Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 27 шілдедегі N 1140 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 21 мамырдағы N 752 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 8 қыркүйектегі № 552 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.09.2017 № 552 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің ережесі мен құрамын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 27 шілдедегі N 1140 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 31, 387-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің құрамына мыналар енгізілсін:

      Түсіпбеков - Қазақстан Республикасының Әділет министрі,

      Рашид Төлеутайұлы төраға

      Шәуенов - Қазақстан Республикасы Президентінің

      Ербол Солтыбекұлы Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімі

      меңгерушісінің орынбасары (келісім

      бойынша)

      Майлыбаев - Қазақстан Республикасының Мәдениет және

      Бағлан Асаубайұлы ақпарат вице-министрі

      Федоров - Қазақстан Республикасының Ішкі істер

      Олег Анатольевич вице-министрі

      Қапақов - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі

      Нұрлан Төлегенұлы Кеңсесінің Әлеуметтік-экономикалық бөлімі

      меңгерушісінің орынбасары

      Сәкенов - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы

      Қайыргелді Әнуарбекұлы Мемлекеттік органдар қызметінің заңдылығын

      қадағалау департаментінің бөлімнің аға

      прокуроры (келісім бойынша)

      Әбуов - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі

      Айдар Парқұлұлы Мәдениеттер мен діндер халықаралық

      орталығының директоры, философия

      ғылымдарының докторы, профессор

      Айталы - философия ғылымдарының докторы, "Қазақ

      Амангелді Әбдірахманұлы гуманитарлық заң университеті" акционерлік

      қоғамының әлеуметтік-психологиялық пәндер

      кафедрасының профессоры (келісім бойынша)

      Бәкір - саяси ғылымдар докторы, "Қазақ

      Әбдіжәлел Қошқарұлы гуманитарлық заң университеті" акционерлік

      қоғамының әлеуметтік-психологиялық пәндер

      кафедрасының профессоры (келісім бойынша)

      Мыңбаев - техника ғылымдарының докторы, профессор,

      Мұрат Тайкелтірұлы қоғам қайраткері (келісім бойынша)

      Бәшімов - Қазақстан Республикасындағы Еуропа құқығы

      Марат Советұлы және адам құқықтары институтының

      директоры, Қазақстан Республикасы

      Президентінің жанындағы Мемлекеттік

      басқару академиясының профессоры, заң

      ғылымдарының докторы (келісім бойынша)

      Онучко - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым

      Марина Юрьевна министрлігі "Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия

      ұлттық университеті" республикалық

      мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының аға

      оқытушысы

      көрсетілген құрамнан Балиева Зағипа Яхянқызы, Иванов Владимир Александрович, Мыңбай Дархан Қамзабекұлы, Черкасов Юрий Петрович, Шпекбаев Алик Жатқамбайұлы шығарылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады