Орман қоры жерінің жекелеген учаскесін басқа санаттағы жерге ауыстыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 ақпандағы N 173 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 130 және Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 51-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес "Ақмола облысы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының Бұланды орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі" мемлекеттік мекемесінің орман қоры жерінен алаңы 3,35 гектар жер учаскесі елді мекендер жерлері санатына ауыстырылсын.
      2. Ақмола облысының әкімі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес орман және ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін орман және ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қоюдан туындаған орман шаруашылығы және ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын республикалық бюджеттің кірісіне өтеуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                            К. Мәсімов

                                              Қазақстан Республикасы
                                                   Үкіметінің
                                              2009 жылғы 17 ақпандағы
                                                 N 173 қаулысына
                                                      қосымша

  "Ақмола облысы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды
  реттеу басқармасының Бұланды орман шаруашылығы мемлекеттік
мекемесі" мемлекеттік мекемесінің орман қорының жерінен елді
мекендер жерлері санатына ауыстырылатын жерінің экспликациясы

Жер пайдаланушының атауы

Жалпы алаңы, га

Оның ішінде:

орман жолдары

алаңқай жерлер

жайылым

су айдыны

"Ақмола облысы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының Бұланды орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі" мемлекеттік мекемесі

3,35

0,09

0,27

0,09

2,9

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады