Қазақстанда экспедиторлық бизнесті дамыту тұжырымдамасы туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 24 сәуірдегі N 579 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.04.14 № 302 Қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының темір жол саласын одан әрі дамытудың  және реформалаудың 2008 - 2010 жылдарға арналған кешенді шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 сәуірдегі N 321 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстанда экспедиторлық бизнесті дамыту тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары тиісті шешімдер әзірлеу және іске асыру кезінде осы Тұжырымдаманы басшылыққа алсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2009 жылғы 24 сәуірдегі
N 579 қаулысымен  
мақұлданған   

Қазақстанда зкспедиторлық бизнесті дамыту тұжырымдамасы 1. Кіріспе

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 сәуірдегі N 321 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының темір жол саласын одан әрі дамытудың және реформалаудың 2008 - 2010 жылдарға арналған кешенді шаралар жоспарының 22-тармағына сәйкес Қазақстанда экспедиторлық бизнесті дамыту тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) әзірленді.
      Қазақстан Еуразиялық құрлықтың ортасында тұрып және кең көлік-коммуникация желісін иелене отырып, халықаралық тасымалдар нарығында, оның ішінде темір жол көлігінде экспедиторлық қызмет көрсету нарығында маңызды ұстанымды қамтамасыз ету үшін жеткілікті әлеуетке ие.
      Әлемдік нарықта тауарларды ауыстыру процесі көліктік қызмет көрсету деген жалпы ұғыммен біріктірілген тұтастай бірқатар жұмыстарды, операцияларды және өзге де іс-қимылдарды орындау қажеттілігіне байланысты. Осы қызметтер кешені жүктерді (тауарларды) тиімді, уақтылы және сақталымды жеткізуді, жеткізудің және оны бөлудің тең әрі тұрақты жүйесін қамтамасыз етуі тиіс.
      Көп жағдайларда жүк жөнелтуші кешенді қызмет көрсетуді алуға мүдделі, сондықтан темір жол көлігінде экспедиторлық қызмет көрсетудің даму деңгейі көбінесе еліміздің транзит-көлік әлеуетін іске асыру тиімділігіне әсер етеді.

2. Экспедиторлық бизнестің қазіргі заманғы жай-күйін талдау

      Қазіргі уақытта республикада тек темір жолмен 400-ден астам компания тасымалдарды ұйымдастыруға ресми түрде шарт жасасты. Нақты экспедиторлар едәуір көп, бірақ олардың басым көпшілігі ресми экспедиторлар ретінде қайталама нарықта жұмыс істейді. Осындай жағдай ішінара ақталған, өйткені ірі экспедиторлық компаниялар аз көлемде қызмет көрсетуге мүдделі емес. Басқа көлік түрлеріне маманданушы компаниялардың саны туралы дәл статистика жоқ. Қазақстан Республикасында экспедиторлардың барлығы 2000-нан астам компаниясы тіркелген.
      Алайда экспедиторлық қызмет көрсетудің сапасы айтарлықтай емес. Экспедиторлық ұйымдар отандық та және шетелдік те жүк жөнелтушілермен және жүк алушылармен жұмыс істейтінін атап өту қажет. Өз кезегінде отандық экспедиторлық ұйымдардың сапасыз қызмет көрсетуі шетелдік клиенттердің шағымдарын тудырады және оның салдары Қазақстанның имиджіне теріс әсерін тигізеді.
      Жүктерді жеткізу экономикалық нақтырақ болуы тиіс. Егер көлік шығындарын ескере отырып, өнімнің жиынтық бағасы соңғы тұтынушы үшін тиімсіз болса, географиялық және уақытша шекаралар арқылы тасымалдау пайдасыз болып қалуы мүмкін.
      Экспедиторлық компаниялардың қызмет саласы мемлекетішілік немесе экспорттық-импорттық тасымалдарды жүзеге асыру қажеттілігі кезінде отандық жүк жөнелтушіге және жүк алушыға көліктік қызмет көрсетуді ұсынумен ғана шектелмейді. Негізгі көлік маршруттарында тиімді геостратегиялық жағдайы бар және жоғары транзиттік әлеуетке ие көптеген мемлекеттер көлік жүйесі арқылы жүктерді тарту жөнінде белсенді жұмыс жүргізуі тиіс.
      Бұл жерде шетелде өздерінің өкілдіктерін ашатын және көлік маршруттарында жұмыс істейтін экспедиторлық компаниялардың қызметіне көп нәрсе байланысты.
      Бұл жағдай тасымалдар сапасы мен сенімділігін арттыруды, жүктердің уақтылы жеткізілуін қамтамасыз етуді, барлық жүретін жол бойы ақпаратпен сүйемелдеуді, жүктер мен көлік құралдарын шекара арқылы алып өту рәсімдерін жеңілдетуді талап ете отырып, темір жол көлігі мен экспедиторлық бизнестің алдына жаңа міндеттер қояды.

3. Тұжырымдаманың мақсаттары мен міндеттері

      Тұжырымдаманың мақсаты темір жол көлігінде экспедиторлық қызмет көрсету нарығын дамыту, экспедиторлық бизнестің тиімді жұмыс істеуіне жәрдемдесу және оны жаңа сапалы деңгейге көтеру болып табылады.
      Осы мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер қойылып отыр:
      экспедиторлық қызметпен шұғылданатын мамандардың білімі мен біліктілігі деңгейін арттыру;
      экспедиторлық қызмет көрсету сапасын арттыру;
      ақпараттық қамтамасыз ету жүйесін дамыту, оны ұйымдастыруды жетілдіру;
      экспедиторлық бизнесті одан әрі дамыту мониторингі мен бағалау жүйесін әзірлеу;
      экспедиторлық қызмет мәселелері бойынша халықаралық байланыстарды кеңейту, әлемдік көлік жүйесіне бірігу.

4. Тұжырымдаманы іске асырудың негізгі бағыттары мен тетіктері

      Транзиттің қазіргі көлемі қолда бар әлеуетпен салыстырғанда өте аз. Қазақстан арқылы негізінен Ресей мен Орталық Азия, Қытай мен Орталық Азия арасындағы өңірлік транзиттің жүк ағындары жүреді. Оңтүстік-Шығыс Азия елдері мен Ресей, Еуропа елдері арасындағы транзит іс жүзінде игерілмеген.
      Еуроазиялық жүк ағынын басты өткізу пункті Достық темір жол өткелі болып табылады. Оның өткізу қабілетінің тапшылығы еліміздің транзиттік әлеуетін іске асыруға әсер ететін неғұрлым маңызды факторлардың бірі болып табылады.
      Осыған байланысты экспедиторлық бизнесті дамыту елдің транзиттік әлеуетін игеруге бағытталған.
      Экспедиторлық бизнесті дамыту мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылуы тиіс:

Мультимодальдық көлік-логистикалық орталықтар жүйесін қалыптастыру

      Мультимодальдық көлік-логистикалық орталықтар жүйесі экспедиторлық ұйымдардың өзара іс-қимылын үйлестіруді және тауар қозғалысын оңтайландыруды қамтамасыз ететін халықаралық көліктік дәліздер желісінің негізгі жүйе құрайтын элементі болып табылады.
      Осыған байланысты инвестициялық ресурстарды тартудың тиімді тетіктері құрылатын және көлік-логистикалық орталықтарды құру жөніндегі жобаларды іске асыру кезінде мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетіктері қолданылатын болады, мұнда негізгі субъектілердің бірі экспедиторлық ұйымдар болады.

Ақпараттық қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру

      Халықаралық стандарттар мен нормативтерді пайдалануға негізделген ақпарат алмасу, есеп және құжат айналымы жүйесі — темір жол көлігіндегі өзара іс-қимылды қамтамасыз етудің түйінді элементтерінің бірі.
      Ұлттық темір жол компаниясының, кеден органдарының, экспедиторлық компаниялардың бағдарламалық құралдарының технологиялық үйлеспеуі және олардың арасында қажетті ақпарат алмасудың болмауы теріс фактор болып табылады. Ақпараттық мүмкіндіктерді дамыту бөлігінде неғұрлым өзектісі экспедиторлық компаниялардың ұлттық темір жол компаниясының ақпараттық-техникалық мүмкіндіктерін пайдалануын кеңейту болып табылады.
      Бұл фактор қазақстандық маршруттарды пайдаланған кезде жүктерді жеткізу мерзімдерінің болжамсыздығы себептерінің бірі болып табылады, бұл олардың бәсекеге қабілеттілігіне әсерін тигізуде.
      Әр түрлі елдерде экспедиторларды тасымалдаудың проблемалық учаскелері, сенімсіз компаниялар туралы хабардар етудің тәсілдері мен құралдары, сондай-ақ әр түрлі елдер бойынша тасымалдауды ұйымдастыру үшін талап етілетін әр алуан ақпарат болатын, on-line режимінде оны пайдалануға мүмкіндігі бар электрондық өзекті жаңартылатын анықтамалар әзірленетін болады.
      Сондай-ақ технологиялық процестің ақпараттық өзара іс-қимылын жетілдіру жөнінде кешенді шаралар әзірленетін болады.

Нормативтік құқықтық базаны дамыту

      Экспедиторлық қызмет нарығын дамытуды кідіртетін проблема, нормативтік құқықтық базаны жетілдірудің тұрақты талабына байланысты. Бұл ең бастысы, әсіресе, темір жол көлігіндегі белсенді нарықтық қайта құрулардан туындайды.
      Көлік саласындағы кеден органдары мен уәкілетті органның өзара іс-қимыл тәртібінің болмауы жүктерді халықаралық қатынастарда тасымалдауды жүзеге асыруға теріс әсерін тигізеді, көптеген кідіртулер туғызады, тасымалдаушы субъектілер арасында өзара кінәраттардың өсуіне әкеледі, тасымалдау құнына әсер етеді.
      "Темір жол көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына , Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 сәуірдегі Кеден кодексіне , сондай-ақ Қазақстан қатысатын халықаралық шарттарға сәйкес Темір жол көлігімен тасымалданатын жүктерді кедендік ресімдеу кезінде кеден органдары мен көлік саласындағы уәкілетті органның өзара іс-қимыл жасау ережесі әзірленетін болады. V042874
      Нормативтік құқықтық базаны өзгерту жолымен шешілуі тиіс экспедиторлар мен басқа субъектілер арасындағы өзара қатынастарды жетілдіру мәселелеріне мынадай қажеттіліктерді жатқызуға болады:
      есепке алу жүйесін пысықтау және ұлттық темір жол компаниясымен өзара есеп айырысулар;
      жүктердің тұрып қалуы туралы олардың кідіру себептерін көрсете отырып, уақтылы ақпараттандыруды қамтамасыз ету;
      габаритті емес жүктерді тасымалдауды келісу рәсімдерін жүргізу тиімділігін арттыру.

Тасымалдауларды контейнерлеу

      Елдің көлік әлеуетін іске асырудағы перспективалы бағыттардың бірі жүк ағындарын контейнерлеу болып табылады. Әлемдік практика контейнерлік тасымалдаулар өсуінің тұрақты үрдісін растайды. Бұл олардың қауіпсіздігіне, жеткізу мерзімінің қысқартылуына және "есіктен есікке дейін" қызметін ұсыну мүмкіндігіне негізделген. Қазақстан Республикасының темір жол көлігінің бүгіннің өзінде жүктерді контейнерлерде тасымалдау үшін жеткілікті техникалық мүмкіндігі бар. Тасымалдарды контейнерлеу деңгейін қазіргі 4 %-дан 30 %-ға дейін арттыруға нақты қажеттілік бар.

5. Күтілетін нәтижелер

      Темір жол көлігіндегі экспедиторлық бизнес өзінің дамуында белсенді сатыда тұр. Бұл маңызды бағыттың жетістіктері үрдіске барлық қатысушылардың күш-жігерінің жиынтығына, осы Тұжырымдаманың міндеттері мен бағыттарын іске асыруға байланысты.
      Тұжырымдаманы іске асыру мыналарды қамтамасыз етеді:
      экспедиторлық бизнестің көлік кешенінің техникалық-технологиялық мүмкіндіктерін дамыту жобаларына қатысуы, тасымалдардың баға саясатында экспедиторлық тұтқаны пайдалану, Қазақстан бағытына транзиттік жүк ағынын жандандыру;
      бәсекелестік ортаның одан әрі қалыптасуына бағытталған нормативтік құқықтық базаны жетілдіру, отандық экспедиторлық компаниялардың нығаюы және олардың нарықтағы басқа субъектілермен өзара іс-қимылының айқын жүйесін қамтамасыз ету;
      экспедиторлық бизнесті дамытудың мемлекеттік саясатының басым бағыттарын қалыптастыру;
      экспедиторлық қызмет көрсетудің сапасын жақсартуға ықпал ететін ақпараттық технологияларды қолдану;
      халықаралық нарықта экспедиторлық бизнестің жылжуына ықпал ететін халықаралық, өңірлік және салалық ынтымақтастықты жандандыру;
      инвестициялық климаттың қолайлы жағдайы кезінде мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетіктерін пайдалану, қаржының құйылуы, ірі экспедиторлық компаниялар тарапынан елдің көлік  инфрақұрылымының дамуы.
      Қойылған міндеттерді шешу олардың дәйекті және жүйелі жүзеге асырылуы кезінде экспедиторлық қызмет нарығын жаңа сапалы деңгейге жаңғыртады, транзит әлеуеттің тиімді пайдалану, жүк ағынын тарту үшін жағдай жасайды. Қазақстан Республикасы имиджінің әлемнің көлік кеңістігіне жылжуы жөніндегі түйінді міндеттер бір мезгілде шешілетін болады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады