Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және Қазақстан Республикасы Yкiметiнің кейбiр шешімдерi мен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкімдерiнің күші жойылды деп тану туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 наурыздағы N 258 қаулысы

      Қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
      2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң кейбiр өкiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы   
Үкiметiнің         
2003 жылғы 17 наурыздағы 
N 258 қаулысымен    
бекiтiлген    

Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгізілетін өзгерiстер мен толықтырулар

      1. "Темiр жол көлігіндe жолаушыларды, жүктерді және ауыр жүктердi тасымалдау тарифi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 24 ақпандағы N 203 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1995 ж., N 7, 80-құжат):
      мәтiндегі "Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттік комитетi", "мемлекетаралық қатынаста", "республика iшінен" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегі агенттiгі", "халықаралық қатынаста", "республикалық" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5-тармақта:
      "Мемлекетаралық" деген сөздiң алдынан "Жолаушыларды, жүктерді және ауыр жүктердi республикалық қатынаста Қазақстан Республикасы темiр жол поездары мен вагондарында тасымалдауды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Жолаушыларды, жүктердi және ауыр жүктердi республикалық қатынаста Қазақстан Республикасының темiр жол поездары мен вагондарында тасымалдау кезiнде мемлекетаралық жолаушылар тарифi валютасын (швейцар франкiн) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің 2002 жылғы 1 қазандағы ресми бағамы бойынша теңгемен қайта есептеу жүргiзiледi.".
      2. "Байланыс қызметiнiң тарифтерi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 23 мамырдағы N 732 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 18, 208-құжат):
      мәтіндегi "Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегі мемлекеттiк комитетiнің", "Қазақстан Pecпубликасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттік комитетi" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөнiндегі агенттігiнiң", "Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі" деген сөздермен ауыстырылсын.
      3. (күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.04.27. N 586 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен).
      4. (күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.04.27. N 586 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен).

Қазақстан Республикасы   
Үкiметiнiң        
2003 жылғы 17 наурыздағы  
N 258 қаулысына      
қосымша        

Қазақстан Pecпубликасы Yкiметiнiң және Қазақстан Pecпубликасы Премьер-Министрінің күші жойылған кейбiр шешiмдерінің тiзбесi

      1. Қазақ CCP Министрлер Кабинетi Премьер-Министрінің 1991 жылғы 20 мамырдағы N 74 өкімi.
      2. "Қазақ CCP Президентiнің "Жeкe тұрғын үй құрылысы мен тұрғын үй кооперациясын одан әрі дамыту жөнiндегi қосымша шаралар туралы" 1991 жылғы 19 наурыздағы Жарлығын жүзеге асыру туралы" Қазақ ССР Министрлер Кабинетінiң 1991 жылғы 30 мамырдағы N 345 қаулысы (ҚазССР ҚЖ, 1991 ж., N 13, 86-құжат).
      3. "Шетел валютасында баға белгiлеу тәртібi туралы" Қазақ ССР Министрлер Кабинетінің 1991 жылғы 9 қыркүйектегi N 512 қаулысы (ҚазССР ҚЖ, 1991 ж., N 21, 149-құжат).
      4. "Мемлекеттiк басқару органдарының Қазақ ССР Президентiнің "Жеке тұрғын үй құрылысы мен тұрғын үй кооперациясын одан әрі дамыту жөнiндегi қосымша шаралар туралы" 1991 жылғы 19 наурыздағы Жарлығын және Қазақ ССР Министрлер Кабинетінің 1991 жылғы 30 мамырдағы N 345 қаулысын нақты жүзеге асыру жөнiндегi мiндеттерi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 3 ақпандағы N 89 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1992 ж., N 5, 83-құжат).
      5. "1992 жылға электр және энергиясының тарифтерi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 18 ақпандағы N 120 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1992 ж., N 6, 98-құжат).
      6. "Тұрғын үйді жекешелендiруге байланысты азаматтардың жекелеген санаттары үшін қосымша жеңілдіктер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 23 сәуiрдегі N 374 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1992 ж., N 17, 264-құжат).
      7. "Мұнай және мұнай өнiмдерінің бағасы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 25 мамырдағы N 460 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1992 ж., N 20, 460-құжат).
      8. "Екiбастұзкөмiр" өндiрiстiк бiрлестiгi көмiр өнiмдерiнің бағасы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнің 1992 жылғы 1 маусымдағы N 483 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1992 ж., N 21, 346-құжат).
      9. "Энергия ресурстарының және өнiмдер мен көрсетiлетiн қызметтердiң басқа да түрлерінің бағасын мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнің 1992 жылғы 1 маусымдағы N 484 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1992 ж., N 22, 349-құжат).
      10. "Энергия pecурстарының және өнiмдер мен көрсетiлетiн қызметтердің басқа да түрлерінің бағасын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 1 маусымдағы N 44 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 28 тамыздағы N 713 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1992 ж., N 34, 518-құжат).
      11. "Байланыстың зейнетақы мен жәрдемдi төлеу жөнiнде көрсететiн қызметiнiң реттелетiн тарифiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнің 1992 жылғы 28 тамыздағы N 715 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1992 ж., N 34, 520-құжат).
      12. "Сауда және жабдықтау-өткізу ұйымдары бойынша сауда үстемелерiнің мөлшерлерi мен рентабельділіктің шекті деңгейлерi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнің 1992 жылғы 2 қыркүйектегi N 735 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1992 ж., N 35, 530-құжат).
      13. "Темiржол көлігінде жүк тиеу-түсiру жұмыстарының тарифтерi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнің 1992 жылғы 16 қыркүйектегi N 768 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1992 ж., N 35, 544-құжат).
      14. "Энергия көздерінің және өнімдер мен көрсетiлетiн қызметтердің басқа да түрлерінің бағасын мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнің 1992 жылғы 30 қазандағы N 905 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1992 ж., N 41, 613-құжат).
      15. "Зейнеткерлердi әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнің 1992 жылғы 7 желтоқсандағы N 1027 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1992 ж., N 47, 705-құжат).
      16. "Республикааралық қатынаста темiр жол көлiгiмен жүк тасымалдау тарифтерi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 8 қаңтардағы N 23 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., N 1, 18-құжат).
      17. "Энергия көздерінің бағасын мемлекеттiк реттеу және тұрғын үй-коммуналдық қызметтерге тарифтердiң қымбаттауына байланысты халықты әлеуметтiк қолдау туралы" Қазақстан Pecпубликасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 28 қаңтардағы N 68 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., N 2, 29-құжат).
      18. "Темiр жолда жолаушыларды, багаж бен жүк багажын тасымалдау тарифтерi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 4 наурыздағы N 162 қаулысы (Қазақстан Peспубликасының ПYКЖ-ы, 1993 ж., N 6, 79-құжат).
      19. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнің 1992 жылғы 30 қазандағы N 905 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 10 наурыздағы N 191 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1993 ж., N 8, 93-құжат).
      20. "Темiр жол көлігімен жүк тасымалдаудың тарифтерi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 29 наурыздағы N 238 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., N 9, 113-құжат).
      21. "Темiр жолда жолаушыларды, жүктер мен қол жүгiн тасымалдау тарифтерi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 5 сәуiрдегi N 261 қаулысы (Қазақстан Pecпубликасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., N 11, 132-құжат).
      22. "Темiр жол көлігімен жүк тасымалдау тарифтерi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 12 сәуiрдегi N 294 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., N 12, 151-құжат).
      23. "Темiр жол көлiгiмен жүк тасымалдағаны және басқа да қызмет көрсеткені үшiн уақтылы ақы төлемеген жағдайда кәсiпорындар мен ұйымдардың жауапкершiлігі туралы" Қазақстан Pecпубликасы Министрлер Кабинетінiң 1993 жылғы 14 сәуiрдегi N 306 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., N 13, 158-құжат).
      24. "Темiр жол көлiгiмен жүк тасымалдау тарифтерi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 6 мамырдағы N 365 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., N 16, 189-құжат).
      25. "Мұнайдың ренталық төлемдерінің ставкаларын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 12 мамырдағы N 379 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., N 18, 197-құжат).
      26. "Пәтерге (тұрғын үйге) жеке меншiк құқығы куәлiк нысанын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнің 1993 жылғы 3 маусымдағы N 456 қаулысы (Қазақстан Рecпубликасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., N 21, 263-құжат).
      27. "Тұрғын үй кооперативінің үйiнен тұрғын үй-жай алуға арналған ордер нысанын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнің 1993 жылғы 3 маусымдағы N 457 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., N 21, 264-құжат).
      28. "Тұрғын үй-жайларды пайдалану, тұрғын үйдi және үй іргесіндегі аумақты ұстау ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнің 1993 жылғы 3 маусымдағы N 459 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., N 21, 266-құжат).
      29. "Энергия көздерiнің мемлекеттік реттелетiн бағасы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнің 1993 жылғы 5 тамыздағы N 678 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., N 32, 368-құжат).
      30. "Нанның, нан-тоқаш өнiмдерінің, тарының, ұнтақ, жарманың және халыққа пiсiрілген нан орнына сатылатын ұнның бағасы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнің 1993 жылғы 30 тамыздағы N 745 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., N 34, 390-құжат).
      31. "Теміржол көлiгiмен жүк және жолаушы тасымалдауға арналған тарифтер туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінiң 1993 жылғы 10 қыркүйектегi N 861 қаулысы (Қазақстан Республикасы ПҮКЖ-ы, 1993 ж., N 37, 430-құжат).
      32. "Темiр жолмен жүк тасымалдау тарифтерi туралы" Қазақстан Pecпубликасы Министрлер Кабинетiнің 1993 жылғы 26 қазандағы N 1059 қаулысы (Қазақстан Pecпубликасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., N 42, 506-құжат).
      33. "Теміржол тарифтерiн ұлттық валютамен қайта есептеу тәртібi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнің 1993 жылғы 23 қарашадағы N 1173 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1993 ж., N 45, 544-құжат).
      34. "Қазақстан Республикасы Экономика министрлігі жанындағы Баға комитетiне қосымша қызметкерлер санын бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнің 1993 жылғы 26 қарашадағы N 1191 қаулысы .
      35. "Жүктердi, жолаушыларды, багажды және жүк-багажды темiржол көлігiмен тасымалдауға арналған тарифтер туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнің 1994 жылғы 4 қаңтардағы N 23 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1994 ж., N 1, 10-құжат).
      36. "Темiржол тарифтерiн ұлттық валютаға қайта есептеудiң тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнің 1994 жылғы 4 қаңтардағы N 24 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1994 ж., N 1, 11-құжат).
      37. "Мемлекетаралық қатынаста темiржол көлiгiмен жүк тасымалына арналған тарифтер туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнің 1994 жылғы 23 наурыздағы N 287 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1994 ж., N 15, 144-құжат).
      38. "Энергия ресурстарына бағаны ырықтандыру және кейбiр қызмет түрлерінің тарифтерін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнің 1994 жылғы 23 наурыздағы N 288 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1994 ж., N 15, 145-құжат).
      39. "Көмiр өнеркәсiбi кәсіпорындарының жұмысын тұрақтандыру жөнiндегi қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 5 мамырдағы N 482 қаулысы .
      40. "Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiнде аэронавигациялық қызмет көрсетудiң тәртібі мен шарттары туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнің 1994 жылғы 10 мамырдағы N 489 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1994 ж., N 21, 217-құжат).
      41. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің 1994 жылғы 10 қазандағы N 412 өкiмi .
      42. "Нанның, нан-тоқаш тағамдарының, тарының, ұнтақ жарманың, пiсiрілген нан орнына сатылатын ұнның және құрама жемнің бағасын ырықтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 11 қазандағы N 1163 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1994 ж., N 44, 472-құжат).
      43. "Шаруашылық жүргізуші субъектiлер - табиғи монополияшылардың өнiмдерiне бағаны реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнің 1994 жылғы 19 қазандағы N 1171 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1994 ж., N 44, 474-құжат).
      44. "Мұнай өнiмдерiне бағаны босату туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнің 1994 жылғы 4 қарашадағы N 1224 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1994 ж., N 45, 486-құжат).
      45. "Мұнай бағасын ырықтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнің 1994 жылғы 15 желтоқсандағы N 1416 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1994 ж., N 48, 530-құжат).
      46. "Нанға, нан-тоқаш тағамдарына, тарыға, ұнтақ жармаға, пісірілген нан орнына сатылатын ұнға және құрама жемге сауда үстемесiн ырықтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 10 сәуірдегі N 437 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 12, 144-құжат).
      47. "Байланыс қызметінің тарифтері туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 23 мамырдағы N 732 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 18 208-құжат).
      48. "Байланыс қызметiнiң тарифтері туралы" Қазақстан Pеспубликасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 23 мамырдағы N 732 қаулысына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 29 тамыздағы N 1201 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 29, 357-құжат).
      49. "Pecпубликаның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 4 қазандағы N 1299 қаулысы (Қазақстан Pecпубликасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 32, 400-құжат).
      50. "Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын дамытуды ынталандыру жөнiндегi қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 6 қазандағы N 1311 қаулысы (Қазақстан Pecпубликасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 32, 405-құжат), 7-тармағын қоспағанда.
      51. "Тауарлар мен қызмет көрсетулер үшін қолма-қол ақшамен есеп айырысуды ұйымдастыруды жетiлдiру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1995 жылғы 18 қазандағы N 1342 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 33, 416-құжат).
      52. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінiң 1995 жылғы 15 желтоқсандағы N 513 өкiмi .
      53. "Электр энергиясына арналған тарифтер туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1996 жылғы 26 қаңтардағы N 102 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 6, 33-құжат).
      54. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылдың 19 қазандағы N 1171 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1996 жылғы 12 наурыздағы N 301 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 12, 89-құжат).
      55. "Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттік комитетiнің жұмысындағы кемшiліктеp туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1996 жылғы 11 сәуiрдегi N 426 қаулысы .
      56. "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын монополиясыздандыру және тұрғын үй-коммуналдық қызмет көрсетулерi үшiн есеп айырысуды тәртіпке келтiру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1996 жылғы 13 мамырдағы N 587 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 20, 177-құжат).
      57. "Баға түзудегі бағаның өсуi мен мониторинг белгілеудiң негiзділігінe бақылау жасауды күшейту жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1996 жылғы 17 шiлдедегi N 910 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 31, 286-құжат).
      58. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1996 жылғы 13 мамырдағы N 587 қаулысына өзгерту енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1996 жылғы 23 шілдедегi N 922 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 32, 292-құжат).
      59. "Электр энергиясындағы мемлекеттiк реттеуші комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1996 жылғы 25 шілдедегi N 929 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 32, 295-құжат).
      60. "Темiр жол қызметiне арналған тарифтер туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1996 жылғы 26 тамыздағы N 1054 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., 35, 334-құжат).
      61. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 19 қазандағы N 1171 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1997 жылғы 8 мамырдағы N 811 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 78, 169-құжат).
      62. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнің 1994 жылғы 19 қазандағы N 1171 қаулысына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1997 жылғы 13 мамырдағы N 828 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 19, 175-құжат).
      63. "Жылуды, ыстық және суық суды тұтыну нормаларын қолдануды ретке келтiру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1997 жылғы 29 мамырдағы N 889 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 23, 204-құжат).
      64. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің 1997 жылғы 30 мамырдағы N 155 өкiмi .
      65. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің 1997 жылғы 30 мамырдағы N 159 өкiмi .
      66. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1996 жылғы 25 шілдедегі N 929 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1997 жылғы 17 маусымдағы N 981 қаулысы .
      67. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1997 жылғы 1 шiлдедегi N 204 өкiмi .
      68. "Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1997 жылғы 29 мамырдағы N 889 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 10 шілдедегi N 1091 қаулысы (Қазақстан Pеcпубликасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 31, 284-құжат).
      69. "Қазақстан Республикасында тұтынушылардың құқықтарын қорғауды күшейту жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1997 жылғы 7 тамыздағы N 1238 қаулысы (Қазақстан Pеcпубликасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 36, 342-құжат).
      70. "Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1997 жылғы 8 тамыздағы N 1243 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 36, 345-құжат).
      71. "Қолданып жүрген заңдарға сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарына жеңiлдiктер беру кезiнде отын босату нормалары, тұрғын үй-коммуналдық қызметтерiн және байланыс қызметтерін тұтыну туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1997 жылғы 19 тамыздағы N 1266 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 38, 362-құжат).
      72. "Тұрғын үй қорының сақталуын қамтамасыз ету және ұсынылатын тұрғын үй-коммуналдық қызметтердiң сапасын арттыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1997 жылғы 17 қыркүйектегi N 1348 қаулысы .
      73. "Коммуналдық қызмет көрсетулер үшін төлем ақы белгілеудің тәртiбi туралы" Қазақстан Pecпубликасы Үкiметiнің 1997 жылғы 29 қыркүйектегi N 1377 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 44, 404-құжат).
      74. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1996 жылғы 25 шілдедегі N 929 қаулысына өзгерiстер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 15 сәуiрдегi N 338 қаулысы .
      75. "Табиғи монополияшы шаруашылық жүргізуші субъектiлердiң қызметін реттеу жөнiндегі қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 15 сәуiрдегi N 339 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1998 ж., N 11, 89-құжат).
      76. "Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөнiндегi комитетiнің орталық аппараты штатының саны туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 1998 жылғы 30 шілдедегі N 724 қаулысы .
      77. "Қазақстан Pecпубликасы Yкіметiнің кейбiр шешiмдерiне өзгертулер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 1996 жылғы 5 наурыздағы N 280 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Pecпубликасы Yкiметiнің кейбiр шешімдерiне енгiзілетiн өзгертулердің 3, 4-тармақтары (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., N 11, 80-құжат).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады