Инвестициялық салықтық преференциялардың қолданылу мерзімдерін белгілеу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы N 1285 Қаулысы

      "Инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 қаңтардағы Заңы 14-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мынадай заңды тұлғалар үшін берілетін инвестициялық салықтық преференциялардың қолданылу мерзімдері белгіленсін:
      1) "Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының Мыңарал кентінде цемент зауытын салу" инвестициялық жобасы бойынша "Жамбыл цемент өндірістік компаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне:
      корпоративтік табыс салығы бойынша - тіркелген активтерді іске қосқан сәттен бастап 10 (он) күнтізбелік жыл;
      мүлік салығы бойынша - тіркелген активтерді іске қосқан сәттен бастап 5 (бес) жыл;
      жер салығы бойынша - тіркелген активтерді іске қосқан сәттен бастап 5 (бес) жыл;
      2) "Қарағанды облысының Бұхар жырау ауданында цемент зауытын салу" инвестициялық жобасы бойынша "Сарыарқа Цемент" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне:
      корпоративтік табыс салығы бойынша - тіркелген активтерді іске қосқан сәттен бастап 7 (жеті) күнтізбелік жыл;
      мүлік салығы бойынша - тіркелген активтерді іске қосқан сәттен бастап 5 (бес) жыл;
      3) "Қызылорда облысында табақты шыны өндірісін ұйымдастыру" инвестициялық жобасы бойынша "EURASIA FLOAT GLASS" акционерлік қоғамына:
      корпоративтік табыс салығы бойынша - тіркелген активтерді іске қосқан сәттен бастап 10 (он) күнтізбелік жыл;
      мүлік салығы бойынша - тіркелген активтерді іске қосқан сәттен бастап 5 (бес) жыл.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады