"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне босқындар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 желтоқсандағы N 1276 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне босқындар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

жоба

Қазақстан Республикасының Заңы

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне босқындар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

       1-бап . Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 4, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139, 140-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 7-8, 19-құжат; N 9, 26-құжат; N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 17-18, 72-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 2, 19, 20-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 72, 77-құжаттар; N 13, 85, 86-құжаттар; N 15, 92, 95-құжаттар; N 16, 98, 102-құжаттар; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 16, 18-құжаттар; N 3, 20, 23-құжаттар; N 4, 28, 33-құжаттар; N 5-6, 40-құжат; N 10, 69-құжат; N 13, 99-құжат; N 15, 106-құжат; N 16, 131-құжат; N 17, 139, 140-құжаттар; N 18, 144-құжат; N 19, 146, 147-құжаттар; N 20, 152-құжат; N 24, 180-құжат; 2008 ж., N 6-7, 27-құжат; N 12, 48, 51, 54-құжаттар; N 13-14, 57-құжат; N 15-16, 62-құжат):
      1) 398-бап алып тасталсын;
      2) 552-бапта:
      "398," деген цифрлар алып тасталып, "баптарында" деген сөз "бабында" деген сөзбен ауыстырылсын.
      2. "Халықтың көші-қоны туралы" 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 24, 341-құжат; 2001 ж., N 8, 50-құжат, N 21-22, 285-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 6, 76-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2007 ж., N 3, 23-құжат, N 20, 152-құжат):
      1) 1-баптың 2) тармақшасы алып тасталсын;
      2) 4-бапта:
      бірінші бөліктегі ", босқындар" деген сөз алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасындағы босқындардың құқықтық жағдайы, босқын мәртебесін беру негізі мен тәртібі босқын мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының заң актісімен реттеледі.";
      3) 34-бапта:
      6) тармақшада:
      "және босқын мәртебелерін" деген сөздер "мәртебесін" деген сөзбен ауыстырылсын;
      9) тармақшада "оралмандар мен босқындарды" деген сөздер "оралмандарды" деген сөзбен ауыстырылсын;
      11) тармақшада "босқын, оралман мәртебелерін" деген сөздер "оралман мәртебесін" деген сөздермен ауыстырылсын.
      3. "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 17-18, 247-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2007 ж., N 3, 20-құжат; N 10, 69-құжат; N 20, 152-құжат):
      2-баптың 1-тармағында "босқын статусына ие адамдардың" деген сөздер "босқындардың" деген сөзбен ауыстырылсын.
       2-бап . Осы Заң 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады