Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 21 қазандағы N 1577 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 8 мамырдағы N 675 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қыркүйектегі № 992 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.09.30 № 992 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Мәдени және гуманитарлық салалардағы қайырымдылық және демеушілік қызметі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет дипломы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 21 қазандағы N 1577 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 43, 510-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      1) көрсетілген қаулыға қосымшада:
      Мәдени және гуманитарлық салалардағы қайырымдылық және демеушілік қызметі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет дипломын беру жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

Әбдіқалықова            - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Гүлшара Наушақызы         халықты әлеуметтік қорғау министрі,
                          төрағаның орынбасары

Сарбасов                - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
Ақмәди Әділұлы            әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және
                          әлеуметтік әріптестік департаментінің
                          директоры, хатшы;

      мына:
"Құл-Мұхаммед           - Қазақстан Республикасының Мәдениет және
Мұхтар Абрарұлы           ақпарат министрі, төрағаның орынбасары"
деген жолдағы ", төрағаның орынбасары" деген сөздер алып тасталсын;
      көрсетілген құрамнан Кәрібжанова Роза Сәмидоллақызы, Сапарбаев Бердібек Машбекұлы шығарылсын;
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Мәдени және гуманитарлық салалардағы қайырымдылық және демеушілік қызметі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет дипломымен марапаттауға байланысты мәселелерді қарау жөніндегі ережеде:
      2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
      "Мәдени және гуманитарлық салалардағы үлесі неғұрлым басым болып табылатын ізденушілерге артықшылық беріледі.";
      6, 8-тармақтарда "Мәдениет және ақпарат" деген сөздер "Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады