"Тәжікстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Қазақстан Республикасы мен Исмаилиттер имаматы арасындағы Орталық Азия университетін құру жөніндегі шартқа хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 маусымдағы N 932 Қаулысы

      Ескерту. Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентінен кері қайтарып алынды - ҚР Үкіметінің 2010.03.26 № 238 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Тәжікстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Қазақстан Республикасы мен Исмаилиттер имаматы арасындағы Орталық Азия Университетін құру жөніндегі шартқа хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

      Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы

Тәжікстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Қазақстан Республикасы мен Исмаилиттер имаматы арасындағы Орталық Азия Университетін құру жөніндегі Шарт Хаттамасын ратификациялау туралы

      2008 жылғы 12 наурызда Астана және 26 мамырда Париж қалаларында қол қойылған Тәжікстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Қазақстан Республикасы мен Исмаилиттер имаматы арасындағы Орталық Азия Университетін құру жөніндегі Шарт Хаттамасы ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Тәжікстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Қазақстан Республикасы мен Исмаилиттер имаматы арасындағы Орталық Азия Университетін құру жөніндегі шартқа
ХАТТАМА

      Қазақстан Республикасы мен Исмаилиттер имаматы (бұдан әрі "Тараптар" деп аталатындар) Тәжікстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Қазақстан Республикасы мен Исмаилиттер имаматы арасындағы Орталық Азия Университетін құру жөніндегі шартта (бұдан әрі - Шарт) қолданылатын терминдерді бірыңғай қолдану мақсатында төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Шартта және Орталық Азия Университетінің Жарғысында (Шартқа А қосымшасы) пайдаланылатын "салықтар" деген термин қазақстандық Тарап үшін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді білдіреді.

2-бап

      Осы Хаттама Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.

3-бап

      Осы Хаттамаға Қазақстан Республикасы Астана қаласында (Қазақстан) және Исмаилиттер имаматы Париж қаласында (Француз Республикасы) қол қойылған данасын кейіннен басқа Тарапқа қол қоюға жіберіп, бір жақты тәртіппен қол қойылуы мүмкін. Осы Хаттамаға соңғы қол қойған Тараптың қол қойған күні оған қол қойылған күн болып саналады.

4-бап

      Осы Хаттама Исмаилиттер имаматы Қазақстан Республикасының оны ратификациялағаны туралы қазақстандық Тараптың жазбаша хабарламасын алған күнінен бастап күшіне енеді.

5-бап

      Осы Хаттама екі данада, әрқайсысы қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде жасалды, әрі барлық мәтіндердің күші бірдей.
      Осы Хаттаманың ережелерін түсіндіруде алшақтықтар туындаған жағдайда Тараптар ағылшын тіліндегі мәтінге жүгінеді.

      Қазақстан Республикасынан        Исмаилиттер имаматынан

      Қала ___________                 Қала __________

      Күні 12.03.2008                  Күні 26.05.2008

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады