Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі N 754 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақтан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурыздағы N 324 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 297 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.04.2015 № 297 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі N 754 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 30, 392-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      1) көрсетілген қаулымен бекітілген Мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмекпен және техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз ету ережесінде:
      73-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Бейнекомпьютерлер, көп функционалды дабылдату жүйелері, телефакстер, мәтіндік хабарламалы және хабар қабылдайтын жинақы телефондар, саңыраулар мен нашар еститін адамдарға арналған сағаттар, кемінде 5 жылдан кейін ауыстырылады.";
      мынадай мазмүндағы 90-1-тармақпен толықтырылсын:
      "90-1. Тифломагнитолалар, компьютерлік тифлокешендер, Брайль жүйесі бойынша жазуға арналған құрал, диктофондар, дыбыс жазбаны қайта тыңдауға арналған плейерлер, нашар көретін адамдарға арналған сағаттар кемінде 5 жылдан кейін ауыстырылады.
      Оқитын машиналар кемінде 3 жылдан кейін, жіңішке таяқтар, Брайль жүйесі бойынша жазуға арналған грифель - 2 жылдан кейін ауыстырылады.";
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Жеке оңалту бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектер үшін жеке көмекшінің және естімейтіндігі бойынша мүгедектер үшін жылына отыз сағат ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін көрсету ережесінде;
      7-тармақтың сегізінші абзацы алып тасталсын;
      10-тармақтың 1) тармақшасындағы ", бос уақытын, демалысын өткізуіне, тауарлар мен қызметтер сатып алуына" деген сөздер алып тасталсын;
      көрсетілген Ережеге қосымшада:
      1-тармақтың 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "14) протездеуге жарамсыз жүріп-тұру құралдарын пайдалануды қиындататын, қолдардың білінетін функционалдық бұзушылықтары бар балтырлардың ампутациялық тұқылдары;";
      2-тармақта:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Ымдау тілінің машықтарын меңгерген мүгедекке ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін көрсетуге:";
      3) тармақшадағы "III-" деген сан алып тасталсын.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады