенттігі уәкілеттік берген ұйымның Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әуе қозғалысы Бас басқару орталығымен өзара іс-қимылын ұйымдастыру қажеттігін атап өтеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады