Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 қыркүйектегі N 895 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 19 маусымдағы N 950 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.04.14 № 302 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағын дамытудың 2007 - 2015 жылдарға арналған Бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 қыркүйектегі N 895 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 35, 383-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағын дамытудың 2007 - 2015 жылдарға арналған бағдарламасы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жазылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2009 жылғы 19 маусымдағы 
N 950 қаулысына      
қосымша         

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2006 жылғы 21 қыркүйектегі
N 895 қаулысымен    
бекітілген       

"Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағын дамытудың
2007 - 2015 жылдарға арналған бағдарламасы Мазмұны

      1. Бағдарламаның паспорты
      2. Кіріспе
      3. Саланың қазіргі заманғы жай-күйін талдау
      3.1. Мақта өндіру, тоқыма өнеркәсібінің шикізаттық әлеуеті
      3.2. Мақта талшығын өндіру және тұтыну
      3.3. Қазақстанның тоқыма саласының өнеркәсіптік әлеуеті
      3.4. Иірімжіпті өндіру
      3.5. Мақта-мата өндіру
      3.6. Маталарды өңдеу
      3.7. Дайын тоқыма бұйымдарын өндіру
      3.8. Оңтүстік Қазақстан облысының тоқыма өндірісі
      3.9. Өндірістік шарттар
      3.10. Жібек маталар мен оның негізіндегі бұйымдар өндірісі
      3.10.1. Жібек өндірісіне арналған шикізат әлеуеті
      3.10.2. Қазақстандағы салалардың жай-күйі
      3.11. Матадан жасалмаған тоқыма материалдары мен олардан жасалған бұйымдар өндірісі
      3.11.1. Техникалық тоқыманың жіктемесі туралы. Техникалық маталар мен матадан жасалмаған материалдар
      3.12. Кілемдер, кілем бұйымдары мен гобелендер өндірісі
      3.12.1. Кілем өндірісі. Кілем өнеркәсібінің шикізат әлеуеті
      3.12.2. Кілем бұйымдарын өндіру және тұтыну
      3.12.3. Қазақстанның кілем саласының өнеркәсіптік әлеуеті
      3.13. Мақта целлюлозасы мен мақта шикізатынан жасалған оның туындылары және жоғары сапалы қағаз өндірісі
      3.13.1. Қағаз өндірісі. Шикізат әлеуеті
      3.13.2. Қағазды өндіру және тұтыну
      3.13.3. Қазақстан қағаз саласының өнеркәсіптік әлеуеті
      3.13.4. Сүрек массасы мен целлюлоза, қағаз және картон өндірісі
      3.13.5. Өндірістік шарттар
      3.14. Былғарыдан жасалған бұйымдар өндірісі
      3.14.1. Шикізат базасы
      3.14.2. Былғарыны өндіру және тұтыну
      3.14.3. Қазақстан былғары саласының өнеркәсіптік әлеуеті
      3.15. "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағын құру мен дамытуды SWOT талдау
      4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
      5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары және тетіктері
      5.1. Бірінші кезең (2007 - 2009 жылдар) - "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағының инфрақұрылымын салу
      5.1.1. "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағының инфрақұрылымын
дамыту
      5.1.2. Коммуникациялық инфрақұрылымды салу және қайта жаңарту
      5.1.3. Ықтимал инвесторлардың "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағының мүмкіндіктері және басымдықтарымен танысуына бағытталған тұсаукесер және өзге де жарнама іс-шараларын өткізу
      5.2. Екінші кезең (2010 - 2012 жылдар) - "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағының аумағында кәсіпорындар салу және "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағының ықпалдасқан сервистік-технологиялық орталығын құру
      5.2.1. "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағын құру мақсаттарына жауап беретін инвестициялық жобаларды іріктеу
      5.2.2. "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағының аумағында кәсіпорындар салу
      5.2.3. "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағының ықпалдасқан сервистік-технологиялық орталығын құру
      5.3. Үшінші кезең (2013 - 2015 жылдар) - өндірістерді кеңейту және одан әрі дамыту, тоқыма өнімінің әлемдік нарыққа шығуы
      5.3.1. "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағының аумағында өндірілген тоқыма тауарларын әлемдік тауар нарықтарына жылжытуға жәрдемдесу
      5.3.2. "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағының аумағында тоқыма кәсіпорындарын қолдауға бағытталған шараларды жүзеге асыру
      5.3.3. Кадрларды даярлау және қайта даярлау жүйесін ұйымдастыру
      6. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері
      7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер
      8. "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағын дамытудың 2007 - 2015 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
      8.1. "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағын дамытудың 2007 - 2015 жылдарға арналған бағдарламасын іске асырудың 2007 - 2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары
      8.2. "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағын дамытудың 2007 - 2015 жылдарға арналған бағдарламасын іске асырудың 2007 - 2012 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары

1. Бағдарламаның паспорты

Атауы               "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағын
                      дамытудың 2007 - 2015 жылдарға арналған
                      бағдарламасы

Әзірлеу үшін        "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағын құру
негіздеме             туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің
                      2005 жылғы 6 шілдедегі N 1605 Жарлығы ;
                      "Экономикалық басым секторларында пилоттық
                      кластерлерді құру мен дамыту жөніндегі
                      жоспарларды бекіту туралы" Қазақстан
                      Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25
                      маусымдағы N 633 қаулысы ;
                      "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағын құру
                      жөніндегі шұғыл шаралар туралы" Қазақстан
                      Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 шілдедегі
                      N 770 қаулысы

Әзірлеуші           Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда
                      министрлігі, Оңтүстік Қазақстан облысының
                      әкімдігі

Мақсаты             Тоқыма өнеркәсібін дамыту және оның бәсекеге
                      қабілеттілігін арттыру арқылы Қазақстанның
                      әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің
                      қатарына кіруіне алғы шарттар жасауға мүмкіндік
                      беру

Міндеттері          Тоқыма кәсіпорындарының аумақта ресурстарды
                      (электр энергиясы, газ, су) тиімді пайдалануға
                      ықпал ететін жеткізу инженерлік желілерін салу;
                      коммуникациялық инфрақұрылымдарды (автомобиль
                      жолдарын, темір жолды, телефон желілерін) салу,
                      қайта жаңарту;
                      "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағының
                      мүмкіндіктері мен басымдықтарын ықтимал
                      инвесторларға таныстыруға бағытталған тұсау
                      кесер және өзге де жарнамалық іс-шаралар
                      жүргізу;
                      "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағын құру
                      мақсаттарына жауап беретін инвестициялық
                      жобаларды іріктеу өлшемдерін қалыптастыру;
                      тігінен біріктірілген, жоғары технологиялы және
                      экспортқа бағдарланған өндірістер құрылысын
                      қамтамасыз ету;
                      "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағының
                      аумағында өндірілген тоқыма тауарларын әлемдік
                      тауар нарықтарына жылжытуға жәрдемдесу;
                      "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағының
                      аумағында тоқыма кәсіпорындарын қолдауға
                      бағытталған шараларды жүзеге асыру;
                      кадрларды даярлау және қайта даярлау жүйесін
                      ұйымдастыру

Іске асыру          Бірінші кезең: 2007 - 2009 жылдар;
мерзімі              Екінші кезең: 2010 - 2012 жылдар;
                      Үшінші кезең: 2013 - 2015 жылдар

Қажетті             Бірінші кезең (2007 - 2009 жылдар). 2007 жылдан
ресурстар және      бастап 2008 жылды қоса алғандағы кезеңде
қаржыландыру          "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағының
көздері               инфрақұрылымын салу республикалық бюджеттің
                      есебінен жоспарланып отыр, шығындардың жалпы
                      сомасы 7 068,023 млн. теңге:
                      2007 жылғы объектілердің жалпы сомасы 2 970,546
                      млн.теңге;
                      2008 жылғы объектілердің жалпы сомасы 1 992,936
                      млн. теңге.
                      2009 жылғы объектілердің жалпы сомасы 2 104,541
                      млн. теңге.
                      Екінші кезең (2010 - 2012 жылдар). Тоқыма
                      өнеркәсібі кәсіпорнын салуға шетелдік және
                      отандық инвесторлардың салған инвестицияларының
                      болжамды сомасы 65 миллиард теңгені құрайды.
                      Сол сияқты "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат
                      қоры" АҚ қаражаты мен Оңтүстік Қазақстан
                      облыстық бюджетінің қаражаты қолданылатын
                      болады.
                      Үшінші кезең (2013 - 2015 жылдар) Маркетингтік
                      шығыстарға бірінші кезекте инвесторлардың жеке
                      қаражаты жұмсалады, "Оңтүстік" арнайы
                      экономикалық аймақ аумағындағы кәсіпорындарды
                      қолдауға бағытталған іс-шараларды жүргізуге
                      "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ
                      қаражаты мен Оңтүстік Қазақстан облыстық
                      бюджетінің қаражаты қолданылады.
                      Бағдарламаны іске асыру үшін қажетті бюджет
                      қаражатының көлемі тиісті қаржы жылына арналған
                      республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде
                      нақтыланатын болады.

Күтілетін           Бірінші кезеңде (2007 - 2009 жылдар кезеңі) нәтижелер             мыналар:
                      осы мақсаттарға республикалық бюджеттен
                      бөлінген 7 068,023 млн. теңгені игере отырып,
                      "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағының
                      заманға сай инфрақұрылымының құрылысын
                      аяқталады;
                      тоқыма өнеркәсібін дамытуға инвестиция салуға
                      ниеттенген отандық және шетелдік компаниялар
                      тартылатын болады.
                      Екінші кезеңде (2010 - 2012 жылдар) мыналар:
                      15 тоқыма саласы кәсіпорынының құрылысын
                      аяқтауға шамамен 65 млрд. теңге сомасында
                      отандық және шетелдік инвестициялар тарту;
                      шамамен 11 мың жаңа жұмыс орнын құру;
                      мақта талшығының жыл сайын 100 мың тоннаға
                      дейін импортын ескере отырып, мақта талшығының
                      ішкі тұтыну көлемін арттыру;
                      мақта егу алаңын 90 мың га-ға арттыру;
                      өндірістің жалпы көлемінің 30 %-ына дейін ішкі
                      нарықта мақта талшығын тұтыну үлесін арттыру
                      күтіліп отыр.
                      Үшінші кезеңде (2013 - 2015 жылдар аралығында)
                      мыналар күтілуде:
                      Қазақстанның тоқыма өнеркәсібін әлемдік
                      нарыққа біріктіру;
                      "Қазақстан тоқымасы" сауда маркасын (бренд)
                      құру және жылжыту.

2. Кіріспе

      "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағы "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 шілдедегі N 1605 Жарлығымен құрылды және Оңтүстік Қазақстан облысында мақта-мата иірімжіптері мен мата өндірісі жөніндегі пилоттық кластерінің жүйе құраушы компоненті болып табылады. "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі - "Оңтүстік" АЭА) өңір және тұтастай алғанда Қазақстан үшін перспективалы тоқыма секторына инвесторларды тарту үшін құрылды.
      Бағдарламаны әзірлеу үшін негіздеме жоғарыда аталған Жарлық және "Экономикалық басым секторларында пилоттық кластерлерді жасау мен дамыту жөніндегі жоспарларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 маусымдағы N 633 қаулысы болып табылады.
      Тоқыма жабдығын тиісінше жаңғыртқан кезде Қазақстанның халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келетін өнім шығаратын жағдайда. Осы мақсатқа жету үшін тоқыма өнеркәсібін дамытуда мүлдем жаңа көзқарас қажет. Әлемдік тоқыма өнеркәсібі өндірістің сапа жағынан өзге деңгейіне ауысуына байланысты отандық тоқыма өнеркәсібін жаңарту емес, озық технологияларды енгізе отырып, қайта құру қажеттілігі туындайды.
       Тоқыма өнеркәсібі капиталды қажетсінетін, ал тоқыма жабдығы - ең қымбат тұратын құралдардың бірі болып табылады. Өзінің ерекшелігіне қарай салынып жатқан тоқыма кәсіпорны инвестициялар салғаннан кейін бесінші жылы ғана жобалық қуатқа шығатынына орай, неғұрлым ұзақ кезеңге, бұл жағдайда 2030 жылға дейін жеңілдікті шаралар қажет.
      Оңтүстік Қазақстан облысында (бұдан әрі - ОҚО) "Оңтүстік" АЭА инфрақұрылымын дамыту және құру үшін Сайрам ауданында орналасқан алаңы 200 га жер учаскесі бөлінген. Таңдалған жергілікті жердің қасынан темір жол, ЛЭП ВЛ-220 желісі, бес километрде жоғары қысымды газ құбыры өтеді. "Оңтүстік" АЭА атқарушы органы ОҚО әкімдігі құрған "Оңтүстік" АЭА дирекциясы" мемлекеттік мекемесі болып табылады. Оңтүстік Қазақстан тоқыма өнеркәсібі үшін негізгі шикізат болып табылатын мақта өсетін Қазақстанның жалғыз өңірі болып табылады. Табиғи-климаттық жағдайларға ыңғайлы мақтаның рентабельділігі егіс алаңдарын кеңейтуге және шығымын арттыруға ынталандырады.
      Шетел инвестицияларын тарту "Оңтүстік" АЭА-ны дамыту бағдарламасының басым бағыттарының бірі болып табылады, мұнда отандық және шетелдік инвестицияларды тарту үшін жеңілдікті шаралар құрылады.
      Бағдарлама халықаралық тоқыма нарығының өзгергіштігін ескере отырып, инвестициялық ұсыныстарды, инфрақұрылымның дамуын, отандық компаниялар мен шетелдік инвесторларға рұқсат берген кезде басымдықтарын анықтауды және бағалау өлшемдерін бағалауда стратегиялық көзқарасты анықтайды.

3. Саланың қазіргі заманғы жай-күйін талдау

3.1. Мақта өндіру, тоқыма өнеркәсібінің шикізаттық әлеуеті

      Қазақстанда мақта Оңтүстік Қазақстан облысында ғана өсіріледі, өйткені мұнда ғана оны өңдеу үшін қажетті климаттық жағдай бар: күн сәулесінің көптігі, құнарлы суармалы жердің, сондай-ақ ағын су мен еңбек ресурстарының болуы. Мақта өндіру рентабельділігі кейбір басқа дақылдарға қарағанда жоғары екендігін ескеру қажет.
      Егер соңғы 14 жылда ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы егін алаңдарының төмендеу үрдісі болса, ал мақтаға қатысты керісінше жағдай байқалып отыр, олардың алаңы 1991 жылдан басталған кезең ішінде 116 мың га көрсеткіштен 80 %-ға ұлғайып (88 мың га), 2005 жылғы жағдай бойынша 204 мың га құрады.
      Мақта облыстың 15 ауданы мен қалаларының ішінен 8 ауданында және 2 қаласында өсіріледі. Мақтаның негізгі алаңдары ОҚО-ның Мақтаарал ауданында орналасқан, оның үлесіне жалпы облыстық егістердің 65-тен 75 %-ға дейін тиесілі, мұнда су ресурстарымен қамтамасыз етілуі неғұрлым жоғары, мақта өсірудегі табиғи жағдайлар неғұрлым жоғары, мақта тазалау зауыттарының шоғырлануы жоғары, мақта егуге берілген алаң 2005 жылғы жағдай бойынша 117,8 мың га құрады.
      2005 жылы облыста шитті-мақта өнімін жалпы жинау 23,1 ц/га орташа шығымдылық кезінде 464 мың тоннаны құрады, бұл 2004 жылғы 466 мың тонна көрсеткішке ауытқиды және жалпы жинау 2003 жыл бойынша 360 мың тонна болып, 104 мың тоннаға артады. Тұтастай алғанда 2000 жылдан бастап 2005 жылға дейінгі кезеңі ішінде шитті-мақтаны жалпы жинау көлемі өсу үрдісін сақтады, жалпы жинау көрсеткіштері 2000 жылы - 287 мың тоннаны, 2001 жылы - 402 мың тоннаны, 2002 жылы - 416 мың тоннаны, 2003 жылы - 360 мың тоннаны, 2004 жылы - 466 мың тоннаны, 2005 жылы - 464 мың тоннаны құрады.
      Мақтаның шығымдылығына көптеген факторлар әсер етеді, олар: топырақтық-климаттық жағдайлар; ұтымды су режимі; өсімдіктердің жұқпалы ауруларымен, арам шептермен және зиянкестермен күресу құралдарының пайдаланылатын тетіктері; жүргізілетін суару жұмыстарының кешені және сапасы; минералдық қорек деңгейі, еселігі және теңгерімдігі; пайдаланылатын агрохимиялық тәсілдер; топырақты өңдеу, жинау және жинаудан кейін жаңарту технологиясының негізгі талаптарын сақтау.
      Өсімдік шаруашылығының жалпы өнім көлемінде шитті-мақта 50 пайыздан астамын құрайды. Қазақстанда мақтаның біршама тез пісетін сұрыптары өндіріледі, олар: "С-4727", "С-6524", "Юлдуз". Сол сияқты "Мақтаарал-3044" пен "Мақтаарал-3031" жаңа сұрыптары аудандастырылған және енгізілген. Осы сұрыптардың тұқымдарынан түсетін шығым 36 %-ға жетеді, қорапшаның массасы 6,5 - 6,8 грамм. Облыста мақтаның асыл тұқымды шаруашылығымен 6 қожалық айналысады.
      Қазақстанда алынатын мақта орташа талшықты мақта талшығы түрлеріне жатады. Жалпы шитті-мақта жинаудың 80 %-ы шаруа қожалықтарына тиесілі. Мақта талшығынан басқа, тұқым (май, шрот, қабық алынады), линт, мақта мамығы шитті-мақтаны қайта өңдеу өнімдері болып табылады. Мақтаның сабақтары мен жармалары отын ретінде пайдаланылады. Мақта-тоқыма секторының ілеспелі салаларын май шығарғыш, целлюлозалық, азық-түлік, құрама жем және өзге де өнеркәсіп субъектілері ұсынуы мүмкін.
      Сол сияқты шикізат базасын кеңейтудің аса маңызды факторы Қызылқұм алқабы алаңдарын мақта егуге бейімдеу болып табылады, шамамен 90 мың га жерді игеру ұйғарылып отыр.

3.2. Мақта талшығын өндіру және тұтыну

      ОҚО-да мақта талшығын өндіретін 21 зауыт бар, зауыттардың қайта өңдеу жиынтық жобалық қуаты 770 мың тонна шитті-мақтаны құрайды, олардың 12-сі ОҚО-ның негізгі мақта өңірі - Мақтаарал ауданында, қалғандары - Шымкент, Түркістан қалаларында, Шардара, Сарыағаш, Ордабасы және Отырар аудандарында орналасқан. Орташа жылдық қуаттылығын пайдалану 40 - 45 мың тонна шитті-мақтаға жетеді. Мақта зауыттарының қуаттылықтары 60 %-ға ғана жүктелген, бұл шикізат базасын кеңейткен кезде қосымша қайта өңдеу қуаттылықтарын салмастан мақта өндірісі көлемін өсіруге мүмкіндік береді.
      Ішкі нарықтағы баға мақтаның әлемдік нарықтағы баға жағдаятына байланысты, мақтаға әлемдік бағаның барометрі Соttоn Оutlook LТD агенттігі (Ұлыбритания, Ливерпуль) жариялайтын индекс бағаламасы болып табылады. Өнім жинауды жүзеге асырған немесе оған дейінгі кезеңде индекс бағаламасының ауытқуы ішкі нарықта мақтаның нарықтық бағасына әсер етеді.
      Шитті-мақтаны қайта өңдеу процесінде джинирлеу (мақтаны тазалау) және грединг (талшықты сорттау және бағалау) жүзеге асырылады. Джинирлеу және грединг процестерінің бүгінгі жағдайы өңдеудің жеткіліксіз деңгейін көрсетеді. Кәсіпорындар пайдаланатын жабдықтар тұрақты техникалық қолдауды талап етеді (көбісі 1970 - 1980 жылдары салынған). Мақта өндіру өнімділігі мен жылдамдығы төмен. Грединг талшық мақта өндірісінде негізгілердің бірі болып табылады, өйткені бұл процесті жүргізген кезде мақтаның сапасын (ұзындығы, салмағы, тығыздығы, талшықтың түсі және қоқыстың болуы және қысқа талшықты) және тиісінше оның бағасын бағалау жүзеге асады. Мақта саласын дамыту үшін грединг процесінің стандарттарын, оның әлемдік нарықта бәсекелесу қабілетін арттыру қажеттілігі туындайды, бұл сапасы бойынша талшық мақта сапасын бағалау жөнінде қазіргі заманғы техникамен жарақталған заманауи зертханалар желісін салу қажеттігімен шарттасады.
      Қазақстанның мақта талшығын әлемдік өндіру көлеміндегі үлесі 2003 жылғы жағдай бойынша жалпы әлемдік өндірістің 20,5 млн. тоннасынан 0,65 %-ды, 2005 жылғы жағдай бойынша Қазақстанның мақта талшығын әлемдік өндіру көлеміндегі үлесі 0,75 %-ға дейін құрады.
      Талшықты әлемдік тұтыну көлемінің өсуі екі негізгі фактормен: әлемдік экономиканың өсуімен және халықтың өсуімен анықталады.
      Талшықты түрлері бойынша тұтынуын талдау кезінде оның екі негізгі түрінің басымдығы көрінеді: талшық мақта және синтетикалық талшық. Түкті целлюлозды талшықтарды тұтыну өзгерген жоқ, болашақта да негізінен мақта мен синтетиканың бағаларымен салыстырғанда бағаның жоғары деңгейі себепті өсуі күтілмейді.
      Сол сияқты мұнайға әлемдік бағаның өсуіне байланысты синтетикалық талшықтарды өндіру үшін шикізат та үздіксіз қымбаттайтын болады, бұл талшық мақтаның бәсекелестік басымдықтарының өсуіне және талшық мақта мен талшықты тұтынудың жалпы салмағындағы оның үлестерінің өсуіне әкеп соқтырады.
      Мақта талшығы облыс экономикасының негізгі экспорттық өнімі болып табылады. Облыстың экспортында мақта талшығының үлесі жылдан жылға артып, соңғы жылдардың қорытындылары бойынша 45 - 49 %-ды құрады. Мақта талшығын жиналған орнында өңдеу мен түпкілікті өнімді алған кезде экономика тиімдірек болады.
      2005 жылғы бағалармен есептегенде:
      1) 330 тонна тазартылмаған мақтадан 100 тонна мақта талшығы алынады, 100 тонна мақта талшығының құны 120 мың АҚШ долларын құрайды;
      2) 100 тонна мақта талшығынан 90 тонна кардалық иірімжіп алынады, 90 тонна иірімжіптің құны 211 мың АҚШ долларын құрайды;
      3) 90 тонна кардалық иірімжіптен 600 мың м 2 мата алынады, 600 мың м 2 матаның құны (текше метрінің өлшемі 1 х 1,4 болған кезде) 634 мың АҚШ долларын құрайды;
      4) 600 мың м 2 матадан 170 мың тігін өнімі алынады, 170 мың тігін өнімінің құны 952 мың АҚШ долларын құрайды.

3.3. Қазақстанның тоқыма саласының өнеркәсіптік әлеуеті

      Қазақстан Республикасының тоқыма өнеркәсібі табиғи және синтетикалық талшықтарды иірімжіп пен матаға қайта өңдеумен айналысатын кәсіпорындардың тобын білдіреді. Қазақстан Республикасы Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне (ЭҚЖЖ) сәйкес тоқыма өндірісі экономикалық қызметтің 7 түрімен және 20 кіші түрімен ұсынылуы тиіс. Саланың құлдырауына байланысты көптеген өндірістік бағыттар жұмысын тоқтатып, жабылды. Мысалға, тігін жіптерді шығару, талшықтар мен иірімжіптерді бояу, маталарды ағарту, баспасуреттеу мен өңдеу, трикотаж жаймасын өндіру және басқалары сияқты қызмет бағыттары жоқ.

Қазақстан Республикасының тоқыма, трикотаж және былғары
өнеркәсібі саласындағы экономикалық қызмет түрлері

Экономикалық
қызмет түрі

Экономикалық қызметтің кіші түрі

Өндірістің
жағдайы

Өндіріс
бар

Өндіріс
жоқ

1

2

3

4

5

1. Иіру, тігу және өңдеу өндірісі

1.1. Бөлшектеп сату үшін өлшеніп оралмаған, жібек иірімжіп және жібек қалдықтарынан иірілген иірімжіп

Бөлшектеп сату үшін өлшеніп оралмаған, жібек иірімжіп және жібек қалдықтарынан иірілген иірімжіп


+

1.2. Бөлшектеп сату үшін өлшеніп оралған немесе өлшеніп оралмаған жүннен иірілген иірімжіп; жануарлардың жұқа немесе қатты қылынан немесе жылқының қылынан жасалған иірімжіп

Бөлшектеп сату үшін өлшеніп оралған немесе өлшеніп оралмаған жүннен иірілген иірімжіп; жануарлардың жұқа немесе қатты қылынан немесе жылқының қылынан жасалған иірімжіп


+

1.3. Бөлшектеп сату үшін өлшеніп оралмаған, тарақпен таралған немесе таралмаған талшықтардан жасалған, мақта-мата иірімжіп; мақта-мата тігін жіптері

Мақта-мата тігін жіптері


+

1.4. Мақтадан басқа (зығыр, кендір, кокос талшықтарын, қарапайым сораны қоса алғанда), өсімдіктен алынған тоқыма талшықтардан иірілген иірімжіп; қағаз иірімжіп

Бөлшектеп сату үшін өлшеніп оралмаған, зығырдан иірілген иірімжіп


+

Кендірден немесе өзге де қабықтың тоқыма талшығынан жасалған иірімжіп, өзге де өсімдіктен алынған тоқыма талшықтардан жасалған иірімжіп және қағаз иірімжіп


+

1.5. Тоқыма иірімжіп және химиялық немесе штапель талшықтарынан жасалған жіптер

Бірнеше рет немесе бір рет ширатылған (тігін жіптерден, полиамидті, полиэфирлі немесе вискозды беріктігі жоғары жіптерден басқа) бөлшектеп сату үшін өлшеніп оралмаған жасанды талшықтардан жасалған жіптер; өлшеніп оралған жасанды талшықтардан жасалған жіптер (тігін жіптерден басқа)


+

Осындай талшықтардың салмағы бойынша кемінде 85 %-ды құрайтын, тігін жіптерден басқа, синтетикалық штапель талшықтарына  жасалған иірімжіп


+

Осындай талшықтардың салмағы бойынша кемінде 85 %-ды құрайтын, тігін жіптерден басқа синтетикалық штапель талшықтарына  жасалған иірімжіп


+

Бөлшектеп сату үшін өлшеніп оралмаған, тігін жіптерден басқа, жасанды штапель талшықтарына  жасалған иірімжіп


+

Жасанды және синтетикалық талшықтардан және жіптерден жасалған тігін жіптері мен иірімжіп


+

Тоқыма иірімжібін және жіптерді жасау саласындағы қызметтер

+


2. Тоқыма бұйымдарын шығару

2.1. Мақтадан басқа, табиғи талшықтардан жасалған маталар (арнайы маталардан басқа)

Жібектен немесе жібек қалдықтарына  жасалған маталар


+

Кардо таралған немесе тарақпен таралған жүннен жасалған немесе малдың қатты қылынан не жылқы қылынан жасалған маталар


+

Зығырдан жасалған маталар


+

Кендірден және өзге де (зығырдан, қарапайым кендірден және рамадан басқа) өсімдік талшығынан алынған тоқыма талшықтардан жасалған маталар

+


Өзге де өсімдіктен алынған тоқыма талшықтардан жасалған маталар; қағаз иірімжіптен жасалған маталар


+

2.2. Мақта маталар

Мақта маталар

+


2.3. Жасанды және штапель талшықтарынан жасалған маталар (арнайы маталардан басқа)

Синтетикалық және жасанды кешенді жіптерден жасалған маталар


+

Синтетикалық штапель талшықтарынан жасалған маталар


+

Жасанды штапель талшықтарынан жасалған маталар


+

2.4. Бүрлі маталар, түкті маталар және өзге де арнайы маталар

Бүрлі маталар және шашақты маталар (түкті маталардан және енсіз маталардан басқа)

+


Сүлгілік түкті маталар және мақтадан жасалған ұқсас түкті маталар (енсіз маталардан басқа)

+


Сүлгілік түкті маталар және өзге де ұқсас түкті маталар (енсіз маталардан басқа)

+


Дәке (енсіз маталардан басқа)

+


2.5. Маталар өнеркәсібі саласындағы қызметтер

+


3. Дайын тоқыма бұйымдарын шығару

3.1. Тоқыманы өңдеу жөніндегі қызметтер

Талшықтар мен иірімжіптерді ағарту, бояу жөніндегі қызметтер

+


Маталарды және тоқыма бұйымдарын (киімді қоса алғанда) ағарту жөніндегі қызметтер

+


Маталарды және тоқыма бұйымдарын (киімді қоса алғанда) бояу жөніндегі қызметтер

+


Маталарды және тоқыма бұйымдарын (киімді қоса алғанда) өрнектеу жөніндегі қызметтер

+


Маталарды және тоқыма бұйымдарын (киімді қоса алғанда) өңдеу жөніндегі қызметтер

+


4. Трикотаж жайма тігу

4.1. Трикотаж және тоқылған маталар

Машинамен немесе қолмен тоқылатын қылшықты трикотаж жайма


+

Жасанды үлбірді қоса алғанда, машинамен немесе қолмен тоқылатын өзге де трикотаж жайма


+

4.2. Машинамен немесе қолмен тоқылатын трикотаж жайма тігу саласындағы қызметтер


+

5 . Киімнен басқа, дайын тоқыма бұйымдарын тігу

5.1. Үй шаруашылығына арналған киімнен басқа, дайын тоқыма бұйымдары

Жолға арналған көрпелер (электр көрпелерден басқа) мен жапқыштар

+


Төсек-орындар

+


Асханалық жаймалар


+

Дәретханаға төсеніштер мен ас үй жаймалары


+

Интерьерге арналған портьерлерді қоса алғанда, перделер; керуетке арналған шымылдықтар мен шашақты әдіптер;


+

Басқа топтамаларға енгізілмеген, өзге де жиһаздық-сән бұйымдары; маталардың жинақтары және жапқыштарды, драптан тігілген маталарды және т.б. дайындауға арналған иірімжіптер


+


5.2. Өзге де дайын тоқыма бұйымдары

Буып-түйетін қаптар мен пакеттер


+

Қайықтарға, желкенді қайықтарға немесе десантты жүзетін құралдарға арналған брезенттер, желкендер; кемпингтерге арналған төбелік қалқалар, маркизалар, тенттер мен жабдықтар (үрленетін матрастарды қоса алғанда)


+

Парашюттер (дирижабльдерге арналған парашюттерді қоса алғанда) және айналмалы парашюттер (ротошюттер) олардың бөлшектері


+

Сырылған көрпелер, мамық көрпелер, диван жастықтары, пуфтар, жастықтар, ұйықтауға арналған қаптар және кез келген материалдан немесе жұмсақ резеңкеден немесе кеуекті (жұмсақ) пластмассадан толтырылған ұқсас бұйымдар


+

Едендерді, ыдыстарды жууға, шаң сүртуге арналған шүберектерді қоса алғанда, өзге де дайын тоқыма бұйымдары мен тазалауға арналған өзге де керек-жарақтар, құтқару күртелері және белдіктері


+


5.3. Киімнен басқа, дайын тоқыма бұйымдарын тігу саласындағы қызметтер


+

6. Кілемдер мен кілем бұйымдарын тігу

6.1. Кілемдер мен кілем бұйымдары

Кілемдер және өзге де еденге төсейтін түйіншекті тоқыма төсеніштер

+


Кілемдер және өзге де матадан жасалған, еденге төсейтін тафтингтелмеген және флокталмаған тоқыма төсеніштер

+


Кілемдер және өзге де тафтингті, еденге төсейтін тоқыма төсеніштер

+


Кілемдер және киізді қоса алғанда, өзге де еденге төсейтін тоқыма төсеніштер


+

6.2. Кілемдер мен кілем бұйымдарын тігу саласындағы қызметтер

+


7. Арқандар, шынжыр арқандар, жіңішке арқандар, баулар, пілтелер жасау және ау тоқу

7.1. Қалдықтардан басқа, шынжыр арқанды-арқанды бұйымдар, тростар, шынжыр арқандар, шпагат және аулар

Өсімдіктен алынған тоқыма талшықтардан жасалған шынжыр арқанды-арқанды бұйымдар, шынжыр арқандар, тростар мен шпагат


+

Шпагаттан, шынжыр арқандардан, шынжырдан немесе тростардан өрілген торлар, тоқыма материалдардан тігілген дайын торлар; басқа топтамаларға енгізілмеген иірімжіптен, лентадан жасалған бұйымдар


+

7.2. Шынжыр арқанды-арқанды бұйымдарды, тростарды, шынжыр арқандарды, шпагаттарды және торларды жасау саласындағы қызметтер


+

8. Киімді қоспағанда, матадан жасалмаған бұйымдар жасау

8.1. Матадан жасалмаған материалдар және киімнен басқа, мата емес материалдардан жасалған бұйымдар


+

8.2. Матадан жасалмаған материалдар және киімнен басқа, матадан жасалмаған материалдардан жасалған бұйымдар жасау саласындағы қызметтер


+

9. Басқа санаттарға кірмеген өзге де тоқыма бұйымдарын жасау

9.1. Тюль, шілтер және кестелер; гипюр иірімжіп пен жолақтар; шашақты иірімжіп; ілмекті пішімді иірімжіп

Тюль және маталардан басқа, өзге де тор маталар, машинамен немесе қолмен тоқылған тоқыма жайма; жолақ немесе шілтерлі әшекейлер нысанындағы кесек шілтерлер


+

Кесектегі, лентадағы немесе жекелеген кесте түріндегі кестелер


+

Фетр және киіз, оның ішінде боялған, сіңдірілген немесе ламинантталған


+

Ұзындығы 5 мм-ден аспайтын тоқыма талшық (түбіт); тоқыма тозаңы;


+

Гипюрлі иірімжіп пен жолақтар; шашақты иірімжіп; ілмекті үлгі иірімжіп


+

10. Былғарыдан киім тігу

10.1. Былғарыдан немесе құрақ былғарыдан тігілген киім


+

10.2. Былғары киімдер тігу саласындағы қызметтер


+

11. Арнайы киімдерді тігу

11.1. Ерлердің жұмыс киімі

Ерлерге немесе ұл балаларға арналған жиынтықтар, күртелер және жұмыс пиджактар

+


Ерлерге немесе ұл балаларға арналған шалбарлар кеудешелері және баулары бар комбинезондар, жұмыс бриджилер

+


11.2. Әйелдердің жұмыс киімі

Әйелдерге немесе қыз балаларға арналған жинақтар, күртелер және жұмыс пиджактар

+


Әйелдерге немесе қыз балаларға арналған шалбарлар, кеудешелер және баулары бар комбинезондар, жұмыс бриджилер

+


11.3. Өзге де жұмыс киім

+


11.4. Жұмыс киімін тігу саласындағы қызметтер

+


12. Сырт киімді тігу

12.1. Машинамен немесе қолмен тоқылған тоқыма сырт киім

Ерлерге немесе ұл балаларға арналған пальтолар, плащтар, капюшоны бар плащтар, жылы күртелер (шаңғы тебуге арналғандарды қоса алғанда), жұқа күртелер, қалың күртелер және ұқсас трикотаж бұйымдар


+

Ерлерге немесе ұл балаларға арналған трикотаж костюмдер, жинақтар, пенжектер, шалбарлар, кеудешелері және баулары бар комбинезондар, бриджилер мен шорттар (суға түсетіндерден басқа)

+


Әйелдерге немесе қыз балаларға арналған пальтолар, плащтар, капюшоны бар плащтар, жылы күртелер (шаңғы тебуге арналғандарды қоса алғанда), трикотаж жұқа күртелер, қалың күртелер


+

Әйелдерге немесе қыз балаларға арналған трикотаж костюмдер, жинақтар, жакеттер, блейзерлер, көйлектер, юбкалар, шалбар-юбкалар, шалбарлар, кеудешелері және баулары бар комбинезондар, бриджилер мен шорттар (суға түсетіндерден басқа)




12.2. Ерлерге немесе ұл балаларға арналған трикотаждан басқа, өзге де сырт киім

Ерлерге немесе ұл балаларға арналған пальтолар, плащтар, капюшоны бар плащтар, жылы күртелер (шаңғы тебуге арналғандарды қоса алғанда), жұқа күртелер, жылы күртелер және трикотаждан басқа ұқсас бұйымдар


+

Ерлерге немесе ұл балаларға арналған, трикотаждан басқа, костюмдер және жинақтар

+


Ерлерге немесе ұл балаларға арналған, трикотаждан басқа пиджактар және блейзерлер, жакеттер, пиджактар түріндегі күртелер


+

Ерлерге немесе ұл балаларға арналған, трикотаждан басқа, шалбарлар, кеудешелер және баулары бар комбинезондар, бриджилер және шорттар (суға түсетіндерден басқа)


+


12.3. Әйелдерге немесе қыз балаларға арналған трикотаждан басқа, өзге де сырт киім

Әйелдерге немесе қыз балаларға арналған пальтолар, плащтар, капюшоны бар плащтар, жылы күртелер (шаңғы тебуге арналғандарды қоса алғанда), жұқа күртелер, жылы күртелер және трикотаждан басқа ұқсас бұйымдар


+

Әйелдерге немесе қыз балаларға арналған трикотаждан басқа, костюмдер және жинақтар

+


Әйелдерге немесе қыз балаларға арналған трикотаждан басқа, жакеттер және блейзерлер, пиджактар, пиджак тәрізді күртелер


+

Әйелдерге немесе қыз балаларға арналған трикотаждан басқа, көйлектер, юбкалар, шалбар-юбкалар


+

Әйелдерге немесе қыз балаларға арналған шалбарлар, кеудешелері және баулары бар комбинезондар, бриджилер мен шорттар (суға түсуге арналған киімдерден басқа)


+

12.4. Сырт киімдерді тігу саласындағы қызметтер



13. Іш киім тігу

13.1. Машинамен немесе қолмен тоқылған трикотажды іш киім

Ерлерге немесе ұл балаларға арналған трикотаж көйлектер және жейделер


+

Ерлерге немесе ұл балаларға арналған кальсондар, трусилер, түнгі жейделер, пижамалар, халаттар және ұқсас бұйымдар


+

Әйелдерге немесе қыз балаларға арналған, машинамен немесе қолмен тоқылған трикотаж блузкалар, көйлектер және батниктер


+

Әйелдерге немесе қыз балаларға арналған трикотаж комбинациялар, ішкі юбкалар, трусилер, дамбалдар, түнгі жейделер, пижамалар, пеньюарлар, халаттар және ұқсас бұйымдар


+

13.2. Трикотаждан басқа өзге де іш киімдер

Ерлерге немесе ұл балаларға арналған трикотаждан басқа көйлектер және жейделер


+

Ерлерге немесе ұл балаларға арналған трикотаждан басқа, майкалар және өзге де ішінен киетін фуфайкалар, трусилер, кальсондар, түнгі жейделер, пижамалар, халаттар және ұқсас бұйымдар


+

Әйелдерге немесе қыз балаларға арналған трикотаждан басқа, блузкалар, көйлектер және батниктер


+

Әйелдерге немесе қыз балаларға арналған трикотаждан басқа, майкалар және өзге де ішінен киетін фуфайкалар, комбинациялар, ішкі юбкалар, трусилер, дамбалдар, түнгі жейделер, пижамалар, халаттар және ұқсас бұйымдар


+

Әйелдерге немесе қыз балаларға арналған трикотаж немесе трикотаж емес бюстгальтерлер, корсеттер, белдіктер, аспа баулар, байлам жіптер және ұқсас бұйымдар және олардың бөліктері


+

13.3. Трикотаж теннискалар, шортысы бар майкалар, фуфайкалар және ұқсас бұйымдар


+

13.4. Іш киімдер тігу саласындағы қызметтер


+

14. Киімдердің және аксессуарлардың өзге де түрлерін тігу

14.1. Машинамен немесе қолмен тоқылған, емшектегі балаларға арналған трикотаж киімдер, қыдыруға киетін және өзге де киімдер, аксессуарлар мен киім бөлшектері

Емшектегі балаларға арналған трикотаж киімдер және киім аксессуарлар


+

Спорттық, шаңғы тебетін және суға түсетін өзге де трикотаж костюмдер


+

Трикотаж қолғаптар, биялайлар және митенкілер


+

Өзге де киім аксессуарлары және киім бөлшектері немесе трикотаж киім аксессуарлар


+

14.2. Емшектегі балаларға арналған трикотаждан басқа киімдер, өзге де киімдер және өзге де киім аксессуарлары

Емшектегі балаларға арналған киімдер және трикотаждан басқа киім аксессуарлары


+

Спорттық, шаңғы тебетін және суға түсетін костюмдер; трикотаждан басқа, өзге де киімдер


+

Қол орамалдар, шәлі, бөкебайлар, бет перделер, галстуктер, мойын бөкебайы, қолғаптар және өзге де дайын киім-кешектер; басқа топтамаларға енгізілмеген, трикотаждан басқа, тоқыма материалдардан жасалған киімдердің бөлшектері немесе киім аксессуарлары


+

14.3. Киімдердің былғары аксессуарлары; фетрдан немесе матадан жасалмаған материалдардан тігілген киім; тоқыма материалдардан жасалған дайын киім

Спорттық қолғаптардан басқа, киімдердің былғары аксессуарлары


+

Фетрден, киізден немесе матадан жасалмаған материалдардан тігілген киім


+

14.4. Шляпалар және бас киімдер

Фетрлі шляпалы қалыптар, тульдер мен қалпақтар; қалпақты дайындамалар және фетрлі қалпақтар; өрілген немесе әртүрлі материалдардан жасалған жолақтарды қосу жолымен дайындалған қалпақты жартылай фабрикаттар


+

Шілтерден немесе өзге де бір кесекті тоқыма материалдардан дайындалған, машинамен немесе қолмен тоқылған, әртүрлі трикотаж материалдардан жолақтарды қосу жолымен өрілген немесе жасалған өзге де фетрлі шляпалар және бас киімдер; шашқа арналған торлар


+

Резеңкеден немесе пластиктен жасалған бас киімдерден, қорғаушы бас киімдерден және астбестен жасалған бас киімдерден басқа, өзге де бас киімдер; басқа киімге арналған таспалар, астарлар және бас киім қаптары, қалпақ қаңқасы және негіздері, бас киімдерге арналған күн қағарлар және баулар


+

14.5. Басқа топтамаларға енгізілмеген, өзге де киімдерді және аксессуарлар тігу саласындағы қызметтер


+

15. Тоқылған және трикотаж шұлық бұйымдарын тігу

15.1. Колготкилер, рейтуздар, ұзын шұлықтар, шұлықтар және машинамен немесе қолмен тоқылған өзге де трикотаж шұлық бұйымдар

+


15.2. Машинамен немесе қолмен тоқылған трикотаж ұзын шұлық бұйымдарын тігу саласындағы қызметтер

+


16. Өзге де тоқылған және трикотаж бұйымдарын тігу

16.1. Свитерлер, джемпрлер, пуловерлер, кардигандар, жилеттер және машинамен немесе қолмен тоқылған ұқсас трикотаж бұйымдары


+

16.2. Машинамен немесе қолмен тоқылған, өзге де трикотаж киімдер тігу саласындағы қызметтер


+

17. Жүк сөмкелерін, әйелдерге арналған сөмкелер және т.с.с, қайыс бұйымдар мен әбзел жасау

17.1. Қайыс-ер бұйымдары; шабадандар; саквояждар, сөмкелер, портфельдер және ұқсас бұйымдар, өзге былғары бұйымдары

Әртүрлі материалдардан жасалған кез келген жануарларға арналған қайыс-ер бұйымдары мен әбзелдер


+

Шабадандар, саквояждар, сөмкелер, портфельдер, былғары галантериялы  ұсақ және табиғи былғарыға ұқсас немесе композициялы бұйымдар, пластмассалар, тоқыма материалдар, вулканизацияланған және картон талшықтары; жеке гигиенаға, тігуге немесе тазартуға арналған жол жинақтары


+

Қол сағаттарға арналған, металл емес баулар, ленталар мен білезіктер және олардың бөліктері


+

Басқа топтамаларға енгізілмеген , машиналарда және механикалық қондырғыларда немесе өзге техникалық мақсаттар үшін қолданылатын, табиғи немесе композициялы былғарыдан жасалған өзге де бұйымдар


+

17.2. Шабадандар, саквояждар, сөмкелер, портфельдер және ұқсас бұйымдар, қайыс-ер жасайтын бұйымдар мен өзге де былғары бұйымдар жасау саласындағы қызметтер


+

18. Аяқ киім тігу

18.1. Спорттық әрі қорғайтын және ортопедиялықтардан басқа, аяқ киім

Тұмсығын қорғайтын металдан жасалған аяқ киімдерден басқа, табаны бар және үсті резеңке немесе полимер материалдардан жасалған су өткізбейтін аяқ киім


+

Су өткізбейтін немесе спорттық аяқ киімдерден басқа, табаны бар және үсті резеңке немесе полимер материалдардан жасалған аяқ киім


+

Спорттық аяқ киімнен басқа, үсті былғарыдан жасалған аяқ киім, тұмсығын қорғайтын металдан жасалған аяқ киім және әртүрлі арнайы аяқ киім


+

Спорттық аяқ киімнен басқа, үсті тоқыма материалдардан жасалған аяқ киім


+

18.2. Спорттық аяқ киім

Тенниске, баскетболға, гимнастикаға, жаттығуларға арналған және ұқсас аяқ киім


+

Шаңғы және коньки бәтеңкелерінен басқа, өзге де спорттық аяқ киімдер


+

18.3. Басқа топтамаларға енгізілмеген, қорғағыш және өзге де аяқ киімдер

Қорғағыш металдан жасалған аяқ киім


+

Басқа топтамаларға енгізілмеген, ағаш, әртүрлі арнайы және өзге аяқ киімдер


+


18.4. Былғары аяқ киімнің бөлшектері; алынатын ұлтарақтар, өкшенің астына салатын жастықшалар және ұқсас бұйымдар; гетрлар, гамаштар және ұқсас бұйымдар мен олардың құрамдастары

+



18.5. Аяқ киім тігу саласындағы қызметтер


+

      ("Маркетинг және талдамалық зерттеулер орталығы" АҚ және "Қазконсалтгрупп" ЖШС мәліметтері бойынша)
      Қазақстанның тоқыма өнеркәсібіне мыналар тән:
      саланың кеңес уақытында салынған тоқыма тігін кәсіпорындармен ұсынылуы;
      кәсіпорындардың техникалық жабдықталуының төменгі деңгейі;
      саланың жаңартылуы мен өсуі: соңғы 2-3 жылда қазіргі заманның кәсіпорындары "Қазақ Орыс Тоқыма Альянсы" ЖШС; "Меланж" АҚ; "Ютекс" АҚ; "Нимекс Текстайл" ЖШС салынды.
      Қазіргі күнгі кезеңде елдің жалпы өндірісінің жалпы көлеміндегі тоқыма және тігін өнеркәсібінің үлес салмағы 0,4 %-ды, өнеркәсіптік өндіріс көлемінде 1,3 %-ды құрап отыр.
      Германия, Франция және Америка Құрама Штаттары (бұдан әрі - АҚШ) секілді дамыған елдерде өнеркәсіптік өндіріс көлеміндегі тоқыма және жеңіл өнеркәсібінің үлесі 6-8 %-ға, Италияда 12 %-ға тең. Мұның өзі оларға бюджеттің 20 %-ын қалыптастыруға, сондай-ақ, өздері шығарған өніммен ішкі нарықты 75 - 85 %-ға толтыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
      Қазақстан Республикасының тоқыма және тігін өнеркәсібі ішкі нарық қажеттілігінің 10 %-ын ғана өтейді. Елдің экономикалық қауіпсіздігін қалыптастыру үшін ішкі өндіріс көлемі кем дегенде ішкі сұраныстың 30 %-ын қанағаттандыруы тиіс.
      Қазақстанның тоқыма индустриясын дамытуға, сол сияқты өңірдің мақта-тоқыма өнеркәсібінің жеке секторы үшін де нарықтық мүмкіндіктерінің жақсы ауқымы бар.

3.4. Иірімжіп өндіру

      Мақта жөніндегі Халықаралық Консультативтік Комитет талдамашыларының болжамы бойынша 2008 жылы мақта-мата және химиялық иірімжіптерін өндірудегі дамушы елдердің үлесі 80 %-ға дейін өседі. Дамушы елдердің арасындағы әлем өндірісінің ең көп үлесі - 25,28 %-ы Қытайдың үлесінде.
      Қазақстанда өндірілетін мақта талшығының барлық көлемі (90 %-дан астамы) экспортқа бағытталған. Мақтаның 10 %-ы иірімжіптердің сұрыптық түрлері мен маталарды өндіруде "Ақ жіп" ААҚ, "Аlmaty Соtton Рlаnt" ЖШС, "Қазақ Орыс Тоқыма Альянсы" ЖШС, "Меланж" АҚ, "Ютекс" АҚ секілді мақта иіретін кәсіпорындар пайдаланады.
      Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығының деректері бойынша Қазақстан Республикасында иірімжіп өндірудің өсу серпіні байқалып отыр. Мәселен, 2000 жылы 1 мың тонна мақта иірімжібі, ал 2005 жылы - 4,5 мың тонна өндірілді.
      Мақта талшығынан орташа есеппен иірімжіп шығуы 88 %-ды құрайды, қалған 12 %-ы қалдықтар (тозаң - 7 %, қайтарымды қалдықтар - 5 %). Иірімжіптің негізгі қолданылу саласы маталарды, трикотаж және шұлық бұйымдарын өндіру. Анағұрлым жіңішке иірімжіпті өндіру үшін ұзын талшықты мақта қажет.
      Иірімжіптің 97 - 99 %-ы тоқыма өнеркәсібінің кәсіпорындарында маталарды өндіруде пайдалану үшін арналған. Иірімжіптің 1 - 3 %-ы басқа өнеркәсіптердің кәсіпорындарында пайдаланылады.

3.5. Мақта мата өндіру

      Мақта маталардың нарығында Азия, Латын Америкасы елдерінде, сондай-ақ ТМД елдерінде өндірістің өсуі болды. Сонымен бір мезгілде Орталық және Шығыс Еуропа елдерінде және Африканың дамушы елдерінде өндірістің құлдырауы байқалды.
      Қазақстанда табиғи және химиялық талшықтардан маталарды өндірудің көлеміндегі мақта маталардың үлесі 80 %-дан астамын құрайды. Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығының деректері бойынша мақта маталарды өндірудің өсу серпіні байқалып отыр. Мәселен, республикада 2000 жылы 6,8 млн. м 2 , ал 2005 жылы - 19,1 млн. м 2 мақта-мата өндірілді.
      Мыналар:
      бетінің тығыздығы 200 г/ш.м. аспайтын сұрыптық ағартылмаған мақта-мата;
      медициналық дәке;
      бетінің тығыздығы 200 г/ш.м. асатын ағартылған маталар;
      бетінің тығыздығы 200 г/ш.м. асатын басқа да маталар (әртүрлі түсті иірімжіптен жасалған маталардан басқа) номенклатураны құрайды.
      Маталардың импорт көлемі айтарлықтай болуда, шамамен маталардың 71 %-ы Ресейден әкелінеді.
      Қазақстан Республикасында бүгінгі күні өндіріс тізбегінің осы бөлігі нашар дамыған. Мақта-маталарды шығарумен айналысатын тек қана үш компания бар "Аlmaty Соtton Рlаnt" ЖШС, "Қазақ Орыс Тоқыма Альянсы" ЖШС, "Меланж" АҚ. Қазіргі бар компаниялардың мамандандыру сегменттері айқындалмаған. Мата өндіруге арналған тоқыма жабдықтары онша икемді емес және оны қайта жасап құру да ауыр, сондықтан нарықтың өзгеру үрдістерін түсіну және осыған байланысты сегментті және нарықты айқындау өте маңызды.

3.6. Маталарды өңдеу

      Маталарды өңдеуді жүзеге асыратын кәсіпорындардың секторы нашар дамыған. Соған қарамастан, мақта-маталарды өндіруді дамытумен бірге елдің мақта-тоқыма саласының осы сегменті де қалпына келеді. Алдын ала берілген баға бойынша осы сегмент едәуір пайдалы болуы мүмкін және жабдықтарға мұндай үлкен инвестицияларды талап етпейді. Бәсекеге барынша қабілетті тоқыма саласын құру үшін осы сегментті дамытудың маңызы зор. Шри-Ланканың тоқыма өнеркәсібі өндіріс тізбегінің дәл осы сегментін дамыта отырып, үлкен жетістіктерге жетті. Жеткілікті түрде дамыған тоқыма өнеркәсібі болмай, Шри-Ланка кластер жасауды бояуға, басуға және өңдеуге шоғырландырды. Сапа, дизайн және бояу, басу мен өңдеу шапшаңдығы жағынан жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, Шри-Ланканың тоқыма кластері әлем нарығында бәсекеге қабілетті болды.
      Шри-Ланканың және кластерді дамытудың осы жолын қолданған басқа да елдердің тәжірибесі инвестициялық жобаларды таңдау және "Оңтүстік" АЭА аумағында тоқыма өнеркәсібінің кәсіпорындарын салу процесінде қолданылатын болады.

3.7. Дайын тоқыма бұйымдарын өндіру

      Дайын бұйымдар нарығы іш киімдердің, трикотаж бұйымдарының, киімдердің, кілем бұйымдарының және күнделікті сұранысқа, маусымдық сұранысқа ие немесе ұзақ мерзім пайдаланылатын басқа да тауарлардың түр-түрімен ұсынылуы мүмкін. Әрине, мақта шикізат элементі ретінде түпкілікті сұраныс өнімдерінде ұсынылуы мүмкін. Қазақстанда түпкілікті пайдаланатын дайын тоқыма бұйымдарын өндіруде пайдаланылатын маталарды өндірудің толық айналымының болмауы, дайын тоқыма бұйымдарын өндірудің төмендеуіне, олардың өзіндік құнының жоғары болуына және импорт көлемінің өсуіне әкеп соқтырады. Осылайша, ағымдағы тұтыну көлеміндегі көрпелер мен пледтер импортының үлесі жекелеген жылдары 90 %-ға (оның ішінде қытайдың өндіргені - 53 %, ресейдікі - 10 %), свитерлер мен жемпірлер — 83 %-ға, трикотаж жаймасынан жасалған киімдер - 46 %-ға, кілемдер - 97 %-ға, төсек орын - 12%-ға жетті.
      Қазақстанның тоқыма және тігін өнеркәсібі кәсіпорындарының 70 - 80 %-ы киім нарығында жұмыс істейді, негізінен өздерінің ассортиментін күш құрылымдарының мұқтаждықтарына және арнайы киім шығаруға бағыттаған.
      ОҚО-да өндіріс тізбегінің осы сегменті дамымаған. Облыста "Восход" компаниясы бар, ол бұрын матадан дайын бұйымдарды шығаратын ірі өндіруші болды, қазіргі уақытта кәсіпорын тек мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыс істейді, сондай-ақ мұнай газ компаниялары үшін бір үлгідегі киім мен арнайы киім шығарады.
      Сегментке мынадай проблемалар тән: ескірген жабдық, әлемдік үрдістерді білмеу, кәсіби кадрлардың жетіспеуі, дайын өнімді жасырын және жарияламай импорттау, өндірілетін өнім сапасының төмендігі.

3.8. Оңтүстік Қазақстан облысының тоқыма өндірісі

      Қазіргі уақытта Оңтүстік Қазақстан облысында қаражатты тоқыма өндірісін жаңғыртуға және жаңаларын салуға жұмсаған бірнеше жаңа кәсіпорын жұмыс істейді.
      "Қазақ Орыс Тоқыма Альянсы" ЖШС - бірлескен кәсіпорын, оның құрамына қазақстанның мақта компаниясы "Мырзакент" ЖШС және "Орыс Тоқымасы" ресей корпорациясы (Ресейдің ірі тоқыма холдингі) кіреді. Жаңа өндірістің жоба бойынша белгіленген қуаты жылына 15 млн. шаршы метр деңгейінде жоспарланып отыр.
      "Ютекс" АҚ - мақта талшығын қайта өңдейтін кәсіпорын, жоспарланған қуаты жылына шамамен 6 мың тонна мақта иірімжібін шығару, ол Украинаға, Ресейге және жергілікті нарыққа сатылады.
      "Меланж" АҚ - жергілікті шикізатты пайдалана отырып мақта иірімжібін шығаратын мақта иіретін фабрика. Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына орташа есеппен 2,5 мың тонна иірімжіп шығару деп бағаланады. Өнім Қазақстан, Ресей, Түркия бойынша сатылады.

3.9. Өндірістік шарттар

      Өндірістік шығындардың төмендігін, шикізатты өңірлердің жақындығын (Қазақстанның оңтүстік өңірі, Өзбекстан, Түркіменстан, Тәжікстан), тоқыма өнімін өткізудің ықтимал нарықтарының жақындығын (Батыс, Шығыс Еуропа, Азия тынық мұхиты өңірінің, Таяу Шығыс елдерінің, ТМД елдерінің де) ескере отырып, Қазақстанның тоқыма өнеркәсібінде одан әрі даму үшін жақсы негіз бар.
      Тоқыма өнеркәсібіндегі жұмыс күшіне жұмсалатын шығындар Қазақстанның оңтүстігінде оператор жұмысының бір сағаты үшін 0,94 АҚШ долларына жуық. Мұның өзі Түркиядағы шығындардан төмен, бірақ Қытайдағыдан, Үндістандағыдан, Пәкістандағыдан жоғары.
      Қосалқы шикізатқа және ресурстарға жұмсалатын негізгі шығындар тоқыма мен киім бойынша негізгі бәсекелес елдерден төмен.
      Ресурс қағидаты өңірде мыналардың:
      өндіріске арналған шикізаттың;
      өңірдің жедел экономикалық дамуына байланысты көліктік және өндірістік инфрақұрылымды дамыту перспективаларының;
      еңбек ресурстары молдығының бар болуымен іске асырылады.

3.10. Жібек мата өндірісі мен одан жасалатын бұйымдар

3.10.1. Жібек өндірісінің шикізат әлеуеті

      Қазақстанның Оңтүстік бөлігінің табиғаты мен топырағы әрі климаттық жағдайы жібек құртының негізгі азық көзі болып табылатын тұт ағашын өсіру үшін қолайлы жағдай жасайды. Мамандандырылған жібек құртын өсіру жөніндегі кешендерде 500 га жаңа құнарлы екпежерлерге тұт ағаштарын отырғызған жағдайда, үшінші жылы 250 тоннаға дейін шикі піллә алуға болады.
      Жергілікті елді мекендерде тұт ағашы отырғызылған жағдайда, көгалдандыру бойынша іс-шаралар қолға алынады, жұмыс күшіне сұраныс пайда болады, ауылдық жерлердің экономикалық және әлеуметтік маңызы арта түседі, өйткені бұл жағдай тез арада жұмыс орындарын құруға мүмкіндік жасайды әрі жастардың қалаға кетуіне тұсау болады.
      Сарыағаш ауданының аумағында орналасқан "А.Л.М." ЖШС-і 2001 жылдан бастап тұт ағашын өсірумен айналысып келеді, жібек құртының дернәсілін қоректендіру және жібек құрттарын өңдеу жөніндегі жұмыстар басталып кеткен, сонымен қатар жібек құрт өндірісі мен жібек өндіру ісін қайта жаңғырту және дамытумен айналысуда.
      Қазіргі таңда Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында 200 мыңнан астам тұт ағашының көшеттері отырғызылған және 1,2 миллион көшеттерді отырғызуға толық мүмкіндік бар.

3.10.2. Саланың Қазақстандағы жағдайы

      Орталық Азияда жібек құртын қоректендірумен айналысуды өнеркәсіптік негізде жүзеге асыруға алғашқы қадамдар жасалып, арнайы типтік құрт шаруашылықтары салынды. Алайда тұрғындар жібек құртын өздерінің тұрғын үйлерінде қоректендіруге машықтанғандықтан және нәтижесінде жақсы пайда түсіріп отырғандықтан, тұрғындардың арасында жібек құртын өсіруге аса қызығушылық туындады. Жібек құртын орталықтандырылған құрт шаруашылықтарында қоректендіру соншалықты кең сұранысқа ие болмады; ал піллә өндірісінің азаюы төменде көрсетілген себептер бойынша орын алған:
      1. КСРО-ның ыдырауына байланысты серіктестерден айырылу,
      2. өсірілген піллә үшін төменгі мөлшердегі ақыны уақтылы төлемеу.
      01.01.1990 жылғы көрсеткіш бойынша, Қазақстанның Оңтүстік  облыстарында 61 шаруа қожалығы жібек шаруашылығымен айналысқан, оның ішінде жалпы аумағы 1862,9 га жерді құрайтын екпежерлері және 2095,4 мың тұт ағашы бар 37 колхоз және 24 совхоз болған. Шикі пілләның жалпы жиынтығы 280 тоннаны құраған.
      Өзбекстанда жібек құртының дернәсілін өсіру және олардың өндірісі жөніндегі ғылыми-зерттеу және сұрыптау жұмыстары жүргізілген.
      Қазақстанға жібек құртының дернәсілдері Өзбекстаннан 29 грамдық қорапшалармен жеткізіліп отырған, мұнда 24-30 күн бойы оларды өсіру және қоректендіру жөніндегі ең көп еңбек сіңіруді талап ететін жұмыстар жүргізіліп отырған. Осы процестің нәтижесінде алынған піллә орталықтандырған түрде Тәжікстанға жіберіліп, ол жерде жіптерді қайта орап, содан кейін жібек матасын тоқу үшін Мәскеу және Черкасс қалаларына жөнелтілген.
      Қазіргі таңда Қазақстанда жібек және химиялық талшықтар өндірісі жоқ, алайда тоқыма кәсіпорындары жұмыс жасауда. Аталған кәсіпорындардың өнімдері (негізінен техникалық мақсаттағы маталар, тоқылмайтын материалдар, кілемдер және басқа тоқыма өнімдері) синтетикалық және жасанды жіптер мен талшықтардан дайындалады.
      Қазақстандағы мата нарығының мүмкіндігін 841,8 миллион шаршы метрге бағалауға болады.
      Мата түрлері бойынша нарық мүмкіндігі төмендегідей:
      мақта мата - 590,6 миллион шаршы метр;
      жүн мата - 47,8 миллион шаршы метр;
      жібек мата - 145,0 миллион шаршы метр;
      зығыр мата - 58,3 миллион шаршы метр.

Қазақстан Республикасындағы мата нарығының әлеуетін бағалау   

Мата түрлері

1 тұрғынға шаққандағы тиісті тұтыну нормасы, шаршы метр 1

Нарық мүмкіндігінің нақты көрсеткіші, мың шаршы метр 2

Орташа бағасы, теңге/шаршы метр

Нарық мүмкіндігінің құндық көрсеткіші, млн. теңге

мақта мата

39,5

590576,4

215

126973,9

жүн мата


47844,16

680

32534,0

жібек мата

3,2

145027,6

154

22334,3

зығыр мата

9,7

58310,07

450

26239,5

Барлығы

-

841758,23

-

208081,7

      1. Ресей Федерациясында бекітілген және Қазақстан Республикасында пайдалануға қолданылады.
      2. Тиісті тұтыну нормасы Қазақстан Республикасының жалпы тұрғындарының санына көбейту арқылы есептеледі.
      Жібек шаруашылығының негізгі орталықтары - Қытай, Жапония, Үндістан, Корея, Таиланд, Иран және Түркия. Аталған елдерде бірнеше миллиондаған жібек құрттары өсіріледі. Олар өздерінің меншікті жаңадан жұлынған ақ тұт ағашының (Моrus аlbа) жапырақтарымен қоректенеді. 3 кг жібек жібін алу үшін дернәсілдерді шамамен 30 тұт ағашының жапырақтарымен қоректендіру қажет.
      Жібек тұтты жібек құртының протеиндерінен тұрады. Жоғарғы коммерциялық маңыздылыққа ие негізгі 5 жібек түрі бар. Аталған жібек   түрлері әртүрлі жібек құрттарынан алынады. Жібектің негізгі түрлері - бұл малбери, дубты жібек жібінен туссар, муга және әри. Малбери немесе тұт ағашынан алынатын жібек түріне қарама-қарсы басқа жібек түрлерін әдетте жалпылама түрде жібектің тұт емес түрлері деп атайды.
      Жібектің қасиеті: жібек жіптер жоғарғы деңгейлі серпімділігімен, қыртыстанбайтындығымен, сипаған кезде жұмсақтылығымен және жібектей сусығыштығымен, әрі тез арада дымқылды сіңіріп алғыштығымен ерекшеленеді.
      Дүние жүзінде жібекті өндіру басқа талшықтармен салыстырғанда тіптен аз және жылына тек 60 мың тоннаны ғана құрайды. Ежелгі дәуірден бері жібекті алу үшін негізгі шикізат көзі ретінде табиғи жібек болып келген. Оны тұт ағашының жібек құртынан алып отырған. Жібектің отаны - Қытай. Қытай қазіргі кездің өзінде жібек шикізатын жалпы жинау жөнінде бірінші орынға ие болып отыр. Кеңес Үкіметі үшінші орынды иеленген. ТМД аумағында жібек шаруашылығымен айналысатын негізгі өңірлер: Орталық Азия, Кавказ маңы, Молдавия және Украина.
      Тұт ағашының жібек құртының ең бағалы жібегінің үлесі барлық әлемдік табиғи жібек өндірісінің 90 %-ына тең келеді.
      Қазіргі уақытта жібек өнеркәсібінің қорындағы табиғи жібек үлесі төмендеп кеткен және кемінде 3 % құрайды. Жібек өнеркәсібіндегі ең алдыңғы орынды жасанды және синтетикалық талшықтардан өндірілетін маталар алады.
      Азия Жібек индустриясында әлемдік көшбасшы болып табылады, яғни осы өңірде әлемдік жібек өнімінің 90 %-ы өндіріледі. 40-тан астам ел жібек өндірісімен айналысса да, өнімнің ең көп көлемі Қытайға және Үндістанға тиесілі. Аталған елдерден кейінгі орында Жапония, Бразилия және Корея тұр.

3.11. Матадан жасалмаған тоқыма материалдары мен олардан жасалған бұйымдар

      Матадан жасалмаған материалдар - кенеп мата және иіру мен тоқу әдістерін қолданбастан талшықтан, жіптен немесе (және) материалдардың басқа түрлерінен (тоқыма және олардың тоқыма емес материалдармен үйлесуі, мысалы, үлдірлермен) жасалатын бұйымдар.
      Матадан жасалмаған материалдар табиғи (мақта, зығыр, жүн) және химиялық (мысалы, вискозалы, полиэфирлі, полиамидті, полиакрилонитрильді, полипропиленді) талшықтардан, сонымен қатар қайта өңделген талшықты шикізаттан (кесінді қиықтардан және шүберектерден өңделген талшықтар) және химиялық және басқа өнеркәсіп салаларының қысқа-талшықты қалдықтарынан өңделіп жасалады.
      Матадан жасалмаған материалдарды маталардың (сырмалы, инемен тесуге болатын, желімделген, құрамдастырылған) және мақталы (сырмалы, инемен тесуге болатын, желімделген), сондай-ақ тұрмыстық және техникалық мақсаттардағы түрлері ерекшелендіреді.
      Кез келген матадан жасалмаған тоқыма материал өндірісінің технологиясы шикізатты дайындаудан бастап, матадан жасалмайтын материалдарды қосымша өңдей отырып аяқтауға дейінгі бірнеше кезеңдерді қамтиды. Екі міндетті кезең - кенеп матаның пішінін келтіру және оның құрамдас бөлігі болып табылатын талшықтарды кейіннен қыстыру болып табылады. Төртінші кезең - арнайы құрамдас заттарды сіңіруді, бояуды және т.б. қамтуы мүмкін.
      Матадан жасалмаған материалдардың өндірісі - соңғы жылдар ішінде өндірістің бір қалыпты өсу жылдамдығын сақтап келе жатқан азғантай жеңіл өнеркәсіптері салаларының бірі болып есептеледі. Ресейдің тігін өнеркәсібінің кейінгі кездегі дамуымен және жоғарғы сапалы тігін бұйымдарын шығарудың артуымен әртүрлі қолөнер бұйымдарына және матадан жасалмаған материалдардан жасалған жылытқыштарға деген сұраныс артуда. Қазіргі кезде тігін өнеркәсібі үшін матадан жасалмаған инемен тесуге болатын кенеп маталар, желімделген көлемді жылытқыштар шығаруда. Жоғарғы температурадан қорғауды талап ететін жағдайларда жұмыс жасайтын қызметкерлердің арнайы киімдері, өрт сөндірушілердің киімдері үшін жапсырмалы мата ретінде пайдаланылатын матадан жасалмаған материалдар, бу мен байытылған қышқылдардың ұсақ тамшылары мен қатты әсер ететін улы заттардың тамшыларынан қорғайтын арнайы киімдерді тігуге арналған қышқылдан қорғайтын матадан жасалмаған материалдар дайындалды.
      1997 жылдан бастап тұрмыстық сүрткіш кенеп маталар секторындағы матадан жасалмаған материалдардың әлемдік нарығының өсуі байқалады.
      Матадан жасалмаған материалдар өндірісінің көлемі тоқыма өнеркәсібінің басқа секторларындағы өндіріс көлеміне қарағанда аса жоғарғы жылдамдықпен өсіп келеді және бұл ретте одан әрі өсу үшін тұрақты үрдісті сақтап отыр. Матадан жасалмаған материалдардың ерекше қасиеті оларды тек қана кейбір маталардың орнын ауыстыратын маталар ретінде ғана емес, сонымен қатар тоқыма өнімдерінің өндірісіндегі классикалық тәсілдермен қамтамасыз етілуі мүмкін емес қағидатты түрде жаңа пайдалану қасиеттеріне ие материалдар жасауға мүмкіндік береді.
      Қазіргі кезде матадан жасалмаған материалдар тоқыма өнімдерінің ең маңызды және ең келешегі зор түрлерінің бірі болып есептеледі. Олардың өндірісінің көлемі бүкіл дүние жүзінде тоқыма өндірісінің дәстүрлі салаларындағы өндіріс көлеміне қарағанда айтарлықтай тез жылдамдықпен дамып келеді, сонымен қатар келешекте өсу үшін тұрақты даму үрдісін сақтап отыр. Осылайша, соңғы 10 жылдың ішінде, әлемде матадан жасалмаған материалдарды шығару 2 еседен астам көлемге өсіп отыр. Бұл талшықты шикізатты алудан бастап тоқыманың классикалық түрлерін өңдеу технологиясынан бірнеше есе азырақ дайын бұйымдарды шығаруға дейінгі матадан жасалмаған материалдардың айналымына байланысты әрі айтарлықтай көп мөлшердегі ақша қаражатын талап етпейді. Олардың кей жағдайлардағы сан алуан ерекше қасиеті алуан түрлі адам қызметінің салаларында қолдануға мүмкіндік береді. Осы жерде хрестоматиялық мысал келтіре кетейік, ол маталар мен матадан жасалмаған материалдарды өндіру тиімділігін салыстыруға мүмкіндік береді. Байка түріндегі матадан жасалмаған кенеп мата тоқылатын кенеп матаға қарағанда 1,5 есе арзан, ал оны алу кезіндегі еңбек өнімділігі 3 есе артық. Тоқыма станогының орташа өнімділігі - 5, ал матадан жасалмаған кенеп маталарды өңдеуге арналған қазіргі заманғы кейбір құрал-жабдықтарда ол - сағатына 300 текше метрден астам. Матамен және трикотажбен салыстырмалы түрде алғанда, тоқылмайтын кенеп маталардың ең төменгі өзіндік құнын анықтайтын маңызды факторлардың бірі - оларды өндірудегі қысқа (2-10 мм), иіруге жарамсыз талшықтарды, сонымен қатар иіру өндірісінің қалдықтарын пайдалану мүмкіндігі болып табылады. Бір мезетте ерекше қасиет беру арқылы матадан жасалмаған материалдарды өндірудің жоғары өнімділік технологиясын құру және олардың экономиканың әртүрлі салаларында тұрақты түрде сұранысқа ие болуы да осы саланың тез арада дамуына әсер етеді. Қазіргі таңда бір реттік қолдануға арналған, сонымен қатар бірнеше реттік қолдануға арналған тоқылмайтын материалдар шығарылуда. Олар созылғыштыққа, жұмсақтыққа және беріктікке ие; кәріз, мембранды және сүзгіш материалдар ретінде қолданыла береді. Оларға су өткізбейтін (немесе, керісінше, аса жоғарғы сіңіру қабілетіне ие), жанбайтын, бактериостатикалық және т.б. қасиеттерді беруге болады.
      Әлемдегі матадан жасалмаған материалдар өндірісі.
      Соңғы уақытқа дейін тоқылмайтын кенеп маталардың өндірісі негізінен АҚШ, Батыс Еуропа және Жапония елдеріне шоғырланған болатын. ХХ-ғасырдың соңында бұл тізімді Азия елдері толтырды, әрі бұл елдердегі өндірістің даму жылдамдығы айтарлықтай жоғары қарқынмен дамып келе жатыр. Егер өнімнің өсу деңгейі өнеркәсібі дамыған елдерде орташа алғанда 5-7 %-ды құраса, Азия елдерінде - 10 %-ға жетіп отыр, ал Орта Шығыс елдерінде бұл көрсеткіш 16 %-ға дейін жеткен. "Техstil-press/Легпром" (Украина) мәліметтеріне сүйенетін болсақ, ХХІ-ғасырдың басында тоқылмайтын материалдардың дүниежүзілік өндірісінің шамамен 90 %-ы 17 елдің тарапынан қамтамасыз етіліп, әлемдік жалпы әлеуметтік кірістің 90 %-ын да осылар толтырып отыр. Талдаушылар 2006 жылы матадан жасалмаған материалдардың өндірісі 5,23 миллион тоннаға дейін жетеді деген болжам жасауда. Матадан жасалмаған материалдарды негізгі өндірушілердің әлемдік нарықта үлесі мынадай түрде таратылады: АҚШ-та - 36 %, Еуропада - 34 %, Азияда - 21 %. Еуропа одағы елдерінің арасында матадан жасалмаған материалдарды шығару көлемі 50 %-ға дейін жетіп отырған Қытайда матадан жасалмаған материалдар өндірісі ерекше қарқынмен дамып келе жатыр. Экономистердің болжамына сәйкес, Қытайда 2010 жылға қарай тоқылмайтын материалдарды шығару кемінде 1 миллион тоннаға дейін жететін болады. Мұндай өсудің жоғары қарқыны ең алдымен, Қытайға Батыс Еуропадан жеткізілетін жоғары өнімділікті жабдықтың арқасында болып отыр.
      Матадан жасалмаған материалдардың ресейлік нарығы КСРО-да матадан жасалмаған материалдарды кеңінен өндіру 1960 - 1970 жылдардан бастау алады. Алғашқы матадан жасалмаған материалдар жүн-киіз басу, тоқымалы-сырмалы және жапсырмалы әдістер арқылы өндіріліп отырған. Аталған тәсілдер, басты түрде тігін өнеркәсібіне арналған және тұрмыстық мақсаттағы бұйымдарды жасау кезінде қолданылып отырған. Отандық жабдықтардан бөлек, кеңестік кәсіпорындар социалистік елдерде шығарылған алдыңғы қатарлы озық технологияға сүйене отырып жасалған мынадай елдердің өндіруші машиналарын (негізінен механикалық өндіру тәсілдеріне арналған) да қолданған: "Малимо", "Маливатт", "Малиполь" (ГДР), "Арахне" (Чехословакия), "Бефама" (ПХР), "Аралине" (КСРО-Чехословакия). 1980 жылдарда және 1990 жылдардың басында бұл сала қарқынды дами бастады. Матадан жасалмаған материалдардың жалпы өндіріс көлемі 1990 жылдарға қарай шамамен 1315 миллион м 2 құраған. Статистиктер 1995 жылы өндірістің рекордты көлемін анықтаған: 3000 м 2 . Алайда, өндірістің соншалықты қарқынды өсуі - өмір сүру жағдайының жақсарғандығынан болған жоқ: 1970 жылдары мақта-маталарының жетіспеушілігінен, техникалық мақсаттарға пайдаланылатын тоқылатын кенеп маталарды матадан жасалмаған материалдармен ауыстыруға тура келді. Бұл уақытта олардың әртүрлілігі химиялық талшықтарды пайдалану, оларды қалыптастырудың жаңа тәсілдерін енгізудің есебінен кеңейтілген. Ал оларды қолдану салаларына автокөлік жасау, геотоқыма, медицина, тағам өнеркәсібі сияқты салалар жатады. Матадан жасалмаған материалдардың өндірісі тоқыма кәсіпорындарының шарттарында емес, бүкіл КСРО аумағында жаңадан құрылған жылына әрқайсысы 100 млн. м 2 өнімділікке ие мамандандырылған фабрикаларда (Бориславск, Сыктывкар, Қызылорда, Туймазинск, Кишинев, Масис және т.б.) жүзеге асырылып отырған. Осы кәсіпорындарда матадан жасалмаған кенеп маталар желімдеу тәсілімен жүзеге асырылады. Жаңадан құрылған фабрикалар алдыңғы қатарлы батыс еуропалық "Брюкнер", "Хергет", "Кюстерс", "Асслен" және т.б. фирмалардың импортты жабдықтарымен жасақталған. КСРО тарағаннан кейін, өндірістің күрт құлдырауы болды: матадан жасалмаған материалдардың өндірісі шамамен 15 есеге қысқарып кетті. Алайда бұл кезең салыстырмалы түрде алғанда ұзаққа созылмады.
      Өндіріс деңгейі бойынша бірінші орында полимерлі жабындылардың (линолеум, асхана дастарханы, жұмсақ шатыр, түсқағаз, сүртіп тазартатын материалдар, тігін өнеркәсібіне арналған кенеп матадан жасалған аралық қабат) астындағы негіз ретінде пайдаланылатын матадан жасалмаған материалдар тұр. Екінші орында - геотоқыма және агротоқыма. Үшінші орынды автокөліктерге, құбыр жүйелеріне, өндірістік құрылыстар мен тұрғын үй ғимараттарына арналған жылу және дыбыс өткізбейтін материалдар алады. Сүзгіш, медициналық, санитарлық гигиеналық бұйымдардың үлесі жалпы алғанда 20 %-дан аспайды. Шетелдің емдеу тәжірибесінде кеңінен пайдаланылатын және дәстүрлі жара таңғыш пен мақтаны ығыстырған медициналық мақсаттағы матадан жасалмаған бұйымдарды шығару біздің елімізде әлі күнге дейін тым аз.

3.11.1. Техникалық тоқыманың жіктемесі туралы

Техникалық маталар және матадан жасалмаған материалдар

      Қазіргі уақытқа тән өнеркәсіп салаларының жылдам дамуы техникалық мақсаттарға арналған тоқыма материалдарының қолданылу аясын кеңейтеді.
      Техникалық тоқыма (матадан жасалмайтын материалдар мен техникалық маталар) мынадай өнеркәсіптің стратегиялық маңызды салаларының тіршілігін қамтамасыз етеді: қара және түсті металлургия, құрылыс индустриясы, автомобиль және тағам өнеркәсібі, әуе-ғарыш кешені, мұнай және газ өңдеу өнеркәсібі, тігін және аяқ киім саласы, одан басқа ол медицина, гигиена және экология салаларына арналған бұйымдарда таптырмайтын материал болып табылады.
      Техникалық тоқыманың маңыздылығын асыра бағалау қиынға түседі, себебі оның қолданылу аясы шексіз.
      Алайда, техникалық тоқыманы одан әрі дамыту, оны тереңірек зерделеу, осы кіші саланың материалдары мен өнімдерінің сапасы мен қасиеттерін бағалау жөніндегі жұмыстарды біріздендіру үшін нақты жіктеменің болуы маңызды.
      Қазіргі кезге дейін әлемде техникалық тоқыма мен матадан жасалмаған материалдар жіктемесінің жалпы қабылданған жүйесі болмаған еді.
      Аталған жіктеменің қағидаттарының бірі ретінде оларды құрамы бойынша бөлуді есептеуге болады, яғни табиғи немесе химиялық талшықтардан материал жасалды. Басқа бір қағидатты осы тақырып бойынша аса ірі халықаралық көрменің ұйымдастырушылары "Мессе Франкфурт" ұсынды. Бұл жағдайда негіз ретінде материалдың немесе бұйымның түрі емес, оның қолдану аясы алынады. Осылайша, бір материал бірнеше негізгі қарапайым және техникалық тоқыманың қолдану аясына жатқызылуы мүмкін.
      Техникалық тоқыма - барлық әлемдегі тоқыма өнеркәсібінің анағұрлым карқынды дамитын кіші саласы. Алайда, әрбір елдің техникалық тоқымаға не жататыны бойынша өзіндік тәсіл қолданылады. Батыс Еуропа елдерінде 1993 жылға дейін техникалық тоқыманың бірыңғай жіктемесі болмаған. Еуропаны біріктірумен қатар, техникалық тоқымаға жатқызылатын өнімді жіктеу және есепке алудың бірыңғай жүйесін құру бойынша жұмыстар айтарлықтай жандандырылды.
      Қазіргі таңда Еуропа одағы елдерінде және (АҚШ-та) техникалық тоқыма ұғымына тұрмыстық мақсаттағы киімдерді, төсек жаймалары мен интерьер заттарын өндіру үшін пайдаланылатын өнімдерге тікелей қатысы жоқ өнімдердің бәрін жатқызады.
      Ресейде КСРО кезінен бері техникалық тоқымаға тек қана ауыр техникалық маталар, сиса, техникалық жібек, техникалық шұға мен техникалық зығыр маталар жатқызылған.
      КСРО-да (Ресейде) ешқашан техникалық тоқымаға қарулы күштерге арналған нысанды киімдерді және әскери қызметшінің қаруы мен киімінен басқа керек-жарақтарды өндіруге арналған өнімдерді, қорғаныс және спорттық киімдер және көптеген тағы сол сияқты заттарды жатқызбаған. Осындай есепке алу қағидаттары Ресейде әлі күнге дейін сақталып отыр.
      Егер техникалық тоқыманың батыстық жіктемесін қолданатын болсақ, онда Ресейде шығарылатын тоқыма өнімдерінің жалпы көлемінде оның үлесі сараптама сауалнамасына сәйкес 25 - 30 %-ды құрайтын болады.
      Жіктеменің үстемдік әдісіне сәйкес Ресейде бүгінгі күні техникалық тоқымаға бұрынғыдай: ауыр техникалық маталар мен техникалық жібекті жатқызады.

3.12. Кілемдер, кілем бұйымдарын және гобелендер өндірісі

3.12.1. Кілем өндірісі. Кілем өнеркәсібінің шикізат әлеуеті

      Кез келген тоқыма бұйымына қажетті негізгі материал талшық болып табылады. Барлық талшықтарды екі топқа бөлуге болады: табиғи (табиғатта осы немесе өзге түрде кездесетін) және синтетикалық (адамның қолымен жасалған).
      1. Табиғи талшықтар
      жануарлардан алынған (жүн, жібек)
      өсімдіктерден алынған (мақта, кендір, кокос)
      минералды (бұрын тыйым салынған материал - асбест)
      2. Синтетикалық талшықтар
      өсімдік шикізатының негізінде (вискоза, резеңке)
      минералды шикізаттың негізінде (шыны талшығы, метал талшығы)
      синтетикалық (полиамидті, полипропиленді, полиэфирлі, полиакрилді ацетатты талшықтар).
      Қазіргі таңда кілем тоқу үшін полиамидті талшық (РА) немесе нейлон, полипропиленді талшық (РР), сонымен қатар жүн кеңінен пайдаланылады. Мақта, полиакрил (РАС), полиэфир, немесе оны жиі полиэстр (РЕS) деп атайды, және вискоза айтарлықтай аз мөлшерде қолданылады.
      Кілем өндірісіндегі негізгі тоқыма шикізаты жүн болып табылады. Алайда, қой шаруашылығы мен жүн өндірісі апатты жағдайда тұр. Республикамыздағы қой шаруашылығын дамыту үшін жағымды әсер ететін қолайлы жағдайларға (табиғи жайылымдар 180 миллион гектардан астам жерлерді құрайды), сонымен қатар осы саланы дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның қабылдануына қарамастан, 1992 жылы басталған құлдырау әлсіреген жоқ.
      Осылайша, 1992 - 2006 жылдардың арасындағы мерзімде республикамызда қой басы 39,6 миллионнан 12,35 миллионға дейін қысқарды. Бұл ретте жыл сайынғы жүн алу 25-тен 7,09 мың тоннаға дейін азайды.
      Бүгінгі күні асыл тұқымды қойлардың жалпы қой басынан алғандағы үлесі тек қана 4,5 пайызды құрайды. Бұл ретте етті және қаракөл бағытындағы қойлардың саны басым.
      Шикізатты өңдеу саласында жағдай одан да нашар. Мәселен, республикамызда жүн мен терінің 3 пайыздан аспайтын көлемі ғана өңделеді; аталған шикізаттың 97 пайызы шетелге, көбіне Қытайға жіберіледі. Соның нәтижесінде, қазіргі таңда Қазақстандағы аяқ киім өндірісі 1992 жылмен салыстырғанда шамамен 220 есеге, яғни жылына 54 миллион жұптан 250 мың жұпқа дейін азайып кетті.

Жуылған, майы алынған, карбонизацияланбаған, түтілмеген немесе тарақпен таралмаған жүн (қой жүні) өндірісі, тоннамен     


2003 2004 2005 2006 2007

Қазақстан Республикасы

6027 3195 1227 2668 2880

Алматы

564

349

44

50

164

Шығыс Қазақстан

1255

874

956

1091

877

Жамбыл

3502

1569

82

1506

1839

Оңтүстік Қазақстан

706

403

145

21

-

Жүннен иірілген жіпті қолдану аясы
(диаграмманы қағаз мәтініне қараңыз)

3.12.2. Кілем бұйымдарын өндіру және оларды тұтыну

      Кілем бұйымдарының өндірісі Қазақстанда 1936 жылдың шілде айында басталған. Алматыда облыстық өнеркәсіптік одақ жанынан қолдан тоқылған кілемдер мен қайып тігілген бұйымдарды өңдеуге арналған "Ковровщица" кәсіптік бірлестігі ұйымдастырылған болатын.
      1992 жылы кілем фабрикасы "Алматы кілем" акционерлік қоғамы ретінде қайта құрылған болатын.
      Қазіргі таңда "Алматы Кілем" АҚ - Қазақстандағы бірден-бір кілем және кілем бұйымдарын өндіру бойынша ірі өндіруші болып табылады. Өзінің 72 жылдық қызметінің ішінде компания үш рет жаңғыртылды. Кәсіпорын мынадай толық өндірістік айналым асырады: жүннен иірілген жіпті шығару, иірілген жіпті тоқуға дайындау, дайын өнімді тоқу және безендіріп әшекейлеуді жүзеге асырады. Негізгі шығарылатын өнім түрлері мынадай - табиғи шикізаттардан тоқылатын кілемдер: жүн, мақта, зығыр және кендір, үстіңгі бетінің қалындығы 1 метр арқауға 260,400-ден 500,000-ға шалуға дейін.
      Кілем тоқу үшін табиғи талшықтар пайдаланылады. Акрилді иірілген жіпті қолдана отырып, үстіңгі қабатының түгі жоғарғы қалыңдыққа ие кілемдерді тоқу меңгерілген.
      Алдыңғы жылдармен салыстырғанда бұйымдардың түрлері қатты өзгерген: қазіргі кезде кілемдер кішкентай кәдесыйға арналған кілемшелерден үлкен көлемді еденге төсейтін кілемдерге дейінгі сан алуан түсті, салынатын суреттері жиі өзгеріп отыратын әртүрлі кілемдер.

Кілем мен кілем бұйымдарын өндіру, мың шаршы метр


2003 2004 2005 2006 2007

Қазақстан Республикасы

98,9 99,1 105,6 101,5 36,1

Алматы

0,1

0,1

-

-

-

Жамбыл

-

-

0,2

-

-

Қызылорда

-

-

-

-

-

Маңғыстау

-

-

-

0,6

-

Солтүстік Қазақстан

-

-

-

0,6

-

Оңтүстік Қазақстан

3,5

3,5

-

0,1

-

Алматы қаласы

95,3

95,5

105,4

100,2

36,1

3.12.3. Қазақстанның кілем саласының өнеркәсіптік әлеуеті

      Кілем тоқитын бірнеше кәсіпорындар бар. Қазіргі таңда "Алматы Кілем" АҚ - Қазақстандағы кілем және кілем бұйымдарын өндіретін бірден-бір ірі өндірушілердің бірі. Бұрын табиғи өнімдерден жасалған кілемдер мен маталарға сұраныс үлкен болды. Бірақ қазіргі кезде оларға сұраныс айтарлықтай төмендеді, себебі олардың құны қымбат және нарықта көршілес елдерден әкелінетін синтетикалық қоспалармен жартылай жүннен жасалған анағұрлым арзан кілемдер пайда болды.
      Осыған байланысты, "Алматы Кілем" АҚ соңғы жылдары өндірісін 100 мың шаршы метрге дейін қысқартуға мәжбүр болды, ал импорт көлемдері 7 млн. шаршы метрге дейін жетті.
      Кілем бұйымдарын отандық өндірушілердің негізгі проблемасы ішкі нарықта орын алған жоғары бәсекелестік себебі бойынша бәсекеге қабілетсіздік болып табылады. Яғни, нарық сұранысы мен қажеттілігін қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасының аумағында 7 түрлі кілем комбинаттарын салуға болар еді, алайда, өндірісті демпингтік импорт басып тастады.
      Осылайша, қазіргі таңда Қазақстанға әкелінетін кілемдердің 89 %-ы Бішкек арқылы тастамалы бағамен жеткізіліп отыр.

3.13. Мақта целлюлозасы мен мақта шикізатынан жасалған оның туындылары және жоғары сапалы қағаз өндірісі

3.13.1. Қағаз өндірісі. Шикізат әлеуеті

      Кез келген қағаздың негізін целлюлоза талшығы құрайды. Осы талшықтар мынадай әртүрлі шикізат көздерінен, атап айтқанда - сүрек, сабан, мақта немесе сол қағаздың өзінен алынуы мүмкін.
      Қазіргі таңда пайдаланылатын қағаздың басым көпшілігі шикізат ретінде сүректі қажетсінеді. Сонымен қатар осы шикізат көзін алудың басқа баламалы тәсілдері де бар. Мәселен, жоғарғы сапалы қағазды дайындау үшін мақта талшығын және сүректі араластыра отырып немесе тек қана мақта талшығының өзін пайдаланады. Мақтадан өте ұзын әрі берік талшық алуға болады, нәтижесінде олардан ең жоғарғы сапалы қағаз дайындалады.
      Қазақстанда мақта егісі тек Оңтүстік Қазақстан облысында ғана өсіріледі, өйткені тек осы өңірде ғана мақтаны күтіп-баптауға арналған қажетті мынадай климаттық жағдайлар: мол күн сәулесі, құнарлы суарылатын жер, сонымен қатар суаруға ыңғайлы су мен еңбек ресурсы бар. Кейбір басқа дақылдармен салыстырғанда, мақта өндірісінің рентабельділігі артық екенін айта кету қажет.
      2005 жылғы облысымыздағы шиітті мақта өнімділігінің жалпы көлемі 1 гектардан орташа өнім деңгейі бойынша 23,1 центнерден ала отырып, 464 мың тоннаны құрады, бұл көрсеткіш 466 мың тоннаны құрайтын 2004 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда шамалы ауытқиды және 2003 жылғы көрсеткішпен салыстырмалы түрде алғанда жалпы жинаудың 104 мың тоннаға артық, өйткені 2003 жылы жалпы өнім 360 мың тоннаны құраған болатын. Жалпы алғанда 2000 жылдан 2005 жылға дейінгі аралықта шиітті мақта жинаудың жалпы көлемі өсу үрдісін сақтап отырған, яғни жалпы өнім көрсеткіші 2000 жылы - 287 мың тоннаны құраса, 2001 жылы - 402 мың тоннаны, 2002 жылы - 416 мың тоннаны құраған, ал 2003 жылы 360 мың тоннаға дейін жетсе, 2004 жылы 466 мың тоннаны, ал 2005 жылы 464 мың тоннаны құраған.
      Мақта целлюлозасы қағаз, химия және басқа өнеркәсіптер үшін негізгі шикізат көзі болып есептеледі. Мақта целлюлозасы - мақта мамығын техникалық содамен, кейіннен сутегі қышқылымен ағарта отырып және кептіре отырып қайта өңделетін өнім. Мақта целлюлозасын пайдалана отырып 120-дан астам тауар түрлерін дайындап шығаруға болады. Олардың ішінен: микрокристалды целлюлозаны (МКЦ), карбоксиметилцеллюлозаны (КМЦ), жарылғыш дәріні, коллоксилинді, лак, бояу, пластмассаны, жоғары сапалы қағаз түрін, әуе /кеме/ зымыран жасауда қолданылатын пластикалық материалды және көптеген тағы басқа заттарды атап кетуге болады.
      Қағаз өнеркәсібінде мақта целлюлозасы мынадай бұйымдарды жасау барысында шикізат ретінде пайдаланылады:
      сүзгілер (автокөліктік, зертханалық, өнеркәсіптік),
      жазу-сызуға арналған қажетті заттар,
      жоғары сапалы қағаз, фирмалық мөрқағаздар,
      ақша,
      бір реттік жаялықтар,
      әйел гигиенасына қажетті заттар,
      тұрмысқа қажетті сіңіретін майлықтар, еден жуатын құралдар,
      балалар сулығы,
      жоғары сапалы әжетханаға арналған қағаз.

3.13.2. Қағаз өндіру және тұтыну

      Қазіргі таңда Қазақстанда мақта шикізатынан дайындалатын қағаз жоқ. Алайда, Оңтүстік Қазақстан облысында, атап айтқанда, Шардара ауданында қағаз өндірісі жөніндегі зауыттың құрылысы жоспарлануда. Оған шикізат көзі ретінде қамыс пен мақта мамығы пайдаланылатын болады. Мақта мен қамыстан қағаз шығару өндірісін Алматылық "Ақ терек" ЖШС жүзеге асыратын болады. Аталған жоба $500 миллионға бағаланып отыр. Сонымен қатар, қазіргі таңда "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағының аумағында целлюлоза мен карбоксиметилцеллюлоза өндірісі жөніндегі "Хлопкопром-целлюлоза" ЖШС зауытының құрылысы жүргізілуде. Аталған кәсіпорын алдыңғы қатарлы жоғарғы технологиялы жабдықтармен жасақталатын болады. Бұл жерде алғаш рет мұнай химиясында, лак және бояу өндіруде, целлофан және басқа процестерде кеңінен қолданылатын мақтадан жасалған целлюлозаны шығару қолға алынады. Зауыттың толық өндірістік қуаты:
      ылғал жұтқыш мақта                       жылына 2500 тонна
      мақта целлюлозасы                        жылына 2500 тонна
      техникалық карбоксиметилцеллюлоза        жылына 6250 тонна.

3.13.3. Қазақстандағы қағаз өндіру саласының өнеркәсіптік әлеуеті

      Қазақстан Республикасындағы Экономикалық қызмет түрлерінің Жалпы Жіктеуішіне(ЭҚТЖ) сәйкес, қағаз өндірісі экономикалық қызметтің 1 түрі және 2-кіші түрі бойынша ұсынылуы тиіс.

Қазақстан Республикасындағы қағаз өнеркәсібі саласындағы экономикалық қызметтің түрлері     

Экономикалық қызмет түрі

Экономикалық қызметтің кіші түрі

Өндірістің жай-күйі

Өндіріс
бар

Өндіріс
жоқ

1

2

3

4

5

1. Сүрек массасы мен целлюлозалар, қағаз және картон шығару

1.1. Сүрек немесе өзге де талшықты материалдардан жасалған целлюлоза

Ерігіш сұрыпты сүректі целлюлоза

+



Ерігіш сұрыптарынан басқа, натронды немесе сульфатты сүректі целлюлоза



+

Сульфитті, сүректі целлюлоза (ерігіш сұрыптарынан басқа)

+



Механикалық тәсілмен алынатын сүректі целлюлоза (масса); жартылай целлюлоза; өзге де талшықты материалдардан (сүректен басқа) жасалған, целлюлоза (масса)

+



1.2. Целлюлоза өндірісі саласындағы қызметтер


+

2. Қағаз және картон өндірісі

2.1. Газет қағазы, графикалық мақсаттар үшін қолмен құятын борланбаған қағаз және картон


+



2.2. Дәретханалық немесе гигиеналық қағаз, сүлгілер немесе қағаз майлықтар, целлюлозды мақта, целлюлоза талшықтарынан жасалған жайма

Дәретханалық немесе гигиеналық қағаз, сүлгілер немесе қағаз майлықтар, целлюлозды мақта, целлюлоза талшықтарынан жасалған жайма

+



Каолинмен немесе өзге де органикалық емес заттармен қапталған, хат, баспа графикалық немесе өзге мақсаттар үшін пайдаланылатын борланған қағаз және картон

+



Ені 36 см-ден астам парақтағы көшіру, өзін-өзі көшіру немесе орамдағы ауыстырмалы немесе көшіру қағазы

+



Қағаз, картон, целлюлозды мақта және жабыны немесе сіңдіргіші бар, боялған немесе баспа суреттері бар орамдағы немесе парақтардағы целлюлозды талшықтардан жасалған жайма

+



2.3. Қағаз және картон өндірісі

+



3. Жазу қағазы бұйымдарын өндіру

3.1. Кеңсе қағазы керек-жарақтары

Көшіру қағазы; ені 36 см-ден аспайтын өзге де өздігінен көшіру және көшіру немесе ауыстырмалы қағаз; көшіру аппараттарына арналған трафареттер және офсеттік қағаздан жасалған нысандар; жабысқақ немесе гуммирленген қағаз



+

3.13.4. Сүрек массасы мен целлюлоза, қағаз және картон өндірісі

      Қағаздан жасалған бұйымдар нарқын сан алуан түрлі төсек жаймалар, трикотажды бұйымдар, киімдер, кілем бұйымдары және басқа күнделікті, маусымдық сұранысқа ие немесе ұзақ уақыт пайдаланылатын тауарлар арқылы таныстыруға болады. Әрине, мақта шикізат элементі ретінде соңғы сұранысқа ие өнімдерде ұсынылуы мүмкін. Қазақстан Республикасының аумағында түпкілікті тұтынуға арналған дайын тоқыма бұйымдарын шығаруда қолданылатын мата өндірісінің толық айналымының болмауы, дайын тоқыма бұйымдарының жоғарғы өзіндік құны және шетелден әкелінген тауарлар көлемінің артуы - дайын тоқыма бұйымдарын өндірудің азаюына әкеп соқтырады. Осылайша, кейбір жылдардағы тұтыну көлеміне сәйкес, көрпе мен шашақты қалың төсек-орын жапқыштардың шетелден әкелінетін үлесі 90 %-ға (оның ішінде Қытайдан 53 %, Ресейден 10 %), свитерлер мен жемпірлер - 83 %-ға, кілем - 97 %-ға, трикотажды матадан тігілген киім - 46 %-ға, төсек жаймалар - 12 %-ға жетіп отырған.
      Оңтүстік Қазақстан облысында аталған өндірістік тізбек саласы тіптен дамымай қалған. Облысымызда қағаз өндірісі, шикізат көзі ретінде қамыс пен мақта мамығы жөніндегі зауыттың құрылысы жоспарлануда. Қағаз шығаруды Алматылық "Ақ терек" ЖШС жүзеге асыратын болады. Сонымен қатар, қазіргі таңда "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағының аумағында целлюлоза мен карбоксиметилцеллюлоза өндірісі жөніндегі "Хлопкопром-целлюлоза" ЖШС зауытының құрылысы жүргізілуде. Бұрынғы кезде матадан дайын өнімдерді жасау жөніндегі ірі өндіруші компания ретінде танымал болған "Восход" компаниясы бар, кәсіпорын қазіргі таңда тек қана мемлекеттік тапсырыстар бойынша ғана жұмыс жасайды, сонымен қатар мұнай-газ компаниялары үшін нысанды киім мен арнайы киімдер тігеді.
      Аталған саланың дамуында әлемдік даму бағыттарын білмеу, осы саланың маңыздылығын түсінбеу, ақша қаражаттарының жетіспеушілігі сияқты проблемалар кедергі жасайды.

3.13.5. Өндірістік жағдайлар

      Қазақстандағы қағаз өнеркәсібі одан әрі даму үшін жақсы базаға  ие:
      төменгі өндірістік шығындарды ескере отырып;
      шикізат өңірлерінің жақын жерде орналасуы (Қазақстанның Оңтүстік өңірі, Өзбекстан, Түркіменстан, Тәжікстан);
      тоқыма бұйымдарын өткізуге арналған әлеуетті нарықтардың жақын жерде орналасуы (Батыс, Шығыс Еуропа, Азия-Тынық мұхит өңірі, Жақын шығыс елдер, сонымен қатар ТМД елдері);
      жеткілікті деңгейдегі адам ресурстарының базасы.

3.14. Былғарыдан жасалған бұйымдар өндірісі 3.14.1. Шикізат базасы

      Соңғы жылдары мал басының көбеюіне байланысты былғары шикізаты мен жүн өндірісінің барлық түрі артуда.

2003, 2006 - 2007 жылдардағы Қазақстан Республикасындағы мал саны, мың бас
(диаграмманы қағаз мәтініне қараңыз)

       2008 жылдың 1 қаңтарындағы мәліметке сәйкес, республика бойынша жалпы алғанда мүйізді ірі қара басының саны 5 853 мың басты құраған. 2003 жылмен салыстырғанда мал басы санының өсуі 20,2 %-ды құраса, 2006 жылмен салыстырғанда 3,4 %-ды құрайды. Мүйізді ірі қара басының басым көпшілігі - 3935,4 мың бас (83,7 %) тұрғындардың шаруашылықтарында шоғырланған. Шаруа (фермерлік) қожалықтарының үлесі - 636,5 мың басты (10,9 %) құрайды. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарындағы мал саны 319,2 мың басты (5,4 %) құрайды.
      2008 жылдың 1 қаңтарындағы мәліметке сәйкес, жылқы малының басы жалпы алғанда республика бойынша 1289,6 мың басты құраған. 2003 жылмен салыстырғанда мал басы санының өсуі 21,2 %-ды құраса, 2006 жылмен салыстырғанда 4,4 %-ды құрайды. Жылқы санының айтарлықтай бөлігі - 964,4 мың бас (74,8 %) тұрғындардың шаруа қожалықтарында өсіріледі. Шаруа (фермерлік) қожалықтарының үлесі - 255,2 мың басты (19,8 %) құрайды. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарындағы мал басы 70,0 мың басты (5,4 %) құрайды.
      Жалпы алғанда республика бойынша 2008 жылдың 1 қаңтарындағы мәліметке сәйкес, түйе саны 143,7 мың басты құраған. 2003 жылмен салыстырғанда мал басы санының өсуі 25,1 %-ды құраса, 2006 жылмен салыстырғанда 3,7 %-ды құрайды. Түйе санының айтарлықтай бөлігі - 100,8 мың бас (70,1 %) тұрғындардың шаруа қожалықтарында өсіріледі. Шаруа (фермерлік) қожалықтардың үлесі - 28,2 мың басты (19,6 %) құрайды. Ауыл шаруашылық кәсіпорындарындағы мал басы 14,7 мың басты (10,2 %) құрайды.
      2008 жылдың 1 қаңтарындағы мәліметке сәйкес, республика бойынша жалпы алғанда қой мен ешкі саны 16151,7 мың басты құрады. 2003 жылмен салыстырғанда мал басы санының өсуі 32,2 %-ды құраса, 2006 жылмен салыстырмалы түрде алғанда 5,2 %-ды құрайды.
      Қой мен ешкі санының басым бөлігі - 9 694,8 мың бас (71,5 %) тұрғындардың шаруа қожалықтарында өсіріледі. Шаруа (фермерлік) қожалықтарының үлесі - 3732,5 мың басты (23,1 %) құрайды. Ауыл шаруашылық кәсіпорындарындағы мал басы 870,9 мың басты (5,4 %) құрайды.
      Мал басын облыстар бойынша үлестіргендегі көрсеткіш мынадай: Шығыс Қазақстан облысы - 767,6 мың бас (13,1 %); Алматы - 762,4 мың бас (13 %); Оңтүстік Қазақстан облысы - 689,5 мың бас (11,8 %); Қостанай - 530,5 мың бас (9,1 %); Ақмола - 396,5 мың бас (6,8 %); Батыс Қазақстан облысы - 433,4 мың бас (7,4 %); Қарағанды - 460,5 мың бас (6,9 %); Ақтөбе - 435,5 мың бас (7,4 %); Солтүстік Қазақстан  облысы - 346,9 мың бас (5,9 %); Павлодар - 354,1 мың бас (6 %); Жамбыл - 316,7 мың бас (5,4 %); Қызылорда - 238,4 мың бас (4,1 %); Атырау - 165,4 мың бас (2,8 %); Маңғыстау - 9,6 мың бас (0,2 %).
      Қазақстан Республикасының оңтүстік өңіріндегі мүйізді ірі қара саны 2007 жылы 1245 мың басты құраған немесе республика бойынша жалпы мал басының 21 %-ын құрап отыр. Бұл көрсеткіш тұрақты шикізат көзімен қамтамасыз етуге негіз бола алады.
      Облыстар бойынша мал басын үлестіру көрсеткіші төмендегідей: Алматыда - 206 мың бас (16 %); Шығыс Қазақстан облысында - 178,8 мың бас (13,3 %); Оңтүстік Қазақстан облысында - 133,9 мың бас (10,4 %); Қарағандыда - 122,8 мың бас (9,5); Ақмолада - 89 мың бас (6,9 %); Солтүстік Қазақстан облысында - 82,2 мың бас (6 %); Жамбылда - 80,8 мың бас (6,3 %); Қостанайда - 74,9 мың бас (5,8 %); Ақтөбеде - 66,4 мың бас (5,1 %); Павлодарда - 69,9 мың бас (5,4 %); Қызылордада - 57,6 мың бас (4,5 %); Батыс Қазақстан облысында - 56,9 мың бас (4,4 %); Атырауда - 40,8 мың бас (3,2 %); Маңғыстау облысында - 36,2 мың бас (2,8 %).
      Қазақстан Республикасының оңтүстік өңіріндегі жылқы саны 2007 жылы 272 мың басты құраған немесе республика бойынша жалпы мал басының 20 %-ын құрап отыр. Бұл көрсеткіш тұрақты шикізат көзімен қамтамасыз етуге негіз бола алады.
      Жекелеген облыстар бойынша мал басының саны төмендегі көрсеткішпен беріледі: Маңғыстау облысы - 40,1 мың бас (27,9 %); Атырау - 29 мың бас (20,2 %); Қызылорда - 26,9 мың бас (18,7 %); Ақтөбе - 16 мың бас (11,1 %); Оңтүстік Қазақстан облысы - 15,6 мың бас (10,9 %); басқа облыстар - 16,1 мың бас (11,2 %).
      Қазақстан Республикасының оңтүстік өңіріндегі түйе саны 2007 жылы 47,6 мың басты құраған республика бойынша жалпы мал басының 33 %-ын құрап отыр, бұл көрсеткіш тұрақты шикізат көзімен қамтамасыз етуге негіз бола алады.
      2007 жылғы мәліметтер бойынша, қой мен ешкінің ең жиі шоғырлануы (10 356,1 мың бас немесе республикадағы қой мен ешкінің жалпы санының 64,1 %-ы) келесі төрт облыста: Оңтүстік Қазақстан облысында - 3305,2 мың бас (20,5 %), Алматыда - 2830,8 мың бас (17,5 %), Жамбылда - 2162,0 мың бас (13,4 %), Шығыс Қазақстан облысында - 2058,1 мың бас (12,7 %). Басқа он облыстарда - 5795,6 мың бас немесе қой мен ешкінің жалпы санының 35,9 %-ы.
      Қазақстан Республикасының оңтүстік өңіріндегі қой мен ешкі саны 2007 жылы 6208 мың басты құраған республика бойынша жалпы мал басының 38 %-ын құрап отыр. Бұл көрсеткіш тұрақты шикізат көзімен қамтамасыз етуге негіз бола алады.

3.14.2. Былғары өндірісі және оны тұтыну

      Өңделетін былғары шикізатының өндірістік мақсатына байланысты мал терілері ұсақ және ірі былғары шикізаттарына бөлінеді. Ұсақ былғары шикізатына салмағы 10 кг-ға дейінгі бұзаулардың, құлындардың, боталардың терісі, ал ірі былғары шикізатына салмағы 10 кг-нан астам мал терілері жатады. Қой мен ешкінің терісі ұсақ былғары шикізатына жатады.
      Шошқа өсіру шаруашылығында басқа мал түрлерімен салыстырғанда тері алу айтарлықтай аз мөлшерге ие, өйткені шошқаны терісін ажыратып алмастан пайдаланады.

2003, 2005 - 2007 жылдардағы былғары шикізатын өндіру қарқыны, мың дана
(диаграмманы қағаз мәтініне қараңыз)

      2007 жылы ірі мал терісінен былғары шикізатын өндіру 2555,5 мың дананы құраған, 2003 жылмен салыстырғанда өндірістің өсу қарқыны 22,8 %-ды, 2006 жылмен салыстырғанда - 5,0 %-ды құраған.
      Шаруашылық түрлері бойынша өнім өндіруді тарату мынадай көрсеткішті құрап отыр: тұрғындардың шаруашылығы - 2278,0 мың дана (89,1 %), шаруа (фермерлік) қожалықтар - 236,4 мың дана (9,3 %), ауыл шаруашылық кәсіпорындары - 41,1 мың дана (1,6 %).
      Ұсақ мал терісінен былғары шикізатын өндіру 2007 жылы 7136,1 мың дананы құраған, 2003 жылмен салыстырғанда өндірістің өсу қарқыны 20,7 %-ды, 2006 жылмен салыстырғанда - 3,5 %-ды құраған.
      Шаруашылық түрлері бойынша өнім өндіруді үлестіру мынадай көрсеткішке ие болып отыр: тұрғындардың шаруашылығы - 5843,9 мың дана (81,9 %), шаруа (фермерлік) қожалықтар - 1166,7 мың дана (16,3 %), ауыл шаруашылық кәсіпорындары - 125,5 мың дана (1,8 % ).
      Ірі қара малдың терісінен былғары шикізатын өндіру 2007 жылғы көрсеткіш бойынша облыстарға шаққандағы үлесі мынадай: Шығыс Қазақстан облысы - 358,2 мың дана (14 %), Қостанай - 231,5 мың дана (9,1 %), Алматы - 209,4 мың дана (8,2 %), Оңтүстік Қазақстан облысы - 255,8 мың дана (10 %), Ақмола - 229,2 мың дана (8,9 %), Солтүстік Қазақстан облысы - 179,9 мың дана (7 %), Жамбыл - 130,6 мың дана (5,1 %), Қарағанды - 237,8 мың дана (9,3 %), Ақтөбе - 193,7 мың дана (7,6 %), Батыс Қазақстан облысы - 170,6 мың дана (6,7 %), Павлодар - 168,5 мың дана (6,6 %), Атырау - 101,8 мың дана (4,0 %), Қызылорда - 76,0 мың дана (3 %), Маңғыстау - 12,5 мың дана (0,5 %).
      Қазақстан Республикасының оңтүстік өңіріндегі ірі малдың терісінен былғары шикізатын өндіру 2007 жылы 463 мың дананы құраған немесе жалпы республикалық өндірістің 18 %-ын құрап отыр, бұл көрсеткіш тұрақты шикізат көзімен қамтамасыз етуге негіз бола алады.
      Ұсақ мал терісінен былғары шикізатын өндірудің облыстар бойынша көрсеткіші: Алматы - 1475,9 мың дана (20,7 %), Оңтүстік Қазақстан облысы - 1452,0 мың дана (20,3 %), Жамбыл - 675,9 мың дана (9,5 %), Шығыс Қазақстан облысы - 968,0 мың дана (13,6 %), Қарағанды - 532,7 мың дана (7,5 %), Ақтөбе - 430,0 мың дана (6 %), Батыс Қазақстан облысы - 364,2 мың дана (5,1 %), Қызылорда - 262,8 мың дана (3,7 %), Атырау - 299,7 мың дана (4,2 %), Маңғыстау - 101,0 мың дана (1,4 %), Павлодар - 182,4 мың дана (2,6 %), Ақмола - 179,1 мың дана (2,5 %), Қостанай - 91,6 мың дана (1,3 %), Солтүстік Қазақстан облысы - 120,8 мың дана (1,7 %).
      Қазақстан Республикасының оңтүстік өңіріндегі ұсақ малдың терісінен былғары шикізатын өндіру 2007 жылы 2391 мың дананы құраған немесе жалпы республикалық өндірістің 33 %-ын құрап отыр, бұл көрсеткіш тұрақты шикізат көзімен қамтамасыз етуге негіз бола алады.
      Жалпы алғанда, Қазақстан Республикасының оңтүстік өңірі былғары бұйымдарының өндірісі жөніндегі кәсіпорындарды шикізатпен тұрақты түрде қамтамасыз ету үшін жеткілікті шикізат (тері) базасына ие.

3.14.3. Қазақстанның былғары саласының өнеркәсіптік әлеуеті

      Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі Агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) деректеріне сәйкес, 2006 жылы "Былғары, былғарыдан жасалған бұйымдарды өндіру және аяқ киім өндірісі" саласы бойынша 47 кәсіпорын есеп берген.
      Теріні алғашқы өңдеуді (илеуді) жүзеге асыратын кәсіпорындар саны - шамамен 30 дана. Аталған кәсіпорындардың орташа жылдық қуаттылығы 2006 жылы мына көрсеткішке жетті:
      мүйізді ірі қара мал немесе қылшықсыз немесе түксіз жылқы тұқымдастарының терісінен былғары өндіру бойынша - 328667,0 мың дм 2 , оның 35,1 %-ы қолданылған;
      қылшықсыз немесе түксіз қой, ешкі және шошқа терілерінен былғары өндіру бойынша - 69026,8 мың дм 2 , оның 1,6 %-ы қолданылады.
      Негізгі былғары шикізатын тұтынушылар ретінде "Семей былғары-тері комбинаты" ЖШС (Шығыс Қазақстан облысы), "Петропавл былғары зауыты" (Солтүстік Қазақстан облысы), "Рудный былғары зауыты" ЖШС (Қостанай облысы), "Тараз былғары аяқ киім" ЖШС (Жамбыл облысы), "Алматы былғары зауыты" ЖШС және өнімділігі азырақ бірқатар басқа кәсіпорындар, "Шымкент былғары аяқ киім зауыты" ЖШС (Оңтүстік Қазақстан облысы).

2003, 2006 - 2007 жылдардағы былғары өндірісінің қарқыны, мың дм 2
(диаграмманы қағаз мәтініне қараңыз)

      Мүйізді ірі қара мал немесе жылқы тұқымдас малдар терісінен жасалған былғары өндіру 2007 жылы республика бойынша 171569,2 мың шаршы дцм құраған; қой, ешкі және шошқа терісінен жасалған былғары өндіру - 295,4 мың шаршы дцм-ді құраған. Мүйізді ірі қара мал терісінен жасалған былғары өндіру қарқыны 2007 жылы 2003 жылмен салыстырғанда - 72 %-ға, 2006 жылмен салыстырғанда - 49 %-ға құраған. Ұсақ малдың терісінен жасалған былғары өндіру қарқынының әлсіреуі 2007 жылы 2003 жылмен салыстырғанда 109 есеге, 2006 жылмен салыстырғанда - 3,7 есеге азайған.
      Мүйізді ірі қара мал немесе жылқы тұқымдас малдар терісінен жасалған былғары өндірудің 2007 жылғы көрсеткіші облыстар бойынша мынадай: Солтүстік Қазақстан облысы - 62 378 мың дм 2 (36,4 %), Алматы - 58890,0 мың дм 2 (34,3 %), Қостанай - 33128,2 мың дм 2 (19,3 %), Жамбыл - 5946 мың дм 2 (3,5 %), Шығыс Қазақстан облысы - 7838,4 мың дм 2 (4,6 %), Оңтүстік Қазақстан облысы - 3204,8 мың дм 2 (1,8 %), Қарағанды - 183,8 мың дм 2 (0,1 %) .
      2007 жылы Алматы облысында жаңа "Алматы былғары зауыты" ЖШС кәсіпорнын іске қосумен байланысты былғары өндірісі алға қойылды.
      2007 жылы қой, ешкі және шошқа терісінен жасалған былғары өндіру бойынша көрсеткіш облыстары бойынша мынадай: Шығыс Қазақстан облысы - 162,8 мың дм 2 (55,1 %), Батыс Қазақстан облысы - 112,8 мың дм 2 (38,2 %), Оңтүстік Қазақстан облысы - 19,8 мың дм 2 (6,7 %).
      Үлбірлі, иленген немесе өңделген тері өндірісі 2007 жылы республика бойынша 2517,6 мың дм 2 , оның ішінде облыстар бойынша: Қарағанды - 70,8 мың дм 2 (2,8 %), Алматы - 1 418,3 мың дм 2 (56,3 %), Жамбыл - 473 мың дм 2 (18,8 %). Жалпы алғанда, 2007 жылғы өндіріс 2003 жылғы өндіріспен салыстырғанда 4 %-ға, төмендеген 2006 жылмен салыстырғанда - 64,7 %-ға артқан.
      Қазақстан Республикасындағы негізгі үлбірлі, иленген немесе өңделген тері өндірушілер ретінде "Тuransking" ЖШС, "Тараз былғары аяқ киім" ЖШС, "Алматы былғары зауыты" ЖШС, "Шымкент былғары аяқ киім зауыты" ЖШС болып табылады. Алайда, басқа өндірушілерге қарағанда, "Шымкент былғары аяқ киім зауыты" ЖШС қазіргі заманғы итальяндық құрал-саймандармен жабдықталған әрі экспортқа бағытталған жоғары сапалы өндіріс технологиясына ие. Өндірісте бәсекелестерге қарағанда неғұрлым жоғары сапалы химиялық заттар қолданылады, бұл сапалы өнімді шығаруға мүмкіндік береді. "Тuransking" ЖШС, "Тараз былғары аяқ киім" ЖШС, "Алматы былғары зауыты" ЖШС кәсіпорындарында қазіргі заманғы талаптарға сәйкес келмейтін кеңес дәуіріндегі (қытай технологиясы бойынша) ескі әрі тозығы жеткен жабдықтар қолданылады. Аталған салада жоғары білікті кадрлардың жетіспеушілігі байқалып отыр.

3.15. "Оңтүстік" АЭА құру мен дамытуды SWOT талдау

      Күшті жақтары

      1. Тұрақтылық. Соңғы жылдары Қазақстанда экономиканың өсуі, қаржы жүйесінің нығаюы, басым салаларды дамыту үрдісі қалыптасты, шетелдік капиталды, оның ішінде тоқыма өнеркәсібіне қауіпсіз тартуға құқықтық база мен шарттар құрылды.
      2. Тұрақты ұлттық валюта.
      3. Шикізат:
      а) Мақта. Жергілікті жерде өндірілген мақта-талшыққа кең ауқымды ұсыныс бар, сондай-ақ қазіргі бар егін алқаптарынан шикізат мақтаның көлемі мен одан да көп өңдеуге қабілетті қуаты көп өңдейтін кәсіпорындардың жеткілікті саны бар. Мақтаны егуге арналған игерілмеген егін алқаптары бар. Қазіргі уақытта қазақстан мақтасының 90 %-дан астамы экспортқа кетеді. Қосылған құнды арттыру процестерінде жергілікті мақтаны тұтыну мүмкіндігі бар. Мақта шаруашылығының ғылыми-зерттеу институтын құру, сондай-ақ мақта-тоқыма кластерін дамыту бағдарламасында көзделген мақта-талшық сапасын сатып алу бағасы бойынша қазіргі заманғы зертханалар желісін құру үшін халықаралық танылған компанияларды тарту Қазақстанда мақтаның сапасы мен егістігін арттыруға елеулі әсерін тигізеді.
      б) Жүн және тері. Соңғы жылдары мал басы санының өсуіне байланысты тері өнімдерін және жүннің барлық түрлерін өндіру ұлғаюда. Мал басы санының динамикасы өсу үрдісін сақтап отыр.
      4. Шикізат импорты:
      а) Мақтаның импорты. Мақтаға әлемдік бағамен шамамен салыстырғанда 15 % құндық басымдығы бар көршілес Өзбекстаннан, Қырғызстаннан, Тәжікстаннан, Түркіменстаннан әкелінетін мақтаны да "Оңтүстік" АЭА аумағында тоқыма кәсіпорындары тұтына алады. 5 үлгідегі мақтаға баға бір килограмм үшін 1,1 АҚШ долларын құрайды. Салыстыру үшін - ұқсас сападағы қытай мақтасына баға бір килограмм үшін шамамен 1,75 АҚШ доллары. Баға басымдығы орасан пайда болып табылады. Өзбекстан, Тәжікстан мен Түркіменстан сияқты тоқыма жіптің жоғары нөмірлерін өндіру үшін жұқа талшықтың неғұрлым бағалы сапалы мақта-талшықты өндіруге қабілетті.
      б) Тазартылмаған жібек көрші елдерден: Өзбекстан, Тәжікстан және Түркіменстаннан импортталады. Өзбекстан әлемдегі Қытай мен Үндістаннан кейінгі жібек құртын өндіруші ірі елдің бірі болып табылады. Жалпы жібек өндірісінің көлемі бойынша ТМД елдері арасындағы республика үлесі 80 %-дан жоғары. Өзбекстанның меншікті өндірісінің ірі шикізаттық қоры бар. Сонымен қатар жыл сайын бір тоннаға жуық тазартылмаған жібек өндіріледі. Еліміз әлемнің төрт ірі жібек өндірушілерінің қатарына кіреді.
      5. Электр энергиясы бойынша шығындар. Мемлекеттік электр энергиясы жүйесіне тікелей қатынаған кезде баға кВТ үшін 0,029 АҚШ долларына жетеді. Салыстыру үшін: Қытайда кВТ үшін 0,07 АҚШ доллары, Түркияда 0,089 АҚШ доллары туралы сөз болмақ. Текше метр үшін 0,07 АҚШ долларымен табиғи газ үшін баға Түркияда төлейтіннің үштен бір бөлігі болып табылады.
      6. Жұмыс күшінің болуы. Оңтүстік Қазақстанда еңбек ресурстарының көптігі бар. Сондықтан негізгі міндеттердің бірі еңбек әлеуетін сақтау, жаңа жұмыс орындарын құру болып табылады. Бұған қоса, жалақының орташа деңгейі Қазақстанның басқа өңірлерімен салыстырғанда салыстырмалы төмен, алайда жалпы ел үрдістеріне сәйкес ол өсіп отыр. Жұмыс күшіне шығындар төмен, Қытайдың Шығыс жағалауындағы деңгейінде. Ең төменгі жалақы сағатына 0,44 АҚШ доллары, тігін операторы 0,8 АҚШ доллары және иіруші/тігінші сағатына 1,2 АҚШ доллары.
      7. Темір жол желісі. Қазіргі бар темір жол желісі солтүстік бағытта ТМД елдеріне және Балтық жағалауы мемлекеттері арқылы Еуропаға, оңтүстік бағытта Қара теңізге тасымалдауды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ тікелей Түркияға жүк тасымалдары мүмкін.
      8. Су. Мақта өсетін ОҚО өзен, сондай-ақ жер асты көздерінен шығатын таза су ресурстарына бай. Ірі өзен - Сырдария (Келес, Құрықкелес, Арыс, Бөген және т.б. ағындарымен) облыстың аумағын оңтүстіктен солтүстік-батысқа қиып өтеді.

       Әлсіз жақтары

      1. Тоқыма саласы өндірісінің құлдырауы. Өз уақытында тоқыма-тігін өнеркәсібі елдің ЖІӨ-нің 35 %-ын құрады. Инфрақұрылымның құлауына байланысты тоқыма-тігін өнеркәсібінің үлесі ЖІӨ-нің 0,5 %-ына азайып кетті. Көптеген кәсіпорындар әлі күнге дейін ескірген жабдықта жұмыс істеуде.
      2. Жеткізу уақытының ұзақтығы. Қазақстан мақсатты өткізу нарығынан және жабдықтар мен қосымша бөлшектерді мақсатты жеткізушілерден елеулі қашықтықта болғандығына байланысты, жеткізу мерзімінің ұзақтығы жағынан қолайсыз жағдайда тұр. Мақсатты нарықтарға дейін жеткізу кезеңі 15 күнді құрауы мүмкін Түркияға жеткізуді қоспағанда, шамамен 30 күнді құрайды.
      3. Өзбекстанмен бәсекелестік. Көршілес Өзбекстанның Қазақстандағы деңгейден 8 есе асатын мақта егістігі бар. Бұдан басқа, Өзбекстан кейбір ұзынырақ талшықтарды өндіруге де қабілеті бар. Сондай-ақ, мақтаны пайдаланатын және дайын өнімді экспортқа шығаратын Өзбекстандағы компаниялар үшін мақтаға мемлекеттік бағалар субсидиялары бар. Сондай-ақ Өзбекстан жібек кілем өнімдерін өндіру саласында бәсекелес болады. Бұл күшті бәсекелестік жағдай туғызады.
      4. Қазақстан белгілі емес. Өндіріс көлемі аз болғандығына және көпшілік өнім Ресейге экспортталатынына байланысты, Қазақстан Еуропа тоқыма және киім индустриясында онша танымал емес.
      5. Автомобиль жолдары. Автожол желісі тиімді және баламалы тасымалдау әдісін құру үшін инвестицияға мұқтаж.
      6. Еңбек өнімділігі. Сала көнерген жабдықтармен жабдықталғанын ескеретін болсақ, өндіру әдісінде артта қалу, төмен өнімділік деңгейі бар, жаңа кәсіпорындар, жаңа технологиялар еңбек өнімділігінің өсімі үшін жағдай жасау керек болады. Бұл кеңейтілген тренингті және жұмыс күші менталитетінің өзгеруін талап етеді.
      7. Оқыған техникалық персоналдың жетіспеушілігі. Тоқыма өнеркәсібі құлдырағаннан бастап, осы саладағы білікті мамандар саны елеулі қысқарды. Техникалық мамандардың жаңа буыны қажет. Тоқымадағы техникалық және инжинирингтік тренинг танымал емес, өйткені индустрия өте шағын. Жаңа компаниялардың үлкен ағымы бастапқы кезеңде шетел мамандарымен қанағаттанатын оқыған персоналға сұраныс туғызады.
      8. Маркетинг. Жаңартылған тоқыма өнеркәсібіне ең тиімді Еуропа нарығына кіру үшін маркетингте және сатуда жаңа дағдылар алуы қажет, бұл уақыт пен күшті талап етеді. Бастапқы кезеңде маркетинг шетел мамандарының күштерімен жүргізілетін болады.

      Мүмкіндіктер

      1. Индустрияның өсуі. Қазақстан үшін негізгі мүмкіндік - жергілікті мақта жеткізуді пайдалана отырып, және қазіргі заманғы алдыңғы қатарлы кәсіпорындар, фабрикалар сала отырып, тоқыма және киім индустриясының мүлде жаңа нысанын құру.
      2. Өңірдің орталық пункті. Облыс үшін Қазақстандағы тоқыма технологиясының орталығы болу мүмкіндігі бар. Rieter және Веnnіngеr сияқты тоқыма индустриясымен байланысты көптеген қазіргі заман кәсіпорындары техникалық қызмет көрсету үшін жоғары технологиялық қамтамасыз етумен бірге Шымкентте қосалқы бөлшектерді жеткізу жөнінде орталық құруды ұсынды.

      Қатерлер

      1. Өзбекстан. Өзбекстан шетелден әкелінген инвестицияларға күшті бәсекелес болады деген мүмкіндік бар. Екінші жағынан, Қазақстан кәсіпорынды жеке иемденуге мүмкіндік береді, ал Өзбекстанда болса, меншік көбіне мемлекеттік.
      2. Тоқыманың соңғы 5 жыл ішінде инвестициялармен дүниежүзілік молығуы.
      3. Электр тасығыштарға бағанын әлеуетті өсуі.
      4. Әлемдегі қаржы-экономикалық дағдарыс. Дүниежүзі бойынша өндіріс қуаты мен инвестициялаудың қысқаруы байқалып отыр.

4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері

      Бағдарламаның мақсаты тоқыма өнеркәсібін дамыту және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіруіне алғы шарттар жасауға мүмкіндік беру болып табылады.
      Бағдарламаның негізгі міндеттері:
      аумақта тоқыма кәсіпорындарының ресурстарды (электр энергиясын, газды, суды) тиімді пайдалануға септігін тигізетін инженерлік желілерін салу;
      коммуникациялық инфрақұрылымды (автомобиль жолдарын, темір жолдар, телефон желілерін) салу, қайта жаңарту;
      әлеуетті инвесторлардың "Оңтүстік" АЭА мүмкіндіктерімен және басымдықтарымен танысуға бағытталған тұсау кесер және өзге де жарнама іс-шаралар өткізу;
      "Оңтүстік" АЭА құру мақсаттарына жауап беретін инвестициялық жобаларды іріктеу өлшемдерін қалыптастыру;
      "Оңтүстік" АЭА аумағында тігінен біріктірілген, жоғары технологиялық және экспортқа бағдарланған өндіріс салуды қамтамасыз ету;
      арнайы экономикалық аймақ аумағында өндірілген тауарларды әлемдік тауар нарықтарына жылжытуға ықпал ету;
      "Оңтүстік" АЭА аумағында тоқыма кәсіпорнын қолдауға бағытталған шараларды жүзеге асыру;
      кадрлар даярлау және қайта даярлау жүйесін ұйымдастыру болып табылады.

5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары және тетіктері

      "Оңтүстік" АЭА қалыптасуы және дамуы үш орта мерзімді кезеңде өтеді.
      Іске асырудың бірінші 2007 - 2009 жылдар кезеңі - "Оңтүстік" АЭА инфрақұрылымын салу, инвестициялар тарту, "Оңтүстік" АЭА аумағында кәсіпорындар құрылысының басталуы.
      Іске асырудың екінші 2010 - 2012 жылдар кезеңі - "Оңтүстік" АЭА аумағында кәсіпорындар салу.
      Іске асырудың үшінші 2013 - 2015 жылдар кезеңі - өндірісті кеңейту және "Оңтүстік" АЭА одан әрі дамыту, тоқыма өнімінің әлемдік нарығына шығу.

5.1. Бірінші кезең (2007 - 2009 жылдар) - "Оңтүстік" АЭА инфрақұрылымын салу

5.1.1. "Оңтүстік" АЭА инфрақұрылымын дамыту

      "Оңтүстік" АЭА құрылысының жобасына (инженерлік іздестірулер, геология, топография, бас жоспары) сәйкес "Оңтүстік" АЭА аумағына бөлінген алаң 200 га құрайды. Ауданның сейсмикалығы - 7 балл, алаңның сейсмикалығы - 8 балл. "Оңтүстік" АЭА алаңының бір бағытта бірден білінген ұзындығы (3500 м) мен елеусіз ені (360 м-ден 710 м-ге дейін) бар, осыны ескере отырып, бірқатар шарттарды орындау көзделеді:
      су құбыры құрылысы учаске ұзындығы бойынша қарама-қарсы бетте орналасқан 2 алаңда орналастырылады;
      ашық трансформатор кіші стансасы күшті тең бөлу үшін учаске ортасына орналастырылатын болады;
      ағынды суларды алдын ала тазалау құрылыстарының кешендері кәсіпорындар топтарына көзделеді және "Оңтүстік" АЭА өнеркәсіп алаңының оңтүстік бөлігінде орналастырылады.
      "Оңтүстік" АЭА дирекциясы" ММ-нің әкімшілік-тұрмыстық корпустар маңында абаттандыру және көгалдандыру көзделген, сондай-ақ құрылыс жүргізілмейтін барлық бос учаскелер көгалдандырылады.
      "Оңтүстік" АЭА кәсіпорындарын электрмен қамтамасыз ету бірнеше өзара байланысқан электр энергиясын жеткізу және бөлу жүйелерін құру арқылы жоспарланады. Бұл "Оңтүстік" АЭА ішкі электрмен қамтамасыз ету және алаң ішінде кәсіпорынды электрмен қамтамасыз ету. "Оңтүстік" АЭА сыртқы электрмен қамтамасыз ету мыналарды:
      1) ВЛ 220 кВ жалпы ұзақтығы - 4,5 км, оның ішінде қайта жаңартылатын - 4,2 км (АС 400/51 және АС 500/64 сымы);
      2) жалпы ұяшық саны 10 кВ - 54 дана тоқты шектейтін реакторлардың төрт үш фазалы топтары бар 80 ВМ.А-1ПС күші бар екі 220/10 кВ трансформаторы бар 220 кВ кіші стансасын салу;
      3) релелік қорғау және желілік желі автоматикасы 220 кВ, диспетчерлік технологиялық басқару. Толық дамуға "Оңтүстік" АЭА болжамды есеп қуаттылығы 90 МВт.
      "Оңтүстік" АЭА қажеттілігін қамтамасыз ету үшін газ бөлу пункті (бұдан әрі - ГБП) салынатын және жоғары қысымды газ құбыры жүргізілетін болады. Газ құбыры трассасы электр кіші стансасы ауданында орналасқан ГБП-ден Шымкент қаласының шығыс бөлігінде жоспарлануда. "Оңтүстік" АЭА аумағында табиғи газды жылдық пайдалану 124827,1 мың нм 3 құрайды. Газ құбырында қосу нүктесінде газ қысымы 6-12 кг/см 2 . "Оңтүстік" АЭА аумағында желідегі газ қысымын 12-ден 3 кг/см 2 дейін төмендететін ГБП орнату қажет.
      Сумен қамтамасыз ету және су тарту. Шаруашылық-ауыз су және өндіріс өртке қарсы сумен қамтамасыз ету көзі есебінде қалалық су құбыры пайдаланылады.
      "Оңтүстік" АЭА сумен қамтамасыз етуді қосу бірінші көтерілу насос стансасынан көзделген, сутартқыш диаметрі 600 мм екі құбырдан орындалады (сутартқыштың жалпы ұзындығы - 7 км). Бұдан басқа, әрқайсысының көлемі 200 м 3 екі резервуар салу көзделген.
      Кәріздік коллектор салу да көзделген (диаметрі 800 мм, ұзындығы 7 км). Шаруашылық-тұрмыстық және өндіріс ағынды сулар қабылдауышы алдын ала тазалаудан кейін қалалық кәріз коллекторына тастау қабылданды.

5.1.2. Коммуникациялық инфрақұрылым салу және қайта жаңарту

      Ленгір тас жолынан "Оңтүстік" АЭА-ға дейін "Цемент зауытының саздақ карьеріне кіреберіс" қазіргі автомобиль жолын қайта жаңарту және Бадам өзені арқылы көпірді қайта жаңарту көзделді.
      Өнеркәсіп кәсіпорындарына кіреберіс автомобиль жолы кәсіпорын құрылысы кезеңінде толық жобалау қуаттылыққа қол жеткізе отырып жобаланады.
      Көпір габариті қоршаулар бар болғанда бөлу жолымен анықталған.
      Көпірде сырт жағынан шарбақтармен қоршалған әрбір жағында қызметтік жолдар құрылысы көзделеді. Көпірдің жалпы ені 30,5 м құрайды. Жол жүру бөлігінің ені 2x7,5 м, көпір ұзындығы - 126 м.
      Кіреберіс темір жол жолы. Темір жолы кіреберіс жолының түйісуі Текесу стансасында көзделеді. Түйісу орнында қашыртқы шиеленістерді жөндеу көзделеді. "Оңтүстік" АЭА кешенінің вагондарын толықтыру үшін Текесу стансасында әрқайсысының пайдалы ұзындығы 450 м. екі тұйық жол салу көзделген.
      Кешен аумағында алаң ішіндегі жол дамыту жүктер түрлерін және мақтаны қайта өңдеу жөніндегі кешеннің технологиялық процесін есепке ала отырып көзделген. Қайта жаңартуды есепке ала отырып, кіреберіс темір жолының жалпы ұзындығы 4 км-ден астамды құрайды.
      Кіреберіс темір жолының бір тармағында "Оңтүстік" АЭА кеденінің құрылыс кешені орналастырылатын болады, оған "Оңтүстік" АЭА кәсіпорындарының дайын өнімдерін жіберуге арналған қоймалар блогының және қосалқы-көмекші қызметтер блогының ғимараты енеді. Екінші тармақта келіп түскен шикізатты, химикаттарды, қосалқы материалдарды қабылдап алуға арналған қоймалар блогы орналасады.
      Телефондандыру. Телефондандыру желілері "Шымкентмұнайоргсинтез" кәсіпорнының аумағында қазір бар құдыққа қосылады. Байланыс желісі оптика-талшық желісінен орындалады. Желі ұзындығы 2 км.
      "Оңтүстік" АЭА аумағында мынадай алаң ішіндегі инженерлік коммуникациялық желілер құрылысы көзделеді:
      сумен қамтамасыз ету және су тарту;
      электрмен қамтамасыз ету және электр жарығы;
      газбен қамтамасыз ету;
      телефондандыру;
      алаң ішіндегі автомобиль жолы.

5.1.3. Әлеуетті инвесторлардың "Оңтүстік" АЭА мүмкіндіктерімен және басымдықтарымен танысуына бағытталған тұсаукесер және өзге де жарнама іс-шараларын өткізу

      Жарнама компаниясы мынадай элементтерден тұратын болады:
      "Оңтүстік" АЭА-ны шетел инвесторларына жарнамалайтын Роwerpoint форматында тұсау кесерін дайындау. Тұсау кесерді Германияда, Түркияда, Үндістанда, Пәкістанда және басқа да елдерде өткізу;
      жеке тоқыма кәсіпорындарына почта арқылы жіберуге буклеттер шығару;
      мекен-жайын бүкіл дүниежүзі бойынша әлеуетті тоқыма инвесторларға жіберуге жататын әзірленген веб-сайттың ресурстарын пайдалану, www.textilezone.kz
      халықаралық танысу бағдарламасын жүргізу Werner International  халықаралық компаниясының қолдауымен халықаралық танысу бағдарламасы басталады - бүкіл дүниежүзі бойынша ең маңызды тоқыма кәсіпорындарының жоғары басшыларына ақпараттық хатты жіберу. Бұл бағдарлама бүкіл дүниежүзі бойынша 1000-ға жуық тоқыма кәсіпорындарды жабады.
      Сондай-ақ, мыналарды:
      Қазақстан аумағында тоқыма конференциялар;
      халықаралық тоқыма конференцияларында тұсау кесу;
      Еуропада және Азияда негізгі тоқыма көрмелерінде стендтер көрсету;
      ITMA 2007, тоқыма жабдықтарының ең ірі көрмесіне қатысу болжамдалады.
      "Оңтүстік" АЭА информациялық жылжытудың "ROAD SHOW" және т.б. іс шаралары.

5.2. Екінші кезең (2010 - 2012 жылдар) - "Оңтүстік" АЭА аумағында кәсіпорындар салу және "Оңтүстік" АЭА шоғырланған сервистік-технологиялық орталықтың құрылуы

5.2.1. "Оңтүстік" АЭА құру мақсаттарына жауап беретін инвестициялық жобаларды іріктеу

      Төменде келтірілген параметрлер Еркін экономикалық аймаққа кіруге сәйкес келетін кәсіпорындардың тамаша мөлшерін, форматын және құрылымын анықтау үшін пайдаланылады. "Оңтүстік" АЭА тоқыма және дайын киім индустриясында жоғары технологияларды қолдану орталығы болады. Төменде келтірілген компанияларды іріктеу принциптері мағыналық тәртібінде орналастырылған.
      1. Басым жергілікті өндіріс шикізатын пайдалану.
      Компаниялар Қазақстанда өсірілген және өңделген мақтаны пайдалануға ұмтылуы тиіс, осылайша, жергілікті нарықта өсірілген және қайта өңделген мақтаны пайдалануды елеулі арттырады. Көптеген бұйымдар иірімжіптің белгілі сапасын келтіру үшін мақтаның басқа түрлерімен араластыруды талап ететінін ескере отырып, инвестор компанияларға мақта талшығын импорттау мүмкіндігі ұсынылады. Алайда, кәсіпорындар қазақстандық мақтаны кәсіпорында пайдаланылатын мақтаның жалпы санының кемінде 30 % пропорциясында пайдалануға ұмтылуы тиіс. Жергілікті нарықта жоқ шикізаттың қажеттілігі туған жағдайда импортты шикізатты пайдалану мүмкіндігі бар.
      2. Өнім/бұйым түрлері.
      Компаниялар джинса, төсек жабдығы, сүлгі, мақтадан жасалған ішкі киім, пижамалар, балалар киімдері, футболкалар және басқа сияқты көбінесе мақтадан жасалған өнімді шығаратын болады.
      Синтетика мен мақта қоспасынан жасалған бұйымдар жасалатын өнімдер тізбесіне енуі мүмкін. Мұнай-химия өнеркәсібінің өсуіне орай Қазақстанда ұзақ мерзімді болашақта полиэстер немесе нейлон сияқты өнімдерді өндіруге жергілікті шикізатты жеткізу жүзеге асырылатын болады, алайда, бұл бірнеше жылдарды талап етеді. Осылайша, "Оңтүстік" АЭА жергілікті мақтаны пайдалану үшін құрылады.
      3. Жоғары сапа өнімі.
      Дайын өнімнің сапасы орта және жоғары деңгей арасында болжанады. Мысалы, джинсалар үшін бұйымдарда негізгі күш қазіргі заман стиліне жұмсалатын болады, мата салмағы жағынан жеңіл және өзінің құрамында лайкра болуы тиіс. Төсек жабдығын өндіруде компаниялар орта деңгейдегі өнім өндіруге бәсекелес болады. Мақсаты төмен шығын деңгейі мен іске асыру бағасы бар жаппай өндіріс тауарлары емес, жоғары деңгейдегі өнім болып табылады.
      4. Тігінен ықпалдасқан кәсіпорындар.
      Тамаша нұсқасында, кәсіпорындар тігінен ықпалдасатын болады, осылайша, тігу бұйымдарын өндіруге дайын өңделген мата өндіруге дейінгі барлық процестерді қамтиды. Тиісінше көптеген тоқыма кәсіпорындардың мынадай бір өндіріс құрылымы болады: тоқу, тігу, бояу/баспа сурет салу/ өңдеу - мысалы, төсек жабдығы, сүлгі, арнайы киім, вельвет және т.б.; иіру, тоқу, бояу/өңдеу - мысалы, ішкі киім, футболкалар; иіру, иірімжіпті бояу, тігу, өңдеу - мысалы, джинса немесе сәнді жейде маталары.
      Түсіндіру кезінде басқа құрылым түрлерінің мүмкіндігі жоққа шығарылмайды. Мысалы, матадан жасалмаған материалдар өндірісін пайдаланып, фетр өндіруге мақта қалдықтарын қайта өңдейтін компания да сәйкес келетін кәсіпорын есебінде қарастырылатын болады.
      Бояу және өңдеу сервистік немесе комиссиялық негізде құрыла алады және ұқсас кәсіпорындар "Оңтүстік" АЭА аумағында басқа тоқыма кәсіпорындарына қызметтерін ұсынады. Мұндай жағдайда, кәсіпорын тек бояумен/өңдеумен айналысатын болады.
      Сондай-ақ, "Оңтүстік" АЭА-дан тысқары кәсіпорындар "Оңтүстік" АЭА-дан тысқары жасалған меншікті маталарын өңдеу үшін "Оңтүстік" АЭА аумағында бояу және өңдеу жөнінде фабрикасын іске қоса алады.
      Сондай-ақ, медициналық дәке, мақта және тағы да басқа өндіру жөнінде фабрика құру мүмкіндігі де бар, өйткені олар жергілікті мақта пайдаланатын және дайын бұйымдар өндіретін болады.
      5. Қазіргі заман жабдықтары мен технологиялары.
      "Оңтүстік" АЭА аумағында құрылған кәсіпорындар ең жақсы технологияларды және қазіргі заман жабдықтарын қолданатын болады. Бұл зертханалар, жабдықтар, компьютерлік технологиялар мен компьютерлік желілер көмегімен дизайн жасаудың технологиялық аспектілеріне де жатады. Алайда, жұмыс күшінің жоғары құнының себебі бойынша ұқсас технология қолданылатын көптеген Еуропа тоқыма кәсіпорындарында кездесетін тек қана автоматтандырылған жабдықтар мен роботтар желілерін пайдалану болжалмайды.
      Шындығында, инвесторлар жаңа жабдықтарды әлемдік нарықта танымал жеткізушілерден сатып алуы тиіс. Алайда, бұрын пайдаланылған жабдықтар да, егер қазіргі заманға сай және орнату сәтінде өндіруші кепілдік берген пайдалы қолданудың күтілетін мерзімі кемінде 10 жыл болса, "Оңтүстік" АЭА аумағына орнату үшін қарастырылуы мүмкін. Осы жабдықтар үшін техникалық қызмет көрсету құралдарына қол жеткізу өте маңызды.
      6. Күшті маркетингтік жоспар.
      Кәсіпорындардың нақты маркетингтік стратегиясы болуы тиіс: өніммен әрбір нарыққа кіру негіздемесін қоса алғанда елдер бөлінісінде сату ұйғарылатын дайын өнімді жеткізу жоспарланатын елдер анықталды. Кәсіпорынның ұзақ мерзімді табысы көбіне жақсы және тұрақты тапсырыс берушілерді тарту және оларға өнімдерді ұстап тұру, сапа, баға мен жеткізу өлшемдері бойынша жоғары деңгейде жеткізу мүмкіндігіне байланысты. Бастапқы компаниялардың нысаналы нарықтары уақыт өте өзгеретін болады деп ұйғарылады. Уақыт өткеннен кейін инвесторларды халықаралық деңгейде тоқыма мен дайын киімде жеткізушілер танитын болады, осы нарықта белгілі және белсенді болады.
      7. Өнімдерді дайындау.
      Дайын өнімді тігу тігінен біріктірілген кәсіпорындар үшін опционды болуы тиіс. Алайда, тоқу жөніндегі компаниялар (тоқыма) әдетте мақтадан тоқылған ішкі киім, футболкалар мен ұқсас өнімдерді тігу жөніндегі кәсіпорындармен тікелей байланыста болады.
      Тігу кәсіпорындары тұтынатын маталардың кемінде 40 %-ы "Оңтүстік" АЭА аумағында өндірілуі тиіс деген шартпен "Оңтүстік" АЭА енгізуге жатады. Дайын бұйымдарды өндіру үшін қажетті өнімнің жетіспеушілігі және "Оңтүстік" АЭА аумағында өндірісі жоқ жағдайында "Оңтүстік" АЭА аумағында өндірілмеген маталарды тұтыну мүмкіндігі шектелмейді.
      8. Техникалық ноу-хау мен адамдардың салымы.
      Қазақстан тоқыма өнеркәсібі даму сатысында екендігін ескере отырып, Италия, Германия, Түркия сияқты жоғары деңгейде техникалық жағынан дамыған елдерден техникалық ноу-хаудың елеулі салымы болады деп ұйғарылады. Осы елдерден және басқа елдерден инженер мамандардың келуі үш жыл және одан көп кезеңде созылады және осы кезең ішінде олар фабрикаларды жабдықтап және бір уақытта жергілікті техникалық мамандарды оқытатын болады. Біраз уақыт өткеннен кейін жергілікті халық білікті болады және одан әрі қарай адамдар тоқыма технологиялары саласында, станоктарда жұмыс істеуде және өнімнің сапасын бағалауда сарапшылар болады.
      Инвестор жақсы техникалық менеджментті жүргізуді, экстенсивті тренингтер жүргізуді және ұзақ мерзімді перспективада компаниялар еңбегінің табысты дамуын және қызметін қамтамасыз ету үшін техникалық ноу-хау беруді қамтамасыз етуі тиіс:
      1. Сатуға өндірілген иірімжіп.
      Иірудің негізгі мақсаты тоқыма талаптарын қанағаттандыру үшін жіптердің сапасы мен нөмірлерінің дұрыс сәйкес келуін өндіру болып табылады. Иіру технологиялары сақиналы, пневмомеханикалық және вотекс әдісімен иіру болуы тиіс.
      Жіптер нөмірлері N 6 мен N 30 ара қашықтығында болуы мүмкін. Алайда барлық өндірілетін иірімжіп тоқыма өндірісінде пайдалануы міндетті емес. Көптеген иіру фабрикалары сатуға да, ішкі тұтынуға да иірімжіп өндіреді.
      2. Сервистік кәсіпорындар.
      Қызметтің өзге де түрлерін жүзеге асыру үшін рұқсат беру арқылы "Оңтүстік" АЭА енгізілуі мүмкін түрлі сервистік компаниялар мен агенттіктер бар:
      бояғыштарды жеткізу және қоймада сақтау;
      жабдықтарға қосалқы бөлшектерді жеткізу және жабдықтарға сервистік қызмет көрсету;
      жіптерді, түймелерді, сырмалар мен басқа қосымша бөлшектерді өндірушілер;
      моторлар мен тұтқаларға сервистік қызмет көрсету;
      компьютерлендірілген дизайн жөніндегі қызметтер;
      баспа суреттерді салу жөніндегі қызметтер;
      иіру мен тоқымада тез тозатын бөлшектерді жөндеу жөніндегі қызметтер;
      электр энергиясын жеткізетін, су тазартумен айналысатын және т.с.с. компаниялар;
      тоқыма мен киім өндіруге тікелей қатысы жоқ "Оңтүстік" АЭА қажет басқа да қызметтер:
      мейрамханалар мен тамақ ішетін орындар;
      банктік ЕКБ;
      көлік қызметтері (автобустар, таксилер);
      медициналық орталық және алғашқы көмек орталығы;
      тасымалдау қызметтері.
      Компаниялар бар көлік жарақтарын пайдалана отырып, шикізат пен дайын өнімді жеткізуді ұйымдастырады деп ұйғарылады. "Оңтүстік" АЭА жеке тасымалдау жүйесі бар кәсіпорындарды қоспайды.
      "Оңтүстік" АЭА аумағында көлік агенттіктері болмайды.
      "Оңтүстік" АЭА көлік компанияларын алып тастау себебі, қызметтің өзге де түрлерін жүзеге асыру үшін рұқсат беру арқылы барлық көлік компанияларына адал бәсекелестік шарттарын сақтауға мүмкіндік береді.
      Кәсіпорындарды іріктеу үшін де, саудада шектеулердің орындалуын одан әрі бақылау үшін де өлшемдер осы құжатта белгіленген және "Оңтүстік" АЭА құқықтық құрылымының бір бөлігі болып табылады. "Оңтүстік" АЭА дирекциясы" мемлекеттік мекемесі кезеңдерде кәсіпорындарды инвестициялық жобаларды іріктеу өлшемдерінің негізгі талаптарынан ауытқуы жөнінде шешімдер қабылдайтын болады. Сондай-ақ жоғарыда келтірілген ережелерде белгіленген пайыздық қатынастарды шешетін болады және өндіріс пен сауда жөніндегі деректерді пайдалана отырып кәсіпорындар қызметінің жыл сайынғы мониторингін жүзеге асыратын болады.

5.2.2. "Оңтүстік" АЭА аумағында кәсіпорындар салу

      "Оңтүстік" АЭА аумағында өндірістер салу және бизнесті кеңейту кәсіпорындардың белгілі бір экономикалық мақсаттарға қол жеткізуіне байланысты себептермен шарттасқан. "Оңтүстік" АЭА тоқыма бағыттылығының негізгі себептері мыналар болады:
      жергілікті шикізатқа қол жеткізу;
      өндірістік шығындардың төменгі деңгейі;
      қол жетімді логистика;
      жергілікті және өңірлік сату нарықтарына қол жеткізу;
      жеңілдікті сауда келісімдері;
      инвестициялық жеңілдіктер;
      сату нарықтарына жақындау;
      білікті мамандардың болуы;
      тәуекелдерді әртараптандыру.
      Бағдарламаға сәйкес "Оңтүстік" АЭА аумағында қызметтің рұқсат етілген негізгі түрлері мыналар болып табылады:
      джинсы өнімдерін өндіру: қалың мақта-мата маталарын және джинс өндіру. Өндірістік процестер мыналарды көздейді: иіру (сақиналы және пневмомеханикалық) ағарту, бояу, тігін өндірісі операцияларын қоса алғанда маталарды өңдеу;
      түкті өнімдер өндіру: орамалдар, жуыну халаттары мен басқа талшықты өнімдер өндіру. Өндірістік процестер мыналарды көздейді: иіру (сақиналы және пневмомеханикалық), жіпті бояу мен ширату, иірімжіпті тізіпорау мен шлихталау, бояуды, тігу өндірісін қоса алғанда матаны өңдеу;
      трикотаж өнімдерін шығару: трикотаж матаны өндіру және ішкі киім, футболкалар, пижама, спорт костюмдері, майкалар және т.б. трикотаж өнімдерін тігу. Өндіріс процестері мыналарды көздейді: сақиналы иіру, тоқу, бояу, тігу өндірісі;
      арнайы киімдер мен маталарды өндіру: арнайы киімдерге арналған маталар мен өнімдер - курткалар, шалбарлар, кепкалар, шапкалар, комбинезондар және өзгелер. Өндірістік процестер мыналарды көздейді: сақиналы иіру, тоқыма, бояу, баспа сурет салу, өңдеу, тігу өндірісі;
      төсек жабдықтарын өндіру: төсек маталарын және дайын төсек жабдықтарын, жастықтыстар және үй тоқымасының басқа өнімдерін өндіру. Өндірістік процестер мыналарды көздейді: сақиналы иіру, жіпті бояу мен ширату, иірімжіпті тізіпорау мен шлихталау, бояуды, тігу өндірісін қоса алғанда матаны өңдеу;
      медициналық және басқа да өнімдерді өндіру, қалдықтарды қайта өңдеу, негізінен қалдықтардан өңделген материалдарды пайдалана отырып, мақта, тампондар, мақта талшықтары және басқа медициналық өнімдерді өндіру;
      тоқылмайтын материалдар мен жоғары сапалы қағаз. Тоқылмайтын материалдардың матаға ұқсас (сырмалы, инемен тесуге болатын, желімделген, құрамдастырылған) және мақтаға ұқсас (сырмалы, инемен тесуге болатын, желімделген), сонымен қатар тұрмыстық және техникалық мақсаттардағы түрлері болады. Өндірістік процестер шикізатты дайындау, кенеп матаның пішінін келтіру және оның құрамдас бөлігі болып табылатын талшықтарды кейіннен жапсыру, арнайы құрамдас заттарды сіңірту, бояу және т.б. қарастырады;
      жібек мата мен одан жасалған бұйымдар: ішкі киімдер, көйлек және жейделер; майкалар мен күпәйке (сырып тігілген қысқа сыртқы киім), ішкиімдер, түнгі көйлектер, пижама, халаттар және соған ұқсас бұйымдар, блузкалар, ер кісі көйлектері және қайырма жағалы, белі бүрмелі көйлектер. Тоқыма бұйымдар мен киімдердегі жібек үлгісінің мөрін басуға болады. Жібек маталарды табиғи және химиялық жіптерден (жасанды және синтетикалық) тоқиды;
      кілемдер, кілем бұйымдары мен түс кілемдер: кілем, алаша және еденге төсегіш төсеніштерді қамтитын тоқыма өнімдерін шығару, киізден басылған өнімдерді жасау. Өнеркәсіптегі ең негізгі тәсілдер инемен тесіп тігу, тафтинг және кілем тәсілдері болып табылады;
      мақта целлюлозасы мен одан жасалған бұйымдар: ағаш талшығы немесе басқа талшықты материалдардан целлюлоза өндіру, ерігіш сүрек сұрыптарынан целлюлоза өндіру, ерігіш сұрыптарынан басқа сүрек талшығының натронды және сульфатты целлюлозасы, сүрек талшықты, сульфитті целлюлоза (ерігіш сұрыптарынан басқа), қағаз бен қалың қатырма қағаз өндіру. Өндірістік процестер сүрек талшығынан целлюлоза  дайындау (сульфит тәсілі, сульфат тәсілі); целлюлозаны ағарту; хлорлау; сілтілендіру; шүберектің жартылай талшығын, сүрек массасын, қағаз массасын дайындау; целлюлозаны жұмсарту; қағаз бояйтын машиналарда бояу;
      былғарыдан жасалған бұйымдар: былғарыдан киімдер тігу, сыртқы киімдерді тігу, тері және оған қатысты өнімдерді дайындау. Өндірістік процестер былғары шикізатын өңдеуді, сіңдіруді, былғарыны жұмсартуды және илеуді қарастырады.
      "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағының алаңында 15 кәсіпорын: тоқыма кешені, талшықты маталар, жейде маталарын, костюм маталарын, джинсы маталарын, техникалық маталар, тігін жіптері мен басқаларды өндіру жөніндегі фабрикалар салу жоспарланады.
      Өндіріс технологиясын ескере отырып, кәсіпорындарды орналастыру ғимараттар, құрылыстар, жолдар, желілер астында сенімді топырақ негіздер құрылғысын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қолдана отырып, дербес террасаларда жүзеге асырылатын болады.
      Табиғи жағдайларға байланысты, рельеф алаңдары, топырақтардың орнығуы, сондай-ақ кіреберіс теміржол жолдарын орнату, көлік түйісулері, инженерлік желілерді төсеу (су құбыры, кәріз және т.б.) жеңіл өнеркәсіптің, басқару қызметтерінің, кеден және т.б. ұтымды саны көзделді.
      "Оңтүстік" АЭА бірлескен сервистік-технологиялық орталығын құру.

5.2.3. "Оңтүстік" АЭА бірлескен сервистік-технологиялық орталығын құру

      Кешенді қызмет көрсету технологиялық орталығын құру жөніндегі жобаны жүзеге асыру "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағының қызмет көрсету инфрақұрылымын төменде көрсетілгендерді жүзеге асыра отырып, жақсартуға мүмкіндік береді: қазіргі заманғы тігінен ықпалдастырылған құрал-жабдықтармен жарақталған сертификациялық талдамалық зертхана орталығы; орта буындағы мамандарды даярлау мен қайта даярлауға арналған тоқыма жабдықтарының қазіргі заманғы үлгілерімен жабдықталған оқу-ағарту орталығы; арнайы экономикалық аймақ кәсіпорындарының тоқыма өнімдерінің бәсекеге қабілеттігін арттыруға бағытталған тоқыма саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының мүмкіндіктерін құру.

5.3. Үшінші кезең (2013 - 2015 жылдар) - өндірістерді кеңейту және одан әрі дамыту, тоқыма өнімінің әлемдік нарыққа шығуы

      Кәсіпорындар үшінші кезеңде өздерінің жоспарланған өндірістік қуаттылығына шығатын болады, бұған қазіргі заманғы технологияларды қолдану, шикізатқа еркін қол жеткізу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Салық Кодексімен көзделген жеңілдікті қолдану ықпал ететін болады.
      Қазақстандық әріптестермен бірге бірлескен кәсіпорын құру жоспарлануда. "Оңтүстік" АЭА аумағында кейбір кәсіпорындар ішінара немесе толығымен Қазақстанның резиденттеріне тиесілі болады. Жеке меншіктің нақты құрылымы жоғарыда көрсетілгенмен шектелмейді және инвесторлардың жеке артықшылық беруіне тәуелді болады.

5.3.1. "Оңтүстік" АЭА аумағында шығарылған тоқыма тауарларды әлемдік тауар нарықтарына жылжытуға жәрдемдесу

      Қазақстан тоқыма және дайын өнімдерді өндірушілер үшін дәстүрлі сату нарықтары Ресей және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының басқа да елдері болды.
      Құрылған кәсіпорындар иірім жіптер мен маталарды жеткізуді жүзеге асыра отырып, өнімдерінің негізгі бөлігін Ресейге, Еуропа және Түркияға өткізетін болады.
      Жекелеген тігін өндірістері өз өнімдерін Ресей, ТМД-нің басқа елдеріне және Еуропа нарықтарына жеткізетін болады.
      Батыс Еуропа елдерінде мақта-мата өнімін өндіру оның импортымен алмастыру үрдісі байқалып отыр, ол иіру фабрикаларының мақта талшығын тұтыну көлемінің азаюына әсерін тигізеді. Тұтынудың негізгі азаюы Италияда, Португалияда және Германияда болды. Батыс Еуропада мақта талшығын өнеркәсіптік тұтынудың көлемі дайын өнім импорты пайдасына қарай азаятын болады деп болжамдалады.
      "Оңтүстік" АЭА-да кәсіпорындар салу үшін инвесторлар жеке маркетингтік көзқарастарын алып келеді деп күтілуде, бұл оларға дайын өнімді елеулі сату нарықтарында, негізінен Еуропада сатуға мүмкіндік береді.
      Қазақстан резиденттерінің жеке меншігі болып табылатын компаниялар Еуропада биік емес айналым деңгейі бар ресей нарығында сатуды жүзеге асыруға икемделетін болады.
      АҚШ нарығына сатулар кішігірім деңгейде болады. Себебі контейнерлерді халықаралық порттарға дейін тасымалдауға қажет қосымша шығындар мен мерзімдерге негізделген.
      Қытай, Үндістан, Пәкістан "Оңтүстік" АЭА аумағында өндірілген өнімді сатудың әлеуетті нарықтары бола алмайды. Ұзақ мерзімді перспективада дайын киім өнімдерінің жекелеген түрлері нарықтың жақындығына байланысты Қытайға жеткізілетін болады. Алайда, қытай нарығында бағаның төменгі деңгейі осы өңірді жақын жылдарда сату нарығы ретінде жоққа шығарады.
      Қытай, Үндістан, Пәкістан "Оңтүстік" АЭА кәсіпорындары сияқты нарық сегментінде ірі өндірушілер болып табылады. Тиісінше, бір сегментте бәсекелесетін елдер арасында сауда жүзеге асырылады деген шындыққа онша жанасымсыз.
      Дайын киім немесе үйге арналған өнім үшін жеке сауда дүкендер желісі немесе кез келген басқа ірі көтерме сатушы үлгілік клиент болып табылады. Арнайы киім жағдайында мемлекеттік мекемелер, әуе желілері, әскери қызмет және т.с.с. клиент бола алады.
      Мақта немесе иірімжіпті сатып алушыларға тоқыма өнеркәсібі немесе киім тігу жөніндегі компания болады. Бұл жағдайда, "Оңтүстік" АЭА компаниялары сатуды тікелей тоқыма компанияларына жүзеге асыратын болады.

5.3.2. "Оңтүстік" АЭА аумағында тоқыма кәсіпорындарын қолдауға бағытталған шараларды жүзеге асыру

      Саланы бастапқы дамыту сатысында тарифтік және тарифтік емес шектеулер жолымен жеңіл өнеркәсіп тауарларының жекелеген түрлері бойынша ішкі тауар нарығының ашықтығы деңгейін реттеуді жүзеге асыру қажет. Бұл шаралар өндіріс қуатын өсіру сатысында ішкі нарыққа сату жөніндегі тоқыма өнімінің өндірушілеріне қосымша басымдық беретін болады.
      "Оңтүстік" АЭА-да тоқыма кәсіпорындарын қолдауға бағытталған мынадай сипаттағы іс-әрекеттер жоспарланады:
      инвесторлардың өз жобаларын іске асыру кезінде инвесторларды бағыттау және оларға жәрдем көрсету үшін "Оңтүстік" АЭА-да инвесторлар үшін ақпараттық қызмет орнату. Осы қызмет мыналардан тұрады:
      инвестициялық жобалармен тікелей байланысты ережелермен және заңдармен байланысты барлық мәселелер мен сәттерді жою жөніндегі заң көмегі;
      лицензиялар, рұқсаттар, кеден рәсімдерін ұйымдастыруда әкімшілік қолдау;
      көмекші қызметтер ұсынатын компаниялар қарым-қатынасы парағымен бірге тоқыма маркетингі, көлік, логистика жөніндегі ақпаратпен бірге тоқыма мен киімнің техникалық деректерінің ақпараттық қызметі;
      экспортқа көмек қызметін құру. Бұл сараптамалық қызмет экспортты жеңілдету үшін интернет желісінде ұсынылатын қызмет болуы тиіс және мынадай қызметтерді қамтиды: тоқыма өнімдерін импортқа шығару сұранысы туралы ақпарат, тоқыма өнімдеріне салықтар, әртүрлі елдердегі тауар айналымы жөніндегі мәлімет, импорттаушылар және экспорттаушылармен байланыс орнату мүмкіндігін ұсыну;
      "Оңтүстік" АЭА аумағында орналасқан тауарларды, сауда-саттық және компанияларды жылжыту үшін интернетте Оңтүстік веб-сайтын орнатудан және қолдауды қаржыландыру.
      Консультациялық қызметтер түрінде "Оңтүстік" АЭА аумағында кәсіпорындарға қолдау ұйымдастырылатын болады, бұл тоқыма кластерін құруға көмек беріп қана қоймай, сондай-ақ "Оңтүстік" АЭА дирекциясы" ММ-ін "Оңтүстік" АЭА аумағында кәсіпорындардың қызметін одан әрі дамыту үшін барлық шығыс деректерімен қамтамасыз етеді.

5.3.3. Кадрларды даярлау және қайта даярлау жүйесін ұйымдастыру

      Орта буын білікті кадрлары мен менеджерлеріне белгілі бір жетіспеушілік бар. Осы проблемаларды шешу үшін тоқыма өнеркәсібіне арналған шоғырланған сервистік-технологиялық орталықты қолдау және қаржыландыру ұйғарылады. Тоқыма кәсіпорындарының кадрлық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін Қазақстанда бар тренингтік және білім беру орталықтарын бір жобаға біріктіру қажет.

6. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері

      Бағдарламаны орындау үшін республикалық бюджеттен қаражат, инвесторлар кәсіпорындарының жеке ресурстары, "Қазына" орнықты даму қоры" АҚ қаражаты, Оңтүстік Қазақстан облыстық бюджетінің қаражаты тартылатын болады.
      Бірінші кезең (2007 - 2009 жылдар). 2007 жылдан бастап 2008 жылды қоса алғандағы кезеңде "Оңтүстік" АЭА инфрақұрылымын салу Республикалық бюджет есебінен жоспарланады, шығындардың жалпы сомасы 7 068,023 млн. теңгені құрайды:
      2007 жылғы объектілер жалпы сомасы 2 970,546 миллион теңге;
      2008 жылғы объектілер жалпы сомасы 1 992,936 миллион теңге;
      2009 жылғы объектілер жалпы сомасы 2 104,541 миллион теңге.
      Екінші кезең (2010 - 2012 жылдар). Тоқыма өнеркәсібі кәсіпорындарын салуға шетелдік және отандық инвесторлардың салынған инвестицияларының ұйғарылатын сомасы 65 миллиард теңгені құрайды. Сондай-ақ "Самрұқ-Қазына" ұлттық даму қоры" АҚ қаражаты және Оңтүстік Қазақстан облыстық бюджеттің қаражаты тартылатын болады.
      Үшінші кезең (2013 - 2015 жылдар). Маркетингтік шығыстарға бірінші кезекте инвесторлардың жеке қаражаты жұмсалатын болады, "Оңтүстік" АЭА аумағында кәсіпорындарды қолдауға бағытталған іс-шараларды жүргізуге "Самрұқ-Қазына" ұлттық даму қоры" АҚ қаражаты және Оңтүстік Қазақстан облыстық бюджетінің қаражаты тартылатын болады.
      Бағдарламаны іске асыруға қажет бюджет қаражатының көлемі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде нақтыланады.

7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер

      Жұмыстарды жүргізу нәтижесінде "Оңтүстік" АЭА тоқыма өнеркәсібінің тігінен біріктірілген құрылымы құрылатын болады.
      Бірінші кезеңде (2007 - 2009 жылдар кезеңі):
      республикалық бюджеттен осы мақсаттарға бөлінген 7 068,023 мың теңгені игере отырып, "Оңтүстік" АЭА қазіргі заманғы инфрақұрылымын салу аяқталатын;
      тоқыма өнеркәсібін дамытуда инвестиция салуға ниет білдірген отандық және шетелдік компаниялар тартылатын болады.
      Екінші кезеңде (2010 - 2012 жылдар кезеңі):
      15 тоқыма саласы кәсіпорнын салуды аяқтауға шамамен 65 млрд. теңге сомасында инвестициялар тарту;
      шамамен 11 мың жаңа жұмыс орнын құру;
      жыл сайын 100 мың тоннаға дейін мақта-талшық импортын ескере отырып, мақта-талшықты ішкі тұтыну көлемін арттыру;
      мақтаға егу алаңдарын 90 мың га дейін арттыру;
      ішкі нарықта мақта-талшықты тұтыну үлесін өндірістің жалпы көлемінің 30 %-ына дейін арттыру көзделеді.
      Үшінші кезеңде (2013 - 2015 жылдар кезеңі):
      Қазақстанның тоқыма өнеркәсібін әлемдік нарыққа ықпалдастыру;
      "Қазақстан тоқымасы" сауда маркасын (брендін) құру және одан әрі ілгерлету көзделеді.

8. "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағын дамытудың 2007 - 2015 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

8.1. "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағын дамытудың 2007 - 2015 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2007 - 2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары       

Р/с
N

Іс-шара

Аяқтау нысаны

Орындауға жауаптылар

Орындалу мерзімі

Болжамды шығыстар
(млн. теңге)

Қаржыландыру көздері

1

2

3

4

5

6

7

1.

Сумен жабдықтау құрылысы (диаметрі 600 мм, ұзындығы 7 км 2 желі) және кәріз коллекторының құрылысы (диаметрі 800 мм, ұзақтығы 7 км)

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИСМ (жинақтау), ОҚО әкімдігі, "Оңтүстік" АЭА дирекциясы" ММ

2007 жылғы 25 шілде
2009 жылғы 25 қаңтар

2007 ж. - 951,193 млн. теңге
2008 ж. - 663,000 млн. теңге

Республикалық бюджет

2.

АЭА-ға 200 га ауыл шаруашылығы жерлерін беруден ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын өтеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИСМ (жинақтау), ОҚО әкімдігі, "Оңтүстік" АЭА дирекциясы" ММ

2007 жылғы 25 шілде

2007 ж. - 72,669 млн. теңге

Республикалық бюджет

3.

ПС 220/10 кВ және ВЛ-220 кВ кірісі мен шығысының құрылысы, электрмен жабдықтау желісінің уақытша құрылысы

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИСМ (жинақтау), ОҚО әкімдігі, "Оңтүстік" АЭА дирекциясы" ММ

2008 жылғы 25 қаңтар

2007 ж. - 1 416,087 млн. теңге
2008 ж. - 905,585 млн. теңге

Республикалық бюджет

4.

"Оңтүстік" АЭА-ға темір жол кіреберіс жолдарын және Текесу станциясында вагондарды жинау үшін екі қосымша жол тұйығын, ОЭ бағыт ауыстырғыштар салу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИСМ (жинақтау), ОҚО әкімдігі, "Оңтүстік" АЭА дирекциясы" ММ

2008 жылғы 25 қаңтар
2009 жылғы 25 қаңтар
2010 жылғы 25 қаңтар

2007 ж. - 96,750 млн. теңге
2008 ж. - 25,750 млн. теңге
2009 ж. - 57,775 млн. теңге

Республикалық бюджет

5.

Бадам өзені арқылы өтетін кіреберіс автомобиль жолдарын және автомобиль көпірін салу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИСМ (жинақтау), ОҚО әкімдігі, "Оңтүстік" АЭА дирекциясы" ММ

2008 жылғы 25 қаңтар
2009 жылғы 25 қаңтар

2007 ж. - 393,631 млн. теңге
2008 ж. - 35,522 млн. теңге

Республикалық бюджет

6.

Кеденге арналған қосымша құрылыстар салу (БӨП, салмақ өлшем, жете тексеру алаңы және бастырма)

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИСМ (жинақтау), ОҚО әкімдігі, "Оңтүстік" АЭА дирекциясы" ММ

2008 жылғы 25 қаңтар

2007 ж. - 40,216 млн. теңге

Республикалық бюджет

7.

Инновациялық жобалардың 2-ші тоқыма конгресін (мақта/тоқыма саласында үздік зерттеулерді/технологияларды іздеуге тексеру/сараптау) жүргізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп

ИСМ (жинақтау), БҒМ, ЖӨКҚ, АШМ

2008 жылғы 25 қаңтар

-

-

8.

Алаңішілік инженерлік желілерді (сумен жабдықтау, кәріздеу, электрмен жабдықтау, телефондандыру, газбен жабдықтау) салу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИСМ (жинақтау), ОҚО әкімдігі, "Оңтүстік" АЭА дирекциясы" ММ

2009 жылғы 25 қаңтар
2010 жылғы 25 қаңтар

2008 ж. - 363,079 млн. теңге
2009 ж. - 1 637,700 млн. теңге

Республикалық бюджет

9.

Алаңішілік автомобиль жолдарын салу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИСМ (жинақтау), ОҚО әкімдігі, "Оңтүстік" АЭА дирекциясы" ММ

2010 жылғы 25 қаңтар

2009 ж. - 169,065 млн. теңге

Республикалық бюджет

10.

"Су ресурстары-маркетинг" ЖШС-дан жабдығымен бірге ұңғыма сатып алу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИСМ (жинақтау), ОҚО әкімдігі, "Оңтүстік" АЭА дирекциясы" ММ

2010 жылғы 25 қаңтар

2009 ж. - 240,001 млн. теңге

Республикалық бюджет

11.

"Оңтүстік" АЭА-ның халықаралық конференцияларда, көрмелерде тұсаукесері және "ROAD SHOW" ұйымдастыру және АЭА ақпараттық жылжыту жөніндегі басқа да іс шаралар

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИСМ (жинақтау), СІМ, ОҚО әкімдігі, "Оңтүстік" АЭА дирекциясы" ММ, "Қазына" орнықты даму қоры" АҚ

Жыл сайын 25 қаңтар

-

-

12.

Шетелдік және отандық компаниялардың инвестицияларын тоқыма кәсіпорындарын салуға тарту жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру

ИСМ-ге ақпарат

ОҚО әкімдігі

Жыл сайын 10 қаңтар

-

-

13.

Тоқыма өнеркәсібі кәсіпорындарын "толық аяқтап" салу

ИСМ-ге ақпарат

ОҚО әкімдігі

Жыл сайын 10 қаңтар

-

-

8.2. "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағын дамытудың 2007 - 2015 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2010 - 2012 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары      

Р/с
N

Іс-шара

Аяқтау нысаны

Орындауға жауаптылар

Орындалу мерзімі

Болжамды шығыстар (млн. теңге)

Қаржыландыру көздері

1

2

3

4

5

6

7

1.

"Оңтүстік" АЭА-ның халықаралық конференцияларда, көрмелерде тұсаукесері және "ROAD SHOW" ұйымдастыру және АЭА ақпараттық жылжыту жөніндегі басқа да іс-шаралар.

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИСМ (жинақтау), ОҚО әкімдігі, "Оңтүстік" АЭА дирекциясы" ММ

Жыл сайын 25 қаңтар

-

-

2.

Шетелдік және отандық компаниялардың инвестицияларын тоқыма кәсіпорындарын салуға тарту жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру

ИСМ-ге ақпарат

ОҚО әкімдігі, "Оңтүстік" АЭА дирекциясы" ММ

Жыл сайын 25 қаңтар

-

-

3.

Кілем және жібек бұйымдарын қоса отырып, тоқыма бұйымдары өндірісі, сондай-ақ матадан жасалмаған материалдар, мақта целлюлозасы және оның өнімдері, жоғары сапалы қағаз және "толық аяқталған" былғары бұйымдары өндірісі бойынша кәсіпорындар салу

ИСМ-ге ақпарат

ОҚО әкімдігі

Жыл сайын 25 қаңтар

Бизнес-жоспарға сәйкес

Инвесторлардың өз қаражаттары

4.

"Оңтүстік" АЭА шоғырланған сервистік-технологиялық орталығын салу мәселесі Республикалық бюджеттік комиссия отырысында қарастыру үшін ЭБЖМ-ге өтінім енгізу

Республикалық бюджеттік комиссия шешімі

ИСМ, ОҚО әкімдігі, "Оңтүстік" АЭА дирекциясы" ММ

2010 жыл
жылдың 25 шілде

-

-

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

ИСМ             - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда
                  министрлігі
АШМ             - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
БҒМ             - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
СІМ             - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
ЭБЖМ            - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік
                  жоспарлау министрлігі
ОҚО             - Оңтүстік Қазақстан облысы
"Оңтүстік" АЭА  - "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағы
"Оңтүстік" АЭА  - "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағының
дирекциясы" ММ    дирекциясы" мемлекеттік мекемесі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады