Инвестициялық салықтық преференциялардың қолданылу мерзімдерін белгілеу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1307 Қаулысы

      "Инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 қаңтардағы Заңы 14-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мынадай заңды тұлғалар үшін берілетін инвестициялық салықтық преференциялардың қолданылу мерзімдері белгіленсін:
      1) "(2013-2014 ж.ж.) жылына болаттың 6 млн.тоннаға дейін металлөнімдерін өндіруді арттыру бойынша "АрселорМиттал Теміртау" акционерлік қоғамының жобасы" инвестициялық жобасы бойынша "АрселорМиттал Теміртау" акционерлік қоғамына:
      корпоративтік табыс салығы бойынша - тіркелген активтерді іске қосқан жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап 10 (он) жыл;
      мүлік салығы бойынша - тіркелген активтерді іске қосқан жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап 5 (бес) жыл;
      жер салығы бойынша — тіркелген активтерді іске қосқан жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап 5 (бес) жыл;
      2) "Қуаттылығы жылына 4 млн.тонна сұйық болатты толық циклді металлургиялық зауытын салу" инвестициялық жобасы бойынша "Металлургиялық зауыт" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне:
      корпоративтік табыс салығы бойынша - тіркелген активтерді іске қосқан сәттен бастап 10 (он) күнтізбелік жыл;
      мүлік салығы бойынша - тіркелген активтерді іске қосқан сәттен бастап 5 (бес) жыл.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

        Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі                               К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады