Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы N 1229 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурыздағы N 321 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 922 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 29.12.2018 № 922 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы N 1229 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату ережесінде:

      5-тармақта:

      үшінші абзацта "медициналық" деген сөз "*медициналық" деген сөзбен ауыстырылсын;

      бесінші абзацта:

      "дәрілік заттарды" деген сөздер "**дәрілік заттарды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "өндіру" деген сөзден кейін "немесе көтерме саудада өткізу" деген сөздермен толықтырылсын;

      жетінші абзацта "дәрілік заттардың" деген сөздер "***дәрілік заттардың" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады