Ғарифолла Құрманғалиевтің туғанына 100 жыл толуын дайындау және өткізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 5 маусымдағы N 823 Қаулысы

      "Мерейтойлар мен атаулы күндерді мерекелеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 28 қыркүйектегі N 1465 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ғарифолла Құрманғалиевтің туғанына 100 жыл толуын дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2009 жылғы 5 маусымдағы
N 823 қаулысымен  
бекітілген     

Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ғарифолла Құрманғалиевтің туғанына 100 жыл толуын дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары

Р/с
N

Іс-шараның атауы

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімі

Қаржыландыру көздері

Болжамды шығыстар (мың теңге)

1

2

3

4

5

6

1

"Ғарифолла Құрманғалиевтің өмірі мен қызметі жайлы естеліктер" атты кітап шығару

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі

2009 жыл бойы

017 "Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару" республикалық бюджеттік бағдарламасы

1440,0

2

Ғарифолла Құрманғалив туралы деректі фильм түсіру

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі

2009 жыл бойы

025 "Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу" республикалық бюджеттік бағдарламасы

1600,6

3

Ғарифолла Құрманғалиевтің 100 жылдығына арналған салтанатты концерт өткізу

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі

2009 жылғы IV тоқсан

011 "Әлеуметтік-маңызды және мәдени іс-шаралар өткізу" республикалық бюджеттік бағдарламасы

4547,3

4

Өнер шеберлерінің Ғарифолла Құрманғалиевтің 100 жылдығына арналған салтанатты жиналыс-концертін өткізу

Алматы қаласының әкімі

2009 жылғы III тоқсан

Жергілікті бюджет

1679,0

5

Ғарифолла Құрманғалиев әндерін орындаушылардың "Ақжайықтан ән оздырған" атты өңірлік конкурсын өткізу

Атырау облысының әкімі

2009 жылғы II тоқсан

Жергілікті бюджет

2400,0

6

Ғарифолла Құрманғалиев әндерін орындаушылардың конкурсын өткізу

Батыс Қазақстан облысының әкімі

2009 жылғы II тоқсан

Жергілікті бюджет

2914,0

7

Ғарифолла Құрманғалиевтің 100 жылдығына арналған салтанатты жиналыс, театрландырылған көрініс өткізу

Батыс Қазақстан облысының әкімі

2009 жылғы II тоқсан

Жергілікті бюджет

1040,0

8

Орал қаласындағы Жастар мәдениет сарайына Ғарифолла Құрманғалиевтің есімін беру, сол жердегі саябақты абаттандыру және әнші мүсінін орнату

Батыс Қазақстан облысының әкімі

2009 жыл бойы

Жергілікті бюджет

23000,0

9

II облыстық фольклорлық ансамбльдер конкурсы аясында Ғарифолла Құрманғалиевтың репертуарынан дәстүрлі орындаушылардың облыстық конкурсын өткізу

Маңғыстау облысының әкімі

2009 жылғы III тоқсан

Жергілікті бюджет

160,0


Жиыны:



Республикалық бюджет
Жергілікті бюджет

7587,9
31193,0

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады