Қазақстан Республикасының Үкіметі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қарашығанақ-Орал" газ құбырын салу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қарашадағы N 1151 қаулысына мынадай толықтыру мен өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың 1) тармақшасында:
"газ бөлу станциясы бар" деген сөздерден кейін "Новопавловка және Жымпиты ауылдарына дейін" деген сөздермен толықтырылсын;
"екі" деген сөз "үш" деген сөзбен ауыстырылсын;
3-тармақта "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі" деген сөздер "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" деген сөзбен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов