Жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау мәселелері жөнінде ведомствоаралық комиссия құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 19 наурыздағы N 357 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 22 қазандағы № 1136 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 22.10.2013 № 1136 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау мәселелері жөнінде ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
      2. Қоса беріліп отырған:
      1) Қомиссияның құрамы;
      2) Комиссия туралы ереже бекітілсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов

      Қазақстан Республикасы
      Үкіметінің      
      2009 жылғы 19 наурыздағы
      N 357 қаулысымен  
      бекітілген     

Жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы

Мәсімов                      - Қазақстан Республикасының
Кәрім Қажымқанұлы              Премьер-Министрі, төраға

Ахметов                      - Қазақстан Республикасы
Серік Нығметұлы                Премьер-Министрінің орынбасары,
                               төрағаның орынбасары

Орынбаев                     - Қазақстан Республикасы
Ербол Тұрмаханұлы              Премьер-Министрінің орынбасары,
                               төрағаның орынбасары

Нұрымбетов                   - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Біржан Бидайбекұлы             халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
                               Бақылау және әлеуметтік қорғау
                               комитетінің төрағасы, хатшы

Әбдіқалықова                 - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Гүлшара Наушақызы              халықты әлеуметтік қорғау министрі

Балиева                      - Қазақстан Республикасының Әділет
Зағипа Яхянқызы                министрі

Досқалиев                    - Қазақстан Республикасының Денсаулық
Жақсылық Ақмырзаұлы            сақтау министрі

Жәмішев                      - Қазақстан Республикасының Қаржы
Болат Бидахметұы               министрі

Құл-Мұхаммед                 - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Мұхтар Абрарұлы                және ақпарат министрі

Күрішбаев                    - Қазақстан Республикасының Ауыл
Ақылбек Қажығұлұлы             шаруашылығы министрі

Құсайынов                    - Қазақстан Республикасының Көлік және
Әбілғазы Қалиақпарұлы          коммуникация министрі

Мыңбаев                      - Қазақстан Республикасының Энергетика
Сауат Мұхаметбайұлы            және минералды ресурстар министрі

Сұлтанов                     - Қазақстан Республикасының Экономика
Бақыт Тұрлыханұлы              және бюджеттік жоспарлау министрі

Түймебаев                    - Қазақстан Республикасының Білім және
Жансейіт Қансейітұлы           ғылым министрі

Школьник                     - Қазақстан Республикасының Индустрия
Владимир Сергеевич             және сауда министрі

Нүкетаева                    - Қазақстан Республикасы Парламенті
Динар Жүсіпәлиқызы             Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)

Бижанов                      - Қазақстан Республикасы Парламенті
Ақан Құсайынұлы                Сенатының депутаты, Әлеуметтік-мәдени
                               даму комитетінің төрағасы (келісім
                               бойынша)

Есекеев                      - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру
Қуанышбек Бақытбекұлы          және байланыс агенттігінің төрағасы

Мешімбаева                   - Қазақстан Республикасы Статистика
Анар Ертөлеуқызы               агенттігінің төрайымы

Перуашев                     - "Атамекен" Одағы" Қазақстан ұлттық
Азат Тұрлыбекұлы               экономикалық палатасының төрағасы
                               (келісім бойынша)

Мұқашев                      - Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар
Сиязбек Өнербекұлы             федерациясы басқармасының төрағасы
                               (келісім бойынша)

Байкенов                     - Қазақстан Республикасы жұмыс берушілер
Қадыр Қарқабатұлы              конфедерациясының төрағасы (келісім
                               бойынша)

Радостовец                   - "Қазақстанның тауар өндірушілері мен
Николай Владимирович           экспорттаушылары одағы" республикалық
                               заңды тұлғалар бірлестігінің
                               президенті (келісім бойынша)

Келімбетов                   - "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры"
Қайрат Нематұлы                акционерлік қоғамы басқармасының
                               төрағасы (келісім бойынша)

Мамытбеков                   - "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі"
Асылжан Сарыбайұлы             акционерлік қоғамының басқарма
                               төрағасы (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасы 
      Үкіметінің       
      2009 жылғы 19 наурыздағы
      N 357 қаулысымен   
      бекітілген       

Жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже 1. Жалпы ережелер

      1. Жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
      2. Комиссия қызметінің мақсаты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 наурыздағы N 274 қаулысымен бекітілген Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңару мен дамуға" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылға арналған Іс-қимыл жоспарын (Жол картасы) (бұдан әрі - Жол картасы) іске асыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
      3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

2. Комиссияның міндеттері мен функциялары

      4. Комиссияның негізгі міндеттері мен функциялары:
      1) Жол картасын іске асыру;
      2) жұмыспен қамту, кадрларды қайта даярлау және еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың құрылымын ескере отырып, жұмыс орындарын құру саласындағы проблемалар (оның ішінде қызметкерлердің ықтимал босатылуы мен жаңа жұмыс орындарын құру қажеттілігінің арасындағы теңгерімді айқындау, орталық және жергілікті атқарушы органдардың өңірлік жұмыспен қамтуды және кадрларды қайта даярлауды қамтамасыз ету жөніндегі өзара іс-қимыл тетігін енгізу жөніндегі);
      3) Жол картасын іске асыру шеңберінде бюджет қаражатын тиімді пайдалану (оның ішінде республикалық және жергілікті бюджеттер тарапынан қоса қаржыландыру өлшемдерін жетілдіру, Жол картасының бағыттары бойынша қаржыландырудың жалпы лимиттерін, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар базасында жобаларды іске асыру тетіктерін айқындау жөніндегі);
      4) жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік қолдау тетіктерін жетілдіру;
      5) Жол картасын іске асыруға бағытталған нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу жөніндегі ұсыныстарды дайындау болып табылады.

3. Комиссияның құқықтары

      5. Комиссия белгіленген тәртіппен және өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша:
      1) Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі заңнамасын жетілдіру жөнінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізуге;
      2) Комиссияның құзыретіне жататын мәселелерді шешу үшін мүдделі мемлекеттік органдардың мамандарын, консультанттарды тартуға;
      3) Комиссияның құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан, ведомстволар мен ұйымдардан қажетті ақпаратты сұратуға;
      4) Комиссия мүшелері отырыстарында Комиссияның қарауына жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың жауапты өкілдерін тыңдауға;
      5) Комиссияға жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін қажетті өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

4. Комиссияның қызметін ұйымдастыру

      6. Комиссияны төраға басқарады.
      7. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
      8. Комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындауды және оны өткізгеннен кейін хаттаманы ресімдеуді Қомиссияның хатшысы жүзеге асырады.
      Хатшы Комиссия мүшесі болып табылмайды.
      9. Отырыстардың күн тәртібін, сондай-ақ оларды өткізу орны мен
уақытын Комиссия төрағасы белгілейді.
      10. Комиссияның жұмыс отырыстарының материалдары төрағамен келісілгеннен кейін Комиссияның әрбір мүшесіне отырысқа дейін кемінде үш жұмыс күнінен кешіктірмей жеткізіледі.
      11. Комиссияның отырыстары қажетіне қарай, бірақ айына кемінде бір рет өткізіледі және Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан болса, заңды деп саналады.
      12. Комиссия шешімдері ашық дауыс берумен қабылданады және оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берген болса, қабылданды деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп саналады. Комиссия мүшелерінің ерекше пікір білдіру құқығы бар, ол білдірілген жағдайда жазбаша түрде жазылуы және хаттамаға қосылуы тиіс.
      Комиссия шешімдері хаттамамен ресімделеді және ұсынымдық сипатта болады.

5. Комиссияның қызметін тоқтату

      13. Комиссияның қызметін тоқтатуға Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негіздеме болып табылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады