Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 21 қаңтардағы N 30 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 3 наурыздағы N 246 Қаулысы

      "Орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда, холдингтерде, ұлттық компанияларда, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларда әкімшілік шығыстарды қысқарту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы N 289 өкіміне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі Т.М. Досмұхамбетовті Мадрид (Испания Корольдігі) және Женева (Швейцария Конфедерациясы) қалаларына іссапарға жіберу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 21 қаңтардағы N 30 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі Т.М. Досмұхамбетовтің басшылығымен Қазақстан Республикасының делегациясын Мадрид (Испания Корольдігі) және Женева (Швейцария Конфедерациясы) қалаларына іссапарға жіберу туралы";
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1.1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының делегациясы 2009 жылғы 26 қаңтар - 2 ақпан кезеңіне Мадрид қаласына (Испания Корольдігі) іссапарға жіберілсін".
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                            К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2009 жылғы 3 наурыздағы
N 246 қаулысына   
қосымша       

Мадрид қаласына (Испания Корольдігі) іссапарға жіберілетін Қазақстан Республикасы делегациясының
құрамы

Никитинский           - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт
Евгений Сергеевич       министрлігі Туризм индустриясы комитетінің
                        төрағасы

Кәкен                 - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт
Қарлығаш Ғазизқызы      министрлігінің Туризм индустриясы комитеті
                        төрағасының орынбасары

Булатова              - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт
Светлана Юрьевна        министрлігінің Туризм индустриясы комитеті
                        Имиджді қалыптастыру және туристік қызметті
                        алға жылжыту басқармасының бас сарапшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады