Мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 мамырдағы N 668 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының Үкіметіне тиесілі "МЖЗҚ" жинақтаушы зейнетақы қоры" акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакеті заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің меншігіне берілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне тиесілі "Қазақстандық ипотекалық кредиттерге кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін Қазақстан Республикасы Үкіметінің меншігіне беру туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұсынысына келісім берілсін.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы қаулының 1 және 2-тармақтарын іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын;
      2) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2009.07.20. N 1100 Қаулысымен.
      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады