Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің "Жетісу гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы" мемлекеттік мекемесін қайта атау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 ақпандағы N 161 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің "Жетісу гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің "Аймақтық гидрогеологиялық-мелиоративтік орталық" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі — мекеме) болып қайта аталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) әділет органдарында мекеменің қайта тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі N 310 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 14, 168-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде :
      "Мемлекеттік мекемелер" деген 2-бөлімде :
      реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Аймақтық гидрогеологиялық-мелиоративтік орталық, Алматы қаласы";
      2) "Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі N 339 қаулысында :
      көрсетілген қаулымен бекітілген Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде :
      6-бөлімнің 2-бағанында "Жетісу гидрогеология-мелиоративтік экспедициясы, Алматы қаласы" деген сөздер "Аймақтық гидрогеологиялық-мелиоративтік орталық, Алматы қаласы" деген сөздермен ауыстырылсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                            К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады