Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің кейбір мәсәлелері туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 сәуірдегі N 480 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мыналар:
      1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық органдары - "Ақмола облыстық аумақтық балық шаруашылығы инспекциясы" және "Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық балық шаруашылығы инспекциясы" мемлекеттік мекемелері Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық органы - "Есіл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне, Астана қаласы, бірігу жолымен;
      2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық органдары - "Ақтөбе облыстық аумақтық балық шаруашылығы инспекциясы" және "Қостанай облыстық аумақтық балық шаруашылығы инспекциясы" мемлекеттік мекемелері Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық органы - "Тобыл-Торғай облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне, Қостанай қаласы, бірігу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
      2. Мыналар:
      1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық органы - "Жамбыл облыстық аумақтық балық шаруашылығы инспекциясы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық органы - "Шу-Талас облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы" мемлекеттік мекемесі, Тараз қаласы, болып;
      2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық органы - "Қарағанды облыстық аумақтық балық шаруашылығы инспекциясы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық органы - "Нұра-Сарысу облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы" мемлекеттік мекемесі, Қарағанды қаласы, болып қайта аталсын.
      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) мемлекеттік мекемелерді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді және қайта тіркеуді қамтамасыз етсін;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 28.12.2016 № 887 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2) "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі N 310 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 14, 168-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
 

Қазақстан Республикасының
 


Премьер-Министрі
 

К. Мәсімов
 



Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 7 сәуірдегі
N 480 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 6 сәуірдегі
N 310 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық органдары — мемлекеттік мекемелерінің тізбесі

      1. Арал-Сырдария облысаралық бассейіндік балық шаруашылығы инспекциясы, Қызылорда қаласы.
      2. Балқаш-Алакөл облысаралық бассейіндік балық шаруашылығы инспекциясы, Қапшағай қаласы.
      3. Зайсан-Ертіс облысаралық бассейіндік балық шаруашылығы инспекциясы, Өскемен қаласы.
      4. Жайық-Каспий облысаралық бассейіндік балық шаруашылығы инспекциясы, Атырау қаласы.
      5. Есіл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы, Астана қаласы.
      6. Тобыл-Торғай облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы, Қостанай қаласы.
      7. Шу-Талас облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы, Тараз қаласы.
      8. Нұра-Сарысу облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы, Қарағанды қаласы.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады