"Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы 2008 жылғы есепті бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 мамырдағы N 645 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы 2008 жылғы есепті бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы 2008 жылғы есепті бекіту туралы

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 134-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы 2008 жылғы есеп бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы 2008 жылғы есепті Қазақстан Республикасының Парламентіне ақпарат ретінде ұсынсын;
      2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы 2008 жылғы есеп және аудит жүргізу нәтижелері туралы ақпараттың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                       Н. Назарбаев

Қазақстан Республикасы
Президентінің    
2009 жылғы "__"_______
N ___ Жарлығымен 
бекітілген     

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы 2008 жылғы
ЕСЕП

Мазмұны

1-бөлім. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдері және
         оны пайдалану туралы есеп
2-бөлім. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқару
         жөніндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі
         туралы 2008 жылғы есеп
3-бөлім. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі
         2008 жылғы өзге де деректер

1-бөлім. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдері және оны пайдалану туралы 2008 жылғы есеп

Р/с N

Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры қаражатының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы

Сомасы (мың теңге)

1

2

3

1.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының есепті кезеңнің басындағы қаражаты

2 733 351 338*

2.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін түсімдер:

1 652 527 290


оның ішінде:


мұнай секторы кәсіпорындарынан түсетін тікелей салықтар (жергілікті бюджеттерге есептелетін салықтарды қоспағанда)

1 700 475 542

оның ішінде:


корпоративтік табыс салығы

1 021 528 734

үстеме пайдаға салынатын салық

198 538 354

бонустар

23 850 379

роялтилер

367 092 829

өнімді бөлу жөніндегі Қазақстан Республикасының үлесі

88 509 136

экспортталатын шикі мұнайға, газ конденсатына салынатын рента салығы

956 110

қызметін өнімді бөлу жөніндегі келісім-шарт бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемі

0

мұнай секторы кәсіпорындары жүзеге асыратын операциялардан түсетін басқа да түсімдер (жергілікті бюджеттерге есептелетін түсімдерді қоспағанда)

16 678 115

оның ішінде:


орталық мемлекеттік органдар, олардың аумақтық бөлімшелері мұнай секторы кәсіпорындарына салатын әкімшілік айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар

16 433 290

республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мұнай секторы кәсіпорындарына салатын басқа да айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар

2 157

мұнай секторы кәсіпорындарынан түсетін басқа да салықтық емес түсімдер

242 668

республикалық меншіктегі және тау-кен өндіру әрі өңдеуші салаларға жататын мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден түсетін түсімдер

0

ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер

1 611 147

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқарудан түсетін инвестициялық кірістер

(66 237 514)

Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге түсімдер мен кірістер

0

3.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының пайдаланылуы:

1 075 095 373


оның ішінде:


кепілдік берілген трансферттер

464 921 333

нысаналы трансферттер

607 500 000

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару мен жыл сайынғы сыртқы аудитті жүргізуге байланысты шығыстарды жабу

2 674 040

4.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының есепті кезеңнің аяғындағы қаражаты:

3 310 783 255**

      * 2008 жылдың басындағы сальдо 2 463 379 мың теңге мөлшерінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының есептелген және мерзімі ұзартылған шығыстарының сомасын және 51 мың теңге айырма мен "Эрнст Янг" ЖШС-ның сыртқы аудиторы жасаған еткен жылдардағы қаржылық есептіліктегі дөңгелектеу сомасын есепке алмай көрсетілген;
      ** 2008 жылдың аяғындағы сальдо 1 411 680 мың теңге мөлшерінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының есептелген және мерзімі ұзартылған шығыстарының сомасын және 51 мың теңге айырма мен "Эрнст Янг" ЖШС-ның сыртқы аудиторы жасаған өткен жылдардағы қаржылық есептіліктегі дөңгелектеу сомасын есепке алмай көрсетілген.
      2008 жылғы 1 қаңтарға Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты 2 733 351 338 мың теңгені (2 730 887 908 мың теңге - аудиттелген қаржылық есептілікке сәйкес есептеу тәсілімен), 2008 жылғы 31 желтоқсанға 3 310 783 225 мың теңгені (3 309 371 524 мың теңге - аудиттелген қаржылық есептілікке сәйкес есептеу тәсілімен) құрады.
      2008 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына 1 718 764 804 мың теңге түсті, оның ішінде мұнай секторы кәсіпорындарынан түскен тікелей салықтардың түсімдері есебінен (жергілікті бюджеттерге есепке алынатын салықтарды қоспағанда) - 1 700 475 542 мың теңге, оның 717 773 121 мың теңгесі (5 970 629 мың АҚШ долларына барабар) кезекті айырбастау/қайта айырбастау операциясын дәл сол күні жүргізу жолымен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының тиісті шотына теңгемен есепке алынған шетелдік валютадағы түсімдер болып табылады, мұнай секторы кәсіпорындары жүзеге асыратын операциялардан түсетін басқа да түсімдер (жергілікті бюджеттерге есептелетін түсімдерді қоспағанда) - 16 678 115 мың теңге, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер - 1 611 147 мың теңге; Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқарудан түсетін инвестициялық кірістер - 66 237 514 мың теңге.

Мұнай секторы кәсіпорындарынан 2008 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түскен түсімдердің құрылымы

Салық төлемдерінің түрі

Сомасы (мың теңге)

Жалпы көлемдегі үлесі, (%)

Корпоративтік табыс салығы, оның ішінде

1 021 528 734

59,49

КТС 101105*

862 026 764

50,20

КТС 101106*

19 239 822

1,12

КТС 101107*

137 853 410

8,03

КТС 101109*

2 408 738

0,14

Үстеме пайдаға салынатын салық

198 538 354

11,56

Бонустар

23 850 379

1,39

Роялтилер

367 092 829

21,38

Өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесі

88 509 136

5,15

Экспортталатын шикі мұнайға, газ конденсатына салынатын рента салығы

956 110

0,06

Орталық мемлекеттік органдар, олардың аумақтық бөлімшелері мұнай секторы кәсіпорындарына салатын әкімшілік айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар

16 433 290

0,96

Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мұнай секторы кәсіпорындарына салатын өзге де айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар

2 157

0

Мұнай секторы кәсіпорындарынан түсетін басқа да салықтық емес түсімдер

242 668

0,01

Барлығы:

1 717 153 657

100,00

Ескертпе:
      * КТС 101105 - заңды тұлғалар - мұнай секторы кәсіпорындарынан алынатын корпоративтік табыс салығы;
      * КТС 101106 - мұнай секторы кәсіпорындары резидент заңды тұлғалардан төлем көзінен ұстайтын корпоративтік табыс салығы;
      * КТС 101107 - мұнай секторы кәсіпорындары резидент емес заңды тұлғалардан төлем көзінен ұстайтын корпоративтік табыс салығы;
      * КТС 101109 - мұнай секторы кәсіпорындарына жататын резидент емес заңды тұлғалардың таза табысына салынатын корпоративтік табыс салығы.
      Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына мұнай секторы кәсіпорындарынан түсетін түсімдердің негізгі бөлігін (59,49 %) заңды тұлғаларға алынатын корпоративтік табыс салығы, одан соң үлесі түсімдердің жалпы сомасының 21,38 %-ін құрайтын роялти алады. Үстеме пайдаға салынатын салық түсімдердің жалпы сомасының 11,56 %-ін құрайды және өнімді бөлу жөніндегі Қазақстан Республикасының үлесі түсімдердің жалпы сомасының 5,15 %-ін құрады.
      "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2007-2009 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 25 қарашадағы N 189 Заңына сәйкес 2008 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке даму бюджетінің шығыстарын жабуға кепілдендірілген трансферт түрінде жоспарланған 461 430 640 мың теңгенің 461 400 000 мың теңгесі аударылды, ол жоспардың 99,9 %-ін құрайды. Бұдан басқа, 2008 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан республикалық бюджетке жоспарланған 5 094 146 мың теңгенің 3 521 333 мың теңгесі аударылды, бұл 69,1 %-ті құрайды.
      "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін 2008 жылға арналған нысаналы трансферт туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қазандағы N 682 Жарлығына сәйкес 2008 жылғы қараша мен желтоқсанда Қазақстан Республикасының ұлттық экономикасының бәсекеге қабілеттілігін және орнықты дамуын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды іске асыру үшін "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайтуға Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан республикалық бюджетке нысаналы трансферт түрінде 607 500 000 мың теңге аударылды.

2-бөлім. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқару жөніндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі туралы 2008 жылғы есеп

      "КПМГ Аудит" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізген Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры аудитінің нәтижелері бойынша қаржылық есептілік шынайы деп танылды және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес келетін Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаржылық жағдайын көрсетеді.

1-нысан

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сенімгерлік басқару жөніндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бухгалтерлік теңгерімі (мың теңге)

Баптың атауы

2008 жылы

2007 жылы

Активтер



Ақша және оның баламалары

49 161 183

272 866 927

Туынды қаржы құралдарын қоспағанда, пайда немесе шығын арқылы әділ құн бойынша ескерілетін қаржы құралдары

3 258 923 673

2 458 210 937

Туынды қаржы құралдары

4 901 962

948 566

Дебиторлық берешек

1 259 171

2 566 498

Активтердің барлығы

3 314 245 989

2 734 592 928

Міндеттемелер мен таза активтер



Туынды қаржы құралдары

2 466 448

1 057 676

Кредиторлық берешек және есептелген шығыстар

2 408 017

2 647 344

Міндеттемелердің барлығы

4 874 465

3 705 020

Қазақстан Республикасы Үкіметінің шотына енгізілген таза активтер

3 309 371 524

2 730 887 908

      2008 жылғы 31 желтоқсанға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының кредиторлық берешегінің және есептелген шығыстарының жалпы сомасы 2 408 017 мың теңгені құрады, одан:
      инвестициялық операциялар бойынша шетелдік валютадағы кредиторлық берешек - 996 337 мың теңге;
      Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына көрсетілген қызметтер үшін кредиторлық берешек теңгемен - 1 411 680 мың теңге, оның ішінде:
      активтерді басқарғаны үшін комиссия - 1 277 929 мың теңге, оның ішінде:
      679 754 мың теңге - сыртқы басқарушылардың қызметтері үшін комиссия;
      598 175 мың теңге - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің комиссиясы;
      басқа есептелген шығыстар - 133 751 мың теңге, оның ішінде:
      118 931 мың теңге - Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының сыртқы кастодианы ВNҮ Меllоn Аssеt Sеrvісіng В.V. қызметтері үшін;
      14 820 мың теңге - аудиторлық қызметтер үшін.
      2008 жылғы 31 желтоқсанға инвестициялық операциялар бойынша шетелдік валютадағы дебиторлық берешекті білдіретін Ұлттық қордың дебиторлық берешегінің жалпы сомасы 1 259 171 мың теңгені құрады.
      Ұлттық қорды сенімгерлік басқарудың 2008 жылғы қорытындылары бойынша есептелген кірістер мен шығыстар бойынша негізгі көрсеткіштер мынаны құрады:
      1) басқару нәтижелері бойынша шығындар - 79 464 897 мың теңге;
      2) басқарудан келген шығыстар - 1 622 342 мың теңге;
      3) теңгемен қайта бағалау (қайта есептеу) бойынша оң айырма - 13 227 384 мың теңге.
      Осылайша, шығыстарды шегергенге дейін таза активтердің нетто-әкетілуі 66 237 514 мың теңгені, шығыстарды шегергеннен кейін таза активтердің нетто-әкетілуі 67 859 855 мың теңгені, таза шығын 81 087 239 мың теңгені құрады.
      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының BNY Меllоn Аssеt Sеrvісіng В.V. кастодиан банкінің деректері бойынша 2008 жылғы 1 қаңтар - 2008 жылғы 31 желтоқсан кезеңінде функционалды (базалық) валюта - АҚШ долларымен есептелген инвестициялық шығын (іске асырылған және іске асырылмаған) пайда болды, ол 656 287 мың АҚШ долларын құрады. Мәмілелер жасауға арналған шығындарды ескере отырып түзетілген инвестициялық шығын BNY Меllоn Аssеt Sеrvісіng В.V. кастодиан банкінің деректері бойынша 2008 жылғы 1 қаңтар - 2008 жылғы 31 желтоқсан кезеңінде 660 мың АҚШ долларын құрады.

2-нысан

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сенімгерлік басқару жөніндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің пайдасы мен шығындары туралы есеп (мың теңге)

Баптың атауы

2008 жылы

2007 жылы

Кірістер



Сыйақы түріндегі кірістер

78 740 645

73 553 658

Дивидендтер түріндегі кірістер

13 464 972

12 152 166

Форвардтық валюталық келісім-шарттарды қоспағанда, пайда немесе шығын арқылы әділ құн бойынша ескерілетін қаржы құралдарынан түсетін кіріс

(88 789 714)

28 886 584

Форвардтық валюталық келісім-шарттардан түсетін таза пайда/(шығын)

5 128 845

1 417 922

Шетелдік валюталарды қайта бағалаудан түсетін таза пайда/(шығын)

(88 009 645)

89 990 488

Кірістердің жиыны

(79 464 897)

206 000 818

Шығыстар



Активтерді басқарғаны үшін комиссиялар

1 360 501

2 097 832

Кастодиандық қызметтерге ақы төлеу жөніндегі шығыстар

227 349

193 757

Аудиторлық қызметтерге ақы төлеу жөніндегі шығыстар

14 820

14 820

Кәсіби қызметтерге ақы төлеу жөніндегі шығыстар

1 774

999

Бағдарламалық өнімдерді және ақпараттық дерекқорды пайдаланғаны үшін ақы төлеу жөніндегі шығыстар

17 898

16 142

Шығыстардың барлығы

1 622 342

2 323 550

Таза кіріс (шығын)

(81 087 239)

203 677 268

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының шотынан есепті кезеңде Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін басқаруға байланысты жалпы сомасы 2 674 040 мың теңге мынадай шығыстар төленді:
      1 590 292 мың теңге - Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сенімгерлік басқарғаны үшін сыртқы басқарушыларға комиссиялық сыйақы, оның ішінде 416 426 мың теңге 2008 жылғы қызметтер үшін, 1 173 866 мың теңге - өткен жылдардағы қызметтер үшін;
      805 448 мың теңге - Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сенімгерлік басқарғаны үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне комиссиялық сыйақы, оның ішінде 506 368 мың теңге - 2008 жылғы қызметтер үшін, 167 824 мың теңге - өткен жылдардағы қызметтер үшін;
      242 808 мың теңге - Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының сыртқы кастодианы BNY Меllоn Аssеt Sеrvісіng В.V. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына қызмет көрсеткені үшін төлемақы, оның 109 068 мың теңгесі - 2008 жылғы қызметтер үшін, 133 740 мың теңге - өткен жылдардағы қызметтер үшін;
      14 820 мың теңге - өткен жылдардағы аудиторлық қызметтер үшін төлемақы;
      9 012 мың теңге - 2008 жылы "Ваrrа Іntеrnаtіоnаl LТD" компаниясының бағдарламалық өнімін пайдаланғаны үшін төлемақы;
      7 625 мың теңге - 2008 жылы "Үіеld Вооk" компаниясының қызметтері үшін төлемақы;
      2 773 мың теңге - "МакГуайерВудс Қазақстан" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің заң кеңесшісі қызметтері үшін төлемақы, оның ішінде 2008 жылғы қызметтер үшін 1 774 мың теңге, өткен жылдардағы қызметтер үшін 1 000 мың теңге;
      1 262 мың теңге - "Моrgаn Stаblеу Саріtаl Іntеrnаtіоnаl" компаниясының 2008 жылғы қызметтері үшін төлемақы.

3-нысан

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сенімгерлік басқару жөніндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп (мың теңге)

Баптың атауы

2008 жылы

2007 жылы

1

2

3

Операциялық қызметтен түскен ақша қаражатының қозғалысы



Таза пайда (шығын)

(81 087 239)

203 677 268

Түзетулер:



Пайда немесе шығын арқылы әділ құн бойынша ескерілетін қаржы құралдарынан іске асырылмаған шығын/(пайда)

153 003 360

(67 263 469)

Операциялық активтер мен міндеттемелердегі өзгерістерге дейінгі операциялық қызметтен болатын ақша қаражатының қозғалысы

71 916 121

136 413 799

Операциялық активтердің азаюы (ұлғаюы):



Туынды қаржы құралдарынан басқа, пайда немесе шығын арқылы әділ құн бойынша ескерілетін қаржы құралдары

(940 488 712)

(743 012 989)

Туынды қаржы құралдары

(3 953 396)

3 195 519

Дебиторлық берешек

1 307 327

472 009

Операциялық міндеттемелердің ұлғаюы (азаюы):



Туынды қаржы құралдары

1 408 772

(1 703 612)

Кредиторлық берешек және есептелген шығыстар

(239 327)

(14 440 459)

Ақша қаражатын операциялық қызметте таза пайдалану

(870 049 215)

(619 075 733)

Қаржылық қызметтен болатын ақша қаражатының қозғалысы



Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінен түскен түсімдер және басқа да түсімдер

1 718 764 804

1 043 349 358

Республикалық бюджетке аударымдар және басқа да аударымдар

(1 072 421 333)

(258 000 000)

Қаржылық қызметтен түскен ақша қаражатының таза түсімі/(әкетілуі)

646 343 471

785 349 358

Ақша қаражатының және оның баламаларының таза ұлғаюы/(азаюы)

(223 705 744)

166 273 625

Кезең басындағы ақша және оның баламалары

272 866 927

106 593 302

Кезең соңындағы ақша және оның баламалары

49 161 183

272 866 927

4-нысан

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сенімгерлік басқару жөніндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің таза активтеріндегі өзгерістер туралы есеп

                                                       (мың теңгемен)


Түсімдер

Алулар

Таза пайда (шығын)

Валютаны қайта бағалау бойынша резерв

Барлығы

1

2

3

4

5

6

2006 жылғы 31 желтоқсанға сальдо

1 735 606 552

(7 509 108)

215 895 463

(92 051 791)

1 851 941 116

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінен түскен түсімдер және басқа да түсімдер

1 043 349 358




1 043 349 358

Республикалық бюджетке аударымдар және басқа да аударымдар


(258 000 000)



(258 000 000)

Валютаны қайта бағалаудың активтердің бастапқы сальдосына әсері




(97 700 831)

(97 700 831)

Валютаны қайта бағалаудың таза пайдаға (шығынға) әсері




(12 379 003)

(12 379 003)

Таза пайда (шығын)



203 677 268


203 677 268

2007 жылғы 31 желтоқсандағы сальдо

2 778 955 910

(265 509 108)

419 572 731

(202 131 625)

2 730 887 908

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінен түскен түсімдер және басқа да түсімдер

1 718 764 804




1 718 764 804

Республикалық бюджетке аударымдар және басқа да аударымдар


(1 072 421 333)



(1 072 421 333)

Валютаны қайта бағалаудың активтердің бастапқы сальдосына әсері




11 123 317

11 123 317

Валютаны қайта бағалаудың таза пайдаға (шығынға) әсері




2 104 067

2 104 067

Таза пайда (шығын)



(81 087 239)


(81 087 239)

2008 жылғы 31 желтоқсанға сальдо

4 497 720 714

(1 337 930 441)

338 485 492

(188 904 241)

3 309 371 524

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтері 2008 жылдың аяғында 3 309 371 524 мың теңгені құрады (аудиттелген қаржылық есептілікке сәйкес есептеу әдісімен), жылдық өсім 21 %-ті құрады. Негізінен активтердің ұлғаюына мұнай секторы кәсіпорындарынан түсетін тікелей салықтар (жергілікті бюджеттерге есептелетін салықтарды қоспағанда) бойынша түсімдер көлемінің артуы есебінен қол жеткізілді.

3-бөлім. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі 2008 жылғы өзге де деректер

      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін басқару
      Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес жеткілікті өтімділік деңгейінің сақталуын қамтамасыз ету, тәуекел деңгейінің біркелкілігі жағдайында ұзақ мерзімді перспективада кірістіліктің жоғары деңгейін ұстап тұру, инвестициялық кірістер алу мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржы құралдарына орналастырылады. Осыған байланысты әлемдік экономика конъюнктурасының өзгеруі Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қызметіне елеулі әсер етеді.
      2007 жылы басталған өтімділік дағдарысы 2008 жылғы әлемдік қаржы дағдарысына ұласты, ол әлемдік экономиканың өсу қарқынына әсер етті. Есепті жылы тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының тұрақтандыру функциясы іске асырылды, ол шикізат ресурстарына бағалардың конъюнктурасы қолайсыз болған жылдары мемлекеттік шығыстарды қаржыландыруға бейімделген. Қазақстан Республикасының экономикасы мен қаржы жүйесін тұрақтандыру бағдарламасын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 10 млрд. АҚШ доллары бөлінді, оның 5 млрд. АҚШ доллары 2008 жылы бөлінген болатын.
      Халықаралық капитал нарықтары жоғары тұрақсыздығымен көрінді. 2008 жылдың нәтижелері бойынша әлемдік қор нарықтары 40 %-тен астам құлдырай отырып, теріс нәтиже көрсетті, сонымен қатар халықаралық борыш нарықтары капиталдың қашуы аясында өскен сұранысқа байланысты оң нәтиже көрсетті.
      Сонымен бірге, 2008 жылы тұрақтандыру қоржынына шоғырландырылған активтер бойынша 2,40 % мөлшерінде оң кірістілік алынды, ал жинақтау қоржынының кірістілігі (-) 4,58 %-ті құрады.
      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптасқан (-) 2,28 % теріс кірістілігіне қарамастан, басқару нәтижесі осындай қорлар арасындағы үздік көрсеткіш болып табылады.
      Басқарудың үздік нәтижесі Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының шамамен 1 млрд. АҚШ доллары сомасындағы активтерін сақтап қалуға мүмкіндік берген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің уақтылы іс-қимылына байланысты мүмкін болды, олай болмаған жағдайда Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының кірістілігі шамамен (-) 6,0 %-ті құраған болар еді.
      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін бөлу құрылымы мынадай түрге ие болды. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры валюта қоржынының жалпы нарықтық құны 2008 жылғы 31 желтоқсанда 27 409 405 520 АҚШ долларына, оның ішінде тұрақтандыру қоржыны 10 472 645 968 АҚШ долларына (38,21 %) және жинақтау қоржыны 16 936 759 553 АҚШ долларына (61,79 %) тең болды.
      Бағалы қағаздар мен Қор қоржынының құрамына кіретін басқа қаржы құралдарының нарықтық құны Ұлттық қордың кастодиан банкі ВИҮ Меllоn Аssеt Sеrvісіng В.V. деректеріне негізделеді.

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының тарихи кірістілігі

       (Диаграмманы қағаз мәтінінен қараңыз)

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының
активтерін бөлу құрылымы

Мандат түрі

Барлығы

USD-мен нарықтық құны

%

Тіркелген кірісі бар бағалы қағаздар

13 641 898 182

49,77

Ақша нарығы

10 472 645 968

38,21

Акциялар

2 526 205 568

9,22

Жаһандық тактикалық бөлу

768 655 803

2,80

БАРЛЫҒЫ

27 409 405 520

100,00

Тұрақтандыру қоржынының активтерін
бөлу серпіні


31.12.2007

31.03.2008

30.06.2008

30.09.2008

31.12.2008

Ақша және ақша нарығының құралдары

90,72%

89,57%

96,03%

98,92%

94,96%

Облигациялар

9,28%

10,43%

3,97%

1,08%

5,04%

Тұрақтандыру қоржынының барлығы

100,00%

100,00%

100,00%

100,00%

100,00%

Жинақтау қоржынының активтерін
бөлу серпіні


31.12.2007

31.03.2008

30.06.2008

30.09.2008

31.12.2008

Ақша және ақша нарығының құралдары

4,95%

5,78%

1,40%

3,66%

3,82%

Тіркелген кірісі бар бағалы қағаздар

71,22%

73,15%

76,84%

76,79%

80,24%

Акциялар

23,83%

21,07%

21,76%

19,55%

15,94%

Жинақтау қоржынының барлығы

100,00%

100,00%

100,00%

100,00%

100,00%

      Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры құрылғаннан бастап 2008 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде инвестициялық кіріс 2 693 млн. АҚШ долларын құрады. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының кірістілігі құрылғаннан бастап 2008 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде 44,43 %-ті құрады, бұл жылдық мәнде 4,96 % болды.
      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының таза активтері мынадай санаттар (инвестициялық қоржын түрлері) бойынша жіктелген:
      тұрақтандыру қоржыны;
      жинақтау қоржыны:
      тіркелген кірісі бар бағалы қағаздар қоржыны;
      акциялар қоржыны;
      активтерді тактикалық орналастыру қоржыны.
      Инвестициялық стратегияға сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры активтерінің әрбір сыныбы эталондық қоржынға (индекске) қатысты басқарылады, оның негізінде активтердің кірістілігі бағаланады. Эталондық қоржындар (индекстер) "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2006 жылғы 25 шілдедегі N 65 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының ережесімен айқындалады.
      Есепті кезеңде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі толығымен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің дербес басқаруында тұрақтандыру қоржынының активтерін ақша нарығы құралдарына, және қазынашылық пен Америка Құрама Штаттары агенттіктерінің бағалы қағаздарына, сондай-ақ Батыс Еуропа елдерінің мемлекеттік бағалы қағаздарына орналастырды.
      Тұрақтандыру қоржынының кірістілігі 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда 2,40 %-ті, осы кезеңде эталондық қоржынның кірістілігі (Меrril Lуnсh 6-mоnth US Тrеаsurу Віll Іndех) 3,58 %-ті құрады. Тұрақтандыру қоржынының 2008 жылғы үстеме кірістілігі (-) 1,18 %-ке тең.
      Жинақтау қоржынының кірістілігі 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап 2008 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда (-) 4,58 %-ті құрады. Эталондық қоржынның кірістілігі 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда (-) 5,37 %. Жинақтау қоржынының 2008 жылғы үстеме кірістілігі 0,79%-ке тең.
      Сонымен бірге, жинақтау қоржынының активтерін басқару нәтижелері барлық мандат түрлері бойынша оң нәтижемен қатар, теріс нәтижелерді де көрсетті.
      Осылайша, 2008 жылы 7,89 %-ті құраған оң үстеме кірістілікке "Жаһандық облигациялар" мандат түрі бойынша активтерді басқару нәтижесінде қол жеткізілсе, "Активтерді жаһандық тактикалық бөлу" және "Жаһандық акциялар" мандат түрлері бойынша активтерді басқару нәтижесінде тиісінше (-) 11,74 %-ті және (-) 40,36 %-ті құраған теріс үстеме кірістілік көрсетілді.

       Мандаттардың түрлері бойынша жинақтау қоржынының кірістілігі

(Диаграмманы қағаз мәтінінен қараңыз)

Тұрақтандыру қоржынының кірістілігі

(Диаграмманы қағаз мәтінінен қараңыз)

2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөнінде 2008 жылы өткізілген іс-шаралар туралы қосымша ақпарат

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сенімгерлік басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2008 жылғы 22 тамыздағы N 65 қаулысымен "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 шілдедегі N 65 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 49 қаулысымен өзгерістер енгізілген "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 25 шілдедегі N 65 қаулысына өзгерістер енгізілді.
      Әлемдік қаржы нарықтарындағы жағдайдың нашарлауы жағдайында Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сақтау және өтімділік деңгейін арттыру үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қоржынындағы рұқсат етілген қолма-қол ақшаның көлеміне шектеу алынып тасталды.
      Ішкі валюта нарығының конъюнктурасын, сондай-ақ нысаналы және кепілдік берілген трансферттер шеңберінде аудару үшін теңге қаражатын жинақтау қажеттігін ескере отырып, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2008 жылғы 28 қарашадағы N 91 қаулысымен "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін айырбастау және қайта айырбастау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2007 жылғы 30 қарашадағы N 130 қаулысына өзгеріс енгізілді, бұл өзгеріс Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының шотына түскен теңге түсімдерін айырбастауды белгіленбеген мерзімге кейінге қалдыруға мүмкіндік береді.
      Қазақстан Республикасының экономикасын және қаржы жүйесін тұрақтандыру бағдарламасын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2008 жылы нысаналы трансферттер арқылы "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамын капиталдандыруға 607,5 млрд. теңге бөлінді, бұл ретте қаражаттың 1,2 млрд. АҚШ доллары мөлшеріндегі бір бөлігі Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының валюталық қоржынынан қайта айырбасталды.
      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының мақсаттары мен міндеттерін халық арасында түсіндіру жөнінде жүйелі жұмыс жүргізу шеңберінде мынадай іс-шаралар жүзеге асырылды:
      2008 жылғы 6 наурызда Қазақстан Республикасының Қаржы министрі "Еріс/nеwsgrоup" халықаралық телевизиялық компаниясына "Қазақстан: Ұлт портреті" деп аталатын Қазақстан туралы деректі фильм үшін сұхбат берді;
      Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі 2008 жылғы 18 маусымда Сорос-Қазақстан қоры ұйымдастырған "Мұнай кірісін басқару: Ұлттық қордың тұжырамдамасы" тақырыбына арналған дөңгелек үстел отырысына қатысты;
      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Жауапты хатшысы 2008 жылғы 15 мамырда Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы жанындағы мемлекеттік қызметшілердің біліктіліктілігін арттыру семинарында "Мемлекеттік қаржыны басқару: проблемалары мен перспективалары" тақырыбына дәріс өткізді;
      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы Б. Сағынтаевтың 2008 жылғы 22 тамыздағы N 20-52/1065, 004-183 (53 т.) "облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің Жолдауда белгіленген нақты мерзімдермен міндеттердің іске асырылуы туралы мақалаларын республикалық мерзімді баспа басылымдарына шығару, сондай-ақ олардың мемлекеттік арналардың интерактивті-талдамалық бағдарламаларына қатысу кестесін бекіту" тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі 2008 жылғы 23 желтоқсанда "Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры - болашақ табыс" тақырыбы бойынша интерактивті сабақ өткізді;
      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы және пайдаланылуы туралы 2007 жылғы есеп пен сыртқы аудитті жүргізу нәтижелері туралы ақпарат 2008 жылғы 23 шілдедегі N 222 "Егемен Қазақстан" және 2008 жылғы 24 шілдедегі N 162 "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланды, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің web-сайтына орналастырылды.
      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қызметі туралы қажетті ақпарат, есептер, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілер Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің web-сайтына (www.minfin.kz) орналастырылды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады