"Қазмырыш" акционерлік қоғамының қорғасын қалдықтарын әкелуі туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметнің 2009 жылғы 13 сәуірдегі N 503 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 288-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қазмырыш" акционерлік қоғамына 2009 жылғы 1 тамызға дейін 2620 29 000 0 ҚР СЭҚ ТН кодына сәйкес 42300000,00 кг мөлшерінде қорғасын қалдықтарын (құрамында қорғасын бар аккумуляторлы батареялар шламы, күйік, қабыршақ, паста, шлам, қоқым, қорғасын аккумуляторлы батареяларын бөлшектегеннен кейінгі күйік, қабыршақ, паста, шлам, қоқым түріндегі өнімдер) Шығыс Қазақстан облысының аумағында қайта өңдеу үшін Қазақстан Республикасына әкелуге рұқсат етілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады