Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы N 1216 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 мамырдағы N 723 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің 2009 - 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы N 1216 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің 2009 - 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:
      "Қазғарыш қызметінің стратегиялық бағыттары, мақсаты мен міндеттері" деген 3-бөлімде:
      "Қазғарыш қызметінің стратегиялық бағыттары, қызметін дамытудың стратегиялық мақсаттары және негізгі индикаторлары" деген 1-қосымшада:
      "Мақсатты ғарыш жүйелерін, технологияларын жасау және оларды пайдалану" деген 1-стратегиялық бағытта:
      "KazSat" сериялы байланыс және хабар тарату ғарыш аппаратын (ҒА) жасау және ұшыру" деген міндетте:
      "2010 жыл" деген баған "1" деген санмен толықтырылсын;
      "2011 жыл" деген бағанда "1" деген сан алынып тасталсын;
      "1.1.2. Геостационарлық ҒА үшін орбиталық позицияларды бөлу және Қазақстан Республикасына бекіту мәселелерін шешу (АБА-мен бірге)" деген жолда:
      "2010 жыл" деген бағанда "1" деген сан "2" деген санмен ауыстырылсын;
      "2011 жыл" деген бағанда "1" деген сан алынып тасталсын;
      "1.1.3. "KazSat" сериялы ҒА жерүсті басқару кешенін және байланыс мониторингі жүйесін (ЖБК БМЖ) дамыту" деген жолдың "2009 жыл", "2010 жыл", "2011 жыл" деген бағандары мынадай редакцияда жазылсын:

"

-

1

1

-

16

16

                                   ";

      3-стратегиялық бағытта:
      "3.1.6 Халықаралық ғарыш станциясына (ХҒС) экипаж құрамында қазақстандық ұшқыштың ғарышқа ұшуын қамтамасыз ету" деген жолдың "2009 жыл" деген бағанында "12" деген сандар алынып тасталсын;
      4-стратегиялық бағытта:
      "Халықаралық талаптарға жауап беретін жоғары технологиялы жобалардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету" деген 4.1-мақсаттағы "2010 жыл" деген бағанда "1" деген сан алынып тасталсын;
      "4.1.2 Техникалық реттемелерді және стандарттарды жасау, ғарыштық қызметті техникалық реттеу мәселелері бойынша нормативтік құжаттар қорын құру" деген міндетте:
      "2009 жыл", "2010 жыл", "2011 жыл" деген бағандарда "3", "3", "3" деген сандар тиісінше "8", "7", "7" сандармен ауыстырылсын;
      "4.4.3 Қазақстан Республикасының ракеталық-ғарыштық қызметінің зиянды әсеріне ұшыраған аумағын экологиялық тексеру және мониторинг бойынша жұмыстарды жүргізу, ғарыштық қызметтің экологиялық қауіпсіздігінің мониторингін жүргізу үшін материалдық-техникалық базасын дамыту" деген жолдың "2011" деген бағанында "1" деген сан алынып тасталсын;
      "Бюджеттік шығындар жиынтығы" деген 5-қосымшаның "2009 жыл" деген бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

"

2009

6 029 428

1 351 917

4 677 511

465 897

185 897

280 000

6 495 325

1 537 814

4 957 511

                 ";

      "Бюджеттік бағдарламаның нысаны" деген 3-қосымшада:
      002 "Ғарыштық қызмет саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүргізу" деген бюджеттік бағдарламада:
      "Мөлшерлік көрсеткіші" деген жолдың "2009 жыл", "2010 жыл", "2011 жыл" деген бағандарында "28", "28", "30" деген сандар тиісінше "18", "18", "18" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Қорытынды көрсеткіші" деген жолдың "2009 жыл", "2010 жыл", "2011 жыл" деген бағандарында "28", "28", "30" деген сандар тиісінше "18", "18", "18" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Эксперименттерді дайындау және жүзеге асыру" деген жол алынып тасталсын;
      "Бағдарламаны іске асыру шығыстары" деген жолдың "2009" деген бағанында "990 000" деген сандар "709 341" деген сандармен ауыстырылсын;
      005 "Мақсатты ғарыш жүйелерін, технологиялар және оларды пайдалану, сонымен қатар Құрастыру-сынау кешенінің құрылысына "Қазақстан Ғарыш Сапары" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайту" деген бюджеттік бағдарламада:
      "Бағдарламаны іске асыру шығыстары" деген жолдың "2009" деген бағанында "5 178 421" деген сандар "2 589 211" деген сандармен ауыстырылсын;
      008 "Байқоңыр кешенінің жалға берілген мүлкінің есебі" деген бюджеттік бағдарламада:
      "Бағдарламаны іске асыру шығыстары" деген жолдың "2009" деген бағанында "15 081" деген сандар "14 531" деген сандармен ауыстырылсын;
      009 "Байланыс және хабар тарату ғарыштық аппараттарын басқаруды қамтамасыз ету" деген бюджеттік бағдарламада:
      "KazSat:" ғарыш аппарат сериясын пайдалануда штаттық қолдау көрсету" деген жолда:
      "2010" деген бағанда "-" таңбасы тиісінше "1" деген санмен ауыстырылсын;
      "Қаладағы байланыс және мониторинг жүйесі объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету" деген жолда:
      "2010", "2011" деген бағандарда "2", "2" деген сандар тиісінше "1", "1" деген сандармен ауыстырылсын;
      011 "Ғарыштық байланыс және радиоэлектрондық құралдардың электр магниттік үйлесімділігі республикалық орталығы" АҚ жарғылық капиталын көбейту" деген бюджеттік бағдарламада:
      "2009" деген баған мынадай редакцияда жазылсын:

"

2009

-

1

-

-

-

-

2 088 300

                 ";

      012 "Байқоңыр кешеніндегі Ресей Федерациясының жалдауынан шығарылған объектілерді өңдеп қалпына келтіру, қалдықтарды пайдалану рұқсат етілмеген қоқыстарды жою" деген бюджеттік бағдарламада:
      "Сипаттама" деген жолда "2 тұрғын үйдің және" деген сөздер алынып тасталсын;
      "Бағдарламаны іске асыруға арналған шығындар" деген жолдың "2009" деген бағанында "180 000" деген сандар "163 724" деген сандармен ауыстырылсын;
      013 "Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігін материалдық-техникалық жарақтандыру" деген бюджеттік бағдарламада:
      "Бағдарламаны іске асыруға арналған шығындар" деген жолдың "2009" деген бағанында "16 856" деген сандар алынып тасталсын;
      016 "Инфракос-Экос" ЕМК-ның химиялық-экологиялық зертханасын ашуға байланысты жарғылық капиталын ұлғайту" деген бюджеттік бағдарламада:
      "Мөлшерлік көрсеткіші" деген жолдың "2011" деген бағанында "1" деген сан алынып тасталсын;
      018 "Халықаралық ғарыш станцияға экипаж құрамында қазақстандық ғарышкерді ұшыруды қамтамасыз ету" деген бюджеттік бағдарламада:
      "2009" деген бағанда "12", "1", "1", "3" және "2 500 000" деген сандар алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады