"Инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 қаңтардағы Заңы 14-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мынадай заңды тұлғалар үшін берілетін инвестициялық салықтық преференциялардың қолданылу мерзімдері белгіленсін:
1) "Жұмыс істеп тұрған саз топырақ өндірісін 300 мың тоннаға дейін ұлғайту" инвестициялық жобасы бойынша "Қазақстан алюминийі" акционерлік қоғамына:
корпоративтік табыс салығы бойынша - тіркелген активтерді іске қосқан жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап 10 (он) жыл;
мүлік салығы бойынша - тіркелген активтерді іске қосқан жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап 5 (бес) жыл;
2) "Қорғас - Жетіген" жаңа темір жол желісін салу және пайдалану" инвестициялық жобасы бойынша "Жаңа темір жол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне:
корпоративтік табыс салығы бойынша - тіркелген активтерді іске қосқан сәттен бастап 10 (он) күнтізбелік жыл;
мүлік салығы бойынша - тіркелген активтерді іске қосқан сәттен бастап 5 (бес) жыл.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов