2005 жылғы 24 наурыздағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің техникалық регламенттерін үйлестіру негіздері туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттаманы бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 25 наурыздағы N 401 Қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Келісім қолданысын тоқтатты - ҚР 24.12.2014 N 266-V Заңымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Мәскеу қаласында 2008 жылғы 12 желтоқсанда жасалған 2005 жылғы 24 наурыздағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің техникалық регламенттерін үйлестіру негіздері туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттама бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер Министрі                              К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2009 жылғы 25 наурыздағы
N 401 қаулысымен  
бекітілген     

2005 жылғы 24 наурыздағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің техникалық регламенттерін үйлестіру негіздері туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттама

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің үкіметтері,
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      2005 жылғы 24 наурыздағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің техникалық регламенттерін үйлестіру негіздері туралы келісімнің 3-бабының 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. ЕурАзЭҚ-тың техникалық регламентін әзірлеу тәртібі Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық Комитетінің шешімімен бекітіледі".

2-бап

      Осы Хаттама қол қойылған күнінен бастап уақытша қолданылады және депозитарий оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетшілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны алған күнінен бастап күшіне енеді.
      2008 жылғы 12 желтоқсанда Мәскеу қаласында орыс тіліндегі бір түпнұсқа данада жасалды.
      Осы Хаттаманың түпнұсқа данасы Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық Комитетінде сақталады, ол депозитарий болып табыла отырып, әрбір Тарапқа оның куәландырылған көшірмесін жібереді.

       Беларусь             Қазақстан             Қырғыз
      Республикасының      Республикасының       Республикасының
      Үкіметі              Үкіметі               Үкіметі
      үшін                 үшін                  үшін

      Ресей                Тәжікстан
      Федерациясының       Республикасының
      Үкіметі              Үкіметі
      үшін                 үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады