Қазақстанның IV Азаматтық форумын өткізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 шілдедегі N 1088 Қаулысы

      "Орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда, холдингтерде, ұлттық компанияларда, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларда әкімшілік шығыстарды қысқарту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы N 289 өкіміне сәйкес және Астана қаласында 2009 жылғы 14-15 қазанда Қазақстанның IV Азаматтық форумын (бұдан әрі - Форум) өткізу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Форумды 2009 жылға арналған республикалық бюджетте 018 "Ішкі саяси тұрақтылық және қоғамдық келісім саласында мемлекеттік саясатты жүргізу" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен өткізуді қамтамасыз етсін.
      2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне Форумға қатысушылардың іссапар шығыстарын қаржыландыруды заңнамада белгіленген тәртіппен қамтамасыз ету ұсынылсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К.Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады