Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қарашадағы N 1085 және 2009 жылғы 13 қаңтардағы N 6 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 ақпандағы N 180 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қарашадағы N 1085 қаулысында :
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарында:
      "Жылжымайтын мүлік нарығындағы проблемаларды шешу" деген бөлімде :
      бірінші абзацтағы "Астана мен Алматы қалаларында", "Алматы және Астана қалаларында" деген сөздер "Астана, Алматы қалалары мен Алматы облысында", "Алматы, Астана қалаларында және Алматы облысында" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақтағы "10,5 % - 12,5 %" деген сандар "9 % - 11 %" деген сандармен ауыстырылсын;
      4-тармақтың бірінші абзацындағы "Астана және Алматы қалаларының" деген сөздер "Астана, Алматы қалалары мен Алматы облысының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Шағын және орта бизнесті қолдау" деген бөлімде:
      төртінші абзацтағы "14 %" деген сандар "12,5 %" деген сандармен ауыстырылсын;

      2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен бақылау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 қаңтардағы N 6 қаулысында :
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында :
      "Жылжымайтын мүлік нарығындағы проблемаларды шешу" деген III бөлімде:
      "Жылжымайтын мүлік нарығындағы проблемаларды шешу жөніндегі жаңа тетіктерді іске асыру" деген кіші бөлімде:
      2) тармақшаның екінші абзацындағы "12,5 %" деген сандар "11 %" деген сандармен ауыстырылсын;
      10-тармақта:
      1) тармақшадағы "12,5 %" деген сандар "11 %" деген сандармен ауыстырылсын;
      2) тармақшадағы "10,5 %" және "12,5 %" деген сандар "9 %" және "11 %" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Шағын және орта бизнесті қолдау" деген IV бөлімде:
      1-тармақта:
      "-жылдық 12,5 %-дан аспайтын номиналдық ставка бойынша және" деген сөздер алынып тасталсын;
      "14 %" деген сандар "12,5 %" деген сандармен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрі                         К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады