"Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңару мен дамуға" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 12 наурыздағы N 765 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында қоғамдық тәртіпті бұзуға қарсы іс-қимылды күшейту жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар:
1) Жоспарды іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) жыл сайын, 10 қаңтарға Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне Жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат берсін.
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі жыл сайын, 25 қаңтарға Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 26 маусымдағы
N 984 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасында қоғамдық тәртіпті бұзуға қарсы іс-қимылды күшейту жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары
Р/с |
Іс-шаралар |
Аяқтау нысаны |
Орындауға жауаптылар |
Орындау мерзімі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1. Қоғамдық тәртіпті бұзуға қарсы іс-қимылды күшейту |
||||
1 |
Күзет қызметі субъектілері үшін күзетілетін объектілерде және оған жақын аумақтарда жасалған барлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтар туралы ішкі істер органдарына уақтылы хабарлау жөніндегі міндеттерді белгілеуді көздейтін "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ішкі істер органдарының қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізу |
Заң жобасы |
ІІМ |
2009 жылғы қазан |
2 |
ІІМ-нің Біріктірілген деректер банкі базасында қиын өмір жағдайындағы кәмелетке толмағандардың бірыңғай есебін жасау жөнінде шаралар қабылдау |
Бірлескен бұйрық |
ІІМ (жинақтау), БҒМ |
2010 жылғы наурыз |
3 |
Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде құқық бұзушылықтың алдын алу және қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті бұзуға қарсы іс-қимыл жөніндегі ақпараттық жұмыстың іс-шаралар кешенін әзірлеу және іске асыруға кірісу |
Медиа-жоспар |
МАМ (жинақтау), ІІМ, БҒМ |
2010 жылғы қаңтар |
4 |
Белгілі тұрғылықты жері жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталықтары жұмысының тиімділігін арттыру |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ІІМ (жинақтау), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
Жыл сайын, 25 қаңтардан кешіктірмей |
2. Көшелер мен басқа да қоғамдық орындарда құқықтық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету |
||||
5 |
Жергілікті бюджеттер есебінен ұсталатын ішкі істер органдары әкімшілік полициясының штат саны лимитінің шегінде қайта бөлу есебінен патрульдік полицияның штат санын көбейту жөніндегі мәселені қарау |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ІІМ (жинақтау), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
Жыл сайын, 25 қаңтардан кешіктірмей |
6 |
Көшелер мен басқа да қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды талдауды ескере отырып, штаттық саны шегінде неғұрлым криминогендік учаскелерде патрульдік жасақтар санын көбейту |
Полицияның кешенді күштерінің бірыңғай орналасу жоспарына түзетулер енгізу |
ІІМ |
Тұрақты |
7 |
Ішкі істер органдары мен Ішкі әскерлердің барлық құрылымдарын тарта отырып, көшелер мен басқа да қоғамдық орындарда құқықтық тәртіпті нығайтуға және қылмысқа қарсы күресті күшейтуге бағытталған ірі ауқымды кешенді операцияларды кезең-кезеңімен өткізу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ІІМ |
Жыл сайын, 25 қаңтардан кешіктірмей |
8 |
Учаскелік полиция инспекторлары жұмысының басымдықтары мен негізгі бағыттарын, сондай-ақ қызметтерін бағалау өлшемдерін айқындай отырып, олардың қызметін одан әрі жетілдіру жөнінде шаралар қабылдау |
Бұйрық |
ІІМ |
2009 жылғы қыркүйек |
9 |
Өңірлік, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың қоғамдық орындары мен неғұрлым криминогендік учаскелерінде бейнебақылау жүйелерін; сондай-ақ көшелер мен аулаларды жарықтандыру жүйелерін орнату және пайдалану жөніндегі жұмысты жалғастыру |
ІІМ-ге ақпарат |
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
Жыл сайын, 10 қаңтардан кешіктірмей |
3. Құқық қорғау бағытындағы қоғамдық құрылымдардың санын кеңейту |
||||
10 |
Құқық қорғау бағытындағы қоғамдық құрылымдардың әрбір түрі бойынша үлгі ереже әзірлей отырып, қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі іс-шараларға азаматтарды тарту жөніндегі жұмысты жандандыру |
Бұйрық |
ІІМ |
2009 жылғы желтоқсан |
11 |
Ірі кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмыскерлерін қоғамдық тәртіпті қорғау жөніндегі іс-шараларға тарту жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, оның ішінде осы мақсаттар үшін халықты еңбекпен қамту орталықтарының мүмкіндіктерін пайдалану жөніндегі мәселені пысықтау |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ІІМ (жинақтау), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
Жыл сайын, 25 қаңтардан кешіктірмей |
12 |
Тұрғын үй алаптарында құқық бұзудың алдын алуға пәтер иелері кооперативтері мен жеке күзет құрылымдарын тарту мүмкіндігін пайдалану |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне және Алматы ақпарат қалаларының әкімдері |
ІІМ (жинақтау), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
Жыл сайын, 25 қаңтардан кешіктірмей |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ІІМ - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
МАМ - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі