Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тұрғын үй салуға және сатып алуға 2009 жылға кредит беру ережесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 3 наурыздағы N 243 Қаулысы

      "2009 - 2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Заңына , "Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 25 тамыздағы N 383 Жарлығына, "Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 1 қазандағы N 867 қаулысына , "2009 - 2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 желтоқсандағы N 1184 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тұрғын үй салуға және сатып алуға 2009 жылға кредит беру ережесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарымен кредиттік шарттар жасасуды;
      2) кредиттердің мақсатты пайдаланылуын және республикалық бюджетке уақтылы қайтарылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
      3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне кредиттерді игеру туралы ақпарат берсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне жүктелсін.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов

      Қазақстан Республикасы
      Үкіметінің      
      2009 жылғы 3 наурыздағы
      N 243 қаулысымен   
      бекітілген      

Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тұрғын үй салуға және сатып алуға 2009 жылға кредит беру ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тұрғын үй салуға және сатып алуға 2009 жылға кредит беру ережесі "2009 - 2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Заңына ; "Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 25 тамыздағы N 383 Жарлығына , "Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 1 қазандағы N 867 қаулысына , "2009 - 2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 желтоқсандағы N 1184 қаулысына сәйкес әзірленді және облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тұрғын үй салуға және сатып алуға 2009 жылға кредит беру тәртібін белгілейді.

2. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тұрғын үй салуға және сатып алуға
2009 жылға кредит беру тәртібі

      2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - қарыз алушылар) тиісті мәслихаттар облыстық, Астана және Алматы қалаларының 2009 жылға арналған бюджеттерінде тиісті түсімдерді көздейтін шешімдер қабылдағаннан кейін он күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне (бұдан әрі - кредит беруші) мәслихаттардың көрсетілген шешімдерін ұсынсын.
      3. Кредит беруші Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы Ереженің 2-тармағы орындалғаннан кейін "2009 - 2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 желтоқсандағы  N 1184 қаулысының 31-қосымшасына сәйкес қарыз алушыларға кредиттік шарттар жасасу арқылы 16100000000 (он алты миллиард бір жүз миллион) теңге сомасына бюджеттік кредиттер (бұдан әрі - кредиттер) берсін.
      4. Қарыз алушыларға кредиттер берудің мынадай негізгі шарттары белгіленсін:
      1) қарыз алушыларға кредиттер Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде тұрғын үй салуға және сатып алуға 3 (үш) жыл мерзімге сыйақының (мүдденің) нөлдік ставкасы бойынша теңгемен беріледі;
      2) кредиттерді игеру кезеңі кредит берушінің шотынан кредиттер аударылған сәттен бастап есептеледі және 2011 жылғы 25 желтоқсанда аяқталады.
      5. Кредиттерді беру, өтеу және қызмет көрсету жөніндегі өзге де шарттар кредиттік шартпен белгіленеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады