Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Копенгагенде 1992 жылғы 23 - 25 қарашада қол қойылған Озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі Монреаль хаттамасына түзетулерді және Монреалда 1997 жылғы 15 - 17 қыркүйекте қол қойылған Озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі Монреаль хаттамасына түзетулерді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
жоба
Қазақстан Республикасының Заңы
Копенгагенде 1992 жылғы 23 - 25 қарашада қол қойылған Озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі Монреаль хаттамасына түзетулерді және Монреалда 1997 жылғы 15 - 17 қыркүйекте қол қойылған Озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі Монреаль хаттамасына түзетулерді ратификациялау туралы
Копенгагенде 1992 жылғы 23 - 25 қарашада қол қойылған Озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі Монреаль хаттамасына түзетулер және Монреалда 1997 жылғы 15 - 17 қыркүйекте қол қойылған Озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі Монреаль хаттамасына түзетулер ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі
Монреаль хаттамасына түзету
Копенгаген, 1992 жылғы 23 - 25 қараша
1-БАП: ТҮЗЕТУ
А. 1-баптың 4-тармағы
Хаттаманың 1-бабының 4-тармағында мынадай сөздер:
немесе В қосымшасында
мынадай сөздермен ауыстырылады:
, В қосымшасында, С қосымшасында немесе Е қосымшасында.
В. 1-баптың 9-тармағы
Хаттаманың 1-бабының 9-тармағы төмен түсіріледі.
С. 2-баптың 5-тармағы
2-баптың 5-тармағында мынадай сөздерден кейін:
2 А - 2 Е баптарында
мынадай сөздер қосылады:
және 2 Н бабында.
D. 2-баптың 5-бис тармағы
Хаттаманың 2-бабының 5-тармағынан кейін мынадай тармақ қосылсын:
5-бис. 5-баптың 1-тармағының шеңберінде жұмыс істемейтін кез-келген Тарап Тараптың А қосымшасының I тобына енгізілген реттелетін заттардың есептік тұтыну деңгейі 1989 жылы 0,25 килограмм жан басының көрсеткішінен аспаған және тұтынудың жалпы жиынтық есептік деңгейі осы Тараптар үшін осы бапта белгіленген тұтынуды шектеу шегінен тыс шықпаған кезде реттеудің кез келген біржолғы немесе бірнеше кезеңдерінің шеңберінде 2 F бабында көрсетілген өзінің есептік тұтыну деңгейі квотасының кез келген бөлігін басқа кез келген Тарапқа бере алады. Әрбір тиісті Тарап ол жұмыс істейтін шарттар мен кезең туралы хабарлай отырып, осындай берілім туралы хатшылықты хабардар етеді.
Е. 2-баптың 8а) және 11-тармақтары
Хаттаманың 2-бабының 8а) және 11-тармақтарында мынадай сөздер:
2 А - 2 Е баптары
әрбір жекелеген жағдайда мынадай сөздерге ауыстырылады:
2 А - 2 Н баптары.
Ғ. 2-баптың 9а) і) тармақтары
Хаттаманың 2-бабының 9а) і) тармақтарында мынадай сөздер:
және/немесе В қосымшасында мынадай сөздермен ауыстырылатын болады:
, В қосымшасында, С қосымшасында және/немесе Е қосымшасында.
G. 2 F бабы - Гидрохлорфторкөміртегілері
Н.
Хаттаманың 2 Е бабынан кейін мынадай бап қосылады:
2 F бабы - Гидрохлорфторкөміртегілері
1. Әрбір Тарап 1996 жылғы 1 қаңтардан басталатын он екі ай кезеңінде және әрбір келесі он екі ай кезеңінде оның С қосымшасының I тобына енгізілген реттелетін заттарды тұтынуының жыл сайынғы есептік деңгейі мынадай жиынтық көрсеткіштерден аспауын қамтамасыз етеді:
а) оның А қосымшасының I тобына енгізілген реттейтін заттардың тұтынуының есептік деңгейінің үш бүтін оннан бір пайызы; және
b) С қосымшасының I тобына енгізілген реттелетін заттардың 1989 жылы оны тұтынудың есептік деңгейі.
2. Әрбір Тарап 2004 жылғы 1 қаңтардан басталатын он екі ай кезеңінде және әрбір келесі он екі ай кезеңінде С қосымшасының I тобына енгізілген реттелетін заттарды оны тұтынудың жыл сайынғы есептік деңгейі осы баптың 1-тармағында көрсетілген жиынтық көрсеткіштің алпыс бес пайызынан аспауын қамтамасыз етеді.
3. Әрбір Тарап 2010 жылғы 1 қаңтардан басталатын он екі ай кезеңінде және әрбір келесі он екі ай кезеңінде ішінде С қосымшасының I тобына енгізілген реттелетін заттарды оны тұтынудың жыл сайынғы есептік деңгейі осы баптың 1-тармағында көрсетілген жиынтық көрсеткіштен отыз бес пайыздан аспауын қамтамасыз етеді.
4. Әрбір Тарап 2015 жылғы 1 қаңтардан басталатын он екі ай кезеңінде және әрбір келесі он екі ай кезеңінде С қосымшасының I тобына енгізілген реттелетін заттарды оны тұтынудың жыл сайынғы есептік деңгейі осы баптың 1-тармағында көрсетілген жиынтық көрсеткіштен он пайыздан аспауын қамтамасыз етеді.
5. Әрбір Тарап 2020 жылғы 1 қаңтардан басталатын он екі ай кезеңінде және әрбір келесі он екі ай кезеңінде А қосымшасының I тобына енгізілген реттелетін заттарды оны тұтынудың жыл сайынғы есептік деңгейі осы баптың 1-тармағында көрсетілген жиынтық көрсеткіштен 0,5 пайыздан аспауын қамтамасыз етеді.
6. Әрбір Тарап 2010 жылғы 1 қаңтардан басталатын он екі ай кезеңінде және әрбір келесі он екі ай кезеңінде С қосымшасының I тобына енгізілген реттелетін заттарды оны тұтынудың жыл сайынғы есептік деңгейі нөлдік деңгейден аспауын қамтамасыз етеді.
7. 1996 жылғы 1 қаңтардан бастап әрбір Тарап:
а) С қосымшасының I тобына енгізілген реттелетін заттарды пайдалану оларда экологиялық тұрғыдан неғұрлым қолайлы болатын баламалы заттар немесе технологиялар жоқ қолдану түрлерімен шектелуін;
b) бұл адамның өмірін немесе денсаулығын қорғау үшін қажет болған сирек жағдайларды қоспағанда, С қосымшасының I тобына енгізілген реттелетін заттарды қолдану қазіргі уақытта А, В және С қосымшаларына енгізілген реттелетін заттардың есебінен қанағаттандырылатын салалардан тыс жүзеге асырылмауын; және
с) қоршаған ортаға, қауіпсіздікке және экономикаға байланысты басқа да пайымдауларды ескерумен қатар С қосымшасының I тобына енгізілген реттелетін заттардың озон қабатын бұзуды мейлінше азайтатындай етіп іріктеп алынуын қамтамасыз етуге ұмтылады.
Н. 2 G бабы: Гидробромфторкөміртегілері
Хаттаманың 2 F бабынан кейін мынадай бап қосылады:
2 G бабы: Гидробромфторкөміртегілері
Әрбір Тарап 1996 жылғы 1 қаңтардан басталатын он екі ай кезеңінде және әрбір келесі он екі ай кезеңінде С қосымшасының II тобына енгізілген реттелетін заттарды оны тұтынудың есептік деңгейі нөлдік деңгейден аспауын қамтамасыз етеді. Осы затты өндіретін әрбір Тарап дәл сол кезеңдерде осы заттарды онымен өндірудің есептік деңгейі нөлдік деңгейден аспауын қамтамасыз етеді. Осы тармақ Тараптар олар негізгі деп санауға уағдаласатын қолдану түрлерін қанағаттандыру үшін қажетті өндіріс немесе тұтыну деңгейіне жол беретін шешімді қабылдаған жағдайларды қоспағанда қолданылады.
I. 2 Н бап: Бромды метил
Хаттаманың 2 G бабынан кейін мынадай бап қосылады:
2 Н бабы: Бромды метил
Әрбір Тарап 1995 жылғы 1 қаңтардан басталатын он екі ай кезеңінде және әрбір келесі он екі ай кезеңінде Е қосымшасында көрсетілген реттелетін заттарды оны тұтынудың деңгейі 1991 жылғы тұтынудың жылдық есептік деңгейінен аспауын қамтамасыз етеді. Осындай затты өндіретін әрбір Тарап дәл сол кезеңдерде оның осы затты өндіруін есептік деңгейі 1991 жылғы өндірудің жылдық есептік деңгейінен аспауын қамтамасыз етеді. Алайда 5-баптың 1-тармағының шеңберінде жұмыс істейтін Тараптардың негізгі ішкі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін оның өндірісінің есептік деңгейі осы шекті оның 1991 жылғы өндірудің есептік деңгейінің он пайызынан аспайтындай асуы мүмкін. Осы бапқа сәйкес тұтыну мен өндірістің есептік деңгейлері өзіне Тарап карантиндік мақсаттарда және өнімді тасымалдау алдында өңдеу үшін пайдаланатын заттардың мөлшерін қамтымайды.
J 3-бап
Хаттаманың 3-бабында мынадай сөздер:
2 А - 2 Е
мынадай сөздерге ауыстырылады:
2 А - 2 Н,
ал мынадай сөздер:
немесе В қосымшасы
олар әрбір жолы кездескен сайын мынадай сөздерге ауыстырылады:
, В қосымшасы, С қосымшасы немесе Е қосымшасы.
К. 4-баптың 1-тер тармағы
Хаттаманың 4-бабының 1-бис тармағынан кейін мынадай тармақ қосылады:
1-тер. Осы тармақ күшіне енген күннен кейін бір жыл ішінде әрбір Тарап осы Хаттаманың Тарабы болып табылмайтын кез келген мемлекеттен С қосымшасының II тобына енгізілген кез келген реттелетін заттардың импортына тыйым салады.
L. 4-баптың 2-тер тармағы
Хаттаманың 4-бабының 2-бис тармағынан кейін мынадай тармақ қосылады:
2-тер. Осы тармақ күшіне енген күннен бастап бір жыл өткеннен кейін әрбір Тарап осы Хаттаманың Тарабы болып табылмайтын кез келген мемлекетке С қосымшасының II тобына енгізілген кез келген реттелетін заттарды экспорттауға тыйым салады.
М. 4-баптың 3-тер тармағы
Хаттаманың 4-бабының 3-бис тармағынан кейін мынадай тармақ қосылады:
3-тер. Осы тармақ күшіне енген күннен кейін үш жыл ішінде әрбір Тарап Конвенцияның 10-бабында белгіленген рәсімдерге сәйкес құрамында С қосымшасының II тобына енгізілген реттелетін заттар бар өнімдердің тізбесін қосымша ретінде құрады. Осы қосымшаға қарсы наразылық білдірмеген Тараптар көрсетілген рәсімдерге сәйкес осы қосымша күшіне енген сәттен бастап бір жыл ішінде осы Хаттаманың Тарабы болып табылмайтын кез келген мемлекеттен осындай өнімдердің импортына тыйым салады.
N. 4-баптың 4-тер тармағы
Хаттаманың 4-бабының 4-бис тармағынан кейін мынадай тармақ қосылады:
4-тер. Осы тармақ күшіне енген күннен кейін бес жыл ішінде Тараптар С қосымшасының II тобына енгізілген реттелетін заттардың негізінде өндірілетін, бірақ құрамында мұндай заттар жоқ өнімдердің импортына тыйым салудың немесе шектеудің практикалық мүмкіндігін айқындайды. Тараптар, егер олар мұны мүмкін деп санаса, Конвенцияның 10-бабында көрсетілген рәсімдерге сәйкес осындай өнімдердің тізбесін қосымша түрінде әзірлейді. Осы қосымшаға қарсы наразылық білдірмеген Тараптар көрсетілген рәсімдерге сәйкес осы қосымша күшіне енген сәттен бастап бір жыл ішінде осы Хаттаманың Тарабы болып табылмайтын кез келген мемлекеттен осындай өнімдердің импортына тыйым салады немесе шектейді.
О. 4-баптың 5, 6 және 7-тармақтары
Хаттаманың 4-бабының 5, 6 және 7-тармақтарында мынадай сөздер:
реттелетін заттар
мынадай сөздермен ауыстырылады:
А және В қосымшаларына және С қосымшасының II тобына енгізілген реттелетін заттар.
Р. 4-баптың 8-тармағы
Хаттаманың 4-бабының 8-тармағында мынадай сөздер:
, ол туралы 1, 1-бис, 3, 3-бис, 4 және 4-бис тармақтарында айтылатын импорт және ол туралы 2 және 2-бис тармақтарында айтылатын экспорт мынадай сөз орамымен ауыстырылады:
, және олар туралы осы баптың 1 - 4-тер тармақтарында айтылатын экспорт,
ал мынадай сөздерден кейін:
2 А - 2 Е баптар
мынадай сөздер қосылады:
, 2 G бабының.
Q. 4-баптың 10-тармағы
Хаттаманың 4-бабының 9-тармағынан кейін мынадай тармақ қосылады:
10. 1996 жылғы 1 қаңтарға қарай Тараптар С қосымшасының I тобына және Е қосымшасына енгізілген реттелетін заттарды Хаттаманың Тараптары болып табылмайтын мемлекеттермен сауда-саттыққа осы бапта көзделген шараларды тарату үшін осы Хаттамаға түзетулер енгізудің орындылығы туралы мәселені қарайды.
R. 5-баптың 1-тармағы
Хаттаманың 5-бабының 1-тармағының аяғына мынадай мәтін қосылады:
Тараптардың екінші Кеңесі Лондонда 1990 жылғы 29 маусымда қабылданған түзетулер мен түзетпелерге кез келген қосымша түзетулер осы баптың 8-тармағында көзделген шолуды өткізгеннен кейін осы тармақтың шеңберінде жұмыс істейтін Тараптарға қолданылатын және көрсетілген шолудың қорытындыларын ескере отырып қабылданатын кезде
S. 5-баптың 1-бис тармағы
Хаттаманың 5-бабының 1-тармағынан кейін мынадай тармақ қосылады:
1-бис. 2-баптың 9-тармағында баяндалған рәсімнің негізінде 1996 жылғы 1 қаңтарға қарай Тараптар осы баптың 8-тармағында аталған шолуды, 6-бапқа сәйкес орындалған бағалауларды және немесе кез келген басқа тиісті ақпаратты ескере отырып, мынадай шешім қабылдайды:
а) 2 Ғ бабының 1 - 6-тармақтарына қатысты - осы баптың 1-тармағының шеңберінде жұмыс істейтін Тараптар үшін С қосымшасының I тобына енгізілген реттелетін заттарды тұтынудың қандай базалық жылы, қандай бастапқы деңгейлері, бақылау кестелері және тоқтатылу күні белгіленетін болатындығы туралы;
b) 2 G бабына қатысты - осы баптың 1-тармағының шеңберінде жұмыс істейтін Тараптар үшін С қосымшасының II тобына енгізілген реттелетін заттар өндірісінің және тұтынудың қандай тоқтатылу күні белгіленетін болатындығы туралы; және
с) 2 Н бабына қатысты - осы баптың 1-тармағының шеңберінде жұмыс істейтін Тараптар үшін Е қосымшасының I тобына енгізілген реттелетін заттар өндірісінің және тұтынудың қандай базалық жылы, қандай бастапқы деңгейлері және бақылау кестелері белгіленетін болатындығы туралы.
Т. 5-баптың 4-тармағы
Хаттаманың 5-бабының 4-тармағындағы мынадай сөздер:
2 А - 2 Е баптарында
мынадай сөздермен ауыстырылады:
2 А - 2 Н баптарында.
U. 5-баптың 5-тармағы
Хаттаманың 3-бабының 5-тармағындағы мынадай сөздерден кейін:
2 А - 2 Е баптарында көзделген реттеу шаралары
мынадай мәтін қосылады:
, сондай-ақ осы баптың 1-бис тармағына сәйкес олар туралы шешім қабылданған 2 Ғ - 2 Н баптары бойынша кез келген реттеу шаралары.
V. 5-баптың 6-тармағы
Хаттаманың 5-бабының 6-тармағындағы мынадай сөздерден кейін:
2 А - 2 Е баптарында көзделген реттеу шаралары бойынша міндеттемелер мынадай мәтін қосылады:
немесе осы баптың 1-бис тармағына сәйкес олар туралы шешім қабылданған 2 Ғ - 2 Н баптары бойынша міндеттемелердің кез келгені не барлық міндеттемелер.
W. 6-бап
Хаттаманың 6-бабынан мынадай сөздер алынып тасталады:
2 А - 2 Е баптарында, сондай-ақ С қосымшасының I тобының өтпелі заттарының өндірісі, импорты мен экспорты саласындағы ережелер
және мынадай мәтінмен ауыстырылады:
2 А - 2 Н баптарында.
X. 7-баптың 2 және 3-тармақтары
Хаттаманың 7-бабының 2 және 3-тармақтары мынадай тармақтармен ауыстырылады:
2. Әрбір Тарап:
- В және С қосымшаларының - 1989 жылғы;
- Е қосымшасының - 1991 жылғы реттелетін заттардың өзінің өндірісі, импорты және экспорты туралы статистикалық деректерді немесе, егер іс жүзіндегі деректер жоқ болса, мұндай сипаттағы неғұрлым сенімді бағалау деректерін хатшылыққа тиісінше В, С және Е қосымшаларының заттарына қатысты Хаттама ережелерінің осы Тарап үшін күшіне ену күнінен кейін үш айдан кешіктірмей ұсынады.
3. Әрбір Тарап хатшылыққа А, В, С және Е қосымшаларында көрсетілген реттелетін заттардың әрқайсысының өзінің жыл сайынғы өндірісі туралы (бұл 1-баптың 5-тармағында белгіленгендей) және:
- бастапқы шикізат ретінде пайдаланылатын заттардың мөлшері туралы,
- Тараптар бекіткен технологияларды қолдана отырып жойылған заттардың мөлшері туралы, және
- тиісінше Тараптар болып табылмайтын Тараптардың және елдер мен ұйымдардың импорты мен экспорты туралы әрбір зат бойынша жеке тиісінше В, С және Е қосымшаларындағы заттарға қатысты ережелердің осы Тарап үшін күшіне енген жылғы және әрбір келесі жылғы статистикалық деректерді ұсынады.
Деректер осындай деректер жататын жыл аяқталғаннан кейін тоғыз айдан кешіктірмей жолданады.
Ү. 7-баптың 3-бис тармағы
Хаттаманың 7-бабының 3-тармағынан кейін мынадай тармақ қосылады:
3-бис. Әрбір Тарап А қосымшасының II тобына және С қосымшасының I тобына енгізілген, олар қайта айналысқа түскен реттелетін заттардың әрқайсысының өзіндік жыл сайынғы импорты мен экспорты туралы жеке статистикалық деректерді хатшылыққа ұсынады.
Z. 7-баптың 4-тармағы
Хаттаманың 7-бабының 4-тармағындағы мынадай сөздер:
1, 2 және 3-тармақтарында
мынадай сөздермен ауыстырылады:
1, 2, 3 және 3-бис тармақтарында.
АА. 9-баптың 1 а) тармағы
Хаттаманың 9-бабының 1 а) тармағынан мынадай сөздер алынып тасталады:
және өтпелі.
ВВ. 10-баптың 1-тармағы
Хаттаманың 10-бабының 1-тармағындағы мынадай сөздерден кейін:
2 А - 2 Е баптарындағы реттеу шаралары
мынадай мәтін қосылады:
, сондай-ақ 5-баптың 1-бис тармағына сәйкес олар туралы шешім қабылданған 2 Ғ және 2 Н баптары бойынша кез келген реттеу шаралары.
СС. 11-баптың 4 g) тармағы
Хаттаманың 11-бабының 4 g) тармағынан мынадай сөз орамы алынып тасталсын:
және өтпелі заттары бар ереже.
DD. 17-бап
Хаттаманың 17-бабындағы мынадай сөздер:
2 А - 2 Е баптары
мынадай сөздермен ауыстырылады:
2 А - 2 Н баптары.
ЕЕ. Қосымшалар
1.
С қосымшасы
Келесі қосымша Хаттаманың С қосымшасын ауыстырады:
С
қосымшасы
Реттелетін заттар
Тобы |
Зат |
Изомерлер саны |
Озонды бұзатын қабілеті* |
I топ |
|
|
|
CHFС1 2 |
(ГХФУ-21)** |
1 |
0,04 |
CHF 2 С1 |
(ГХФУ-22)** |
1 |
0,055 |
СН 2 FC1 |
(ГХФУ-31) |
1 |
0,02 |
С 2 НFC1 4 |
(ГХФУ-121) |
2 |
0,01 - 0,04 |
С 2 НF 2 С1 3 |
(ГХФУ-122) |
3 |
0,02 - 0,08 |
C 2 HF 3 C1 2 |
(ГХФУ-123) |
3 |
0,02 - 0,06 |
CHC1 2 CF 3 |
(ГХФУ-123)** |
- |
0,02 |
С 2 HF 4 C1 |
(ГХФУ-124) |
2 |
0,02 - 0,04 |
СHFC1CF 3 |
(ГХФУ-124)** |
- |
0,022 |
C 2 H 2 FC1 3 |
(ГХФУ-131) |
3 |
0,007 - 0,05 |
C 2 H 2 F 3 C1 2 |
(ГХФУ-132) |
4 |
0,008 - 0,05 |
C 2 H 2 F 3 C1 |
(ГХФУ-133) |
3 |
0,02 - 0,06 |
С 2 H 3 FC1 2 |
(ГХФУ-141) |
3 |
0,005 - 0,07 |
CH 3 CFC1 2 |
(ГХФУ-141b)** |
- |
0,11 |
C 2 H 3 P 2 C1 |
(ГХФУ-142) |
3 |
0,008 - 0,07 |
CH 3 CF 2 C1 |
(ГХФУ-142b)** |
- |
0,065 |
C 2 H 4 FC1 |
(ГХФУ-151) |
2 |
0,003 - 0,005 |
C 3 HFC1 6 |
(ГХФУ-221) |
5 |
0,015 - 0,07 |
C 3 HF 2 C1 5 |
(ГХФУ-222) |
9 |
0,01 - 0,09 |
C 3 HF 3 C1 4 |
(ГХФУ-223) |
12 |
0,01 - 0,08 |
C 3 HF 4 C1 3 |
(ГХФУ-224) |
12 |
0,01 - 0,09 |
C 3 HF 5 C1 2 |
(ГХФУ-225) |
9 |
0,02 - 0,07 |
CF 3 CF 2 CHC1 2 |
(ГХФУ-225ca)** |
|
0,025 |
CF 2 C1CF 2 CHC1F |
(ГХФУ-225cb)** |
|
0,033 |
C 3 HF 6 C1 |
(ГХФУ-226) |
5 |
0,02 - 0,10 |
С 3 Р 2 АС1 5 |
(ГХФУ-231) |
9 |
0,05 - 0,09 |
С 3 Р 2 А 2 С 4 |
(ГХФУ-232) |
16 |
0,008 - 0,10 |
С 3 Р 2 А 3 С1 3 |
(ГХФУ-233) |
18 |
0,007 - 0,23 |
Тобы |
Зат |
Изомерлер саны |
Озонды бұзатын қабілеті* |
С 3 H 2 F 4 C1 2 |
(ГХФУ-234) |
16 |
0,01 - 0,28 |
C 3 H 2 F 5 C1 |
(ГХФУ-235) |
9 |
0,03 - 0,52 |
C 3 H 3 FC1 4 |
(ГХФУ-241) |
12 |
0,004 - 0,09 |
C 3 H 3 F 2 C1 3 |
(ГХФУ-242) |
18 |
0,005 - 0,13 |
C 3 H 3 F 3 C1 2 |
(ГХФУ-243) |
18 |
0,007 - 0,12 |
C 3 H 3 F 4 C1 |
(ГХФУ-244) |
12 |
0,009 - 0,14 |
C 3 H 4 FC1 3 |
(ГХФУ-251) |
12 |
0,001 - 0,01 |
C 3 H 4 F 2 C1 2 |
(ГХФУ-252) |
16 |
0,005 - 0,04 |
C 3 H 4 F 3 C1 |
(ГХФУ-253) |
12 |
0,003 - 0,03 |
CЗH 5 C1 2 |
(ГХФУ-261) |
9 |
0,002 - 0,02 |
C 3 H 5 F 2 C1 |
(ГХФУ-262) |
9 |
0,002 - 0,02 |
С 3 Н 6 FC1 |
(ГХФУ-271) |
5 |
0,001 - 0,03 |
ІІ топ |
|
|
|
CHFBr 2 |
|
1 |
1,00 |
CHF 2 Br |
(ГБФУ-22В1) |
1 |
0,74 |
СН 2 FBr |
|
1 |
0,73 |
С 2 НFBr 4 |
|
2 |
0,3 - 0,8 |
С 2 НF 2 Br 3 |
|
3 |
0,5 - 1,8 |
С 2 НF 3 Br 2 |
|
3 |
0,4 - 1,6 |
С 2 НF 4 Br |
|
2 |
0,7 - 1,2 |
С 2 Н 2 FBr 3 |
|
3 |
0,1 - 1,1 |
С 2 Н 2 F 2 Br 2 |
|
4 |
0,2 - 1,5 |
С 2 Н 2 F 3 Br |
|
3 |
0,7 - 1,6 |
С 2 Н 3 FBr 2 |
|
3 |
0,1 - 1,7 |
С 2 Н 3 F 2 Br |
|
3 |
0,2 - 1,1 |
С 2 Н 4 FBr |
|
2 |
0,07 - 0,1 |
С 3 НFBr 6 |
|
5 |
0,3 - 1,5 |
С 3 НF 2 Br 3 |
|
9 |
0,2 - 1,9 |
С 3 НF 3 Br 4 |
|
12 |
0,3 - 1,8 |
С 3 НF 4 Br 3 |
|
12 |
0,5 - 2,2 |
С 3 НF 5 Br 2 |
|
9 |
0,9 - 2,0 |
С 3 НF 6 Br |
|
5 |
0,7 - 3,3 |
С 3 Н 2 FBr 5 |
|
9 |
0,1 - 1,9 |
С 3 Н 2 F 2 Br 4 |
|
16 |
0,2 - 2,1 |
С 3 Н 2 F 3 Br 3 |
|
18 |
0,2 - 5,6 |
С 3 Н 2 F 4 Br 2 |
|
16 |
0,3 - 7,5 |
С 3 Н 2 F 5 Br |
|
8 |
0,9 - 14 |
Тобы |
Зат |
Изомерлер саны |
Озонды бұзатын қабілеті * |
С 3 Н 3 FBr 4 |
|
12 |
0,08 - 1,9 |
С 3 Н 3 F 2 Br 3 |
|
18 |
0,1 - 3,1 |
С 3 Н 3 F 3 Br 2 |
|
18 |
0,1 - 2,5 |
С 3 Н 3 F 4 Br |
|
12 |
0,3 - 4,4 |
С 3 Н 4 FBr 3 |
|
12 |
0,03 - 0,3 |
С 3 Н 4 F 2 Br 2 |
|
16 |
0,1 - 1,0 |
С 3 Н 4 F 3 Br |
|
12 |
0,07 - 0,8 |
С 3 Н 5 FBr 2 |
|
9 |
0,04 - 0,4 |
С 3 Н 5 F 2 Br |
|
9 |
0,07 - 0,8 |
С 3 Н 6 FBr |
|
5 |
0,02 - 0,7 |
* Хаттаманың мақсаттары үшін көрсеткіштер диапазоны болған жағдайда осы диапазондағы ең жоғары көрсеткіш қолданылады. Кестеде бірыңғай көрсеткіш түрінде келтірілген ОБҚ зертханалық өлшемдер негізіндегі есептеулер жолымен айқындалған. Көрсеткіштер диапазонымен көрсетілгендер бағалау деректеріне негізделген және осының салдарынан едәуір үлкен ауытқушылықтарға жол береді. Көрсеткіштер диапазоны изомерлік топқа жатады. Бұл ретте жоғары көрсеткіш изомердің ең жоғары ОБҚ бар есептік ОБҚ, ал төменгі көрсеткіш ең төменгі - изомердің ең темен ОБҚ бар есептік ОБҚ білдіреді.
** ОБҚ көрсеткіштері Хаттаманың мақсаттары үшін қолданылуы тиіс неғұрлым бәсекеге қабілетті заттар.
2. Е қосымшасы
Хаттамаға мынадай қосымша енгізілсін:
Е қосымшасы
Реттелетін заттар
Тобы |
Зат |
Озонды бұзатын қабілеті* |
I топ |
|
|
СН 3 Br |
Бромды метил |
0,7 |
2-БАП: 1990 ЖЫЛҒЫ ТҮЗЕТУМЕН БАЙЛАНЫС
Бірде-бір мемлекет немесе экономикалық ықпалдасу жөніндегі ұйым Лондонда 1990 жылғы 29 маусымда Тараптардың екінші Кеңесінде қабылданған Түзетулерге қатысты осындай сипаттағы құжатты олар алдын ала немесе бір мезгілде сақтауға тапсырмаса, осы Түзетуді ратификациялау, қабылдау, мақұлдау немесе оған қосылу туралы құжатты сақтауға тапсыра алмайды.
3-БАП. КҮШІНЕ ЕНУІ
1. Осы Түзету Озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі Монреаль хаттамасының Тараптары болып табылатын мемлекеттер немесе экономикалық ықпалдасу жөніндегі өңірлік ұйымдар Түзетуді ратификациялау, қабылдау немесе мақұлдау туралы кемінде жиырма құжатты сақтауға тапсырған кезде 1999 жылғы 1 қаңтарда күшіне енеді. Егер осы күнге көрсетілген шарттар сақталмаса, Түзету осы шарттарды сақтаған күннен кейін тоқсаныншы күні күшіне енеді.
2. 1-тармақтың мақсаттары үшін экономикалық ықпалдасу жөніндегі қандай да бір өңірлік ұйым сақтауға тапсырған кез келген осындай құжат осындай ұйымға мүше мемлекеттер сақтауға тапсырған құжаттарға қатысты қосымша деп саналмайды.
3. 1-тармаққа сәйкес осы Түзету күшіне енгеннен кейін Түзету Хаттаманың кез келген басқа Тарабына қатысты ратификациялау, қабылдау немесе мақұлдау туралы құжат сақтауға тапсырылған күннен кейін тоқсаныншы күні күшіне енеді.
Копенгагенде 1992 жылғы 23-25 қарашада қол қойылған Озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі Монреаль хаттамасына түзетулердің бұл көшірмесінің дәлдігін куәландырамын.
Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық
ынтымақтастық департаменті
директорының орынбасары Э. Ыбыраева
Озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі
Монреаль хаттамасына
Түзету,
Монреаль, 1997 жылғы 15 - 17 қыркүйек
1-бап: Түзету
А. 4-бап, 1 ква тармағы
Хаттаманың 4-бабының 1 тер тармағынан кейін мынадай мазмұндағы тармақ қосылады:
"1 ква. Осы тармақ күшіне енгеннен кейін бір жыл өткен соң әрбір Тарап осы Хаттаманың Тарабы болып табылмайтын кез келген мемлекеттен Е қосымшасына енгізілген реттелетін заттың импортына тыйым салады.".
В. 4-бап, 2 ква тармағы
Хаттаманың 4-бабының 2 тер тармағынан кейін мынадай мазмұндағы тармақ қосылады:
"2 ква. Осы тармақ күшіне енгеннен кейін бір жыл өткен соң әрбір Тарап осы Хаттаманың Тарабы болып табылмайтын кез келген мемлекетке Е қосымшасына енгізілген реттелетін заттың экспортына тыйым салады.".
С. 4-бап, 5, 6 және 7-тармақтар
Хаттаманың 4-бабының 5, 6 және 7-тармақтарында:
"және С қосымшасының II тобын" деген сөздер
мынадай сөз орамына ауыстырылады:
", С қосымшасының II тобын және Е қосымшасын".
D. 4-бап, 8-тармақ
Хаттаманың 4-бабының 8-тармағында:
"2 G бабы" деген сөз орамы
мынадай сөз орамына ауыстырылады:
"2 G және 2 Н баптары".
Е. 4 А бабы: Тараптармен сауда-саттықты реттеу
Келесі бап Хаттамада 4 А бабы ретінде қосылады:
1. Сол немесе өзге реттелетін заттың өндірісін және тұтынуын тоқтатудың Тарапқа қолданылатын күнінен кейін осы тарап Хаттама шеңберіндегі өзінің міндеттемесін сақтау жөніндегі барлық практикалық шараларды қабылдауға қарамастан, Тараптар негізгілері ретінде таныған қолданылатын түрлерін қоспағанда, ішкі тұтыну үшін осы затты өндіруді тоқтатуға шамасы келмесе, ол жойылуға жататындарды қоспағанда, осы заттың пайдаланылған көлемінің экспортына тыйым салады.
2. Осы баптың 1-тармағы Конвенцияның II бабының және Хаттаманың 8-бабына сәйкес әзірленген сақтамау рәсімінің қолданысы үшін нұқсан келтірместен қолданылады.
F. 4 В бабы: Лицензиялау
Мынадай бап Хаттамада 4 В бабы ретінде қосылады:
1. Әрбір Тарап қай күн кешірек басталатына байланысты 2000 жылғы 1 қаңтарға қарай немесе осы бап өзі үшін күшіне енген күннен кейінгі үш ай ішінде А, В, С және Е қосымшаларында санамаланған жаңа, пайдаланылған, қайта айналысқа түскен және кәдеге жаратылған реттелетін заттардың импорты мен экспортын лицензиялау жүйесін құрады және енгізеді.
2. Осы баптың 1-тармағының ережелеріне қарамастан, 5-баптың 1-тармағының шеңберінде жұмыс істейтін, С және Е қосымшаларында санамаланған реттелетін заттардың импорты мен экспортының лицензиялау жүйесін құруға және енгізуге оның мүмкіндігі жоқ екенін шешетін кез келген Тарап осы шаралардың қабылдануын тиісінше 2005 жылғы 1 қаңтарға және 2002 жылғы 1 қаңтарға дейін кейінге қалдыра алады.
3. Әрбір Тарап өзі лицензиялау жүйесін енгізген күннен кейінгі үш ай ішінде хатшылыққа мұндай жүйенің құрылғандығы және жұмыс істейтіндігі туралы ақпаратты жолдайды.
4. Хатшылық өздерінің лицензиялау жүйесі туралы ақпаратты оған ұсынған Тараптардың тізбесін кезеңдік негізде дайындайды және барлық Тараптардың арасында таратады және Тараптарға тиісті ұсынымдарды қарау және енгізу үшін осы ақпаратты Орындау комитетіне жібереді.
2-бап. 1992 жылғы Түзетумен байланыс
Бірде-бір мемлекет немесе экономикалық ықпалдасу жөніндегі өңірлік ұйым Копенгагенде 1992 жылғы 25 қарашада Тараптардың төртінші Кеңесінде қабылданған Түзетулерге қатысты осындай сипаттағы құжатты олар алдын ала немесе бір мезгілде сақтауға тапсырмаса, осы Түзетуді ратификациялау, қабылдау, мақұлдау немесе оған қосылу туралы құжатты сақтауға тапсыра алмайды.
3-бап. Күшіне ену
1. Осы Түзету Озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі Монреаль хаттамасының Тараптары болып табылатын мемлекеттер немесе экономикалық ықпалдасу жөніндегі өңірлік ұйымдар Түзетуді ратификациялау, қабылдау немесе мақұлдау туралы кемінде жиырма құжатты сақтауға тапсырған кезде 1999 жылғы 1 қаңтарда күшіне енеді. Егер осы күнге көрсетілген шарттар сақталмаса, Түзету осы шарттарды сақтаған күннен кейін тоқсаныншы күні күшіне енеді.
2. 1-тармақтың мақсаттары үшін қандай да болмасын экономикалық ықпалдасу жөніндегі өңірлік ұйым сақтауға тапсырған кез келген осындай құжат осындай ұйымға мүше мемлекеттер сақтауға тапсырған құжаттарға қатысты қосымша деп саналмайды.
3. 1-тармаққа сәйкес осы Түзету күшіне енгеннен кейін Түзету Хаттаманың басқа да кез келген Тарабына қатысты ратификациялау, қабылдау немесе мақұлдау туралы құжат сақтауға тапсырылған күннен кейін тоқсаныншы күні күшіне енеді.