Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 маусымдағы № 708 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2011 жылы 25 маусымдағы
№ 708 қаулысымен  
бекітілген     

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру

      1. «Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының әлеуметтік-экономикалық даму проблемаларын шешу жөніндегі 2009 - 2012 жылдарға арналған кешенді жоспарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 қыркүйектегі № 865 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының әлеуметтік-экономикалық даму проблемаларын шешу жөніндегі 2009 - 2011 жылдарға арналған кешенді жоспарда:
      «Еңбекпен қамту және экономиканы әртараптандыру мәселелерін шешу» деген 1-бөлімде:
      «Демографиялық жағдай» деген 1-кіші бөлімде:
      реттік нөмірі 3-жолдың 4-бағанындағы «Еңбекмині» деген сөз «ІІМ» деген аббревиатурамен ауыстырылсын.
      2. «2009 - 2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 2 желтоқсандағы № 1126 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 45, 514-құжат):
      2-тармақтың 2) тармақшасында «Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне» деген сөздер «Ішкі істер министрлігіне» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақта «Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі» деген сөздер «Ішкі істер министрлігі» деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген 2009 - 2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасында:
      «Бағдарламаның паспорты» деген 1-бөлімде:
      «Қаржыландыру көлемі мен көздері» деген жолда:
      «27 551,2*» деген сандар «20 269,8» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Бағдарламаға қатысушыларды көшіруді және бейімдеуді ұйымдастыру» 5.5-бөлімде:
      «Ақпараттық-түсіндіру жұмысы» деген 5.5.1-кіші бөлімде:
      бірінші бөліктегі «Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі» деген сөздер «Ішкі істер министрлігі» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «Қажетті ресурстар мен қаржыландыру көздері» деген 6-бөлімде:
      «27 551,2*» деген сандар «20 269,8» деген сандармен ауыстырылсын;
      «2009 - 2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 8-бөлімде:
      3-бағанда:
      реттік нөмірлері 15 және 18-жолдардағы «Еңбекмині» деген сөз «ІІМ-ге» деген сөзбен ауыстырылсын;
      4-бағанда:
      реттік нөмірлері 11, 17, 21-жолдардағы «Еңбекмині» деген сөз «ІІМ» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 16-жолдағы «Еңбекмині» деген сөздің алдынан «ІІМ (жинақтау),» деген сөздермен толықтырылсын;
      6-бағанда:
      реттік нөмірі 16-жолдағы «14 147*» деген сандар «6 866,3» деген сандармен ауыстырылсын;
      «оның ішінде: республикалық бюджет» деген жолда:
      «27 551,2*» деген сандар «20 269,8» деген сандармен ауыстырылсын.
      3. «2009 - 2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасының іске асырылу мониторингін жүзеге асыру жөнінде ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі № 544 қаулысында:
      1) көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын:
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген 2009 - 2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасының іске асырылу мониторингін жүзеге асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ережеде:
      6-тармақтағы «Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау» деген сөздер «Ішкі істер» деген сөздермен ауыстырылсын.
      4. «Нұрлы көш» бағдарламасының пилоттық жобаларына қатысушыларға тұрғын үй сату ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 8 мамырдағы № 674 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж, № 24-25, 213-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген «Нұрлы көш» бағдарламасының пилоттық жобаларына қатысушыларға тұрғын үй сату ережесінде:
      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган - облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ішкі істер департаменттері көші-қон полициясының бөлімшелері;».

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2011 жылғы 25 маусымдағы
№ 708 қаулысымен   
бекітілген      

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2011 жылы 17 сәуірдегі
№ 544 қаулысына   
қосымша      

2009 - 2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасының іске асырылу мониторингін жүзеге асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы

Орынбаев                - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Ербол Тұрмаханұлы         орынбасары, төраға

Қасымов                 - Қазақстан Республикасының Ішкі істер
Қалмұханбет               министрі, төрағаның орынбасары
Нұрмұханбетұлы

Бақтыбаев               - Қазақстан Республикасы Ішкі істер
Жанарбек Телюбекұлы       министрлігінің Көші-қон полициясы комитеті
                          төрағасының орынбасары, хатшы

Телебаев                - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Ғазиз Тұрысбекұлы         вице-министрі

Сарыбеков               - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым
Махметқали Нұрғалиұлы     вице-министрі

Айдапкелов              - Қазақстан Республикасы Статистика
Нұрдәулет Серғалиұлы      агенттігінің жауапты хатшысы

Нақыпбеков              - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын
Бақытбек Әуенұлы          басқару агенттігі төрағасының орынбасары

Оспанов                 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
Кеңес Сәрсенғалиұлы       министрлігі Мемлекеттік
                          санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
                          комитетінің төрағасы

Ғалымова                - Павлодар облысы әкімінің орынбасары
Әлия Қайратқызы

Қайнарбеков             - Ақмола облысы әкімінің орынбасары
Асхат Қанатұлы

Қуанғанов               - Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің
Фархат Шаймұратұлы        орынбасары

Қаныбеков               - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің
Сәкен Әсембекұлы          орынбасары

Паритов                 - Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары
Бекет Закарұлы

Рахымбеков              - Қарағанды облысы әкімінің орынбасары
Төлеутай Сатайұлы

Сәдібеков               - Жамбыл облысы әкімінің орынбасары
Ғани Қалыбекұлы

Тәукебаев               - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары
Серік Шәуенұлы

Аманғалиев              - Атырау облысы әкімінің орынбасары
Серік Кәлешұлы

Бектұрғанов             - Қостанай облысы әкімінің орынбасары
Серік Шыңғысұлы

Мұқанов                 - Алматы облысы әкімінің орынбасары
Серік Мейірханұлы

Мұхамедов               - Қызылорда облысы әкімінің орынбасары
Мұрат Бақтиярұлы

Нұрқатова               - Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары
Сара Қайыржанқызы

Сүлеймен                - Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары
Серік Кенжебекұлы

Шәріпов                 - «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ
Мұрат Тұрсынұлы           банкі» акционерлік қоғамы орталық
                          филиалының директоры (келісім бойынша)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады