Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ
:
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы күресті одан әрі күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы күресті одан
әрі күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы
1-бап
. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық
кодексіне
(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 15-16, 211-құжат; 1998 ж., N 16, 219-құжат; N 17-18, 225-құжат; 1999 ж., N 20, 721-құжат; N 21, 774-құжат; 2000 ж., N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., N 4, 32, 33-құжаттар; N 10, 106-құжат; N 17, 155-құжат; N 23-24, 192-құжат; 2003 ж., N 15, 137-құжат; N 18, 142-құжат; 2004 ж., N 5, 22-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139-құжат; 2005 ж., N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 21-22, 87-құжат; 2006 ж., N 2, 19-құжат; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат; N 12, 72-құжат; N 15, 92-құжат; 2007 ж., N 1, 2-құжат; N 4, 33-құжат; N 5-6, 40-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 17, 140-құжат; 2008 ж., N 12, 48-құжат; N 13-14, 58-құжат; 2008 жылғы 24 қазанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы жүйесінің тұрақтылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 23 қазандағы
Заңы
):
1) 190-баптың бірінші бөлігіндегі "сақтаумен" деген сөзден кейін ", тасымалдаумен" деген сөзбен толықтырылсын;
2) 192-баптың екінші бөлігінде "не онсыз" деген сөздер алып тасталсын;
3) 193-баптың үшінші бөлігінде "немесе онсыз" деген сөздер алып тасталсын;
4) 209-баптың екінші бөлігінің в) тармақшасындағы "қолдана отырып" деген сөздерден кейін ";" белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы г) тармақшасымен толықтырылсын:
"г) аса ірі мөлшерде, -";
ескерту "ірі мөлшерде" деген сөздерден кейін" ", ал егер өткізілген тауарлардың құны бес мың айлық есептік көрсеткіштен асса, аса ірі мөлшерде" деген сөздермен толықтырылсын;
5) 221-бапта:
атауы "салық" деген сөзден кейін "және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді" деген сөздермен толықтырылсын;
бірінші бөлікте:
"немесе мемлекеттік бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдерді" деген сөздер "және (немесе) бюджетке өзге де міндетті төлемдерді" деген сөздермен ауыстырылсын;
"салық немесе міндетті төлемдер төлемеуге әкеп соқтырған" деген сөздер "салық және (немесе) міндетті төлемдер бюджетке төлемеуге әкеп соқтырған" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 222-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"222-бап. Ұйымдарға салынатын салықты және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтару
1. Декларация табыс ету міндетті болып табылатын жағдайларда декларацияны табыс етпеу немесе декларацияға кірістер және (немесе) шығыстар туралы көрінеу бұрмаланған деректерді енгізу, не басқа да салық салу объектілерін және (немесе) өзге де міндетті төлемдерді жасыру арқылы салықты және (немесе) бюджетке төленетін басқа міндетті төлем төлеуден жалтару, егер бұл әрекет салық және (немесе) өзге де міндетті төлемдерді ірі мөлшерде төлемеуге әкеп соқса, -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымда болу немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, бір мыңнан үш мыңға дейінгі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде немесе сотталған адамның жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде айыппұл салуға немесе бес жүзден бір мыңға дейінгі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салып, төрт жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымда болу немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып бір жылдан үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Бірнеше рет жасалған дәл сол әрекет -
мүлкін тәркілеу арқылы немесе онсыз үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымда болу немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, үш мыңнан бес мыңға дейінгі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға, немесе мүлкін тәркілеу арқылы бір мыңнан екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салып, үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымда болу немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып үш жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші және (немесе) екінші бөліктерінде көзделген алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жасаған немесе аса ірі мөлшерде жасалған әрекеттер -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымда болу немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, үш мыңнан бес мыңға дейінгі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не мүлкін тәркілеу арқылы үш мыңнан бес мыңға дейінгі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салып, бес жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту.
Егер төленбеген салық және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем сомасы екі мың айлық есептік көрсеткіштен асса, ұйымның салық және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлемеуі ірі мөлшерде және салық және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомасы бес мың айлық есептік көрсеткіштен асса, аса ірі мөлшерде жасалған деп танылады.";
7) 307-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацында:
"жүзден екі жүз" деген сөздер "бес жүзден бір мың" деген сөздермен ауыстырылсын;
"бір айдан екі айға" деген сөздер "екі айдан төрт айға" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктің екінші абзацында:
"үш жүзден бес жүз" деген сөздер "бір мыңнан екі мың" деген сөздермен ауыстырылсын;
"үш айдан бес айға" деген сөздер "төрт айдан алты айға" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөліктің екінші абзацында:
"бес жүзден сегіз жүз" деген сөздер "екі мыңнан төрт мың" деген сөздермен ауыстырылсын;
"бес айдан сегіз айға" деген сөздер "алты айдан сегіз айға" деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген ауыр зардаптарға әкеп соққан, не ұйымдасқан топтың немесе қылмыстық қауымдастықтың (қылмыстық ұйымның) мүддесіне жасалған әрекеттер -
белгілі бір лауазымда болу немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, сегіз жылға дейінгі мерзімге немесе мүлкі тәркіленіп, жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";
ескертудің 2-тармағының 4) тармақшасы "ұйымдарда" деген сөзден кейін ", сондай-ақ жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесі (отыз бес пайыздан кем емес) ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге, тапсырылған ұйымдарда, сондай-ақ олардың еншілес ұйымдарында" деген сөздермен толықтырылсын;
8) 308-баптың төртінші бөлігінің екінші абзацы "жеті жылға" деген сөздердің алдынан "мүлкін тәркілеу арқылы" деген сөздермен толықтырылсын;
9) 310-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"310-бап. Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу
1. Мемлекеттік қызметтерді атқаруға уәкілетті адамның не оған теңестірілген адамның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын ұйым құруы, не мұндай ұйымды басқаруға заңда белгіленген тыйым салуға қарамастан, жеке өзінің немесе сенім білдірген адам арқылы қатысуы, егер осы әрекеттер мұндай ұйымға жеңілдіктер және артықшылықтар беруге немесе өзге де нысандағы қамқоршылыққа байланысты болса, -
екі жүзден төрт жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның екі айдан төрт айға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде айыппұл сала отырып,
бес
жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымда болу немесе белгілі бір қызметпен айналасу құқығынан" айыру не жүз сексен сағаттан екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш айдан алты айға дейінгі мерзімге қамауға, не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әрекеттерді лауазымды тұлға жасаса, -
екі мыңнан төрт мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның төрт айдан алты айға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде айыппұл сала отырып, жеті жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген жауапты мемлекеттік лауазымдағы тұлға жасаған әрекеттер, -
төрт мыңнан алты мың есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның алты айдан бір жылға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде айыппұл салуға не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Лауазымдағы адамдардың мемлекеттік емес ұйымдарға, соның ішінде қоғамдық бірлестіктерге лицензиялау жөніндегі өкілеттігін беруге әкеп соғатын іс-әрекеттерді жасауы, -
екі жүзден төрт жүз мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның төрт айдан алты айға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде айыппұл сала отырып, жазаланады.";
10) 311-бапта:
бірінші бөліктің бірінші абзацындағы "сипатындағы" деген сөзден кейін "өзі немесе басқа адамдар үшін" деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөліктің екінші абзацындағы "немесе онсыз" деген сөздер алып тасталсын;
үшінші бөліктің екінші абзацындағы "немесе онсыз" деген сөздер алып тасталсын;
11) 312-бапта:
үшінші бөліктің екінші абзацындағы "немесе онсыз" деген сөздер алып тасталсын;
төртінші бөліктің бесінші абзацындағы "немесе онсыз" деген сөздер алып тасталсын;
12) 313-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацындағы "бес жүзден бір мың" деген сөздер "жеті жүзден екі мың" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктің екінші абзацындағы "жеті жүзден екі мың" деген сөздер "бір мыңнан үш мың" деген сөздермен ауыстырылсын;
13) 314-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацында:
"жүзден екі жүз" деген сөздер "жеті жүзден екі мың" деген сөздермен ауыстырылсын;
"бір айдан екі айға" деген сөздер "төрт айдан алты айға" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктің екінші абзацында:
"үш жүзден бес жүз" деген сөздер "екі мыңнан төрт мың" деген сөздермен ауыстырылсын;
"үш айдан бес айға" деген сөздер "алты айдан сегіз айға" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөліктің екінші абзацында:
"бес жүзден мың" деген сөздер "төрт мыңнан алты мың" деген сөздермен ауыстырылсын;
"үш айдан жеті айға" деген сөздер "сегіз айдан бір жылға" деген сөздермен ауыстырылсын;
14) 315-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацында:
"жүзден екі жүз" деген сөздер "жеті жүзден екі мың" деген сөздермен ауыстырылсын;
"бір айдан екі айға" деген сөздер "төрт айдан алты айға" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктің екінші абзацында:
"үш жүзден бес жүз" деген сөздер "екі мыңнан төрт мың" деген сөздермен ауыстырылсын;
"үш айдан бес айға" деген сөздер "алты айдан сегіз айға" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөліктің екінші абзацында:
"бес жүзден сегіз жүз" деген сөздер "төрт мыңнан алты мың" деген сөздермен ауыстырылсын;
"бес айдан сегіз айға" деген сөздер "сегіз айдан бір жылға" деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші бөліктің екінші абзацы "құқығынан айырып," деген сөздерден кейін "мүлкін тәркілеп" деген сөздермен толықтырылсын;
15) 380-бапта:
екінші бөліктің екінші абзацы "үш жылдан" деген сөздердің алдынан "мүлкі тәркіленіп" деген сөздермен толықтырылсын;
үшінші бөліктің екінші абзацы "бес жылдан" деген сөздердің алдынан "мүлкі тәркіленіп" деген сөздермен толықтырылсын.
2. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу
кодексіне
(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 23, 335-құжат; 1998 ж., N 23, 416-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 8, 53-құжат; N 15-16, 239-құжаттар; N 17-18, 245-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 32, 33-құжат; N 17, 155-құжат; N 23-24, 192-құжат; 2003 ж., N 18, 142-құжат; 2004 ж., N 5, 22-құжат; N 23, 139-құжат; N 24, 153, 154, 156-құжаттар; 2005 ж., N 13, 53-құжат; N 21-22, 87-құжат; N 24, 123-құжат; 2006 ж., N 2, 19-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 12, 72-құжат; 2007 ж., N 1, 2-құжат; N 5-6, 40-құжат; N 10, 69-құжат; N 13, 99-құжат; 2008 ж., N 12, 48-құжат; N 15-16, 62, 63-құжат):
1) 64-баптың үшінші бөлігі мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
"Үкімді азаматтық талап, басқа да мүліктік жазалар немесе мүлікті ықтимал тәркілеу бөлігінде орындауды қамтамасыз ету мақсатында тергеуші сезіктінің, айыпталушының немесе заң бойынша материалдық жауаптылықта болатын адамдардың мүлкін, ал сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеу жүргізгенде - сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған, не қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған, басқа адамдардың меншігіне берген мүлікті анықтауға шара қолдануға міндетті.";
2) 67-баптың бесінші бөлігі мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
"Үкімді азаматтық талап, басқа да мүліктік жазалар немесе мүлікті ықтимал тәркілеу бөлігінде орындауды қамтамасыз ету мақсатында анықтаушы сезіктінің, айыпталушының немесе заң бойынша олардың әрекеті үшін материалдық жауаптылықта болатын адамдардың мүлкін анықтауға шара қолдануға міндетті.";
3) 192-баптың 4-2 бөлігінде "311-бабында (үшінші және төртінші бөліктері)" деген сөздер "311-бабында (үшінші, төртінші және бесінші бөліктері)" деген сөздермен ауыстырылсын.
3. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы
кодексіне
(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139, 140-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 7-8, 19-құжат; N 9, 26-құжат; N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 17-18, 72-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 2, 19, 20-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 72, 77-құжаттар; N 13, 85, 86-құжаттар; N 15, 92, 95-құжаттар; N 16, 98, 102-құжаттар; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 16, 18-құжаттар; N 3, 20, 23-құжаттар; N 4, 28, 33-құжаттар; N 5-6, 40-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 12, 88-құжат; N 13, 99-құжат; N 15, 106-құжат; N 16, 131-құжат; N 17, 136, 139, 140-құжаттар; N 18, 143, 144-құжаттар; N 19, 146, 147-құжаттар; N 20, 152-құжат; N 24, 180-құжат; 2008 ж., N 6-7, 27-құжат, N 12, 48, 51-құжат, N 13-14, 54, 57, 58-құжат, N 15-16, 62-құжат; 2008 жылғы 25 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ұжымдық инвестициялау және жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 20 қазандағы
Заңы
, 2008 жылғы 6 желтоқсандағы "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет процесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы
Заңы
):
1) 34-баптың ескертуіндегі "яғни оларға қызмет жағынан тәуелді емес адамдарға қатысты заңда белгіленген тәртіппен мемлекет атынан немесе оның органдарының атынан заңдық маңызы бар актілер шығару құқығы немесе билік ету өкілеттігі берілген)" деген сөздер алып тасталсын;
2) мынадай мазмұндағы 206-2-баппен толықтырылсын:
"206-2-бап. Келеңсіз себептермен мемлекеттік қызметтен босатылған адамдардың, сол сияқты, аталған адамдардың жұбайының (зайыбының) қаржы бақылау шараларын бұзуы
1. Келеңсіз себептермен мемлекеттік қызметтен босатылған адамдардың, сол сияқты, аталған адамдардың жұбайының (зайыбының) кірістер, мүлік туралы декларацияларды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарда көзделген басқа да мәліметтерді бермеуі, дер кезінде бермеуі мемлекеттік қызметтен босатылғаннан кейін үш жыл бойы жыл сайын беріп тұрмауы немесе толық емес, жалған мәліметтер беруі, -
елуден жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
жүзден екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";
3) 532-бапта:
бірінші бөлікте:
"беріп тұрмауы" деген сөздер "қасақана беріп тұрмауы" деген сөздермен ауыстырылсын;
"елуден жүзге дейін" деген сөздер "жүзден жүз елуге дейін" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлікте:
"беріп тұрмауы" деген сөздер "қасақана беріп тұрмауы" деген сөздермен ауыстырылсын;
"сондай-ақ келеңсіз себептермен мемлекеттік қызметтен босатылған адамдардың," және "дер кезінде бермеуі мемлекеттік қызметтен босатылғаннан кейін үш жыл бойы жыл сайын" деген сөздер алып тасталсын;
"елуден жүзге дейін" деген сөздер "жүзден жүз елуге дейін" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөлігінде "жүзден" деген сөз "жүз елуден" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 533-бапта:
533-баптың тақырыбында "мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті жеке тұлғаларға немесе оларға теңестірілген адамдарға" деген сөздер "жеке тұлғаларға" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацта "жиырма бестен елуге" деген сөздер "елуден жүзге" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 533-1-баптың екінші бөлігі алып тасталсын;
6) 535-баптың екінші абзацындағы "елуден жүзге дейін" деген сөздер "жүзден үш жүзге дейін" деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 570-1-баптың бірінші бөлігінде "205 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктерімен)" деген сөздерден кейін "206-1," деген цифрлармен толықтырылсын.
4. 2003 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Кеден
кодексіне
(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы 2003 ж., N 7-8, 40-құжат; N 15, 139-құжат; 2004 ж., N 18, 106-құжат; 2005 ж., N 11, 43-құжат; N 21-22, 86-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 11, 55-құжат; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 1, 3-құжат; N 2, 14, 18-құжат; N 3, 20-құжат; N 4, 33-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 18, 144-құжат; N 23, 173-құжат; 2008 ж., N 13-14, 58-құжат):
434-баптың 4-тармағында "рұқсат етіледі" деген сөздер алып тасталсын.
5. "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 35-құжат; N 15-16, 109-құжат; N 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1996 ж., N 1, 180-құжат; N 14, 274-құжат; 1997 ж., N 12, 183-құжат; 1998 ж., N 5-6, 50-құжат; N 17-18, 224-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2000 ж., N 3-4, 63, 64-құжаттар; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 1-құжат; N 8, 52-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 18, 157-құжат; 2003 ж., N 4, 25-құжат; N 15, 139-құжат; 2004 ж., N 5, 30-құжат; 2005 ж., N 13, 53-құжат; N 14, 55, 58-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 10, 52-құжат; N 15, 95-құжат; 2007 ж., N 3, 20-құжат; 2008 ж., N 12, 52-құжат):
1) 1-бапта "құрылтай және басқа" деген сөздер алып тасталсын;
2) 7-баптың үшінші бөлігі "ереже" деген сөзден кейін "жазбаша түрде ресімделген заңды тұлғаны құру туралы шешім (жеке-дара құрылтайшының шешімі)" деген сөздермен толықтырылсын.
6. "Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 9-10, 68-құжат; Қазақстан Республикасының Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 12, 184-құжат; 2001 ж., N 8, 50, 54-құжат; N 21-22, 285-құжат; 2006 ж., N 5-6, 31-құжат; 2007 ж., N 3, 23-құжат; N 20, 152-құжат):
23-баптың г) тармақшасы алып тасталсын;
28-баптың в) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"в) егер ол Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзса;".
7. "Өндірістік кооператив туралы" 1995 жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 20, 119-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 14, 274-құжат; 1997 ж., N 12, 183-құжат; N 13-14, 205-құжат; 2001 ж., N 17-18, 242-құжат; 2003 ж., N 24, 178-құжат; 2004 ж., N 5, 30-құжат; 2006 ж., N 8, 45-құжат; 2007 жыл, N 9, 67-құжат, N 20, 153-құжат, 2008 ж., N 12, 52-құжат; N 13-14, 56-құжат):
14-баптың 5-тармағында "пайы" деген сөз "пайлары" деген сөзбен ауыстырылсын.
8. "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкімшілік қадағалау туралы" 1996 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 13, 272-құжат; 2002 ж., N 18, 158-құжат; 2005 ж., N 13, 53-құжат; 2007 ж., N 5-6, 40-құжат):
1) 6-баптың екінші абзацында "ұзартылуы мүмкін" деген сөздер "ұзартылады" деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 8-бапта "ұсынысы бойынша" деген сөздер "дәлелді ұсынысы бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 14-баптың б) тармағында "бүтіндей" деген сөз алып тасталсын.
9. "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 8, 84-құжат; 1999 ж., N 13, 431-құжат; N 23, 921-құжат; 2001 ж., N 15-16, 228-құжат; 2002 ж., N 6, 71-құжат; 2003 ж., N 11, 67-құжат; 2004 ж., N 14, 82-құжат; N 17, 101-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 16, 103-құжат, 2007 ж., N 18, 143-құжат):
74-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
"Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй берілуге мұқтаждар есебінің бөлек тізімдерін тоқсан сайын жариялайды.".
10. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" 1998 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., N 15, 209-құжат; 1999 ж., N 21, 744-құжат; 2000 ж., N 5, 116-құжат; 2001 ж., N 13-14, 172-құжат; N 17-18, 241-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 18, 142-құжат; 2004 ж., N 10, 56-құжат; 2007 ж., N 19, 147-құжат):
1) 3-баптың 3-тармағының 4) тармақшасы "ұйымдарда" деген сөзден кейін ", сондай-ақ жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесі (отыз бес пайыздан кем емес) ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге, тапсырылған ұйымдарда, сондай-ақ олардың еншілес ұйымдарында" деген сөздермен толықтырылсын;
2) мемлекеттік тілдегі мәтінінде 4-баптың 2-тармағы өзгеріссіз қалады;
3) 6-баптың 1-тармағының екінші сөйлемі ", сондай-ақ тіркеу және осы баптың 2-тармағында көрсетілген оларға белгілі барлық сыбайлас жемқорлық жағдайлары туралы органдарды хабардар ету" деген сөздермен толықтырылсын;
4) 7-баптың 4-тармағында "осы Заңға" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 9-бапта:
6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Адам мемлекеттік немесе оған теңестірілген міндеттерді атқарудан босатылғаннан кейін үш жылдың ішінде алғаш рет жасалған, осы баптың 5-тармағында аталған әрекет, сондай-ақ мұндай іс-әрекеттерді қайталап жасау заңнамада белгіленген тәртіпе әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.";
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
"6-1. Осы баптың 5 және 6-тармақтарында көрсетілген қасақана жасалған іс-әрекеттер заңнамада белгіленген тәртіппен әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.";
6) 10-баптың 2-тармағында "шаруашылық жүргізуші субъектіні" деген сөздер "коммерциялық ұйымды" деген сөздермен ауыстырылсын;
7) мемлекеттік тілдегі мәтінде 11-баптың 1-тармағы өзгеріссіз қалады;
8) 12-баптың 1-тармағында:
3) тармақшада "мемлекеттік міндеттерді атқаруға уәкілеттік берілген адамдардың немесе соларға теңестірілген" деген сөздер "мемлекеттік қызметтегі және мемлекеттік ұйымдар мен жарғылық капиталында мемлекеттің үлесі отыз бес пайыздан кем емес ұйымдарда, сондай-ақ жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесі (отыз бес пайыздан кем емес) ұлттық холдинг компанияларға, ұлттық басқару компанияларға, сондай-ақ олардың еншілес ұйымдарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
9) тармақшада "немесе қоғамдық бірлестіктердің" деген сөздер алып тасталсын.
11. "Мемлекеттік құпиялар туралы" 1999 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., N 4, 102-құжат; 2001 ж., N 8, 53-құжат; 2002 ж., N 15, 147-құжат; 2004 ж., N 6, 41-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 9, 67-құжат; N 20, 152-құжат):
31-баптың 1-тармағында "тоқтатылуы мүмкін" деген сөздер "тоқтатылады" деген сөзбен ауыстырылсын.
12. "Мемлекеттік қызмет туралы" 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., N 21, 773-құжат; 2001 ж., N 13-14, 170-құжат; 2003 ж., N 4, 24-құжат; N 18, 142-құжат; 2005 ж., N 14, 61-құжат; 2007 ж., N 9, 67-құжат; N 19, 147-құжат):
27-баптың 1-тармағында:
3) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 7-3) тармақшамен толықтырылсын:
"7-3) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін қылмыстық істі ақталмайтын негіздер бойынша қысқарту;".
13. "Күзет қызметі туралы" 2000 жылғы 19 қазандағы Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., N 14-15, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 34-құжат; N 17, 155-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 8, 52-құжат; 2008 ж., N 12, 51-құжат):
17-1-баптың 3-тармағында екінші бөлігінде "лицензиатты лицензиядан сот тәртібімен айыруға құқығы бар" деген сөздер "лицензиатты лицензиядан айыру туралы сотқа арызбен жүгінеді" деген сөздермен ауыстырылсын.
14. "Астық туралы" 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 2, 12-құжат; N 15-16, 232-құжат, 2003 ж., N 19-20, 148-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 24, 148-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 3, 20-құжат; N 9, 67-құжат; N 18, 145-құжат; 2008 ж. N 13-14, 56-құжат):
41-3-баптың атауында "немесе бүлінуі" деген сөздер алып тасталсын.
15. "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., N 16, 152-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2007 ж., N 20, 152-құжат):
11-баптың 1-тармағының екінші бөлігінде "жүзеге асырылуы мүмкін" деген сөздер "жүзеге асырылады" деген сөздермен ауыстырылсын.
16. "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" 2002 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., N 17, 154-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 7-8, 19-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; 2007 ж., N 9, 67-құжат; N 20, 152-құжат):
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
"13) баланы қанау - он сегіз жасқа толмаған адамның еңбек нәтижелерін иемдену мақсатында оның еңбегін еріксіз пайдалану.";
2) 5-баптың 2-тармағында "Нормативтік" деген сөздер "заңға тәуелді нормативтік" деген сөздермен ауыстырылсын.
17. "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., N 7-8, 18-құжат; 2006 ж., N 15, 92-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 20, 152-құжат; 24, 178-құжат):
36-баптың 3-тармағының бірінші бөлігіндегі "өтеусіз негізде жүзеге асырылуы мүмкін" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда өтеусіз негізде жүзеге асырылады" деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап . Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев