Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 шілдедегі N 639 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 23 шілдедегі N 1125 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 қазандағы № 1192 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.10.20 № 1192 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қазақстан Республикасының әділет органдары қылмыстық-атқару жүйесінің қатардағы және басшы құрамдағы адамдардың қызмет өткеруі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 шілдедегі N 639 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 26, 302-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әділет органдары қылмыстық-атқару жүйесінің қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының қызмет өткеруі туралы ережеде:
      16-тармақтың 3) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Үш жасқа толғанға дейінгі бала күтімі жөніндегі еңбекақысы сақталмайтын демалыста болған кезеңінде ҚАЖ қызметкері ҚАЖ-дың тиісті органының немесе мекемесінің қарамағына есепке алынады. Үш жасқа толғанға дейінгі бала күтімі жөніндегі еңбекақысы сақталмайтын демалыс уақытында ҚАЖ қызметкерінің жұмыс орны (лауазымы) сақталады.";
      18-тармақтың үшінші абзацы мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
      "41-тармақтың 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген, жұмыс уақыты мен демалыстар кезеңінде ауырып қалғаны туралы қызметкер кадр қызметіне және тікелей басшысына хабарлайды.".
      19-тармақтың екінші абзацында "және олардың орынбасарларын" деген сөздерден кейін "атқарып отырған лауазымында" деген сөздермен толықтырылсын;
      62-тармақтың 1) тармақшасында "ұлттық қауіпсіздік," деген сөздерден кейін "прокуратура, кеден қызметі," деген сөздермен толықтырылсын;
      81-тармақтың екінші абзацында "Ол" деген сөз "Қызметтік тергеу" деген сөздермен ауыстырылсын;
      83-тармақтың бірінші абзацы мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "ҚАЖ қызметкерін тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрықпен жеке таныстыруға мүмкіндік болмаған жағдайда, ҚАЖ-дың тиісті бөлімшесі тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрықты (көшірмені) ҚАЖ қызметкеріне хабарламалы хатпен жіберуге міндетті.".
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады