2009 - 2011 жылдарға арналған "Нұрлы көш" бағдарламасының іске асырылу мониторингін жүзеге асыру жөнінде ведомствоаралық комиссия құру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі N 544 Қаулысы

      "2009 - 2011 жылдарға арналған "Нұрлы көш" бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 2 желтоқсандағы N 1126 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамда 2009 - 2011 жылдарға арналған "Нұрлы көш" бағдарламасының іске асырылу мониторингін жүзеге асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Ведомствоаралық комиссия) құрылсын.
      2. Қоса беріліп отырған Ведомствоаралық комиссия туралы ереже бекітілсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің қаулысына  
2009 жылғы 17 сәуірдегі
N 544 қаулысына    
қосымша       

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.06.25 № 708 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

 2009 - 2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасының іске асырылу мониторингін жүзеге асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы

Орынбаев                - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Ербол Тұрмаханұлы         орынбасары, төраға

Қасымов                 - Қазақстан Республикасының Ішкі істер
Қалмұханбет               министрі, төрағаның орынбасары
Нұрмұханбетұлы

Бақтыбаев               - Қазақстан Республикасы Ішкі істер
Жанарбек Телюбекұлы       министрлігінің Көші-қон полициясы комитеті
                          төрағасының орынбасары, хатшы

Телебаев                - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Ғазиз Тұрысбекұлы         вице-министрі

Сарыбеков               - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым
Махметқали Нұрғалиұлы     вице-министрі

Айдапкелов              - Қазақстан Республикасы Статистика
Нұрдәулет Серғалиұлы      агенттігінің жауапты хатшысы

Нақыпбеков              - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын
Бақытбек Әуенұлы          басқару агенттігі төрағасының орынбасары

Оспанов                 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
Кеңес Сәрсенғалиұлы       министрлігі Мемлекеттік
                          санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
                          комитетінің төрағасы

Ғалымова                - Павлодар облысы әкімінің орынбасары
Әлия Қайратқызы

Қайнарбеков             - Ақмола облысы әкімінің орынбасары
Асхат Қанатұлы

Қуанғанов               - Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің
Фархат Шаймұратұлы        орынбасары

Қаныбеков               - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің
Сәкен Әсембекұлы          орынбасары

Паритов                 - Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары
Бекет Закарұлы

Рахымбеков              - Қарағанды облысы әкімінің орынбасары
Төлеутай Сатайұлы

Сәдібеков               - Жамбыл облысы әкімінің орынбасары
Ғани Қалыбекұлы

Тәукебаев               - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары
Серік Шәуенұлы

Аманғалиев              - Атырау облысы әкімінің орынбасары
Серік Кәлешұлы

Бектұрғанов             - Қостанай облысы әкімінің орынбасары
Серік Шыңғысұлы

Мұқанов                 - Алматы облысы әкімінің орынбасары
Серік Мейірханұлы

Мұхамедов               - Қызылорда облысы әкімінің орынбасары
Мұрат Бақтиярұлы

Нұрқатова               - Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары
Сара Қайыржанқызы

Сүлеймен                - Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары
Серік Кенжебекұлы

Шәріпов                 - «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ
Мұрат Тұрсынұлы           банкі» акционерлік қоғамы орталық
                          филиалының директоры (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2009 жылғы 17 сәуірдегі
N 544 қаулысымен    
бекітілген       

2009 — 2011 жылдарға арналған "Нұрлы көш" бағдарламасының іске асырылу мониторингін жүзеге асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже 1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 2 желтоқсандағы N 1126 қаулысымен бекітілген 2009 - 2011 жылдарға арналған "Нұрлы көш" бағдарламасының іске асырылу мониторингін жүзеге асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
      2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, халықаралық шарттарын, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

2. Комиссияның негізгі міндеттері

      3. Комиссияның негізгі міндеттері:
      1) 2009 - 2011 жылдарға арналған "Нұрлы көш" бағдарламасының (бұдан әрі - Бағдарлама) іске асырылу мониторингі;
      2) орталық және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ Бағдарламаның іске асырылуына жауапты ұйымдардың қызметін үйлестіру;
      3) Бағдарламаны іске асыруға республикалық және жергілікті бюджеттерден бөлінетін қаражатты тиімді пайдалану;
      4) көші-қон үдерістерін басқару саласындағы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру;
      5) Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын түзету жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

3. Комиссияның негізгі құқықтары

      4. Комиссия белгіленген тәртіппен өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша:
      1) Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасының көші-қон мәселелері жөніндегі заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;
      2) мемлекеттік органдардан, ведомстволар мен ұйымдардан Комиссияның құзыретіне жататын мәселелер бойынша қажетті ақпаратты сұратуға;
      3) Комиссия отырыстарында Комиссияның құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың өкілдерін тыңдауға құқығы бар.

4. Комиссияның қызметін ұйымдастыру

      5. Комиссияны төраға басқарады.
      Төраға болмаған кезде оның функцияларын орынбасары атқарады.
      6. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.06.25 № 708 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      7. Комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындауды және оны өткізгеннен кейін хаттаманы ресімдеуді Комиссияның хатшысы жүзеге асырады.
      Хатшы Комиссия мүшесі болып табылмайды.
      8. Отырыстардың күн тәртібін, сондай-ақ оларды өткізу орны мен уақытын Комиссия төрағасы белгілейді.
      9. Комиссияның жұмыс отырыстарының материалдары төрағамен келісілгеннен кейін Комиссияның әрбір мүшесіне отырысқа дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей жеткізіледі.
      10. Комиссияның отырыстары қажетіне қарай тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі және Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан болса заңды деп саналады.
      11. Комиссия шешімдері ашық дауыс берумен қабылданады және, егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берген болса, қабылданды деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп саналады. Комиссия мүшелерінің ерекше пікір білдіру құқығы бар, ол білдірілген жағдайда жазбаша түрде жазылуы және хаттамаға қосылуы тиіс.
      Комиссия шешімдері хаттамамен ресімделеді және ұсынымдық сипатта болады.

5. Комиссияның қызметін тоқтату

      12. Комиссияның қызметін тоқтатуға Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негіздеме болып табылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады