"Қазақстан Республикасының Кеден кодексіне Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіне байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1304 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасының Кеден кодексіне Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіне байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К.Мәсімов

Жоба  

Қазақстан Республикасының Заңы

Қазақстан Республикасының Кеден кодексіне Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіне байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

       1-бап . 2003 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Кеден  кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 7-8, 40-құжат; N 15, 139-құжат; 2004 ж., N 18, 106-құжат; 2005 ж., N 11, 43-құжат; N 21-22, 86-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 11, 55-құжат; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 1, 3-құжат; N 2, 14, 18-құжаттар; N 3, 20-құжат; N 4, 33-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 18, 144-құжат; N 23, 173-құжат; 2008 жылғы 26 шілдеде жарияланған "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) 19-бап мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "12-1) осы Кодексте белгіленген құзыретінің шегінде зияткерлік меншік құқықтарын қорғау;";
      2) 306-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Әкетілетін тауардың мәлімделген кедендік құнын растайтын мәліметтер болмаған жағдайда, мұндай тауардың кедендік құнын кеден органдары осы Кодекске сәйкес айқындайды.";
      3) 310-бапта:
      5-тармақта:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) әкету үшін сатылса және бағаланатын тауарлармен бір немесе соған сәйкес уақыт кезеңінде немесе бағаланатын тауарлар әкелінгенге дейін тоқсан күнтізбелік күннен бұрын емес әкелінсе;";
      6-тармақта "өзге мөлшерде және" деген сөздер "өзге мөлшерде және (немесе)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) 311-бапта:
      4-2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) әкету үшін сатылса және бағаланатын тауарлармен бір немесе соған сәйкес уақыт кезеңінде немесе бағаланатын тауарлар әкелінгенге дейін тоқсан күнтізбелік күннен бұрын емес әкелінсе;";
      4-3-тармақта "өзге мөлшерде және" деген сөздер "өзге мөлшерде және (немесе)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) 312-бапта:
      1 және 2-тармақтарда "бағаланатын" деген сөз "бағаланатын (әкелінетін) немесе" деген сөздермен ауыстырылсын;
      7-тармақ алынып тасталсын;
      6) 313-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Кеден органы шетелдік тұлғадан кедендік құнды растау туралы ақпаратты талап етуге құқылы емес. Бұл ретте кеден органдары тауарларды өндірушінің кедендік құнды анықтау мақсатында берген ақпаратын өндірушінің келісімімен және өндіруші елдің үкіметін алдын ала хабардар ету және оның келісімін алу шартымен тексере алады.";
      7) 314-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "314-бап. Кедендік құнды айқындаудың резервтік әдісі
      1. Егер импортталатын тауарлардың кедендік құнын осы Кодекстің қоса алғанда 309-313-баптарының ережелеріне сәйкес айқындау мүмкін болмаса, онда кедендік құн Тарифтер мен сауда жөніндегі бас келісімнің VII бабын қолдану жөніндегі келісімнің және 1994 жылғы ТСБК VII бабының қағидаттары мен жалпы ережелерімен үйлесімді ақылға қонымды құралдарды пайдалану жолымен және уәкілетті орган белгілеген тәртіппен импорт елінде бар деректердің негізінде айқындалады.
      2. Осы баптың ережелеріне сәйкес айқындалған кедендік құн барынша мүмкін дәрежеде бұрын айқындалған кедендік құнға негізделуі тиіс.
      3. Осы бапқа сәйкес пайдаланылатын кедендік құнды айқындау әдістері осы Кодекстің 309-313-баптарында көзделгендер болып табылады, алайда, осы бапқа сәйкес кедендік құнды айқындау кезінде осы әдістерді қолдану кезінде икемділікке жол беріледі. Атап айтқанда, мыналарға жол беріледі:
      бағаланатын тауарлар өндірілген елден өзге елде өндірілген бірдей немесе біртектес тауарлардың құны әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін негіз болып қабылдануы мүмкін;
      бірдей немесе біртектес тауарлармен жасалатын мәміленің құны негізінде бағаланатын (әкелінетін) тауарлардың кедендік құнын айқындау кезінде бірдей немесе біртектес тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкету үшін және бағаланатын (әкелінетін) тауарлар Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелінетін бір кезеңде, немесе бағаланатын (әкелінетін) тауарлар әкелінгенге дейін тоқсан күннен бұрын емес сатылуы тиіс деген осы Кодекстің 310 немесе 311-баптарында белгіленген талаптардан қонымды ауытқушылыққа жол беріледі;
      әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін негіз ретінде осы Кодекстің 312 және 313-баптарына сәйкес айқындалған олармен бірдей немесе біртектес тауарлардың кедендік құны қабылдануы мүмкін.
      4. Тауарлардың кедендік құны осы бапқа сәйкес мыналардың негізінде айқындалмауға тиіс:
      1) әкелу елінің ішкі нарығындағы осы елде өндірілген тауарлардың бағасы;
      2) кедендік мақсаттар үшін неғұрлым екі балама құннан астамды қабылдауды көздейтін жүйе;
      3) әкету елінің ішкі нарығындағы тауарлардың бағасы;
      4) осы Кодекстің 313-бабына сәйкес бірдей немесе біртектес тауарларға қатысты қосу әдісін пайдалана отырып кедендік құнды айқындау кезінде тауарлардың есепті құнына қосуға жататыннан өзге де шығыстар;
      5) оны үшінші елге әкетуші елден жеткізілетін тауардың бағасы;
      6) ең төмен кедендік құн;
      7) еркін немесе жасанды құн.
      Тиісті сұрау салу бойынша декларантты кеден органы осы баптың ережелеріне сәйкес айқындалған кедендік құн туралы және мұндай құнды айқындау үшін пайдаланылған әдіс туралы жазбаша ақпараттандырылады.";
      8) 374-бап мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      "5) оның бірі болып қазақстандық тұлға түсетін сыртқы экономикалық мәміле шеңберінде емес Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілген тауарлар мен көлік құралдарын пайдалану және иелік ету құқығы бар шетелдік тұлға.";
      9) 410, 413, 416, 417, 418, 420-1-баптарда "контрафактылы тауарларды", "контрафактылы", "контрафактылы тауарды" және "тауарлардың контрафактылық" деген сөздер "зияткерлік меншік құқығы бұзылған тауарларды", "зияткерлік меншік құқығы бұзылған", "зияткерлік меншік құқығы бұзылған тауарды", "тауарлардың зияткерлік меншік құқығы бұзылғандық" деген сөздермен ауыстырылсын;
      10) 411-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "Кеден органдары өз құзыреті шегінде мынадай зияткерлік меншік объектілерін қорғау жөнінде шаралар қабылдайды:
      1) авторлық және аралас құқық объектілерін;
      2) тауар белгілерін, қызмет көрсету белгілерін.
      Кеден органдары зияткерлік меншік объектілеріне құқықты қорғау жөнінде осы бапта көзделмеген шараларды қолданбайды.";
      11) 413-бапта:
      3-тармақтың 3) тармақшасында "ақпарат" деген сөз "ақпарат, оның ішінде электронды нысандағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақта:
      бірінші бөлігінде "(патент, куәлік, лицензиялық шарт немесе өзге де құжаттар)" деген сөздер "(куәлік, лицензиялық шарт)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшінші бөлік ", оның ішінде электронды нысанда" деген сөздермен толықтырылсын;
      416-баптың 2-тармағында "қабылдайды" деген сөздерден кейін "және тиісті бұйрықпен ресімделеді" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 416-1-баппен толықтырылсын:
      "416-1-бап. Кеден органдарының зияткерлік меншік объектілері бар тауарларды бақылау жөніндегі қосымша өкілеттіктері
      1. Кеден органдары осы бөлімде көзделген тәртіпке сәйкес өткізілетін тауарлар зияткерлік меншік құқықтары бұзылған тауарлар болып табылу белгілері анықталған кезде бұл туралы құқық иесінің өтінішін тиісті дәрежеде ресімдеместен тізілімге енгізілмеген зияткерлік меншік объектілері бар тауарларды шығаруды тоқтата тұруға құқығы бар.
      Осы бапқа сәйкес тауарлардың шығарылуын тоқтата тұру туралы шешімді және тауарлардың шығарылуын тоқтата тұру туралы шешімнің күшін жоюды тиісті бұйрықты ресімдей отырып кеден органының басшысы немесе оған уәкілетті лауазымды тұлға қабылдайды.
      2. Осы баптың 1-тармағына сәйкес тауарлардың шығарылуын тоқтата тұрған кезде кеден органдары ақпаратты зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі уәкілетті орган жүргізетін авторлық құқықпен және аралас құқықтармен қорғалатын және қорғалатын тауар белгілерінің туындылары мен объектілеріне құқықтарды тіркеудің мемлекеттік тізілімінен пайдаланады.
      Авторлық құқықпен және аралас құқықтармен қорғалатын және қорғалатын тауар белгілерінің туындылары мен объектілеріне құқықтарды тіркеудің мемлекеттік тізілімінде бар ақпарат тауарды зияткерлік меншік құқықтары бұзылған объектісі деп тану үшін негіздеме болып табылмайды.
      3. Осы бапқа сәйкес тауарды шығаруды тоқтата тұрған кезде кеден органдары Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі уәкілетті органын, мүмкін болғанда құқық иесін, сондай-ақ декларантты ол туралы хабардар ету жөнінде барлық қажетті шараларды тез арада қабылдайды.
      Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік құқығы жөніндегі уәкілетті органы кеден органының тауарлардың шығарылуын тоқтата тұру туралы ресми хабарламасын алған сәттен бастап бұл туралы құқық иесін хабардар ету жөнінде барлық қажетті шараларды тез арада қабылдайды.
      4. Зияткерлік меншік құқықтарын бұзу белгілері анықталған сәттен бастап тауарларды шығару құқық иесін хабардар ету үшін үш жұмыс күніне дейін тоқтатыла тұрады.
      Егер көрсетілген уақыт ішінде құқық иесінен хабарламаны алғандығы туралы мәлімет келіп түспеген не, егер кеден органына құқық иесінен тауарлардың шығарылуын тоқтата тұру туралы шешімнің күшін жою туралы өтініш келіп түскен жағдайда кеден органдары тоқтата тұрудың күшін жояды.
      Егер көрсетілген уақыт ішінде құқық иесі кеден органдарын хабарламаны алғандығы туралы хабардар еткен жағдайда тауарларды шығаруды тоқтата тұру он жұмыс күніне дейін ұзартылады.
      Егер тауарлардың шығарылуын тоқтата тұрған сәттен бастап он жұмыс күнінің ішінде құқық иесінен зияткерлік меншікке арналған құқықтарды бұзу туралы талап арыз бойынша іс қозғау туралы растайтын құжаттар келіп түспеген не құқық иесінен тауарлардың шығарылуын тоқтата тұру туралы шешімнің күшін жою туралы өтініш келіп түскен жағдайда тауарлар тез арада кедендік ресімдеуге және осы Кодексте айқындалған тәртіппен шығаруға жатады.
      Зияткерлік меншікке арналған құқықтарды бұзу туралы талап арыз бойынша іс қозғау туралы дәлелдемелер он жұмыс күнінің ішінде келіп түскен кезде тауарлардың шығарылуын тоқтата тұру мерзімі, сондай-ақ тауарларды уақытша сақтау мерзімі талап арыз бойынша шешім заңды күшіне енгенге дейін ұзартылады.
      Бұл ретте өткізілетін тауарлар зияткерлік меншік құқықтары бұзылған тауарлар болып табылмайтындығы анықталған жағдайда құқық иесі тауарлардың шығарылуы тоқтатыла тұрған кезде ол келтірген зиянды декларантқа өтейді.
      Кеден органдары мен зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі уәкілетті орган арасындағы өзара іс-қимыл және ақпарат алмасу тәртібі бірлескен актімен белгіленеді.".

       2-бап . Осы Заң қолданысқа 2010 жылдың 1 қаңтарында енгізілетін 1-баптың 13) тармақшасын қоспағанда оның ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады