Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап
. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы
кодексіне
(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139, 140-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 7-8, 19-құжат; N 9, 26-құжат; N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 17-18, 72-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 2, 19, 20-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 72, 77-құжаттар; N 13, 85, 86-құжаттар; N 15, 92, 95-құжаттар; N 16, 98, 102-құжаттар; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 16, 18-құжаттар; N 3, 20, 23-құжаттар; N 4, 28, 33-құжаттар; N 5-6, 40-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 12, 88-құжат; N 13, 99-құжат; N 15, 106-құжат; N 16, 131-құжат; N 17, 136, 139, 140-құжаттар; N 18, 143, 144-құжаттар; N 19, 146, 147-құжаттар; N 20, 152-құжат; N 24, 180-құжат; 2008 ж., N 6-7, 27-құжат; 2008 ж., N 15-16, 62-құжат; 2008 жылғы 25 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ұжымдық инвестициялау мәселелері және жинақтаушы қорлардың қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының
Заңы
; 2008 жылғы 6 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет процесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының
Заңы
):
553-баптың бірінші бөлігінде "89," деген цифрлардан кейін "175 (екінші бөлігінде) (қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупіне байланысты объектілер иелері жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде)," деген сөздермен толықтырылсын.
2. "Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы" 2002 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., N 7-8, 77-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 24, 148-құжат; 2007 ж., N 20, 152-құжат; 2008 ж., N 6-7, 27-құжат):
1) кіріспеде:
"қауіпті өндірістік объектілерде авариялардың" деген сөздер "қауіпті өндірістік объектілердің қызметінен персоналға, тұрғын халыққа, қоршаған ортаға қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерлерінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
"шектеуге және" деген сөздерден кейін "авариялардың, оқыс оқиғалардың және олардың" деген сөздермен толықтырылсын;
"әзірлігін," деген сөзден кейін "авариялардың" деген сөз алып тасталсын;
2) 1-бапта:
3) тармақшада "қауіпті өндірістік объектілердегі авариялардан және аталған авариялардың салдарларынан" деген сөздер "қауіпті өндірістік объектілердегі авариялар, оқыс оқиғалар нәтижесінде туындайтын қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінен" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 5), 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:
"5) техникалық құрылғылар - дербес маңызы бар машиналар, жабдықтар және басқа да конструкциялар (есепке алу аспаптары, ысырмалар, крандар және басқалар);
қауіпті өндірістік фактор - қауіпті объектіні салу, пайдалану, жою процесіңде туындайтын, қауіпті өндірістік объектілердегі авариялар, оқыс оқиғалар кезінде азаматтардың өміріне, денсаулығына, олардың мүлкіне залал келтіруге қабілетті физикалық құбылыс;
техникалық басшы - ұйымның технологиялық процесіне жетекшілік етуді жүзеге асыратын жоғары білімі бар маман.";
3) 3-баптың 2-тармағында:
2), 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"2) қара, түсті, бағалы металдар және осы металдар негізінде қорытпалар өндіру;
3) тау-кен, геологиялық барлау, бұрғылау, жару жұмыстары, мұнай және газ, пайдалы қазбалар өндіру және минералдық шикізатты қайта өңдеу жөніндегі жұмыстар, жер асты жағдайларындағы жұмыстар;";
8) тармақшадағы "сөздері;" деген сөз "көздері жояды." деген сөздермен ауыстырылсын;
9) тармақша алып тасталсын;
4) мынадай мазмұндағы 3-1-баппен толықтырылсын:
"3-1-бап. Өндірістік объектінің қауіптілігін бағалау
1. Өндірістік объектінің қауіптілігін бағалау:
1) жазатайым оқиғалардың жиілігі;
2) жазатайым оқиғалардың ауырлығы;
3) өлімге әкеп соғатын жарақаттанудың жиілігі;
4) кәсіптік ауру;
5) негізгі қорлардың тозу;
6) негізгі қорларды ауыстыру;
7) қауіпті өндірістік объектінің авариялылығы коэффиценттері бойынша жүзеге асырылады.
2. Объектінің қауіптілігінің жалпы деңгейі осы заңға қосымшаға сәйкес айқындалады.";
5) 4-бапта:
1-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасы;";
мынадай мазмұндағы 3, 4-тармақтармен толықтырылсын:
"3. Өнеркәсіптік қауіпсіздіктің міндетті талаптары уәкілетті органның нормативтік актілерімен белгіленеді.
Нормативтік актілер нормативтік актіде көрсетілген қызмет саласында орындауға міндетті, өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды қамтиды.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік актілерді тіркеуді және есепке алуды уәкілетті орган өзі белгілеген тәртіппен жүзеге асырады.
4. Әдістемелік ұсынымдарды қолдану ерікті сипатта болады және өндірістік объект иесін өндірістің қауіпсіз деңгейін қамтамасыз етуден босатпайды.";
6) 7-бапта:
14) тармақшада "қауіпті өндірістік объектіде сөзсіз аварияға ұрындыру" деген сөздер "қауіпті өндірістік объектілерде болуы мүмкін авариялар, оқыс оқиғалар нәтижесінде өндірістік персоналға, тұрғын халыққа, қоршаған ортаға қауіпті өндірістік факторлардың сөзсіз зиянды әсер ету" деген сөздермен ауыстырылсын;
18) тармақшада "авария салдарын" деген сөздер "болуы мүмкін авариялар, оқыс оқиғалар нәтижесінде қауіпті өндірістік факторлардың өндірістік персоналға, тұрғын халыққа, қоршаған ортаға зиянды әсерін" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 28) тармақшамен толықтырылсын:
"28) объект иелері үшінші тұлғаларға зиян келтіргені үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі міндеттемені орындауын бақылайды.";
7) 9-баптың 4) тармақшасында "уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерімен" деген сөздер "облыстың, қаланың бас мемлекеттік инспекторымен сараптамалық қорытынды негізінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 11-бапта:
4) тармақшада "нормативтік құқықтық актілерде" деген сөздер "өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
9), 10), 11) және 14) тармақшалардағы "авариялардың", "авариялар" деген сөздерден кейін ", оқыс оқиғалардың", ", оқыс оқиғалар" деген сөздермен толықтырылсын;
12) тармақшада "саласындағы нормативтік құқықтық актілердің" деген сөздер алып тасталсын;
24), 25), 26) тармақшалар алып тасталсын;
27) тармақшада "өнеркәсіптік объектіде болуы осы Заңның қосымшасына сәйкес декларациялану үшін негіз болып табылатын, олардың" деген сөздер алып тасталсын;
29) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"29) құрылыс салуға арналған жобаларды, жергілікті жобалар, қауіпті өндірістік объектілерді қайта жөндеуге, жаңғыртуға, жоюға арналған жобаларды облыстың, қаланың бас мемлекеттік инспекторымен келісуге;";
30) тармақшадағы "уәкілетті орган өкілінің" деген сөздер "мемлекеттік инспектордың" деген сөздермен ауыстырылсын;
30) тармақшадағы "жүргізуге міндетті" деген сөздер "жүргізуге;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 31) тармақшамен толықтырылсын:
"31) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік инспектордың міндеттерін атқару кезінде оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті.";
9) 11-1-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Пайдалану кезінде қауіпті өндірістік объектілердегі авариялар, оқыс оқиғалар нәтижесінде тұрғын халыққа, қоршаған ортаға қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсер ету мүмкіндігі бар қауіпті өндірістік объектілер міндетті декларациялауға жатады.
Қауіпті өндірістік объектілердегі авариялар, оқыс оқиғалар нәтижесінде тұрғын халыққа, қоршаған ортаға зиянды әсер ету мүмкіндігі жоба алдындағы шешімдерге өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізумен белгіленеді.
Сараптама ұзақ немесе қысқа мерзімді әсер ету нәтижесінде қандай қауіпті факторлар тұрғын халыққа, қоршаған ортаға, қауіпті факторлардың ықтимал әсер ету аймағындағы халық санына зиянды әсер етуі мүмкін екендігін айқындайды.
Уәкілетті орган сараптамалық қорытынды негізінде қауіпті өндірістік объектіні декларациялау туралы шешім шығарады.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Декларация қағаз жеткізгіште екі данада, электронды жеткізгіште бір данада жоба құрамында сараптамалық қорытындымен бірге немесе уәкілетті органға тіркеу үшін жеке құжат ретінде беріледі. Бірінші данасы және электрондық нұсқасы уәкілетті органда, екінші данасы қауіпті объектіні пайдаланатын ұйымда сақталады.";
10) 12-бапта:
2-тармақта "уәкілетті органның аумақтық бөлімшесімен" деген сөздер "облыстың, қаланың бас мемлекеттік инспекторымен" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақта "уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі бекітуге" деген сөздер "облыстың, қаланың бас мемлекеттік инспекторымен келісілуге" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Қауіпті өндірістік объектілерде жұмыс істейтін барлық адамдар білімдерін тексеруге жатады:
1) жұмысшы персонал - жыл сайын;
2) техникалық басшылар, мамандар мен инженер-техникалық қызметкерлер - үш жылда бір рет.";
8-тармақта "үш адамнан артық" деген сөздер "кем дегенде үш адам" деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақта "билеттерін уәкілетті орган бекітеді" деген сөздер "билеттері облыстың, қаланың бас мемлекеттік инспекторымен келісіледі" деген сөздермен ауыстырылсын;
11-тармақ мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
"Оқу ұйымында емтихандар қабылдау кезінде төрағаның қолы ұйымның мөрімен, мемлекеттік инспектордың қолы - нөмірлі мөртаңбамен куәландырылады.";
11) 14-8-бапта:
2-тармақта "уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері" деген сөздер "облыстың, қаланың бас мемлекеттік инспекторы" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақта "саласындағы заңнамада белгіленген талаптарға" деген сөздер "талаптарына" деген сөзбен ауыстырылсын;
12) 14-11-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Өтінім беруші рұқсат алу үшін уәкілетті органға мына құжаттарды ұсынады:
1) өтініш;
2) тәжірибелік партияның қабылдау сынақтарының актісі;
3) жару жұмыстары саласындағы аттестатталған ұйымның сараптамалық қорытындысы.";
13) 14-12-бапта:
4) тармақшадағы "жатады." деген сөз алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне ұйымдар жатады.";
2-тармақта "аттестаттаған" деген сөзден кейін ", өтініш беруші ұйымға тәуелсіз" деген сөздермен толықтырылсын;
14) 14-13-бапта:
1-тармақта:
1) тармақшада "объектілерде" деген сөзден кейін "мердігерлік" деген сөзбен толықтырылсын;
5) тармақша алып тасталсын;
6) тармақшада "құқықтық" деген сөз алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. 1-тармақтың 2) - 4) тармақшалары бойынша жұмыстарды өтініш беруші ұйымға тәуелсіз, аттестатталған ұйымдар жүргізуі тиіс";
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) өнеркәсіп саласын және жүзеге асырылатын қызмет түрін көрсете отырып, өтініш;";
7-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Аттестаттың қолданылуы тоқтатылған себептер жойылмаған жағдайда аттестат сот тәртібімен кері қайтарылады. Аттестаттың қолданылуы:
1) ұйым аттестаттың қолданылуын тоқтату туралы өтініш берген;
2) оның қолданылу мерзімі аяқталған;
3) заңды тұлға таратылған жағдайларда тоқтатылады.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Уәкілетті орган аттестат алған ұйымдар туралы немесе аттестаттың қолданылуының тоқтатылғаны туралы ақпаратты өзінің интернет-ресурсына орналастырады немесе Республикалық мерзімді баспасөз басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялайды.";
15) 15-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігінде:
үшінші абзацтағы "- уәкілетті орган басшысының орынбасарлары" деген сөздер алып тасталсын;
төртінші абзацтағы "- уәкілетті органның мемлекеттік бақылау жөніндегі мамандары" деген сөздер алып тасталсын;
бесінші абзацтағы "- уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің басшылары" деген сөздер алып тасталсын;
алтыншы абзацтағы "- уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері басшыларының орынбасарлары" деген сөздер алып тасталсын;
жетінші абзацтағы "- уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік бақылау жөніндегі мамандары" деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақта "нөмірлі мөртабан" деген сөздерден кейін ", кеуде белгісі" деген сөздермен толықтырылсын;
16) 15-4-баптың бірінші бөлігінде "және сақтандыру қызметі" деген сөздер алып тасталсын;
17) мынадай мазмұндағы 15-6-баппен толықтырылсын:
"15-6-бап. Өндірістік объектінің қауіптілік деңгейіне байланысты мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру
Уәкілетті орган анықтаған орташа салалық көрсеткіштермен салыстырғанда өндірістік объектінің қауіптілік деңгейі соңғы үш жыл ішінде кезең-кезеңімен төмендеген кезде барлық қауіпті өндірістік факторлар бойынша кешенді тексеру тиісті бейін мамандарын тарта отырып, жылына бір рет жүргізіледі.
Орташа салалық көрсеткіштермен салыстырғанда өндірістік объектінің қауіптілік деңгейі бес немесе одан да көп жыл ішінде төмендеген кезде кешенді тексеру үш жылда бір рет жүргізіледі.
Өндірістік объектілердің қауіптілік деңгейін уәкілетті орган есептейді.
Қауіптілік деңгейі қауіпті өндірістік объекті иесінің, жаңадан ұсынылған деректер бойынша сақтандыру ұйымының өтініші негізінде тексерілуі мүмкін.";
18) 16-баптың 1-тармағында "авариялар туындау қаупін мейлінше азайту, олардың салдарынан болатын залал мен материалдық шығын мөлшерін" деген сөздер "қауіпті өндірістік факторлардың өндірістік персоналға, тұрған халыққа, қоршаған ортаға зиянды әсерін" деген сөздермен ауыстырылсын;
19) көрсетілген Заңға қосымша мынадай редакцияда жазылсын:
"Объектінің қауіптілігінің жалпы деңгейін айқындау тәртібі.
1. Жазатайым оқиғалардың жиілік коэффиценті мына формула бойынша айқындалады:
Кч = n/N,
мұндағы n - қауіпті объектіде бір жыл ішінде болған жазатайым оқиғалардың саны;
N - қауіпті объектіде қызмет көрсететін персоналдың тізімдік саны.
2. Жазатайым оқиғалардың ауырлық коэффиценті мына формула бойынша айқындалады:
Кт = n1/N,
мұндағы n1 - бір жылда жол берілген барлық жазатайым оқиғалар бойынша еңбекке жарамсыз күндер саны.
3. Өлімге әкеп соғатын жарақаттанудың жиілік коэффиценті мына формула бойынша айқындалады:
Кс = n2/N,
мұндағы n2 - өлімге әкеп соғатын жағдайлардың жыл бойындағы саны (жазатайым оқиғадан кейінгі бір жыл ішінде зардап шеккендердің өлімін есепке ала отырып).
4. Кәсіптік аурулар коэффициенті мына формула бойынша айқындалады:
Кз = nз/N,
мұндағы nз - бір жылда белгіленген кәсіптік аурулар саны;
5. Негізгі қорлардың тозу коэффициенті мына формула бойынша айқындалады:
Ки = n4/n5,
мұндағы n4 - жылдың қорытындысы бойынша негізгі құралдар ретінде есепте тұрған белгіленген пайдалану мерзімі өткен техникалық құрылғылар саны;
n5 - жылдың қорытындысы бойынша негізгі құралдар ретінде есепте тұрған, техникалық құрылғылардың жалпы саны.
6. Негізгі құралдарды ауыстыру коэффициенті мына формула бойынша айқындалады:
Ко = n4 - n6/n4,
мұндағы n6 - есепті жыл ішінде белгіленген пайдалану мерзімі өткен, ауыстырылған техникалық құралдар саны.
7. Қауіпті өндірістік объектінің авариялық коэффициенті мына формула бойынша айқындалады:
Ка = n7/10,
мұндағы n7 - соңғы 10 жылда объектіде болған авариялардың саны.
Объектіні пайдалану мерзімі аз болған кезде авариялық коэффициенті пайдаланудың іс жүзіндегі мерзімін есепке ала отырып айқындалады. Пайдалану мерзімі болмаған кезде авариялық коэффициенті жобада көрсетіледі және Қазақстан Республикасындағы осыған ұқсас объектінің үздік көрсеткіші бойынша қабылданады.
8. Объект қауіптілігінің жалпы деңгейі мына формула бойынша айқындалады:
Уоп = Кч + Кт + КС + Кз + Ки + Ко + Ка.".
3. "Қызметі үшінші тұлғаға зиян келтіру қаупімен байланысты объект иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" 2004 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., N 16, 94-құжат):
1) 1-бапта:
1) тармақша алып тасталсын;
4) және 12) тармақшаларда "қызметі үшінші тұлғаға зиян келтіру қаупімен байланысты объектідегі аварияның" деген сөздер "қауіпті өндірістік объектілердегі авариялардың, оқыс оқиғалардың нәтижесінде қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінен" деген сөздермен ауыстырылсын;
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"13) уәкілетті орган - өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган.";
мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:
"14) қауіпті өндірістік фактор - қауіпті объектіні салу, пайдалану, жою процесінде туындайтын, қауіпті өндірістік объектілердегі авариялар, оқыс оқиғалар кезінде үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына, олардың мүлкіне залал келтіруі мүмкін физикалық құбылыс";
2) 3-бап алып тасталсын;
3) 4-баптың 1-тармағында "қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектідегі аварияның салдарынан" деген сөздер "қауіпті өндірістік объектілерде болуы мүмкін авариялардың, оқыс оқиғалардың нәтижесінде қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінен" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 5-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"5-бап. Сақтандыруға жататын объектілер
1. Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру (бұдан әрі - объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру) объектісі қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтірумен қаупімен байланысты, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында декларацияланатын объект иесінің Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген, қауіпті өндірістік объектілердегі авариялардың, оқыс оқиғалардың нәтижесінде қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінен үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген зиянды өтеу міндеттемесіне байланысты мүліктік мүддесі болып табылады.
Қауіпсіздік декларациялары тіркелген объектілердің тізбесін уәкілетті орган өзінің интернет-ресурсына немесе Республикалық мерзімді баспасөз басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялайды.
2.
Егер объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының қолданылу мерзімі ішінде объект осы баптың 1-тармағына сәйкес келуін тоқтатса, онда сақтанушы Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік инспекторына немесе оны ауыстыратын адамға қауіпсіздік декларациясын есептен шығару туралы өтініш және объектідегі өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жай-күйі туралы сараптамалық қорытынды ұсынады. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік инспекторы немесе оны ауыстыратын адам сараптамалық қорытындыны қарау негізінде декларацияны есептен шығару туралы шешім қабылдайды немесе дәлелді бас тартады.
Декларацияны есептен шығару сақтанушыға сақтандыру шартын мерзімінен бұрын бұзу құқығын береді. Бұл ретте сақтандырушының сақтандырудың жарамды болған мерзімі ішіндегі уақытқа пропорционал сақтандыру сыйақысының бөлігіне құқығы бар.";
5) 6-бапта:
2-тармақта "шартын жасасуы" деген сөздерден кейін ", басқа тұлғаға қауіпті объектіні уақытша пайдалану құқығын беру" деген сөздермен толықтырылсын";
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Міндетті сақтандыру шартын жасаусыз қызметі үшінші тұлғаға зиян келтіру қаупімен байланысты объектіні пайдалануға тыйым салынады.";
6) 8-бапта:
2-тармақта "қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектідегі аварияның салдарынан" деген сөздер "қауіпті өндірістік объектілерде авариялардың, оқыс оқиғалардың нәтижесінде қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінен" деген сөздермен ауыстырылсын;
мемлекеттік тілдегі мәтінде 3-тармақтың төртінші бөлімі өзгеріссіз қалдырылсын;
7) 9-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Объект иесі қызметін он екі айдан кем мерзімде жүзеге асырған жағдайда, шарт қызметті жүзеге асыру, бірақ кемінде алты ай мерзімге жасалады.";
8) 12-баптың 2-тармағы:
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) сақтандыру шарты жасалған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде уәкілетті органға міндетті сақтандыру шартының жасалғандығы туралы хабарлауға;";
3) тармақшада "негізге ала отырып" деген сөздерден кейін "уәкілетті" деген сөзбен толықтырылсын;
5) тармақшада "қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектідегі аварияны" деген сөздер "авариялардың, оқыс оқиғалардың нәтижесінде қауіпті өндірістік факторлардың үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне зиянды әсерін" деген сөздермен ауыстырылсын;
7), 8) тармақшалардағы "авария", "аварияның" деген сөздер тиісінше "авариялардың, оқыс оқиғалардың салдарынан қауіпті өндірістік факторлардың үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне зиянды әсері", "авариялардың, оқыс оқиғалардың салдарынан қауіпті өндірістік факторлардың үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне зиянды әсерінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
11) тармақшада "қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектідегі аварияның салдарынан" деген сөздер "авариялардың, оқыс оқиғалардың нәтижесінде қауіпті өндірістік факторлардың үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне зиянды әсерінен" деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 14-баптың 1-тармағында:
1) тармақшада "қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектідегі аварияның салдарынан" деген сөздер "авариялардың, оқыс оқиғалардың нәтижесінде қауіпті өндірістік факторлардың үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне зиянды әсерінен" деген сөздермен ауыстырылсын;
мемлекеттік тілдегі мәтінде 5) тармақша өзгеріссіз қалдырылсын;
10) 15-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"15-бап. Сақтандыру сомасының мөлшері
1. Міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сомасы:
1) егер қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің нәтижесінде зардап шеккендердің ең жоғарғы ықтимал саны 4000 адамнан асса - 2,5 миллион айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі - АЕК);
2) егер қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің нәтижесінде зардап шеккендердің ең жоғарғы ықтимал саны 2000-ден аса адамды құраса, бірақ 4000 адамнан аспаса - 2 миллион АЕК-ті;
3) егер қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің нәтижесінде зардап шеккендердің ең жоғарғы ықтимал саны 1500-ден аса адамды құраса, бірақ 2000 адамнан аспаса - 1 миллион АЕК-ті;
4) егер қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің нәтижесінде зардап шеккендердің ең жоғарғы ықтимал саны 300-ден аса адамды құраса, бірақ 1500 адамнан аспаса - 750 мың АЕК-ті;
5) егер қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің нәтижесінде зардап шеккендердің ең жоғарғы ықтимал саны 150-ден аса адамды құраса, бірақ 300 адамнан аспаса - 150 мың АЕК-ті;
6) егер қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің нәтижесінде зардап шеккендердің ең жоғарғы ықтимал саны 75-тен аса адамды құраса, бірақ 150 адамнан аспаса - 75 мың АЕК-ті;
7) егер қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің нәтижесінде зардап шеккендердің ең жоғарғы ықтимал саны 10-нан аса адамды құраса, бірақ 75 адамнан аспаса - 38 мың АЕК-ті;
8) егер қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің салдарынан зардап шеккендердің ең жоғарғы ықтимал саны 10 адамға дейінгіні құраса, өзге де декларацияланған қауіпті өндірістер үшін - 5 мың АЕК-ті құрайды.
2. Авариялардың, оқыс оқиғалардың нәтижесінде туындаған қауіпті өндірістік факторлардың әсер ету аймағындағы халықтың саны "Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы" Қазақстан Республикасының
Заңына
сәйкес қауіпті өндірістік объектіні декларациялау қажеттілігін белгілегенде өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізген кезде айқындалады.";
11) 16-бапта:
1-тармақтағы "санатына" деген сөз "қауіптілік деңгейіне" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Нақты объект үшін сақтандыру тарифінің шамасы жыл сайын уәкілетті орган айқындайтын объект қауіптілігінің жалпы деңгейіне қарай белгіленеді.";
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Сақтандыру сыйақысының мөлшері сақтандыру шартында көрсетілген сақтандыру тарифін, "Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы" Қазақстан Республикасының
Заңына
сәйкес уәкілетті орган айқындаған объект қауіпсіздігінің жалпы деңгейін ескере отырып белгіленеді.
Декларациялауға және сақтандыруға жататын қауіпті өндірістік объектілері бар ұйымдар қауіптілігінің жыл сайынғы жалпы деңгейін уәкілетті орган өзінің интернет-ресурсына орналастырады немесе Республикалық мерзімді баспасөз басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялайды.
Объектінің жалпы қауіптілік деңгейі сақталған немесе төмендеген кезде сақтандыру сыйақысы осы бапқа сәйкес белгіленген сақтандыру тарифі бойынша төленеді.
Объектінің жалпы қауіптілігінің деңгейі сақтандыру тарифіне қатысты орташа салалық көрсеткіштермен салыстырғанда ұлғайған жағдайда объектінің жалпы қауіптілік деңгейінің ұлғаюының 1 проценті үшін 10 процент мөлшерінде арттыру коэффициенті қолданылады.
Арттырылу коэффициенті ескерілген сақтандыру тарифінің шамасы осы баптың 1-тармағында белгіленген сақтандыру тарифінің мөлшерінен аспауы тиіс";
12) 17-бап мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
"Міндетті сақтандыру шартында сақтанушының міндетті сақтандыру шартында белгіленген тәртіппен сақтандыру жарнасын енгізу жолымен сақтандыру сыйақысын бөліп төлеу құқығы көзделуі мүмкін.
Сақтандырушының банктік шотына немесе кассасына ақша қаражаты түскен күннен бастап сақтандыру сыйақысын (кезекті сақтандыру жарнасын) төлеу жөніндегі міндеттемелерді сақтанушы орындады деп саналады.";
13) 18-бапта:
1-тармақта:
бірінші бөлімде "Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектідегі аварияның салдарынан" деген сөздер "Қауіпті өндірістік объектілердегі авариялардың, оқыс оқиғалардың нәтижесінде үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінен" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлімде "аварияның" деген сөз "қауіпті өндірістік объектілердегі авариялардың, оқыс оқиғалардың нәтижесінде үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
1) тармақшадағы "600" деген цифр "2000" деген цифрмен ауыстырылсын;
тармақшадағы "500", "400" және "300" деген цифрлар тиісінше "1500", "1000" және "800" деген цифрлармен ауыстырылсын;
тармақшадағы "200" және "1,5" деген цифрлар тиісінше "400" және "2,5" деген цифрлармен ауыстырылсын;
6-тармақтағы "аварияны" деген сөз "қауіпті өндірістік объектілердегі авариялардың, оқыс оқиғалардың нәтижесінде үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерін" деген сөздермен ауыстырылсын;
14) 19-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасындағы "қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектідегі аварияның салдарынан" деген сөздер "қауіпті өндірістік объектілердегі авариялардың, оқыс оқиғалардың салдарынан үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінен" деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақта "Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектідегі, сақтандыру жағдайы деп сақтандырушы таныған немесе соттың шешімімен танылған аварияның" деген сөздер "Қауіпті өндірістік объектілердегі сақтандырушы сақтандыру жағдайы деп таныған авариялардың, оқыс оқиғалардың нәтижесінде үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінен болған" деген сөздермен ауыстырылсын;
15) 20-баптың 3-тармағында "қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектідегі аварияға" деген сөздер "қауіпті өндірістік объектілердегі авариялардың, оқыс оқиғалардың нәтижесінде үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсеріне" деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап . Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті