Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2009 жылға арналған жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы N 184 қаулысында :
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2009 жылға арналған жоспарында :
реттік нөмірлері 17 және 18-жолдар алынып тасталсын;
2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.03.18 № 267 Қаулысымен.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов