Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 қаңтардағы N 6 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 наурыздағы N 350 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен бақылау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 қаңтардағы N 6 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен бақылау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
      "IV. Шағын және орта бизнесті қолдау" деген бөлімде:
      "Шағын және орта бизнестің мемлекеттік сатып алуға қол жетімділігін кеңейту" деген 3-кіші бөлімде:
      реттік нөмірі 3.4-жолдың 2-бағанында "мен даму жоспарларында" деген сөздер ", даму жоспарларында және қаржы-шаруашылық қызмет жоспарларында" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "VII. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту" деген бөлімде:
      "Инвестицияларды жұмыс істеп тұрған және жаңа экспортқа бағдарланған секторларды қолдауға бағыттау, оның ішінде:" деген 2-кіші бөлім мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:
      "ҚазАгро"ҰХ" АҚ-ның инвестициялық бағдарламасының жаңа бағыттарын түзету және/немесе таңдау "ҚазАгро"ҰХ" АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады";
      реттік нөмірі 2.5-жолдың 2-бағанында "ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге" деген сөздер "агроөнеркәсіптік кешені субъектілеріне, оның ішінде көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімін сатып алуды жүзеге асыру жолымен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді кейіннен қаржыландыру үшін" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады